Зерттеудің өзектілігі



бет1/7
Дата20.05.2022
өлшемі188,55 Kb.
#144222
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
диплом Бекбосынова З тексер (1)
диплом (1), Девиантты мінез құлық УМКД

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамымыздың әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени жағынан қарыштап дамуы – білім беру жүйесіне қойылатын талапты түбегейлі өзгертті. Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағыт та жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін ынталандырып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.


Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындап отыр. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі таңда Қазақстанда жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде жұмыстар жүргізілуде. Білім беру саласындағы өзекті мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Осы реформалаудың аясында мектептен бастап оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру арқылы нәтижелі білім беруге қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Оқу-танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек. Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан. А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша,«бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» - деген.1 Осы тұрғыдан: «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын,өз істегенімді – меңгеремін»,- деген екен Конфуций.2
Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған және зерттеулерде танымдық іс-әрекет туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыруда оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский [3], И.Г.Песталоцци [4], Ж.Ж.Руссо [5], А.Дистерверг [6], К.Д.Ушинский [7] және т.б. оқытушының негізгі міндеті – оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамыта оқыту дидактикасының алғашқы негізін салды. Ал немістің ұлы педагогі, халықтық мектеп пен педагогикалық білім саласындағы көрнекті кайраткер А.Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді». Кеңес дидактары мен психологтары: Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин [8] және т.б. дамыта оқыту мен оқушылардың танымдық әрекетін ынталандырудың теориясы мен тәжірибесіне үлкен, зор үлестерін қосты.
Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев [9], Ы.Алтынсарин [10] және қоғам қайраткерлері мен педагогтар А.Байтұрсынов[11], М.Жұмабаев[11], Ж.Аймауытов[11] өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.
Психологтердің зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық іс-әрекеттің ынталандыруы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол – тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, оқу-танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдылық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.
Қазіргі кезде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырудың әр түрлі амал-тәсілдері өңделуде. Оқушылардың жаңа білімді меңгеру үшін оқу материалының шығармашылық әлеуетін іске асыру қажеттіліктерін дамытатындай етіп оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру бойынша жұмыс жасау - бұл оқушылардың оқу іс -әрекетіне деген оң көзқарасын қалыптастыру, олардың мектептегі пәндерді терең білуге ​​деген құштарлығын дамыту. Осы ретте педагогтың алдында тұрған басты маұсат оқушыларға білім ғана беріп қоймай, оқу-танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б болып отыр. Жоғарыда айтылған мәселенің өзектілігі зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру» - деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысаны: білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті
Зерттеу пәні: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті.
Зерттеудің мақсаты: білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырудың әдіс-тәсілдерін зерттеп, тиiмдi жолдapын ұсыну.
Зерттеу міндеттері:

  • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мәнi мeн маңыздылығын тeоpиялық тұpғыдa нeгiздey;

  • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырудың психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу;

  • білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру мүмкіндіктерін қapaстыpy;

  • білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырудың әдістемесіне тәжірибелік зерттеу жүргізу мен нәтижесін ұсыну.

Зерттеу болжамы: егер, білім беру үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырудың тиiмдi жолдapы анықталса, онда мектептегі педагогикалық үрдіс тиімді болады ал бұл үрдіс, оқышыларды өз пiᴋipiн қоpғayғa, дәлeлдep әзipлeyгe жәнe қоpытынды жaсayда, белсенді ойлау мен практикалық әрекетке итермелейтін бірден – бір жолы болып табылады.
Зерттеу әдістері: педагогикалық – психологиялық, әлеуметтік әдебиеттерге ғылыми – теориялық талдау, мәліметтерді талдау, жалпылау және интерпретациялау, статистикалық және математикалық әдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет