КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі:
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек(1).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген(2).
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат(3).
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады(4).
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту–үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу өнеріне мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мимикалық іс-әрекеттің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Зерттеудеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларының шешу теориясы - БТШТ (ТРИЗ) дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) зерттеудегі бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларын шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп және бейнелеу тапсырмаларының шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің кейбір ерекшеліктерін анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнері сабақтарында БТШТ(ТРИЗ) технологиясын қолдану жолдары.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу өнері және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу орны: Көкшетау қаласы № 4 «Еркемай» бала бақшасы.
I МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Бейнелеу тапсырмаларын шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ)
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы – бұл балалардың қиялын байқағыштығын барынша ерте дамыту тәрбие жұмыстың болатынын түсінген ғалымдардың символы. БТШТ – ның басқа әдістемелермен теориялардың басты айырмашылығы жекелеген тәжірибелер мен тәсілдердің әрекеттердің жинағы емес, көптеген міндеттерді шешуге ықпал ететін әдісті жасаудың әрекеті.
БТШТ – ның негізін 1945 жылы Генрих Саулович Альтшуллер қалаған болатын. БТШТ- тұнғыш рет балабақшаға 1987 жылы күзде келді. Бұл Находка қаласында болған еді. Оның өзі кездейсоқтың жемісі болатын. Инженер техник қызметкерлер үшін БТШТ бойынша жүргізілген семинардың жетекшілермен мектеп оқушылармен сабақ жүргізумен сұралған болатын. Бірақ оны ұйымдастыруда қателік жіберіп, БТШТ - лықтарды балабақшаның дайындық тобына әкеледі. Мектеп жасына дейінгі кездесу БТШТ- ні барынша жасатты, оның жаңаша жұмыс істеуіне негіз қалады.
БТШТ сабақтарының барлығы да музыкалық, тіл дамыту сабақтарымен қатар, кешенді түрде жүргізіледі. Сабақ жүргізу принціпі қарапайымнан күрделіге қарай ауысады. Сабақ жүргізу кезінде төмендегі ережелерді атқару керек.
- бала бейнелеу материалдарын – қарындашты, тушты, гуащты, көмірді, пластелинді желімді т.б. таңдау мүмкіндігі иеленуі керек.
- материал баланың қолы жететін жерде тұрғаны жөн;
- бейне түсетін материалды да баланың өзі таңдағаны жөн. Бұл ақ қағаз түрлі түсті түкті қағаз, картон, фанер, шыны, фольга болуы мүмкін. Олардың түрімен өлшемі әр алуан болғаны дұрыс;
- баланы сурет салудың алуан түрлі техникасына үйрету керек.
Іс-әрекеттің табысты болуы үшін жұмыстың төмендегідей жоспары ұсынылады:
Санадағы ұғымның түрін өзгертуге, басқа бейнеде елестетуге, оларды қиылыстыра пайдалануға үйрету және осының негізінде мүмкіндігінше жаңа образдармен жағдайлар қалыптастыруға баулу.
Оқиғаны оның даму реттілігі бойынша елестетуге, олардың жекелеген бөлшектерінің бір-біріне тәуелділігін орнықтыруға үйрету;
Бейнелеу жағдайына «кіруге» үйрету;
Бейнені жүзеге асыру үшін тиісті бейнелеу – айқындау құралдарын пайдалануға үйрету;
Кейіпкерлерге қиял-ғажайып сипаттағы ерекшеліктер беру;
Белгілі ертегі кейіпкерлеріне оларға мүлде тән емес қасиеттер беру;
Бейнелерді музыка көркем сөз бейнелеу құралдары арқылы қабылдауға үйрету;
Заттардың белгілі бір қасиеттерін қабылдауды, ерекшелей білуді дамыту, оларды белгілері бойынша жинақтап, және қаншалықты ерекшеліктерін анықтау.
Қоршаған өмірдегі заттармен құбылыстар туралы түсінікті кеңейту.
Суреттерді талдау және живописке деген ынта мен құштарлыққа тәрбиелеу.
Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, түсті, ырғақты, түрді сезінуін дамыту.
Суретті пайдалана отырып, диалогтік және монологты сөйлеуді жетілдіру.
кеңістік туралы түсінікті орнықтыру және кеңейту.
Суретті дербес құрастыруға үйрету.
Жекелеген суреттер бойынша немесе үлкен қағаздың бетіне сурет сала отырып бір ертегінің мазмұнын сипаттауды құрастыруға үйрету.
БТШТ-да бейнелеу техникасының төмендегідей түрлері пайдаланылады.
1. Паралонмен, матамен сурет салу. Бояу ернеуі аласа ыдыстарға құйылады. Паралонды бояуға матырып алып, суреттің бетіне жағады. Бұндай тәсілмен қағазға берілген бояу біркелкі әрі әдемі болады. Осындай тәсілмен ағаштың ,жапырақтың, таулардың суретін салуға болады, заттардың өзіндік сипаттарын беруге бұл тәсіл барынша қолайлы.
2. Түтікше болып оралған матаны пайдалану. Матаның қиығы мұқиятты түрде түтікше болып оралып, оның бір ұшы бояуға малынады да одан қағаз бетіне жұғылады.
3. «Саусақты живописі». Бұл техника өте қызықты, қазіргі кезде неміс суретшісі Гюнтер Юкке оны кенінен пайдаланды. Аталған техниканың ерекшелігі мынада: бояу саусақ немесе алақан арқылы жағылады. Бояу жалпақ табақшаға құйылады. Сондай жалпақ ыдыста таза су тұрады. Басты тәртіп – әрбір саусақ бояудың бір ғана түріне батырылады. Жуылған саусақ қолма қол сүртіліп отырады. Егер балалар алақанымен сурет салатын болса, бояуды тереңірек ыдысқа құю керек. Бұл техника ересек балаларға да сәбилерге де қызықты. Сәбилер тобында бұл тәсілмен көйлектерді безендіріп жануарлар ізін бейнелеуге болады. Ересектер тобында әдемі пейзаждар ағаш суеті тамаша көрінісі береді.
4. Монотипия. Техниканың бұл түрінде бояу салафанға немесе шыныға жағылып сонан соң үстіне қағаз қойылып салмақпен жабылады. Дақтың көлеміне бояудың бағытына қарай әр түрлі бейне алынады. Бұл – тәсіл. Тағы бір тәсіл қағаз екіге бөктеліп бояу парақтың тек қана бір жағына жағылады. Мұнан соң парақ екінші жағына бүктеліп айнала бейне пайда болады. Бір немесе бірнеше түрлі бояуды пайдалануға болады.
5. Сиқырлы сурет. Сурет балауыз арқылы салынады. Ол көрінбейді оны байқау үшін қағазға тушь немесе бояу жағу керек. Бұл техника барынша күрделі сондықтан оны ересектер тобында қолдану керек.
Балауыз бояуы Қытайдың ерте заманындағы өнерінен бастау алған мәнерлеу шеберлігі. Бұл шеберлік мяу, бу-и, гылау, дұң, шүй қатарлы ұлттардың балауыз бояуы өнерлерін тоғыстырады. Йүннан балауыз бояуында, оның үстіне сурет салу мен бояу беруді шебер ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдай алды бояуы» аталып кетті. Балауыз бояуы балауызбен бояу қондырмау деп те айтылады. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, балауыз бояуы Қытайдың ерте заманынан бастау алады. Ең бері дегенде Чин Хан династиялары заманында Қытайдың батыс-оңтүстігіндегі аз санды ұлттар жиі қоныстанған жерлерде балауыздың бояу қондырмау ерекшеліктері жете меңгерілген. Олар ара балауызы мен ақ балауызды бояу қондырмау материалы ретінде пайдаланып, ақ матаның бетіне өрнек түсіріп, онан соң бояу беріп, балауызды тазартып отырған. Балауыз ыстықта дереу балқып, суықта дереу қата қалатын ерекшелікке ие болғандықтан, сурет салған кезде асқан шеберлік қажет етіледі. Балауыз тым ыстық болса, жол-жолақтары бұзылып, өрнектер өзгеріп кетеді, ал балауыз сәл салқын болса жайылмай қалады, өрнектері үзіліп ұласпайды. Сол себепті, балауызды балқыту температурасы қалыпты болуы керек. Өйткені балауыз берілгеннен кейінгі жиырылудың немесе ысқылаудың себебінен, сызаттар пайда болады, бояу берілгеннен кейін бояу сызаттарға сіңіп, ретсіз бедерлер қалыптасып, өз алдына бір әсемдік өнім береді. Бұл «мұз сызат» деп аталады. Қытайдың Йүннан балауыз бояуында сурет салу мен бояу беруді ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдайалды бояуы» аталып кетті. Балауыз бояуы Қытайдың Йүннан өлкесінде жасайтын мяу, бай ұлттарының арасында кең етек алған. Мяу ұлтының мата тоқу өнеріндегі шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан. Маталары әдемі, жұмсақ, тығыз тоқылып, сапалы, шыдамды келеді, тарихта «мяудың тозбас матасы» деген аты қалған. Йүннан балауыз бояуы жергілікті жердің жер-су табиғатының көрінісін шығармашылықтарына астар етеді. Тауыс, піл, шай гүлі, көкек сықылды аң-құс, гүл-шөптерді бедерлеп түсіріп, ерекше үлгі аңғартады. Балауыз бояуымен бояу өнері Балауыз бояуымен бояу өнері мынадай: Ақ матаны тақтайдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шағын қазанға салып, еріп қоймалжың болғанша ысытады. Онан соң балауызды пышақпен іліп алып, матаның бетіне өрнек түсіреді. Өрнек салып болған соң, оны бояу күбісіне салады, бояу сіңгеннен кейін алып, таза суға салып қайнатады, балауыз еріп кеткеннен кейін, ақ түсті өрнек қалады. Балауыз бояуын түсіруге, әдетте, жергілікті қолдан тоқылған ақ түсті мата қолданылады, машинада тоқылған ақ мата, жібек дүрия, жібек жұтқан кездемелер де қолданылады. Бояу қондырмауға негізінен, сары балауыз яғни ара балауызы қолданылады, кейде ақ балауыз қосып қолданылады, Қытайдың Гуйжоу өлкесінен шығатын ніл бояуы қолданылады. Балауыз кірістіріп әдісі және шеберлік барысы 1. Балауызды сурет салудың әзірлігі Әуелі, қол тоқыған матаны сақармен жуып тазартып, онан соң піскен таро түйнегін езіп, матаның теріс жағына жағып, кепкен соң мүйіз қырғышпен тегістеп жарқыратады. 2. Балауыз жағу Ақ матаны тақтайдың немесе столдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шыны кесеге немесе металл қалбырға салып, отқа қойып ерітіп, мыс пышақпен іліп алып, сурет салады. Бояу әдісі: Балауыз сурет түсірілген мата ніл бояулы күбіге салынып, әдетте 5-6 күн шыланып тұрады. Бірінші рет шылап алғаннан кейін құрғатса көгілдір түске енеді. Тағы бірнеше рет қайталап шыласа, шымқай көк түске енеді. Егерде бір бөлек матаның бойынан солғын және шымқай түстер көріну керек болса, онда бірінші рет шылап алған соң, бұл матаның бетіне тағы балауыз өрнек беріп, тағы шылау керек. Боялып шыққаннан кейін, солғын және шымқай өрнектер анық көрінетін болады. Балауыз өрнек салынған матаны бояу күбісіне салған кезде, «Ұстасып тұрған балауыздың» ішінара жерлері бүктеліп бүлінеді, содан табиғи сызаттар түседі, бұл әдетте «мұз сызат» деп аталады. Кейде, қажетке қарай «мұз сызаттар» қолдан жасалады. Бұл «мұз сызаттар» балауыз өрнектерді анағүрлым байыта түсіп, табиғи да тамаша өзгешелік танытады. Балауызды кетіру. Шайқап жуып, таза суға салып қайнатып, балауызын кетіріп, судан шығады, сонда матаның бетінен ақ, көгі айқын өрнектер анық көрінеді. Бояулы балауыз өрнегін салудың екі түрлі әдісі бар: бірі, әуелі ақ матаның бетіне түсті сұлба сызып, оны «Балауызбен бекітіп» қояды. Бояғаннан кейін, онан түсті сурет айшықталады; енді бірі, балауыз кірістіріп бояп тазалап, кептіргеннен кейін, оның ақ жерлеріне түсті бояу береді. Халықтық балауыз нақышын салуда бүлдіргеннің нілімен қызыл түс, сары гардениямен сары түс береді. Балауыз бояуының «мұз сызатты» бедерлері шыны кіреукесі сықылды «жапырақшаланып», көркемөнерлік ерен өнім береді. Сызаттың үлкен-кіші, бағдар-бағытын адам өзі меңгеріп, суреттелетін нысанды дәлме дәл бейнелейді, ерекшелігі мен мұндалап тұрды. Қабат-қабат көп түсті гүл жиектерін бояуға тура келгенде түске бөліп, балауызбен бекіту шарасын қолданса анағұрлым кемелді бейнелеуге болады. Қазіргі күнде балауыз кірістіріп бояу киім-кешек, кілем-кілше, дастарқан қатарлыларды мәнерлеуге көбірек қолданылады.
6 Ақ қағаздан ою ойып салу. Дат суретшісі әрі дизайнері Питер Каллесен жәй ақ қағаздан өнер туындысын жасап шығарады. Шебер paper art техникасына арқа сүйейді. Ол қағаздан не қатырма қағаздан әртүрлі пішіндер мен кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
“Заттандыру процесі кезінде үш өлшемді жалпақ қағаз сиқырлы күйге түседі деп ойлаймын. Бұл расында да сиқырлы күш болуы мүмкін, себебі, жұмыстың жасалу жолы түсінікті болғанымен, пішіндер негізі болмысынан қашып құтыла алмайды”, - дейді суретші.
Питер Каллесен көбіне А4 форматындағы ақ қағаздармен жұмыс жасайды. Ол әр пішінді жәй сол қалпында жасап шықпайды, әрқайсысы өзіндік ой арқалаған, үлкен ізденістен туған дүниелер. Қағаз қиял мен ой байланысының нәтижесінен өнер туындысына айналып шыға келеді. Жұқа қағаз суретшіге мүсінін әлсіз һәм қорғансыз күйде көрсетуге мәжбүрлейді.
Суретшіге неге тек ақ түсті ғана қолданасыз деген сұрақтың қойылуы заңды шығар. Бұны Питер Каллесен:“Әрине, мен түрлі-түсті суреттермен жұмыс жасай аламын, бірақ ақ түсті артығырақ көремін. Себебі, ақ түс – тазалықтың, пәктіктің, діни қасиеттіліктің белгісі”, - деп түсіндіреді. Питер қазірдің өзінде өзінің жеке көрмесін өткізіп үлгерді. Тек туған қаласы Копенгагенде емес, Лондон, Берлин, Гамбург, Сеул қалаларында жұмыстары көрсетілімге қойылды. Оның жұмыстары АҚШ мен Швецияның мұражайларында сақтаулы тұр.
7. Сулы қағазға сурет салу. Қағаз ең алдымен суға батырылады, сонан соң қылқалам немесе саусақ арқылы бейне түсіріледі. Сурет қағыз бетіне жайылып, жаңбыр астына немесе тұман кезіндей болғандай әсер қалдырады. Егер сурет детальдарын салу керек болса қағызын кепкенін күтесіз.
7. Шашырату. Әр түрлі өлшемдегі щеткалар пайдалынады. Сурет салынатын материалдың бетіне трафарет қойылады. Тарақтың немесе щетканың көмегімен бояу шашырылады. Бір немесе бірнеше түсті пайдалануға болады.
8. Щетканы қағаз бетіне болар болмас тигізу арқылы сурет салуға болады.
9. Коллаж. Суретті аплиациямен араластыра пайдалану Апликацияны қағаздан, матадан,жіптен жасалуы мүмкін.
10. Түтіктегі бояумен сурет салу. Сурет шығыңқы болып тұрады. Балаға бояуды бірден қағазға жағуды үйрету керек. Бұл үшін түтікті қажетті бағытқа бұрамыз.
11. Ауқымды аппликация. Қағаздың матаның бір бөлшегі ғана жеңілденеді. Қораптарды сығымдалған қағаздың, матаның фонераның,ағаштың бөлшегін желімдеуге болады.
12. «Кляксогафия» әдісі. Сия тамшысындағы «кляксогафия» қағаз парағына бояу тамызылады. Оның неге ұқсас екенін анықталып жеткіліксіз детальдары салынады. 2 түрі- тамшы түскен соң қағаздың бір жағын көтеру арқылы бояудың ағып сол арқылы бейне пайда болуына көз жеткізу.
13. Нүктелі сурет. Сурет қылқаламның саусақтың ұшымен түсіріледі. Нүктелердің көлемі әр түрлі болады. Оның техникасы күрделі болғандықтан ересек жас топтарындағы балалардың қолданғаны жөн
14. Ипалақтанған қағазға сурет салу. Парақ ең алдымен умаждалады, одан кейін оны жазып беіне сурет салады. Мұндай тәсілмен ағаштарды, жартыстарды салу тиімді.
15. Қағаздың бетіне көшіру. Қағаз қойылып таяқша арқылы сурет салынады. Көшіргі қағаз бір түсті немесе әр түсті болуы мүмкін
16. Сурет қою бояумен қағаз бетіне салынады. Бояу кепкейіннен кейін сурет бір екі секунд су құйылған тарелкіге малынады Сурет жаңбыр тұман астындағы бейне тәрізді.
17. Желіммен сурет салу. Қағаз парағына қағаз желімімен долбар сурет салынады. Ол қағыз бетінде шығыңқы болуы тиіс. Желім кепкен кезде қағаздың бетіне суық бояу құйылады. Ол долбарлы пішінді ққуалап бейне түсіреді.
18. Жіп арқылы салу. 1-ші тәсіл. Сапасы мен бояу әр түрлі жіптер арқылы түкті қағаздың бетіне сурет салынады. 2- тәсіл. Бояуды батырып алып екіге бүктелген қағаздың бетіне қалдырып, сығынмен қысады. Ептеп қағазбен жазып жіпті алмыз. Оның бетінде бір бірінен аумайтын суреттер пайда болады.
19. Гректік әдістемесі. Кез келген әдістемедегі тәрізді БТШТ да әр түрлі сурет салу техникасымен қатар белгілі бір әдістемелер болады.В.А Гректің әдістемесі. Владимир Александрович Грек балалармен екі бағытта жұмыс істейді. Сурет салу және құрастыру Біз тек сурет бойынша жүргілетін жұмыс әдістемесін қарастырамыз.Сурет салу бойынша жұмыстың екі түрі ерекшелеуге болады: Штрихпен сурет салу және геометриялық линейка бойынша сурет салуды сәбилер тобынан бастауға болады. Бұл балаларда сурет салу дағдысы да шығармашылықдық қиял да көріністі есте ұстау қабілеті жоқ. Бірақ қандай да бір образды жасау деген құштарлық өте үлкен. Бұл жағдайда геометриялық линейка көлеңке келеді. Сабақ ең қарапайым тапсырмалардан басталады. Балалар қағаз бетіне геометриялық фигуралар салады сонан кейін әр түрлі түспен бояйды.Балалар көп жұмыс істеген сайын құрылыс та күрделі болғаны жөн.
