Зерттеуі (talis) – мұғалімдерді, мектеп директорларын және білім беру ортасын қарастыратын әлемдегі ең ауқымды зерттеу. Бұл жазбахатта мемлекеттік және жеке



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата01.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#194442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TALIS2018 CN KAZ

 
НӘТИЖЕЛЕРІ
 


2

Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері
© ЭЫДҰ 2019
» 

том: Мұғалімдер мен директорлар: өмір бойы білім алу

Қазақстанда мектеп директорларының орташа жасы 48 жылды құрайды, бұл TALIS-ке қатысқан ЭЫДҰ 
елдері директорларының орташа жасынан төменірек (52 жас). Қазақстанда орта есеппен алғанда 60 
жасқа келген және 60-тан асқан директорлардың үлесі 5%-ы құрайды, ЭЫДҰ елдерінде − 20%. 

Мұғалімдер мен мектеп директорларының гендерлік бөлінісі туралы ақпарат педагог мамандығының 
гендерлік балансының тең болмауын және басшылық лауазымға көтерілудегі гендерлік тепе-теңдік 
деңгейінің сақталмауын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда мектеп директоры лауазымында 
әйелдер тек 53%-ды құрайды, ал мұғалім лауазымында олардың үлесі 73%-ға тең. ЭЫДҰ елдерінде 
әйелдердің 47%-ы мектеп директорлары болса, 68%-ы мұғалімдер. 

Сыныптағы ахуал туралы айтатын болсақ, мұғалімдер мен оқушылар арасында жалпы жақсы қарым-
қатынас орнаған. Қазақстанда мұғалімдердің 97%-ы әдетте оқушылармен қарым-қатынасы жақсы 
екенімен келіседі. Алайда директорлардың 1%-ы мектепте оқушылар арасында қорқыту мен 
бұзақылық әрекеттер жиі орын алатынын мәлімдейді, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерімен (14%) 
салыстырғанда төмен. 

Қазақстанда мұғалімдердің шамамен 5%-ы мигрант оқушылардың құрамы кем дегенде 10%-ды 
құрайтын мектептерде жұмыс істейді (ЭЫДҰ елдерінде – 17%). Сонымен қатар, мектеп 
басшыларының 94%-ының айтуынша, мектептегі мұғалімдер балалар мен жастар әр түрлі мәдениет 
өкілдері арасында көптеген ұқсастық бар екенін білуі тиіс деп есептейді (ЭЫДҰ елдерінде орташа 
есеппен – 95%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет