Зерттеу объектісіне


ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы



бет2/4
Дата28.06.2017
өлшемі1,04 Mb.
#20296
1   2   3   4

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақстандағы ұлттық білім берудің мазмұны мен түрі туралы пікірталастар

Халыққа білім беру ісінің қазақстанда қалыптасу барысында оқу ісінің мазмұны мен түрі туралы да мәселелер де шешіліп отырды. Бұл процеске әлеуметтік-саяси топтардың мүдделері де әсер етті. қазақстандағы білім беру жүйесінде өз орнын табуға және оның дамуына ықпал етуге тырысқан төрт топты атап өтуге болады.



Бірінші топқа фундаменталдық ислам білім беру жүйесін қалыптастыруға ұмтылған мұсылман дін басыларын жатқызуға болады. Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды өзгертті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Ислам дінінің қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі- халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов. Ол осы жағдайға байланысты :"Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының …әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады.қазір қазақтың кейбір сұлтандары ,байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды,жырлар айту орнына , пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды.Тегі еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар.Бұл – оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз"1- деп, аса бір өкінішпен, торығушылықпен жазған еді.

Бұл топ көне білім беру жүйесі кадимиді дамытуға ұмтылды, бірақ бұл жолдың басты кемшілігі адамның еркін дамуын шектейтін жолдың бірі еді.



Екінші топқа қоғамдағы өзгерістерге байланысты ескі мұсылмандық білім беру жүйесін жаңарту қажеттігін түсінген жаңашылдар- жәдидтерді жатқызуға болады. 1905 жылдан соң қадим мектептері қазақ даласында азайып, жадит мектептері көбейген еді. Ресей мұсылмандары қадими дін мектептерінің орта ғасырларда қалыптасқан оқу жоспарлары,бағдарламалары,оқулықтары мен оқыту әдістерін сынаған зиялылар өздерін – жадидтар(жаңашылдар) деп, ал, өздерінің оқыту әдісін- усули (әдіс) жадид деп атады. Ресейдегі жадид қозғалысын Бакчасарайда (қырым) шығатын " Тәржіман" (1883) газеті мен оның бас редакторы Исмайлбей Гаспиринский басқарды. Ол 1884 ж. Бакчасарай қаласында ең алғашқы жадид мектебін ашты. Мектеп үйі,оның ішіндегі заттары: парталар, жазу тақтасы, тарихи және жағрафиялық карталар , глобустар, т.б. көрнекті құралдар, сол сияқты оқулықтар, класс журналы, сабақ кестесі Еуропа елдері мектептерінің үлгісімен жабдықталды. Ÿ.А.Коменскийдің кластық-сабақтық жүйесі: шәкірттерді жылдың тек бір мезгілінде ғана мектепке қабылдау, сабақты жаңаша ұйымдастыру жадид мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының негізіне алынды. Сол сияқты шәкірттерді ұрып-соғып жазалауға да тиым салынды. қысқасы, Гаспиринскийдің мектебі, Ресейді мекендейтін түрік тілдес халықтар үшін, ескі қадими мектептерді қалай етіп замана талабына сәйкес қайта құруға болатындығы жөнінде эксперимент мектебі, үлгі-өнеге оқу орны болды.

И.Гаспиринскийдің жолын ұстаған кісілердің мұсылмандар арасында

саны көбейе берді. Мәселен, Татарстанда А.Баязитов, Д.Кильдеев т.б. "Иттіфақ әл муслимн" ("Мұсылмандар одағы") құрылды. Орталық Азиядағы жадидтердің басшылары ақындар Абдур-Рауф Фитрати пен Махмуд Бехбудилер, Файзулла Хожаев, Мунауар Абдурашидов өлеңдерінде Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің қаһармандық күрестерін дәріптеп, зиялыларды Тұран елінің бұрынғы беделі мен абырой-атағын қайтадан қалпына келтіру үшін, күреске шақырды. Бір кездерде Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарының бәріне ортақ әдеби тіл болған – ескі шағатай тілін қайтадан жандандыру жадид мектептері мен жас ұстаздардың халық зиялыларының қасиетті міндеті деп түсіндірді. Олар кезінде "чағатай гүріңі" ("Шағатайша әңгімелесу") деген әдеби үйірмелер ұйымдастырды.

1906 ж.тамыз айында Нижний Новгород қаласында мұсылман халықтарының Бүкілресейлік ІІІ-сьезі шақырылып, онда қабылданған талаптардың негізіне жадидтердің ұсынысы алынды. Мәселен, сьезд мұсылман елдері мектептерінде сабақты оқушылардың өз ана тілінде барлық мектептеріне ортақ тұрақты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасауды және мұсылмандар үшін, жалпыға бірдей міндетті бастауыш білімді жүзеге асыруды талап еткен қаулы қабылдады.

Жадит (төте оқу) мектептеріне мамандар даярлауда Уфадағы ғалия, Хусайния медреселері, Орынбордағы Мұхамедия және қазан медреселері елеулі қызмет атқарды. қадимнің оқуы араб тілінде жүргізіліп, жалаң діни білім берді. Жадит мектептерінде әдебиет, тіл, есеп, тарих, табиғаттану пәндері де оқытылды. Жалпы алғанда, ірі медреселерде төмендегідей пәндерді оқыту ісі жолға қойылған: фараиз – дүние-мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң: усул-фиких—мұсылман заңдарын зерттеу, хикмет—тарих, философия және жаратылыс ғылымдарының энциклопедиясы, наху—араб тілінің грамматикасы, акаид -догматика, монтық - логика. Сонымен қатар, арифметиканың төрт амалы, орыс тілі, сөйтіп медресе де (жоғарғы мұсылмандықоқу орны) жастардың тәрбиесі мен білім дәрежесін, ой дамуының қалыптасуына әсер ететін барлық дерлік негізгі пәндерден сабақ берілетін. құран көп пәннің бірі болып қалды.

Ол кезде қазақ даласында орыс мәдениетіне негізделген ұлт мектептері өте аз болғандықтан, Уфа, қазан медреселерін бітіргендер жадит мектептері арқылы қазақтарға оқу-білім таратуда елеулі қызмет атқарды. Алайда, патша ұлықтары, әсіресе, жандармерия қадим мектептерінің азайып, жадит мектептерінің көбеюінен қауіптеніп, Уфада оқып жүрген шәкірттерді де, дала елдерінде көшпелі төте оқу мектептерін ашқан татар мұғалімдерін де қудалаған. қазақстанда жадид қозғалысы, Орталық Азия елдеріндегідей қадими мектептер өкілдерінің күшті қарсылығына ұшырамаса да жөнді дамыған жоқ. Жадид мектептері сан жағынан өте аз болды және оларды көбісі қазақ арасында емес, қалаларда орналасты. Сондықтан, жай қарапайым халық жадид мектептерінің ескі қадими мектептерден артықшылығын онша ажырата алмады. Соның салдарынан қазақ арасында жадид мектептеріне деген қажеттілік, құмарлық айтарлықтай күшті болмады. Оған қазақ буржуазиясы мен оқыған зиялылардың сан жағынан аздығы, экономикасының мешеулігі және саясат саласындағы үгіт-насихат тәжірибесінің рулық тартыстар дәрежесінен жоғарылай алмағандығы басты себеп болды.

қазақстандағы жадид мектептерінің саны, олардың оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқулықтарының негізгі ерекшеліктері осы күнге дейін жұртшылыққа белгісіз, өз зерттеушілерін күтіп отырған маңызды мәселелер. К.Е.Бендриковтың мәліметі бойынша 1909 ж. Сырдария облысында 39, Жетісу облысында 18 ғана жадид мектептері болған.1 Ал, қазақстанның басқа облыстарында, қанша жадид мектептері болғанын айту қиын.

қазақстан жағдайында, біздің ойымызша қадими мектептерді жадид мектептеріне айналдыру жұмысына көбінесе қазақтың жаңашыл "ғалия" медресесі мен оқушылар семинарияларында орысша білім алған зиялылары батыл кіріскен сияқты. Жадид мектептерін ашып, онда сабақты Еуропа педагогикасы жетістіктері негізінде ұйымдастыруға негізінен солар мұрындық болған.

Тіпті , кейбір қазақ оқытушылары жадид қозғалысы күшейсе қуанып, сәл әлсіресе ренжіп отырған. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында ІІІ Александрдың керітартпа саясатының кезінде " Тәржіман" газетіне жасалып отырған саяси қысымның күшеюіне өзінің риза емес екендігін газет редакциясына хат жазып, олардың бастамасын өзінің барынша қолдайтындығын айтып , ниеттестік, қамқорлық көрсеткен кісінің бірі- Ақмешіт уезі, қазалы қаласының тұрғыны, оқытушы Әубәкір Салықов болды. қатардағы оқытушының жадид қозғалысына үн қосуы, оның әлеуметтік-педагогикалық маңызын жоғары дәрежеде, ол қамтыған аймағының кең болғанын көрсетеді. Мұсылманша білім іздеген қазақ жастарының көбі ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында "ғалия" және "Хусоиния" медреселерінде оқыды, әсіресе " ғалия" медресесі өзінің ұстаған жаңашылдық бағытымен, ол кезде, жастар арасында өте беделді болды.

Уфа қаласындағы " ғалия" (арабша : алла жоғары) медресесін 1872 ж. Зия Камали деген жаңашыл ғалым ашып , оны көп жылдар бойы өзі басқарған . Осы медресенің шәкірті ғайса Тоқтарбекұлы 1913 жылы " қазақ " газетінде жарияланған мақаласында " ғалия" медресесінде қырыққа жуық қазақ жастарының оқып жүргенін хабарлады. Оның ішінде, Семей облысынан –14 шәкірт, Ақмоладан-7 , Астраханнан-6, Жетісудан-6, Торғайдан-5 және Сырдариядан-2 жігіттің білім алатынын жазады. Сол "қазақ" газеті 1915 ж. " ғалия " медресесінде қазақ қызы –Мағфура Найманқожа қызының оқитынын да жазады. Сонымен Уфа талай қазақ жастарының білім, тағлым алып, башқұрт, татар жастарымен қоян қолтықтасып, достасқан қаласы. Татар, башқұрт жастарының көбісі ол кезде қазақ даласына келіп бала оқытатын.

"Жымысқы" ойлардан ада, қазақ баласына тек жақсылық жасауды ойлап, өз қаражатына мешіт салдырған, жәдидше оқытатын мектеп ашқан біздің ата- бабаларымыз болған екен. Олардың бірі - Жетісу өлкесіндегі (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында) "Мамания" мектебі. Бұл мектепті ашқандар Маман әулеті. Кей деректерде Есенқұл және Сейітбаттал Мамановтар деп нақтырақ айтылып жүр.

Кейбір зерттеушілер жазып жүргендей1 бұл ағайынды жігіттерді бір- бірінен бөле жарып, бұл мектепті Есенқұл ашқан деп нүкте қоюдың біздің ойымызша қажеті жоқ сияқты. Өйткені, кейбір деректерде мектеп бұлардың әкесінің, ағасының атымен Маман, Тұрысбек мектебі деп қосарлана аталады ( мәселен,"қазақ" газетінде) . Әрине, бұл тұста жас та болса, бас болып бастама көтерген Есенқұлдың еңбегін жоққа шығара алмаймыз, сондай- ақ шама-шарқынша жыл сайын мың жарым сом беріп ("Айқап",1914,N1), жәрдем еткен, оның алдында құрылыс жұмыстарына айтарлықтай қаржы бөлген Сейітбаттал қажының да еңбегін жоққа шығаруға болмас. Болыс болған, би болған, тоғыз болыс Матайды бір өзіне қаратқан Сейітбаттал қажының еңбегін тұстастары "Айқап" журналында ( 1914,N 1) жақсы жазған. Маман ұрпақтары тек мешіт салып, медресе ашумен шектелмей, қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуді ойлап, қазақ топырағында тұңғыш роман жарысын жариялап, бәйге тікккен, өз мектептерінен шыққан ынталы оқушылардың қаражатын көтеріп, ірі шаһарларға оқуға жіберген. Бай атаулының бәрін шық бермес Шығайбайға, сараң қарабайға теңеп, "идеологияның" ықпалында өскен бүгінгі ұрпақ үшін мал - жанын халқы үшін садаға қылған байлардың да болғанын білу- тарихтың шынайы бір парағын ашу болып табылады.

қазақ арасында роман жарысын жариялап, бәйге тіккен Есенқұл Мамановтың игі бастамасы туралы "Айқап" журналында Мұхамеджан Сералин, "қазақ" газетінде Әлихан Бөкейхановтар пікір білдірген. Екі азаматта Есенқұл Мамановты әйгілі швед байы Альфред Нобельге теңеген. Есенқұл бұл жарысқа сыншылыққа қазақтың игі жақсылары -Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Мұхамеджан Сералинді, Райымжан Мәрсековті, Шәкәрім құдайбердиевті, Жақып Ақбаевты, Нарманбет Орманбетовты, Нұрғали Құлжановтарды ұсыныпты. Жалпы Маман әулетін қазақтан шыққан алғашқы меценаттар десе болады.Осы қазақтың алғашқы меценаттары ашқан "Мамания" мектебінің ірге тасының қаланғанына биыл 100 жыл толып отыр.

қазақтың талай баласын қанаттандырған білім ордасы- "ғалия" медресесін бетке ұстап, жалау еткен " Мамания" мектебінде дін сабақтармен қатар, есеп, жағырафия, қазақ тілі , тарих, зоология, орыс тілі пәндері жүргізілген.

Маман әулеті мектептің қажетіне жыл сайын көп қаржы бөліп отырған. Соның арқасында мектептің оқу ісіне қажетті кітаптар, оқулықтар жеткілікті болған.

Мектеп иелерінің оқытушы –ұстаздарды талғаммен, талаппен іріктеп алғанын аңғару қиын емес сияқты."қазақ" газетінде жарияланған материалдан мектепте бес оқытушы қызмет істегенін байқаймыз. Олар – Мұсағалиев ғабдолғазиз, Жиһандаров Файызрахман, Малдыбаев Мұстақым, Хасен, қожаахмет молдалар. Бұлардың ішіндегі Мұсағалиев ғабдолғазиз, Малдыбаев Мұстақымдар "Айқап" журналының, "қазақ" газетінің белді авторлары болған.Тіпті татар ағайынымыз Жиһандаров Файызрахман да (кейіннен Маман әулетіне күйеу болған) ішінара "Айқапқа" жазып тұрған көрінеді.

Каир университетінің заң факультетін бітірген, Индонезия, үндістан, Жапония, Пакистанда болған, сегіз шет тілін меңгерген, шығыс елдерінің тарихын, әдебиетін зерттеген ғалым Мұсағалиев ғабдолғазиздің, Уфадағы "ғалия" медресесін бітірген,"қазақша ең жаңа әліппе" оқулығын жазған Малдыбаев Мұстақымның осы мектепте ұстаздық етуінің өзі - оқытушылар ұжымының осал болмағандығын дәлелдей түседі.

Осындай білімді ұстаздар қазақтың маңдайына басқан, талантты, талапты ұлдары - Біләл Сүлеевті, Ілияс Жансүгіровті тәрбиелеп шығарған. "Маман" әулеті Біләл Сүлеевтің оқуға ықыласын бағалап, Уфадағы "ғалия" медресесіне оқуға жіберіп, қаражатын түгелдей өз мойындарына алған. қысқасы, "Маман" мектебі талай бұлақтың көзін ашқан. Соңғы кездері Мұхамеджан Тынышбаев та осы мектепті бітірген деген пікірлер кездесіп қалды.1 Бірақ, Мұхамеджан Тынышбаевтың 1879 жылы туғанын әрі оның генерал – губернатор Колпаковский ашқан Алматыдағы гимназияда оқығанын еске алсақ, бұл пікірдің жаңсақтығын бірден байқауға болады. Бірақ Маман әулетімен Мұхамеджанның әкесі Тынышбай аралас- құралас болған адамдар.

Жоғарыда аталған бес мұғалімді жергілікті төрелердің нұсқауымен жіберілген Назаров Захар Николаевич толықтырады. Бұл жөнінде "қазақ" газеті (1913,10-13 апрель) "…инспекторлар қазақ мектебінде қазақ учител оқытуға жарамайды деп шығартып орнына орыс қойыпты " деп қынжыла баяндайды. Жалпы, "Мамания" мектебінде екі жүз қаралы шәкірт оқыды деген болжам бар.1913 жылғы мәліметтерден, сол тұста 130 баланың оқығаны белгілі болып отыр ("Қазақ",1913,10,13 апрель). Оның үстіне 1914 жылы қарағашта қыздар мектебі ашылған екен. Уфада оқыған, Фәтма ханымның отыз шақты қызды жиып, жаңа тәртіппен оқыта бастағанын сол тұстағы басылымдар қуана жазады. Ал 1918 жылы мектептің өртеніп кеткенін еске алсақ, болжамның шындықтан алыс емес екенін аңғаруға болады.

үшінші топқа патша үкіметінің отарлық саясатын жүзеге асыруға барынша ұмтылған, бұратана халықтарды тек өз мүдделеріне ғана пайдалануға тырысқан Ильминский, Алекторов сияқты миссионерлер мен отар елдегі әкімшілікті жатқызуға болады. Патша үкіметі отар елдердегі білім беру жүйесін құру кезінде жергілікті басшыларды нағыз монархия берілген, шовинистерден таңдап алуға тырысты.

1872 ж. қазан қаласында ашылған миссионерлер орталығына айналған оқытушылар мектебінің директоры болып осы кезге дейін өзінің көзқарастарымен белгілі болған Ильминский тағайындалды. Ильминский.осы кезден бастап өзінің ойын ашық жүзеге асыруға кіріседі. Ол 1881 жылы П.П. Масловскийге жазған хатында жалпы Ресей халқының санасы ашылуынан сескеніп, әсіресе бұратана халықтардың өкілдері кадет корпусы, жоғары оқу орны мен орталық университеттерінің есігін ашуынан қатты шошынды. Бұны тіпті монғол шабуылынан да әсері жаман құбылыс деп таныған. Ол тіпті қарапайым халыққа таза бастауыш білім беріп сауаттандырудан да қауіптене бас тартып: "…в школах грамотность… орфография и грамматика совершенно излишни, а для инородческих школ вредно и убиственно",- деп арнайы түрде мән бере жазуы оның әлеуметтік, идеялық мақсатының ішкі сырын жалаңаштай түседі.

Ильминскийдің мақсаты: Ресей империясының орыстандыру саясатын қазақ арасында жүзеге асыру саяси жағынан әлдеқайда сенімді болады деп білгендіктен, Ыбырай Алтынсаринді осы іске пайдалануды көздеген. Осы себепті Ильминский 1869 жылы Ағарту министріне жазған хатында: "…Алтынсарин… қазақтардың ортасында өзі мектеп ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ашқан болса… оны орыс бастықтарының талабы деп халық ойламайтын түрде жүргізсе… ең әуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады" деген мақсатының басты да өзекті желісін ашып беріп отыр. Ÿғни мұнда орыс алфавиті негізінде қазақ жазуын жасаушы Алтынсарин еді деп көрсетіп, халықты осы идеяға сендіруді көздеген.

Ильминскийдің екінші мақсаты, қазақтарды татар діншілдерінің ықпалынан ажыратып, бөлектеп ұстаудағы басты құралы қазақтың ғасырлар бойы қолданып келген жазуын орыс алфавитімен ауыстыруға келіп тірелді. Осы мақсат тұрғысынан келіп Ильминскийдің миссионерлік әрекетіндегі: " …басты орыс радикалды құралы - қазақ тіліне орыс алфавитін енгізу. қазақтар орыс алфавитімен жазып отырғанда, ол қазақтарды өзінің шырмауынан шығармай, өзіне тарта береді… Бұл ойды орыс чиновнигі жүргізуі тіптен келіспейді",-деген ой тұжырымы көп нәрсенің астарлы сырын ашып беріп отыр. Ÿғни идеологиялық мәселенің өзінде де басқаның қолымен от көсеу арқылы әрекет ететін ысқаяқ отаршылдықтың жымысқы тәсілін сездіріп отыр деген сөз. Ильминскийдің отаршыл үкіметтің миссионерлік жолдағы көздеген идеясы Ы.Алтынсариндікі болып таңылуға шешуші мән бергендігі көрініп тұр. Әрі астарлы пікір жоғарыда атап көрсетілген Ресей империясының Ағарту минстрлігінің өте құпия нұсқауында айтылған ой-пікірімен де өзекті байланыста тұр десе болғандай.

қазақстанның оңтүстігіндегі патша үкіметінің білім беру жүйесінің қалыптасуына профессор Остроумов басшылық жасады. Проф. Остроумов Орта Азия халықтары мен ұлы жүз қазақтарын біртіндеп шоқындыру, мектеп арқылы орыстандыруды мемлекет тарапынан қолданылып отырған саяси мақсатты жүзеге асыру ісіне бойындағы бар қуатымен қызу атсалысқан атақты да танымал, аса айлакер тәжірибелі миссионерлердің бірі болатын. Остроумовтың да ұшқан ұясы қазанның духовный академиясы. Оның осы жолға түсуіне кімдер себеп болғанын ол жасырмайды, қайта мақтанышпен: "…Николай Иванович и Ефим Александрович Малов были моими наставниками, а Гордей Семенович Саблуков руководил мною уже по окончании курса в академии… На изучение мусульманства я обязан личному влиянию названных наставников" 1,- деп ұстаздарын бас-басына атап көрсететіні бар.

Проф.Н.П.Остроумов Тамбов губерниясында туып-өскен, сондағы духовный семинарияны үздік оқып бітірген. 1866 жылы миссионерлік жолдағы ұстаздарының шақыруымен қазанның духовный академиясына түсіп, оны 1870 жылы аяқтасымен-ақ бірден Ильминскийдің ұсынуымен, оның өзі басқарып келген "Противомусульманское отделениенің" меңгерушісі болып тағайындалады. Оның миссионерлік жолдағы ізденістері мен жүргізген істеріне аса риза болған әрі келешегінен зор үміт күткен Ильминский Остроумовты зор көлемдегі миссионерлік жұмысты жүргізу үшін, 1877 жылы кең байтақ Түркістан өлкесіне жібереді. Ол Ташкентке келісімен ең алдымен Жетісу, Самарқанд жерлерін аралап, мұндағы жергілікті халықтардың тұрмыс ерекшелігімен, рухани болмысымен жете танысып шығады. Түркістан өлкесінде әр түрлі қызметтер атқара жүріп, өзінің басты мақсатын , яғни жергілікті халықтарды мектеп арқылы орыстандырудан қол үзбейді. 1883 жылдан 1901 жылға дейінгі аралықта Ташкенттегі гимназияның директоры, 1901 жылдан 1917 жылға дейін Түркістан оқытушылар семинариясының директоры болады. Ал 1883 жылдан 1917 жылғы Октябрь революциясына дейін, яғни 34 жыл бойы үзіліссіз жергілікті "Туркестанская туземная газетаның" редакторлық қызметін атқарады.

Остроумов бұратана халықтарды орыстандырудың ең басты құралы мектеп пен ағарту жұмысына саятынын жақсы білген. Ол қазақтарды Ресеймен дін жағымен біріктіріп, мектеп арқылы орыстандырудан басқа альтернативті жол жоқ деп қараған. Отаршылдар тарапынан жүргізілетін культрегерлік саясаттың астарлы сырын ұғынған қазақтар күндердің күнінде саяси жағынан қауіпті күшке айналады деп көрсетті. Басқа миссионер ғалымдар сияқты Остроумов та қазақтардың арабша жазуын міндетті түрде орыс алфавиті негізіндегі жазуға алмастыруды, соны орнықтыруға ерекше шешуші мән берді. Осындай бүркемелі культрегерлік айла арқылы діни фанатизмнен аулақ, рухани жағынан таза сақталған қазақ халқын мұсылман әлемінің ықпалынан, әсіресе татарлар мен Орта Азиялықтардың рухани теологиялық әсерінен қол үздіре аламыз деген қорытындыға келуі себепті: "…задача - сближение туземцов с русским государством и русским народом, велось при посредстве русской транскрипции, в основание которой был положен русский алфавит без всяких изменений" -деп Петербург университеті ұсынып, ресми түрде үкімет тарапынан қолдау тапқан принципті ұстанғаны байқалып-ақ тұр.

Төртінші топқа орыс тәрбиесінде болған, орыс мәдениетін ислам мәдениетінен жоғары қойған, бірақ қазақ халқы үшін, оның болашағы үшін күрескен қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринді жатқызуға болады.

Ы. Алтынсарин 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалады . Содан былай Ыбырай Алтынсарин екі "майданда" жұмыс істей бастайды. Біріншісі –аталмыш мектептерге болыстардан балаларды неғұрлым мол тарту, сол үшін мектептер жанына интернаттар салу ; екіншісі – болыстықтарда мектептер ашу . "қазақ болыстық мектептері турасындағы" жазбасында: "үш-төрт болысқа бір мектеп салу жұмысына кірісу ғана қалды" дейді де осы жазбаның бір сілтемесінде: "Ырғызда мектеп үйін салудан ақша артылып қалатын болса, онда облыстық бастықтар оны Елек пен Николаев уездерінің әрқайсысында бір - бірден екі болыста ғана мектеп салуға рұқсат етіп отыр. Ал Торғай облысында қырық шамалы болыс бар. Сондықтан, егер төрт болысқа бір мектептен дегеннің өзінде, енді он мектеп ашуымыз керек болады",- деген де жолдар бар.

Торғай облысының губернаторы, тегі, болашақта ашылатын болыс мектептерінің түр-тұрпатының қандай болатыны жөніндегі инспектор пікірін білгісі келген болу керек, соған жауап ретінде Ыбырай 1883 жылдың 30- қазанында жазған баяндама хатында былай дейді (болашақта Ыбырай ойы қазақ елінде ашылар барлық болыстық мектептің нұсқасы ретінде қабылданатын болғаннан кейін, оны толық беруді жөн көріп отырмыз):

"…Менің ойымша, таза қазақтар арасында болатын бұл мектептердің құрылысы осы халықтың тұрмыс жағдайына ыңғайлану керек; сондықтан бұл мектептер қазақтар қыстаған кезде қыстап, көшкен кезде көшіп жүрулері керек. Оның үшін, мысалы, болыс көлемінде орталық болатын және шаруашылық жағынан қолайлы келетін бір орынды таңдап алып, менің ойымша, жергілікті материалдардан (қам кірпіштен,т.с.), мүмкін болғанша берік, бір кластық бөлмесі бар, оқытушы жататын, ас пісіретін бөлмесі, ауыз үйі, шоланы бар мектеп үйін салу керек. Мұнда қазақ балалары жеті жарым ай, яғни 1-қыркүйектен 1-мамырға дейін, қазақтар, дағды бойынша, жазғы жайлауларына көшкенше оқи алады; ал 1- мамырдан бастап мектеп басқа қазақтарша, киіз үйге шығып алып, көшкен кезде мектепке көлік бере алатын немесе әр ауылдың мектепке кезекпен көлік беруі жайында ресми бұйыра алатын бір беделді қызмет адамымен бірге, көшіп отыруы керек. Мектептің осы айтылған түрде көшіп жүруі қазақтарға ауыр бола қоймады".1

1879 жылдың 25 қарашасында Ильминскийге жазған хатында: "…Болыстық мектептерді ашуға асығудың әзірге қажеті жоқ .Өйткені оларға лайық оқытушы жоқ… Әуелі әрбір уезде қазақ арасынан жақсы жабдықталған бір-бір екі класты немесе үш класты мектеп ашуымыз керек… Ол мектептерден оқушыларды отырықшылыққа, тазалыққа дағдыланатын, әр нәрсеге де ақыл –оймен қарай білетін етіп шығаруымыз керек… Ал болыстық мектептер дегеніміз қазір бұл мақсатқа жеткізе алмайды. Ал егер бұл мектептерге оқытушы етіп небір өсекші казактарды немесе бүкіл Россиядан орын таба алмай жүрген маскүнем бір шенеуніктерді жіберетін болсақ, онда біз ілкі кезден бастап-ақ орысша мектептерге халық көңілін мүлде суытып алуымыз мүмкін. қазақтардың өз арасынан жергілікті жағдайлардың бәрін жақсы білетін, оқыған адамдар көбірек шыққан кезде болыстық мектептерді ашу керек те және ол мектептер күмәнсіз пайдалы болады. Егер ашқалы отырған мектептеріміз тез жүзеге асып , дайындамақ оқытушыларымыз тез бітіріп шығатын болса, бұл онша ұзаққа да созылмас".

Бұл хаттан, біріншіден, болыстық мектептер ашу мәселесі әуелден сөз болып келе жатқанын білсек, екіншіден, әсіресе хат болыстық мектептер ашуда Ыбырай алдында қандай мәселелердің бой көрсетіп тұрғанын артық түсіндірмесіз - ақ айқындап тұрғанын аңғарамыз.

Осы кезеңде қалыптаса бастаған қазақ интеллигенциясы да патша өкіметінің үні болған "Дала уалаяты газетінің" (1888-1902) бейресми бөлімінде оқу-ағарту саласының іргелі мәселелерін көтере бастады. Зиялы қауым өкілдері А.құрманбаев, Ә.Бөкейханов, М.Көпеев, Б.Адықов, О.Әлжанов, Ж.Аппасов, А.Нөкербековтардың мақалалары мен ой-пікірлері жиі жариялана бастады.

"Оқыған жарық, оқымаған қараңғы!" деп, ұран тастаған басылым "ғылым оқудың қажет екенінің баяны", "ғылым түбі- ілім", "ғылымның әуелгі жарығы", "Баянауылдан" атты мақалаларында оқудың неліктен қажеттігі, халқымыз қай салада кейін қалып келеді, нені үйрену керек деген мәселелер төңірегінде сөз қозғайды.Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев "Баянауылдан" мақаласында: "ғылымсыз болған нәрсенің пайдасы жоқ, мал жиып бай болуды ойлама, ғылым үйреніп білгіш болуды талап қыл.Неге десең ,ғылым пайғамбардан қалған мұра" деп, мал бағудан басқа да өнер бар екенін және таусылмас қазына екенін дәлелдеп,одан қыз балаларды оқыту, кәсіппен айналысу ,тәлім- тәрбие ,әдет-ғұрып мәселесі туралы пікірін білдіреді.

Газетті шығарушылар қазақ халқының мәдениеттен кенже қалуы – сауаттылығының болмағандығынан деп есептейді.Сондықтан олар халықты оқу білімге,өнерге шақыруды басты мақсат етеді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы зиялы қауым білімнің көзі- жергілікті жерлерде медреселер ашып, балаларды оқыту екенін түсінеді. Және ол халықтың көшпелі тұрмысына лайықты болу керек дейді. Осыған орай:" қандай медресе пайдалы" деген мақалада:"…қазақтар үшін ашқан медреселер де халықтың жүріс-тұрысына қарай көшпелі болсын. Бұл уақытта елге осындай медресе пайдалы. Себебі онда қазақ балалары сабақтан қалмас еді. Және де оқитын балалар көбейер еді.Шаруаға да бөгет болмай, үлкендер де оқыр еді…Тәуір – тәуір ауылдарға бір – бір медреседен болса, ғылым – білім сөзсіз ұлғаяр еді",- деген пікір айтылып, бастауыш мектептер ашу мәселесі көтеріледі. Алекторов: "Көшпелі ауыл мектебі ешқандай қатесіз Дала Уалаятындағы бастауыш білім берудің бірінші басқышы болып есептелінеді"- деп жазған.

"Дала уалаяты газеті" жаңа оқу ісін марапаттай отырып, ескі дін оқуын қатты сынға алады. Діни мектептерде әріптердің атауы ғана оқытылатынын, оның "әліп","би","ти","си" дегені жеке сөздерді оқып үйренуге мейлінше қиындық туғызып, балаға хат танытуға 2-3 жыл жұмсалатынын, ал орыс мектептерінде хат тану 3 айға ғана созылатынын дәлелдеген. Ендеше әріп тану қазақ балалары үшін бірнеше жылға ұласқаны тиімсіз, орыс мектептерінде қолданатын буындап оқыту әдісінің тиімді екенін газет баса айтты.

Осыған орай, орыс мектептерінде қолданылған оқытудың жаңа әдісі, дыбыстап оқу әдісі арқылы оқытуды газет өзінің бірнеше санында елеулі мәселе етіп көтереді. Сондай-ақ басылым бетінде оқытудың әдістемелік нұсқаулары да жарияланып," ежелетіп оқытпай, тура сүресін оқыту керек" деген пікір айтылады.

Газет сонымен қатар ғылым жаңалықтарын, әдеби шығармаларды және аудармаларды жариялап, ағартушы-ғалым Ы.Алтынсариннің жасаған оқулықтарымен таныстырып отырған.

"Дала уалаяты газеті" сол кездегі ең ділгір мәселе- халықтың ғылым-білімге деген ұмтылысын қал –қадірінше қолдап, елдің осы істегі әрекетіне бағыт нұсқап, ақыл- кеңес береді. ғылым- білім жаңалықтарын насихаттап, алғашқы қазақ ағартушыларының озық ойларын жүзеге асыру ісіне өзіндік үлес қосты. Патша әкімшілігінің шылауында қалып қоймай, халықты ілгерілету жөніндегі қоғамдық пікірдің қалыптасуына септігін тигізді.

Ы. Алтынсариннен басталатын орыс-қазақ мектептерін Түркістан өлкесінде "Туземная школа" деп атаған. Түзем мектептерінің көп дамыған жерлері- қалалар ( Ақмешіт, қазалы, Ташкент, қостанай , Ақтөбе , Павлодар, Семей, қызылжар , Верный, Пішпек, қапал, Наманған, Самарқан, т.б.) мен ірі темір жол станциялары болды. Онда орыс, қазақ балалары қатар оқыды. Алтынсарин кезінде бұл мектептердің оқуы орыс, қазақ тілінде қатар жүрді де кейінгі түзем мектептері тәжірибесінде екі тіл қолданыла қоймады. Алайда ХХ ғасырдан бастап 4 жылдық түзем мектебі, гимназия әр жерден-ақ ашылып , онда оқыған қазақ балаларының саны арта бастап еді.1915 жылға қарай сол гимназияларды бітірген қазақтар Омбы, Ташкент мұғалімдер семинариясына түсіп оқыды. Семинаристердің көрнектілері қырда - С.Сейфуллин, М.Әуезов, К.Төгісов, Сыр елінде қожанов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, Есеновтер, ғ.Мұратбаевтар болған еді. Семинаристер көбіне педагог, жазушы кейін белгілі қоғам қайраткері болған.

Төртінші топқа 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының нәтижесінде ұлттық сананың оянуының нәтижесінде ұлттық дамудың тәуелсіз жолына ұмтылған 1907-1927 ж. аралығында қызмет еткен қазақ интеллигенциясын жатқызуға болады. Патша үкіметінің тек өз мүддесін ғана ойлайтындығын және одан әріге бармайтындығын түсінген соң қазақ халқының оянуының бірден- бір шарты ел ішінде білім беру жүйесін қалыптастыру деп есептеген бұл топ қаржы жағынан қиындықтың болатынын түсінгенімен, халықтың бұл істі қолдайтынына кәміл сенгендіктен бұл іске бел шеше кірісті. Ы.Алтынсарин өз заманының адамы болатын және ол саяси мәселелерден алыс, тек патшаға қызмет ете отырып, қазақ халқына пайда келтіруді ойласа, бұл топ өзінің саяси бағдарламасы бар және білім беру ісін саяси мәселеге айландырған топ болды. Олардың түпкі мақсаты Ресей империясы құрамында автономиялық басқаруға қол жеткізу, тіпті керек болса тәуелсіздікке де ұмтылу еді.

Жаңа толқын бұл істі бастау үшін және ұйымдастыру үшін енді қалыптасып келе жатқан қазақ баспасөзін пайдалануды жөн көрді. Алғашқы тәуелсіз қазақ басылымдарының беттерінде білім беру мәселесі ең басты тақырыптардың бірі болатын. 1907 жылы "Серке" газеті, 1913 жылы "қазақ" газеті, 1911 жылдың қаңтарынан бастап шыға бастаған "Айқап" журналында, 1911 жылы жарық көрген "қазақстан" газеті халық арасына тарай бастады. қазақ оқымыстылары баспасөзді педагогикалық ойды таратудың трибунасына айландырды. Олардың аталмыш жұмыстарын ашып көрсету үшін және ХХ ғ. басындағы ұлттық педагогиканың даму деңгейімен танысу үшін және халықтық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін күрес барысымен баспасөз материалдары арқылы таныса аламыз.

Бұл туралы Х.Досмұхамедов былай деп жазды: "По оканчании вуза я с 1910 года по день Февральской революции работал участковым врачом и отдал дань "народническому культуртрегерству", работал много раз по борьбе с чумой. Появилась в Оренбурге газета "Казах", во главе которой стали А.Байтурсынов и М.Дулатов. Газета выступала с определенной национально-демократической программой, сумела вокруг себя сплотить значительную часть учительства и учащихся татарских медресе Галия и Хусаиния и др.в гор. Оренбурге и Уфе; выпускала значительное количество брошюр, книжек культурно-просветительского характера. Значительная часть интеллигенции со средним и высшим образованием примкнула к "Казаху". Букейханов стал одним из главных руководителей "Казаха", принял платформу "Казаха", хотя активно не имел возможости участововать. т.о. возник центр, объединивший и руководивший тем слоем казахского населения, который был разбужен 1-ой русской революцией. Газета давала руководящие статьи по политической жизни казахов, открывала дискуссии и была объединителем тогдашней политической мысли"1.

"қазақ" газеті еңсені басқан езгіні ауыздықтаған, халқының рухын көтерген, теңдіктің жаршысы. Ал жаңа заман қырағылары тәуелсіздікке үндеген газеттің барлық нөмерін жетпіс жыл бойы ешкімнің назары түспейтін қапаста ұстап келді.

қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік орны бар "қазақ " газетінің теріс бағалануы ең алдымен оны шығарушылар мен газет айналасына топтасқан қаламгерлердің қазан төңкерісінен кейін жазықсыз жаламен сталиндік билеу системасының құрбандары ретінде саяси күрес аренасынан кетуі еді.

"қазақ " газеті ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да бос сөзден де іске қарай басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолында " қазақ" газеті өз міндетін дөп атқарды " — деп қиын-қыстау кездің өзінде Мухтар Әуезов "Шолпан "журналында әділ бағасын берген болатын.

Басылым қазақ ұлтының рухани көсемдері – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтардың еңбегінің арқасында жарық көрген.

Міржақыптың түрмедегі мерзімі бітуге таянғанда алыстағы Орынбордан ақынның серіктері Әлихан мен Ахметтің "қазақ " деген атпен қоғамдық-саяси газетті шығаратынын хабарлайды. Жергілікті өкіметтің рұқсаты болса да қаржының жетіспеуінен бұл газет шықпай қалады. 1912 жылдың 12 желтоқсанында Семей түрмесінен босанған Міржақып бірден Түркістанға қарай бет алады . Оның басты мақсаты—газеттің ашылуына қаржы жинау болды."1 Сөйтіп , ел ішінен қаржы жиналып, Мәскеуден арнайы құрал - жабдықтар алдырылады.

1913 жылдың екінші ақпанында Орынбор қаласында " қазақ" газетінің бірінші саны жарыққа шықты. Газет редакторы қазақтың белгілі ағартушысы әрі ғалымы Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы және жауапты хатшы Міржақып Дулатов, редколлегияның кеңесшісі Әлихан Бөкейхан болды. қаржыландырушы "Азамат "серіктестігі.

"қазақ" бірінші санында оқырманға арнап Ахмет Байтұрсынов жазған "құрметті.оқушылар!" атты мақаласында газеттің қоғам өмірінде атқарар айрықша ролін айқындап өтеді. Мұнда газеттің аса бағалы төрт қасиеті сараланған : " Әуелі , газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі".

Екінші, " газет жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп , жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады .

үшінші, газет — халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші.

Төртінші, газет—халықтың даушысы. Ÿғни, газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп , пайдасын қорғап , зарарына қарсы тұрып , қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады.

Газет алғашқы номерінде-ақ ұлттық білім беру жүйесінің, ұлттық педагогиканың мақсатын айқындап берді. "қазақ енді бірыңғай, іргесі тұтас қалпында, бұл күйінде тұра алмайды. Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай , қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? ұлттың сақталуына да жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл… Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық"- дейді газеттегілер.

"қазақ" газетіндегі оқу, ағарту ісі жайында жазылған мақалаларды бірнеше тақырыпқа жіктеп, бөлуге болады. Бірінші, қазақ елінде білім беру жүйесінің жағдайы, екінші ел ішінде мектеп ашу жайы, ондағы оқыту ісі, білімдар мұғалімнің тапшылығы, оқу құралының, тиісті программаның жоқтығы ; үшініші, бастауыш мектепті тек ана тілінде оқыту мәселесі көтерілген, төртінші, шаһарларда оқып жатқан оқушыларға жәрдем көрсету, ортақ қаржы ұйымы құрылып, жарлы балаларға степендия төлеп отыру сияқты игі шараларға мұрындық болу.

Редакция қазақ еліндегі білім беру мәселесінің жағдайына былай сипаттама береді:" қазақтың балалары қалай оқып жүр? Елде оқыса,он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды.Шаһарда оқыса,я сарт, я ноғай медреселерінде оқиды. Рус школында оқитыны русша кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да, жаза да білмейді.Мұсылман медреселерінде оқығандардың естігені әдеби тіл, оқығаны әдеби тілмен жазған кітап, жазғанда да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. Ол әдеби тіл деген қандай тіл? Араби, парсы сөздер көп кірген тіл. Неғұрлым араби, фарсы сөздер көп қосылса, неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым әдебиырақ болады деп, тұтынған жолдан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз әдеби тілмен сөйлейміз, әдеби тілмен жазамыз, қазақша жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілімен жазуға ұялады, қорынады. Русша оқығандарымыз қазақ тілімен пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді. қысқаша, русша, мұсылманша оқығандарымыз қазақ тілімен жазуға қорынып, біреуі русша жазады, біреуі әдеби тілмен жазады. Бұлардың өз тілінен қорынып жиренетін себебі не? Менің ойлауымша, бұл әдеттенуден бірі русша оқып, бірі әдеби тілмен оқып қазақша жазу әдетінде болмағандық."1

ХХ ғ. бас кезінде қазақ қоғамында әр түрлі мектептер жұмыс істеді. Бір ғана Торғай уезінде 39 мектеп болды, оның ішінде: 1- 4 класты қалалық, 1- 2 класты орысша-қазақша, 1-қолөнер(ремесленный), 1- 1 класты қыздарға арналған, 3- болосной, 1- медресе қасындағы орысша класс, 31- ауылный школ. Міржақып Дулатов осы 39 мектепте оқитын бір мыңға жетер-жетпес оқушылардың білім деңгейінің өте төмен екендігін жазады. "Школдың көбі ауылный школ болғанға, мұнан шыққан балалар ілгері орындарға барып оқымай ауылда қалса, орысша оқығанға септігі жоқ, бірер жылдан соң үйренгенінен айрылады. Торғай уезінде орысша оқу жайы һәм халықты қанағаттандырарлық школ шамасы осыдан көрінсе керек. Орысқа бағынғаннан бері Торғай қазағынан жоғары дәреже школ бітірген жалғыз - ақ жігіт" деп білім беру деңгейіне шолу жасайды.2

Патша үкіметінің бұратана халықтар үшін тек орыс тілді бастауыш мектептер ашу керек деген пікірі революция жылдары қатаң сынға алынғандықтан, 1906 ж. 31 март Ережесі бойынша бастауыш мектептерде ана тілінде оқытуға рұқсат етілгенімен сөз жүзінде қалғандықтан 1907 ж. оқу министрлігінде осы мәселе қайта талқыланды. Бұл кеңеске аз ұлт өкілдері де шақырылды. қазақтан кеңеске ғабдолла Балғымбаев пен Отыншы Әлжанов қатысты. 1913 ж. бұл Ережеге тағы да өзгерістер енгізілді.Ережелердің қабылданғанына қарамастан патша әкімшілігі орыс тілді мектептерге ғана қолдау көрсетті. Сондықтан да "қазақ" газеті ана тілінде сабақ жүргізетін бастауыш мектептер жүйесін құруға бар күшін салды. А.Байтұрсынов өзінің "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері" 1 деп аталатын мақалаларында ана тіліндегі оқулық, оқыту құралдары, ана тілінде оқытатын мұғалімдер мәселесін ең маңызды мәселе ретінде күн тәртібіне қойды.

А. Байтұрсынов мақалада бастауыш мектеп қандай болу керек деген сауал қоя отырып, өзі жауап беруге тырысады. Бастауыш мектептердің негізі – ауыл мектептері мен ел ішіндегі орыс школдарының жетістіктері мен кемшіліктерін жіпке тізгендей етіп көрсетеді.Бірінің оқуға керекті құралдың жоқтығынан, оқыта білетін мұғалімнің аздығынан ақсап тұрғанын көрсетсе, екіншісін бітіргендер әрі қарай дамытпаса, шала білімді болып, білген орысшасын ұмытып, оқымаған адаммен тең болып қалатынын ашып айтады.

А.Байтұрсынов бұл мақаласында бастауыш мектепте тек ана тілінде оқыту керек деген идеяны ұсынады. Ресейдің оқу министрінің жылына неше рет заң шығарып, ана тілінде оқытуға қиястық жасап отырғанын ашына жазады. Мұның соңында "түлкі бұлаң саясат" жатқанын, кейінгі ұрпақтың мәңгүрттеніп кететінін күні бұрын болжағандай болады Ахаң.

Патша өкіметінің зымиян әрекеттерін әшкерелей отырып, сөз түйінін былайша тұжырымдайды: "Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысша аударамын деген пікірден үкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек."

Басылымның келесі санында жарық көрген "Мектеп керектері" атты мақаласында "Мектептің жаны—мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білімді біліп шықпақшы . Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім" - дей келіп , содан кейінгі мектепке керекті нәрселер – оқу құралдары мен бағдарламалар екенін баса ескертеді. Сондай-ақ, қазақ тілінде жазылған пән оқулықтарының жоқтығына қынжылыс білдіре отырып, бұл істің бастамасы басталғанын қуана хабарлайды. Бірақ "біткен іске сыншы көп дегендей " қызғаншақтардың оқымай-ақ, сын айтып жатқанын күйіне жазады .

"қазақ "газетінде оқу—ағарту мәселесіне айырықша көңіл бөлген адамның бірі- газеттің жауапты хатшысы Міржақып Дулатов еді. Ол "Ақтөбе гимназиясы хақында " , "Оқушыларға жәрдем жамиғаты" , "Балаларға жұққаны"," Мектеп, медреселер мәселесі" , "Өнер мектебі" , "Торғайдағы мұсылманша оқу" т.б. мақалалар шоғырында халықты өнер—білімге жетелеуді мақсат етеді. Бұл мақалалардан –Міржақыптың ағартушылық—демократтық көзқарастары, ілгерішіл дүние танымы, ұлттық дамуды көксеген арман-мүддесі айқын көрінеді . "қирағат" кітабына алғы сөз ретінде жазылған " Мұғалімдерге " мақаласының үлкен әдістемелік, методикалық мәні бар. Мұнда мұсылманша, орысша білім алған мұғалімдердің айналып келгенде шәкірттерді қазақша оқытуда қандай тәсіл- амал қолдану керектігін бажайлап сөз етеді. Баяндап оқытудың жай - жапсарларын нақты текстен мысал келтіре отырып түсіндіреді. Жазушы қаламынан туған дүниенің сезінуге, естуге, көруге байланысын аша келіп, оқушы балаларға ұлт рухын сіңіруді негізгі мұрат деп табады. Оқытудағы мақсат тек білім сіңіру ғана емес, жақсы тәрбие беру, ұлт ұлын өсіру екендігі айрықша тәптіштелетін жәйт.

Бұрынғы қазақ арасындағы білім беру тарихына қатысты "Торғайдағы мұсылманша оқу" мақаласынан көптеген дерек табамыз. Миссионер Ильминскийдің шәкірті Алекторовтың медресе аштың деп Байту молда мен Бейіс хазіретті қудалағанына қарамастан, мұсылманша оқудың Торғай атырабында үзілмегендігін көреміз . Жаңаша оқыту талаптарын қоя отырып, кейбір молдалардың келеңсіз мінездері, шәкірттерді арқалатып қойып сабайтын әрекеттері сыналады.

Басылым оқу мезгілін өзгерту туралы мәселе көтереді. Шәкірттерді жаз ішінде оқытудың зияндығын ашып көрсетеді.

Сахараға білім сәулесін шашқан қасиетті шаңырақтың бәрі---Уфадағы "Медресе ғалияның" онжылдығына арнап жазылған мақалада осы оқу орнын ашқан Зияддин хазіреттің тарихи еңбегі ерекше аталып , қазақ шәкірттерін өсіріп, тәрбиелеудегі бауырлық қамқорлығы көрсетіледі де, енді осы ошақ қаражат жоқтығынан зардап шеккен кезде, қазақ баласы да қол ұшын берсін деген тілек айтылады.

Елімізде нарықтық қатынастар орнағаннан кейінгі оқу жүйесіндегі өзгерістер ғасырдың басында-ақ көрініс бергенін "қазақ" газетінің беттерінен анық көреміз. Орынбордағы мұғалімдер мектебіне (1 жылға) түсуге талапкердің саны 80 адам болғанын А.Байтұрсынов "Орысша оқушылар"(1913,N26) атты мақаласында жазады. " Жаңадан аларлық қазына һәм степендия орны алтау-ақ екен. Келген сексен кісінің алтауынан басқасы ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы " – деп баяндайды А.Байтұрсынов. Одан әрі өз қалтасынан ақшасын төлеп, оқып жатқандардың барлығын да жазады автор.

қапалдағы қазақ байы Мамановтың өз медресесінде оқып жүрген зерек балаларды таңдап алып , жылына үш жүз сом ақша төлеп, оқуға жіберетінін көпшілікке үлгі ете сөйлейді . Сондай-ақ газет бетіне "Мұқтаж оқушыларға жәрдем беру комитетін ашу" мәселесін көтеріп, бұл іске газеттегілер мұрындық болады.

Сондай-ақ қазақтың алғашқы меценаттары Маманов пен Тұрысбековтердің ел ішінде мектеп ашып, керек болса шаһарда оқып жатқан қазақ балаларына степендия төлеп, жақсылық жасап отырғанын үнемі дәріптеп отырған.

"қазақ" газеті жер-жерде ашылған мектептерді, оқу орындарын қуана хабарлап отырған: Жиенғали құдайбергеновтің "Өнегелі мұғалім", Жиенғали Тілеубергеновтің "Мектеп ашылу", Міржақып Дулатовтың "Ақтөбе гимназиясы хақында" мақалалары осы мақсатта туындаған.

"қазақ" газетінің жауапты шығарушылары осындай өткір ойларды ортаға салып, көкейтесті мәселелерді көтеріп қана қоймай, олардың шешімін тауып, игілікті іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал етіп, қал-қадірлерінше ұйтқы болып отырған. Газет тігінділерін парақтап отырсаңыз, оған көзіңіз анық жетеді. Сөзіміз дәлелді, ойымыз дәйекті болу үшін бір мысал келтіре кетелік. қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың әкесі Ахмет Мәметов өзінің "Тәңір жарылқасын ! " атты хатында қаржы тапшылығынан "ғалия " медресесіне бара алмай тұрғанында "қазақ" газеті көмектескенін айтып, ризашылығын білдіреді. Осыған байланысты газет шығарушылардың " Басқармадан" атты хабарында мынандай нақты мәліметтер бар: " Ахмет Мәметовтің еліне қайтып кеткен хабары келген соң оған арналған 25 сом 44 тиынды медресе "ғалиядағы" мұқтаж үш қазақ шәкірті --- Жұмағали Бейсенбаев , Садық Төкебаев һәм Әли Баймұхамедовке бөліп берген едік . Енді Ахмет Мәметов басқарманың жіберген ақшасына сеніп, медресеге қайта келгендігі білінді .Соның үшін біз оған басқармада мұқтаж оқушыларға деп жиылған ақшаның қалдығы 20 сом 11 тиынды жібердік ".

Осынау қысқа ғана хабардан-ақ талай нәрсені аңғарып, көп жайтқа қанығуға болады.

"қазақ" газетін шығарушылар оқу-ағарту, ғылым, білім мәселелеріне көп көңіл бөліп, осы бағыттағы мақала-материалдар мен жағымды жаңалықтарды, жақсылық хабарларды үзбей жариялап тұрған. Олардың қатарына Әлихан Бөкейхановтың "Оқу-ағарту ісі", үкімет тарапынан қазақтар үшін берілген (гимназия мен университетке )орынға оқушылар даярлау және қазақ студенттеріне стипендия төлеу мәселелерін көтерген " Ашық хаттары","Мұғалімдер жиналысы", "Оқу министірінің есебі" , "Оқушыларға жәрдем қауымы ","Рухани мәдениет қарауылынан" атты мақалаларын, ғұмар қарашевтың "Білім жарысы қақында ", Ахмет Бірімжановтың "Ескеретін іс" , Сәбит Дөнентаевтың "Керекті өтініш", Тайыр Жомартбаевтың оқу-ағарту мәселелерін, оқу құралдарын бастырып шығару проблемаларын көтерген материалдарын , Нәзипа құлжанованың оқушы қазақ қыздарына қаражат жинау туралы "Елге барғанда" тәрізді мақалаларын жатқызуға болады. Бұл жұмыста олардың бәріне жеке-жеке тоқталып жату мүмкін емес, әрине. Дегенмен, осынау көл-көсір материалдарға қарап отырып, сол кезеңдегі оқу-ағарту ісіндегі іркілістер мен ізденістерді айқын бағамдауға болады.

Газеттің жауапты шығарушылары қазақ халқының өнері мен мәдениетінің төмен дәрежеде болуы – оқу-білімге жете көңіл бөлмеуінен екенін тайға таңба басқандай дәлелдеп береді. Сондықтан олар жас ұрпақты өнер - ғылым жолына түсіріп, оқу-білімге шақыруды басты мақсат етіп қояды :"Басқа жұрттардың жастарына қарасақ бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі пайдалы істер істеп, заманның төріне қарай бірінен-бірі қалмай білімін асыруға тырысып жатыр . Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы.Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші."1 – дей келіп, қазақ жастарына дүние- байлыққа , жалған атақ пен аз күндік мансапқа қызықпай, жалқаулық пен тоғышарлыққа ұрынбай, елдің ертеңі мен ұлттың жарқын болашағы үшін адал қызмет етіп, ерінбей тер төгейік деген жалынды сөз, салмақты ой –пікірлермен аяқтайды.

Жоғарыда сөз еткен жағдайларды тұжырымдай келіп айтарымыз, халқымыздың рухани көсемдері сол кезеңдегі ең көкейтесті мәселе –оқу-ағарту ісіне ерекше маңыз беріп, халықтың мемлекеттен тәуелсіз білім беру жүйесінің қалыптасуына қолдау көрсетіп, жанашырлық танытты. ғылым - білім жаңалықтарын насихаттап, алғашқы қазақ ағартушыларының озық ойларын іс жүзіне асыру жолында қомақты үлес қосты.

Революцияға дейін екі - ақ процент қазақ сауатты болды деген фактінің жалғандығын дәлелдейтін осындай деректер іздестіре берсек , тарих қойнауынан табыла беретініне сенімдіміз.



үшінші тарау

ХХ ғ. басында қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы.

"Этнопедагогика" терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. Алайда әлі күнге дейін этнопедагогиканың ұғымдық мазмұны жөніндегі пікірлер толастамай отыр.1 Этнопедагогика мәселесін зерттеушілер зерттеу объектісіне қарай халықтық педагогика және этнопедагогика 2 деп немесе педагогикалық этнография және этнопедагогика 3 деп бөлуі көңілге қонарлық сияқты.

Профессор қ.Б.Жарықбаев " народная педагогика-область эмпири-ческих педагогических знаний и опыта народа, выражающая господствующие в нем воззрения на цели и задачи воспитания. Разработкой ее общетеоретических основ занимается специальная отрасль научной педагогики- этнопедагогика"- деп жазды4.

Сонымен этнопедагогика дегеніміз белгілі бір халықтың тәрбие дәстүрін жинақтап, ғылыми жағынан жүйелеп, зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы болып отыр.

қазақстандағы этнопедагогиканың тарихына тоқталатын болсақ бұл мәселеде де пікірталас жеткілікті. "қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы" деп аталатын монографиясында С.қалиев қазақ этнопедагогикасының қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөледі:

қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХ ғ. 2-жартысы), оның белсенді қайраткерлері


қазақ этнопедагогика сының қалыптасу кезеңі (1920-1930) және ол кезеңдегі қайраткерлер



қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995)

1.қазақтың демократ-ағартушылары: Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин

А.құнанбаев
2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары:

П.С.Паллас

Э.С.Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Ÿнушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л.Зеланд

В.В.Радлов т.б.

қазақтың зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев


А.Байтұрсынов
Ш.құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов

Х.Досмұхамедов

Н.құлжанова

М.Әуезов


С.Сейфуллин

М.ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев


қ.Жарықбаев С.қалиев

Ә.Табылдиев

С.ұзақбаева

М.Балтабаев

М.Бөлеев

З.Ахметова

М.құрсабаев

М.Смайылова

М.Оразаев

К.қожахметова



Ал К.Ж. қожахметова "Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика" деп аталатын монографиясында қазақ этнопедагогикасының тарихына шолу жасай келіп, С.қалиевтің пікірімен келіспей, былай деп жазады: " Относительно этапов исследования и формирования казахской этнопедагогики как науки в указанный период, мы придерживаемся несколько иной точки зрения, а именно: развитие казахской этнопедагогики началось в 70-е годы, когда появилось исследование И.Оршибекова и А.Мухамбаевой. Затем наметилось явное оживление в этом вопросе с 1991 года, в связи с получением суверенитета республики. Труды просветителей (Абая Кунанбаева, чокана Валиханова и Ибрая Алтынсарина), а также путевые заметки путешественников и произведения крупных общественных деятелей, писателей, которые были написаны по зову души, в силу их внутренней тяги к проблеме, как выразителей чаяний народа, знатоков национальной психологии, истории, культуры, фольклора, народной жизни мы относим к источниковедческой базе казахской этнопедагогики. По нашему глубокому убеждению, созданы теоретические предпосылки к формированию казахской этнопедагогики в трудах М.Жумабаева, А. Байтурсынова, Ж.Аймауытова, М.Дулатова, Х.Досмухамедова".1

Этнопедагогика мәселесін қарастырғанда "халықтық педагогика", "педагогикалық этнография" және "этнопедагогика" терминдерінің ұғымдарына байланысты өз ойымызды білдіруіміз қажет сияқты. Біздің ойымызша, халықтық педагогика дегеніміз қағазға түспеген бала тәрбиесі туралы ой-пікірлер мен тәжірибе. Ал педагогикалық этнография халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жинақтау, қағазға түсіру. Этнопедагогика жинақталған халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жүйелеу, теориясын жасау және өмірге өңдеп енгізу. Міне осылай тұжырымдай келе ойымызды мынадай таблица бойынша көрсетсек деп ойлаймыз.

қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы


қазақ этно-педагогика ғылы-мының қалыптасу кезеңдері



Кезеңге тән қасиеттер


Кезеңнің қалып-тасуына әсер еткен оқиғалар


Кезеңнің қалыптасуына әсер еткен тұлғалар

Халықтық педагогика

қағазға түспе-ген бала тәр-биесі туралы ой-пікірлер мен тәжірибе

қазақ халқының қалыптасуы

Билер, ақсақалдар, ата-аналар

Педагогикалық этнография

Халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жинақтау, қағазға түсіру.

Дамыған көрші елдермен қарым-қатынастың күшеюі, көрші елдердің қоластына өту, дамыған білім беру жүйесіне тартылу

Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас,

Э.С.Вульфсон, А.Вамбери

А.Левшин, .Ÿнушкевич

Н.Г.Потанин, В.Радлов Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин А.құнанбаев Ш.құдайбердиев

М.ғабдуллин

Б.Момышұлы



Этнопедагогика

ғылымының қалыптасуы

(1907-1927)

Жинақталған халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жүйелеу, теориясын жасау және өмірге өңдеп енгізу.


ұлттық идеяның күшеюі, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылу және өзін-өзі басқаруға қол жеткізу


А.Байтұрсынов М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхамедов

М.Әуезов


Этнопедагогика

ғылымының қайта дамыған кезеңі



(1991-1999)

Негізі қаланған этнопедагогика

ғылымын дамыту



қазақстанның тәуелсіздік алуы және ұлттық сананың өсуі

қ.Жарықбаев

С.қалиев


Ә.Табылдиев

С.ұзақбаева

К.қожахметова және т.б.


Ы.Алтынсарин қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, халық педагогикасын қазақ арасынан алғаш қағазға түсіріп, жинастырған, білім дәрежесінде қалыптастырған адам. Алайда ол ұлттық мектеп идеясын ұсына алмады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының ғылымға айналуы, біздің ойымызша, 1907-1927 ж. аралығында қалыптасты және оның ғылым дәрежесіне көтерілуіне қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге ұлттық тәлім-тәрбие ісінің дамуына атсалысқан қазақ зиялылары, атап айтқанда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. болды. Бұндай тұжырым жасауымызға мынадай негіздер бар:


  1. педагогиканың ғылым ретіндегі мақсаты қандай деген сұраққа әдебиеттерде мынадай жауаптар бар:

  • жеке тұлғаның жан-жақты даму мәселесін ғылыми зерттеу және оның заңдылығын түсіну;

  • ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық білім берудің жағдайы мен өзара байланысын зерттеу;

  • Тәрбие-білім беру қызметінің теориясы мен методикасын жасау;

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, топтастыру және тәжірибеде қолдану;

  • Педагогтарды алдыңғы қатарлы тәрбие және оқыту әдістерімен қаруландыру;

  • Басқа ғылымдармен байланысын күшейту.

Егер жоғарыда келтірілген мақсаттар педагогиканың құрамдас бөлігі болып табылатын, бірақ қамту шеңбері жағынан шектелгенімен міндеттері жағынан ұқсас болғандықтан этнопедагогиканың алдында да дәл осындай міндеттер тұр деп айтуға болады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңін анықтайтын болсақ, онда жоғарыда айтылған міндеттерді шешу қазақстанда тек ХХ жылдардың бас кезінде қолға алынғанын көреміз. Этнопедагогика мәселесін зерттеген зерттеушілердің көпшілігі этнопедагогика жалпы педагогиканың негізгі
принциптерін пайдалана отырып белгілі бір ұлттың алдында тұрған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет ғылым екенін ұмытады. Сондықтан да біз қазақ этнопедагогика ғылымы ХХ ғ. басында қалыптасты деген ойымызды дәлелдеу үшін отарлық жағдайдағы қазақ қоғамының алдына нақты мақсат тек 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан кейін ғана қойылды деп айта аламыз.

О
қазақ халқының өзін-өзі басқару дәрежесіне жетуі қажет
л мақсат
-


Сауатты азаматтар тәрбиелеу қажет



Ол үшін

Сауатты адам дайындау үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет