2
Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері
© ЭЫДҰ 2019
»
I
том: Мұғалімдер мен директорлар: өмір бойы білім алу
•
Қазақстанда мектеп директорларының орташа жасы 48 жылды құрайды, бұл TALIS-ке қатысқан ЭЫДҰ
елдері директорларының орташа жасынан төменірек (52 жас). Қазақстанда орта есеппен алғанда 60
жасқа келген және 60-тан асқан директорлардың үлесі 5%-ы құрайды, ЭЫДҰ елдерінде − 20%.
•
Мұғалімдер мен мектеп директорларының гендерлік бөлінісі туралы ақпарат педагог мамандығының
гендерлік балансының тең болмауын және басшылық лауазымға көтерілудегі гендерлік тепе-теңдік
деңгейінің сақталмауын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда мектеп директоры лауазымында
әйелдер тек 53%-ды құрайды, ал мұғалім лауазымында олардың үлесі 73%-ға тең. ЭЫДҰ елдерінде
әйелдердің 47%-ы мектеп директорлары болса, 68%-ы мұғалімдер.
•
Сыныптағы ахуал туралы айтатын болсақ, мұғалімдер мен оқушылар арасында жалпы жақсы қарым-
қатынас орнаған. Қазақстанда мұғалімдердің 97%-ы әдетте оқушылармен қарым-қатынасы жақсы
екенімен келіседі. Алайда директорлардың 1%-ы мектепте оқушылар арасында қорқыту мен
бұзақылық әрекеттер жиі орын алатынын мәлімдейді, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерімен (14%)
салыстырғанда төмен.
•
Қазақстанда мұғалімдердің шамамен 5%-ы мигрант оқушылардың құрамы кем дегенде 10%-ды
құрайтын мектептерде жұмыс істейді (ЭЫДҰ елдерінде – 17%). Сонымен қатар, мектеп
басшыларының 94%-ының айтуынша, мектептегі мұғалімдер балалар мен жастар әр түрлі мәдениет
өкілдері арасында көптеген ұқсастық бар екенін білуі тиіс деп есептейді (ЭЫДҰ елдерінде орташа
есеппен – 95%).
Достарыңызбен бөлісу: