2. Микрокристаллоскопиялық реакция.
Тәжірибе. Заттық әйнекке натрий тұзы ерітіндісі тамшысын алып, құрғағанша қыздырады. Суытып, уранилацетат ерітіндісін ИО2(СН3СОО)2 қосқанда натрий уранилацетатының NaCH3COOИО2(СН3СОО)2 кристалдары түзіледі.
3. Жалын түсінің өзгеруі.
Т ә ж і р и б е. Платиналы немесе нихромды сымтемірді натрий тұзы ерітіндісіне батырып, жалында қыздырғанда, жалынның түсі сары түске өзгереді. Реакция өте сезімтал, 10 – 15 секундта сары түс жоғалады.
NH4+ катионына сапалық реакциялар.
Сілтілер аммоний тұздарын аммиак газы бөлінгенше ыдыратады:
NH4СІ + NаОН → NH3↑ + NаСІ + Н2О
NH4+ + ОН- → NH3 ↑ + Н2О
Т ә ж і р и б е. Заттық әйнекке 2 – 3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісін және 3-4 тамшы сілті ерітіндісін құйып, қыздырады. Бөлінген газ иісіне көңіл бөлу керек.
Несслер реактиві К2[НgJ4] NH4+ катионымен қызыл – күңгірт тұнба түзеді:
NH4СІ + 2К2[НgJ4] + 4КОН → [ОНg2 NH2 ]J↓+ КСІ + 7КJ + 3Н2О
NH4+ + 2[ НgJ4]2+ + 4ОН- → [ОНg2 NH2] J↓ + 7J- + 3Н2О
Т ә ж і р и б е. Аммоний тұзының бір тамшы сұйытылған ерітіндісін әйнекке тамызып, үстіне 1 – 2 тамшы Несслер реактиві ерітіндісін құйғанда тұнба түзіледі. Реакция өте сезімтал.
Бірінші катиондар топ қоспасын талдау барысы.
NH4+ катионы К+, Nа+ катиондары қатысында және Несслер реактивімен немесе
натрий гидроксидімен әрекеттестіру арқылы бақылауға болады. К+, Nа+ катиондарын анықтауда NH4+ ионы қабаттаса жүреді. Сондықтан зерттелетін ерітіндіде NH4+ катионы болса, К+ және Nа+ катиондарын анықтамас бұрын, оны ерітіндіден жоғалту керек. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 15 – 20 тамшысын тигельде немесе фарфор табақшаға құйып, ерітіндіні ақ «тұман» бөліну тоқтағанша қыздырады. Суытып, 8 – 10 тамшы дистильден-ген су құйып, әбден араластырып, сонан соң аммоний тұзы жоқтығын Несслер реактиві-мен тексеріліп, басқа катиондарды анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |