TALIS-2018
зерттеуінің негізгі ерекшеліктері
TALIS зерттеуге қажетті деректерді негізгі орта мектептің мұғалімдері мен мектеп директорларынан
сауалнама алу арқылы жинайды. Зерттеудің негізгі мақсаты − білім беру саласындағы мұғалімдер мен
директорларға, оның ішінде оқыту процесіне және оқушылардың жетістіктеріне бағытталған саясатты
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысты халықаралық деңгейде салыстыруға келетін деректер базасын
құру. Мұғалімдер мен директорлар зерттеуге қатысу арқылы білім саласындағы саясаттың басты
тұстарына талдау жүргізуге және дамыту жұмыстарына өз үлестерін қосуға мүмкіндік алады.
Біріншіден, TALIS зерттеуі білім саласындағы саясаткерлердің мұғалім мамандығын дамытуға және
оқыту мен оқу жағдайларын жақсартуға арналған білім саясатын қайта қарауға немесе жаңадан әзірлеуге
мүмкіндік береді. Екіншіден, TALIS мұғалімдерге, мектеп директорларына және де басқа білім саласына
қатысы бар тұлғалардың күнделікті тәжірибесіне ой жүгіртіп, оны жетілдіру жолдарын табуға септігін
тигізеді. Үшіншіден, TALIS зерттеуі қазіргі бар мағлұматтарға сүйене отырып, болашақ зерттеулерге үлес
қосады.
•
Сауалнамада тоғыз негізгі тақырып қамтылған: мұғалімдердің білім беру қызметі, мектептегі
көшбасшылық, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесі, мұғалімдердің кәсіби педагогикалық білім алуы,
кері байланыс пен мұғалімдердің кәсіби дамуы, мектептегі ахуал, мұғалімдердің жұмыспен
қанағаттану деңгейі, адами ресурс мәселелері мен білім саласындағы мүдделі тараптармен
қарым-қатынас және мұғалімнің өз жұмысының тиімділігін бағалауы. Бұл тізімге тағы 2 жаңа
тақырып қосылған болатын: оқытудағы инновациялар және теңдік пен көпмәдениетті ортада білім
беру.
•
TALIS зерттеуінің қатысушылары – мемлекеттік және жеке меншік негізгі орта мектептердің
мұғалімдері мен мектеп директорлары. TALIS-2018 циклі үш қосымша опциядан тұрады: 15
мемлекет бастауыш мектеп мұғалімдерін (ББХСЖ-1 деңгейі), 11 мемлекет орта білімнің екінші
кезеңінің мұғалімдерін (ББХСЖ-3 деңгейі), ал 9 мемлекет PISA-2018 зерттеуіне қатысқан
мектептерді зерттеуге қосты.
•
Әрбір зерттеуге қатысушы мемлекеттен кездейсоқ репрезентативті әдіспен іріктелген 200
мектептен барлығы 4 000 мұғалім мен директор қатысты. Нәтижесінде сауалнама сұрақтарына
әлемнің 48 мемлекетінен 260 000-ға жуық мұғалім қатысты; олардың жауабы 8 миллион
мұғалімнің дауысына тең. Ал Қазақстаннан негізгі орта білім беру деңгейінен 6 566 мұғалім және
331 мектеп директоры қатысты.
•
TALIS-
2018 зерттеуінің нәтижелері екі томда жарияланады. 2019 жылдың 19 маусымында
жарияланған «
Мұғалімдер және мектеп директорлары: өмір бойы білім алу
» халықаралық
есебінің бірінші томында мұғалімдердің білімі мен біліктілігі талданады, ал 2020 жылдың
наурызында жарыққа шығатын «
Мұғалімдер мен мектеп директорлары: мәртебелі мамандар
»
атты екінші томында педагог мамандығының мәртебесі, лауазым бойынша өсу мен кәсіби
ынтымақтастық мүмкіндіктері, жауапкершілік пен еркіндік сияқты сұрақтар қаралады.
Бұл құжат ЭЫДҰ
-
ның Бас Хатшысы жауапкершілігімен
жарияланды. Құжатта келтірілген көзқарастар мен
аргументтер ЭЫДҰ елдерінің көзқарастарын
білдірмеуі мүмкін.
Бұл құжат, сондай
-
ақ
,
мұнда пайдаланылған деректер мен суреттер қандай да бір аумақтың мәртебесі мен
егемендігіне, халықаралық шекаралар мен шекараларды шектеуге және кез
-
келген аумақтың, қаланың немесе
ауданның атына нұқсан келтірмейді.
Әдебиет
OECD (2019),
TALIS 2018 Results (Volume I):
Teachers and School Leaders as Lifelong Learners
, TALIS, OECD Publishing, Paris,
https://doi.org/10.1787/1d0bc92a-en
Достарыңызбен бөлісу: