Жұмыс нәтижесін тапсыру:
Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер. Алынған тығыздық пен берілген тығыздықтың айырмашылығын табыңдар.
Бақылау сұрақтары:
Ерітінділер. Ерітінділердің табиғатына физикалық және химиялық тұрғыдан көзқарас. Ерітінділер түзілгенде байқалатын процестер.
Еріген заттардың ерігіштігінің температураға байланыстылығы.
Концентрация дегеніміз не? Сұйытылған және концентрленген, қанықпаған және қаныққан, аса қаныққан ерітінділер.
Ерітінділердің концентрацияларын өрнектектеу әдістері: массалық үлес, молярлық, нормальдық (эквивалентгік), моляльдық концентрация және титр.
Есеп. 1,0г суда 25г темір кристаллгидратын FeS04-7H20 еріткен. Кристалгидраттың және сусыз темір сульфатының ерітіндідегі массалық үлестерін есептеңдер.
№ 8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Лабораториялық жұмыстын аты: Ареометрлер жәрдемінде ерітінділер дайындау.
Жұмыстын мақсаты: Концентрленген ерітіндіден суда сұйытылған ерітінділер дайындау.
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер
Стакандар, цилиндр, дистилденген су, ареометр, термометр, H2S04 (конц), НСІ(конц)
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден сұйылту арқылы ерітінділер дайындау.
Бастапкы берілген ерітіндіден (H2S04 концентр), 250г 10% H2S04 ерітіндісін дайындау қажет.
Бұл үшін бастапқы берілген (H2S04kohii) ерітіндінің (цилиндрде) ареометр арқылы тығыздығын (Рбаст) анықтаңдар, кестеден соған сәйкес процентгік құрамын (@баст) табыңдар.
250г 10 %-тік (H2S04) дайындалатын ерітінді үшін, еріген заттың массасын
3. Дайындалатын ерітіндіде, еріген заттың (В) массасы бар, бастапқы берілген ерітіндінің көлемін есептеңдер:
4. Сұйылтуға қажетті судың көлемін есептеңдер:
Есептелген бастапқы берілген ерітіндінің көлемін (цилиндрмен, бюреткамен немесе пипеткамен өлшенген) колбаға (стаканға) құйындар, оған есептелген судың көлемін қосындар және араластырындар. Дайындалған ерітіндінің, (цилиндрде) ареометр арқылы, тығыздығын (дайын) анықтаңдар, кестеден соған сәйкес проценттік құрамын (С0дайьш 10%) табыңдар. Ерітіндініңмолярлығын және нормальдығын есептендер.
2-тәжірибе. 250 мл 1м НСІ ерітіндісін дайындау қажет.
1 . Бұл үшін бастапқы берілген (НСІконц) ерітіндінің (цилиндрде) ареометр арқылы тығыздығын (р5аСТ) анықтаңдар, кестеден соған сәйкес проенттік құрамын (соған) табыңдар.
2. 250мл 1М тұз қышқылының дайындатың ерітіндісі үшін, еріген заттың массасын есептеңдер:
3 . Дайындалатын ерітіндіде еріген заттың (В) массасы бар, бастапқы берілген ерітіндінің көлемін есептендер:
4. Есептелгеңбастапкы қышкылдың келемін өлшеп (пипеткамен), белгісі бар 250 мл өлшеуіш колбаға құйып, оған жарты мөлшерде су қосыңдар, араластырыңдар, бөлме температурасына дейін салқындатындар. Онан соң, белгісіне дейін су кұйып аузын тығындап, араластырыңдар. Дайындалған ерітіндінің (цилиндрде) тығыздығын ареометрмен өлшендер, кесте арқылы массалық үлесін (юд1йын) және молярлығын (1м) анықтандар. Дайындалатын және дайындалған ерітінділердің молярлық концентрацияларын салыстырындар. Осы ерітіндінің нормальдық концентрациясын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |