Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы



бет16/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы. Қоршаған табиғи ортада зат пен энергия, су, биологиялық айналымдар үздіксіз жүреді.
Шаруашылық мақсатта пайдаланылатын су мөлшерінің күрт артуы Жер шарындағы гидрологиялық, яғни сумен байланысты үдерістердің барысын өзгертуде. Өйткені су айналымын үздіксіз тізбек түріндеелестетсек. сол тізбектің бір буынындағы өзгеріс бүкіл тізбектегі өзгерістерге себепші болады.
Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзен суларының жылдық ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын сулар өндірілген өнім құрамына еніп немесе қалдық су күйінде жердің терең қойнауына кетіп, айналымға түсуі қиындайды. Өндірісте және тұрмыстық қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы су айналымының нәтижесінде гидросфераның барлық дерлік бөлігіне таралуда.
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Ғаламдық экологиялық мәселелер: қоршаған орта ластануы, табиғат ресурстарының азаюы, жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, фото химиялық түтін, климаттың өзгерістері, шөлейттену, топырақ деградациясы мен эрозиясы, орманның қысқаруы, өсімдік пен жануарлар дүниесінің жұтаңдауы.
Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик B.II. Вернадский XX ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті гeoграфиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық үдерістерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған.
Табиғи ортаның ластануы. Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануын алып келді.
Ең «лас» өнеркәсіп салаларына тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру, энергетика (әсіресе ЖЭС), қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі жатады. Мәселен, 1 т шойын өндіру барысындаатмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2.7 кг күкіртті газ, сондай-ақ қорғасын, сынап буы бөлініп шығады. 1 т алюминий алу үшін 38 38-47 кг фтор пайдаланылады, кейіннен оның 65%-ы атмосфераға шығарылады. Қазіргі кезде оның автокөлік үлесіне атмосфера ластануының 60%-ы тиесілі.
1986 жылы сәуір айында Чернобыль АЭС-де (Украина) болған жойқын апаттар зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр.
Ғалымдардың болжамы бойынша Жер ғаламшарында 2020 жылға қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда 2,5°С-қа, ал 2050 жылға қарай 4°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің желдер мен мұхит ағыстары бағыттарының өзгеруіне алып келеді. Ауа температурасының жоғарылауынан оң нәтижелер күтеді: жоғары ендіктер есебінен ауылшаруашылығына жарамды жерлердің ауданы ұлғаяды. Солтүстік теңіз жолын жыл бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау мүмкіндігіне не болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет