2
УДК 28
ББК 86.38
З 15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ
КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН
З 15. Зікірлер. – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
ISBN 978-601-7016-31-9
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7016-31-9
© «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013.
3
БИСМИЛЛӘҺИР-РАХМӘНИР-РАХИМ
«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған
шүкірлік етіңдер де, күпірлік етпеңдер».
(Бақара, 152)
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһты өте жиі еске алыңдар».
(Ахзаб, 41)
«Раббысын еске алатын адам мен Оны есіне алмайтын
адамның айырмасы тірі мен өлінің айырмасындай».
(әл-Бұхари)
«Тілің әрдайым Аллаһты еске алудан босамасын».
(әт-Тирмизи)
4
ТАҢҒЫ ЗІКІРЛЕР
Ықылас сүресі:
(Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим). «Қул һууал-лаһу әхад. Аллаһус-
самәд. Ләм йәлид, уә ләм йуләд. Уә ләм йәкул-ләһу куфу-уән
әхад».
Мағынасы: Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен
(бастаймын). «(Мұхаммед!) «Ол Аллаһ – жалғыз. Аллаһ әс-Самад
(Өзі Мәңгі әрі Мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж). Ол
тумаған да, туылмаған. Әрі Оған ешкім де тең емес», – де».
Фалақ сүресі:
(Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим). «Қул әъузу бираббил-фәләқ.
Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғасиқин изә уәқаб. Уә мин
шәррин-нәффәсәти фил-ъуқад. Уә мин шәрри хасидин изә хәсәд».
Мағынасы: Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен
(бастаймын).