Балалар әр түрлі фигураларды меңгеріп геометриялық линейкамен қарындашты еркін игергеннен кейін оқытудың келесі кезеніне ауысады. Ең қарапайым бірнеше геометриялық фигуралардан тұратын жануарлардан бастап тұтас картиналарда салумен аяқталады.
В.А. Грек ересек тобындағы балаларға штрихпен сурет салуды ұсынады. Ол балаларды «Графо» елімен таныстыруды бастайды. Бұл қандай ел? Балалар штрих, сызық, дақ деген геометриялық фигуралармен танысады. Балалар тек тілмен ғана емес сонымен бірге осы елдің заңдарымен де танысады. Ең басты заң- сұлулық заңы. Сурет әдемі болу үшін ол белгілі бір заңдарға бағыну керектігін балалар біле бастайды. Бұл ырғақ, тепе –теңдік, симметрия түстердің қарсыластығы, жаңалық сюжетті композициялық орталық тәрізді ұғымдарды біріктіретін композиция заңы.
Штрих - бұл қысқа да ұзын түзу де қызық, бұлыңғыр да айқын, кейде толқын кейде шеңбер бойымен қозғалатын сызық екендігін балаларға түсірінділеді. Штрихтің көмегімен заттың сипаты, материалдардың ерекшеліктері туралы әңгімелеуге болады. Балалар штрихтың мүмкіндігін білгеннен кейін алғышқы барлау жаттығуларының сериясы жүргізуге кірісіп алғашқы қадам жасайды.
1 Салмақ бірте - бірте күшейеді.
2. Штрих қағазға сәл ғана тиеді.
3 Қысқа және ұзын штрихта.
4 Штрихтың көлбеулелігі өзгереді.
5 Толқынды штрих - ирек.
6 Бірнеше қатар штрих
7. Шеңбер бойымен жүргізілетін штрих.
20. Жүннен моншақ жасау. Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты,мазмұндалған болса оқушыларды ынталанупайда болады. Жаңа технология бойынша сабақ берген мұғалімдер,оқушылар үзіліс кезінде де сабақтан бас алмағандарын байқаған. Өйткені олар бейнелеу өнері туралы өзара жұмбақ, сөз-жұмбақтар сияқты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің басты мақсаты оқушылардың «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту,сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымы сақталады.
Алғашқы деңгейдегі толық және дұрыс орындалмайынша оқушылар келесі деңгейге көшпейді, толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылып, өз-өздеріне деген сенімдері артады. Орындалған тапсырмалар есепке алынып отырады.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,қажетті іскерліктері мендағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Алдарыңызға жүннен моншақ жасау әдіс-тәсілдерін ұсынып отырмын. Моншақ жасау үшін бізге жүн, боялған жүн, кір сабын, ыстық су қажет. Төменгі суретте көрсетілгендей жүнді реттеп қойған соң ыстық сумен бүркіп кір сабынды езіп жүнге жағамыз. Сосын біркелкі етіп ораймыз, дөңгелетіп жаямыз. Дайын кепкен таяқша жүнді қайшымен қажетті мөлшерде қиып, сосын моншақты жинаймыз.
Бейнелеу өнерінің жаңа түрлері
Жүннен жасалған бұйымдар
Жүннен жасалған бұйымдар
Ниткография (жіп графикасы) яғни жіппен сурет салу.
Монотипия (бір басылымды сурет салу)
Осы жаңа технологияны пайдалану арқылы жасалынған жұмыстардың әдіс-тәсілдері бірдей болсада, қағаз бетінде әсем, қайталанбас бояулы сурет ізі қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |