Үзіліссіз педагогикалық практиканың мақсаттары



Дата29.03.2017
өлшемі274,86 Kb.
#12589
Түсіндірме хат
Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартына сәйкес (бакалавриат) білім беру тобы үшін типтік оқу бағдармасы негізінде құрастырылған. Қазахстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бекітіліп іске енгізілген “11” мамыр 2005ж. № 289. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған. Хат. №1 от 04.09.2006 ж.

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне ену, өркенниетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беружүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық – педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламада «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасына» және психологиялық – педагогикалық пәндердің кешенді бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық үрдісіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орныдағы оқу тәрбие іс - әрекетінің барлық жүиесін бағдарлауға; оқу тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.



Үзіліссіз педагогикалық практиканың мақсаттары:

  • студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;

  • студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үзіліссіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

  • студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту.

  • мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

  • тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

  • педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;

  • мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.


Педагогикалық практика мына шарттар арқылы өткізіледі:

  • мұғалімнің кәсіби іс - әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

  • Студент оқу іс - әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық пратиканы ұйымдастырудың жүйелілігі кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі теориялық жағынан қамтамаыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

  • Психологиялық – педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

  • Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;

  • Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталады;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына» психологиялық – педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста педагогикалық практика өткізіледі және мынаны қамтиды:

Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика мамандықтары үшін бірдей болып табылады.

Осының негізінде әдістемелік ұсыныстар, факультеттің мамандығына сәйкес педагогикалық практиканы өткізудің бағдарламасы.

1 курс студенттерінің үзіліссіз педагогикалық практикасы


Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп–гимназиялар, мектеп–лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).
Педагогикалық практика бағдарламасы барлық педагогика мамандықтары үшін бірдей болып табылады.

Үзіліссіз педагогикалық практиканың мазмұны.

2 курс студенттерінің (психологиялық-педагогикалық, оқу-танысу)

практикасы.

«Мектеп күні» (2 апта)

2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеруіне сүйенеді. Студенттердің практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми негізі бірінші 2 курс студенттерінің меңгерген «Педагогка», «Психология», «Жас өспірімдер физиологиясы», жалпы білім беретін циклдік пәндері болып табылады.



Практиканың міндеттері:

  • мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.

  • болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.


Практиканың мазмұны:

  1. Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен ТАНЫСТЫРУ

  • білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен;

  • Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен;

  • мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі (директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);

  • мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)

  • әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен;

  • мектеп психологының қызметімен

  • мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен;

  • сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен;

  • мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен.




  1. Мына тапсырмаларды орындауда ғылыми-зерттеу әдістерінің кейбірін ПАЙДАЛАНУ:

  • «мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» жасау;

  • оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасау.

3. Сыныптағы тұтас педагогикалық процеске ҚАТЫСУЫ:



  • сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларына;

  • нақты бір сабаққа пән мұғалімінің дидактикалық материалдарды сұрыптауға.

4. Кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың жоспарын жасау.

5. Студенттердің өзбетінше ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерімен ТАНЫСТЫРУ.


Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу

Педагогикалық практиканы педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедралармен бірге факультеттің деканаты ұйымдастырады.

Педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттердің жалпы теориялық,арнайы, психологиялық – педагогикалық, әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады. Практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады. Практикаға дайындық кезінде факультет басшылары кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып педагогикалық практиканың жоспарын құрып, оның өтілетін мектептерінің тізімін анықтайды.

Педагогикалық практика басталмас бұрын факультет деканаты педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедралармен бірге бағыт беруші конференция өткізіп, студенттерді мектепте жасалатын жұмыстардың мазмұнымен, міндетімен таныстырады.

Педагогикалық практиканың негізгі кезеңі бекітілеген мектептегі студенттердің жұмысы болып табылады. Педагогикалық практиканың міндеті мен мазмұнын сәйкес бірінші-екінші күндері оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына және сынып жетекшілердің сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, практика кезінде жасалынатын оқу тәрбиелік жұмысының өзіндік жеке жоспарын құрады.

Студенттер практика кезінде тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, талқылауға және талдауға қатысады. Өткізілетін сынақ сабақтар саны және тәрбиелік іс – шаралар практиканың бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады, соңғы 2 күнде студенттер есеп беру құжаттарын дайындайды. Мектепте қорытындылаушы педагогикалық кеңес өткізеді. Педагогикалық практика институтта өткізілетін жалпы қорытындылаушы конференциямен аяқталады.


Педагогикалық практиканың жетекшілерінің бірлескен іс әреетін жоспарлау

Педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедраларының оқытушыларынан тұратын практика жетекшілерінің міндеттері:

1. Педагогикалық практикаға жетекшілік жасайтын педагог, психолог, әдіскерлердің бірлескен қызметінің мақсатын және міндетін анықтау;

2. Студенттермен барлығы біріге отырып, мұғалімдердің сабағына қатысып, толық кешенді талдау жасау;

3. Студенттердің сабағына бірігіп қатысып, толық кешенді талдау жасау;

4. Педагогика және психология кафедраларсы оқытушыларымен бірге тәрбиелік іс – шараларға бірлесіп қатысу;

5. Ғылыми - әдістемелік семинарларға, дөңгелек столдарға бірлесіп қатысу;

6. Кіші педагогикалық кеңес жиналыстарына қатысу;

7. Студенттердің оқу және тәрбие жұмыстарына кеңес беру және көмек көрсету;
Мектеп әкімшілігінің студенттердің үзіліссіз педагогикалық практикасын басқарудағы жұмысы

Мектеп директоры:

- педагогикалық практиканың дұрыс өтілуіне жағдай жасайды, мұғалімдер мен қызмет істеушілермен және оқушылармен педагогикалық практика мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді;

- студенттерді оқу – тәрбие мекемесінің жұмысымен, мұғалімдер құрамымен, құжаттармен оқу - өндірістік базамен (кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханалармен,және т.б) оқу - өндірістік және тәрбие жұмыстарының жалпы жүргізілуімен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстырады, практиканттарға педагогикалық кеңестің, пәндік (бейімдік) тексерушілердің атаа – аналар комитетінің жиналыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс жоспарымен таныстырады.

- практиканың топ жетекшісімен бірге студенттерді сыныптарға (топтарға) бекітеді;

- Судент практиканттардың іс – шараларына (таңдап) қатысады және де оларды талқылауға қатысады;

- педагогикалық практика жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- оқу – тәрбие мекемелерінде педагогикалық практика қорытындысы бойынша жиналыс өткізеді және мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.


Пән мұғалімдерінің міндеттері

Мұғалім:


- өзіне бектілген студенттерді өзінің оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;

- практиканың топтық жетекшісімен бірге студенттердің арасында сабақтардың тақырыбын және пән бойынша сабақтан тыс шараларды бөліп белгілейді;

- студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге, көрнекі құралдар жасауға, кино және диафильмдерді демонстрациялауға, зерханалық жұмыстарын дайындауға және т.б жұмыстарды тапсырады;

- студенттерге мінездеме береді және олардың оқу жұмысын бағалайды;

- педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша оқу – тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізген жиналыстарға, сондай – ақ мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы

конференцияларға қатысу.



Сынып жетекшісінің міндеттері

Сынып жетекшісі:

-студенттерді сыныптан жалпы ерекшеліктермен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;

- педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қдағалап, кеңес береді;

- психология пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық – педагогикалық мінездеме жасауына жасауына жетекшілік жасайды;

- студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс – шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;

- студенттерді сыныптың (топтық) күнділікті тәрбие жұмыстарына тартады;

- студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;

- педагогикалық практика бойынша оқу – тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай – ақ институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.
Мектеп дәрігерінің және мектеп психологының міндеттері

1. Мектеп дәрігерінің және мектеп психологы студенттерге бөлінген сыныптағы оқушылардың денсаулығының жағдайын, анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат беріп, олармен қандай қарым – қатынаста болу керектігі жайлы таныстырады.

2. Дәрігер және психолог студенттерге оқушы тұлғасының толыққанды дамуына жағдай жасауға және мектеп гигиенасы жайлы әдістемелік нұсқау береді.
Педагогикалық практиканың әдістемелігін қамтамасыз ету

Педагогикалық практиканың күнделігі, оны рәсімдеудің талаптары. Педагогикалық күнделік студенттің практика кезіндегі жұмысының мазмұнын көрсететін, оның педагогикалық шеберлігінің өскенін көрсететін құжат болып табылады.

Күнделіктегі жазбалар үйретуші қызмет атқарады. Күнделік тек қана қазіргі деректермен шектеліп қоймай, олардың талдауы жасалып, педагогикалық шешімдер және оқу тәрбие процесін және кәсіби дайындығын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жазылады.
Күнделікте міндетті түрде болу керек: сыныппен қарым – қатынас орнауын бақылау, нәтижесінде практиканттың сондай – ақ сынып жетекшісімен (авторитарлық, демократиялық, либералдық) оқушылардың қарым – қатынас түрін анықтау; сыныпта педагогикалық процесті (сабақ өткізу, сыныптан тыс сабақтар) ұйымдастыруда қарым – қатынастың басқа түріне әсер ету.

Бүкіл сыныпқа және жеке оқушыларға бақылау, әңгіме, сауалнамалар, социометрия әдістерін өткізгені жөнінде жазылуы керек. Мүмкіндігінше барлығымен бірге сабаққа ішінара талдау жасау (студенттердің назарын аударған жаңа әдістерді, тәсілдер құралдары немесе керісінше сабақта болған сәтсіздік элементтерін талдау) жазылу керек.

Сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды талдағанда педагогикалық процестің жүйелілігін, мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір – бірімен ынтымақтастығын көре білу қажет.

Практиканттың талдау жасай білу іскерлігі мен дағдысына байланысты күнделікке жазылған сабақтардың саны еркін түрде болады.

3.Сыныптан тыс жұмыстардың өтілуі туралы жазбалар (сынып сағаты, КВН, сайыс, ойын ж.б) және оларды талдау.

4.Күнделікті сынып белсенділермен жұмыстар, сыныптағы өзін - өзі басқару жағдайы көрсетілуі керек.

5. Күнделікте студенттердің оқушылармен және ата – аналармен жүргізген жеке жұмыстары да көрсетіледі.

6. Күнделік күн сайын толтырылып, іскерлік сипатта, мүмкіндігінше ықшамды болуы тиіс. Жазбада өткізілген жұмыстардың көлемі, қиындықтар, педагогикалық міндетті шешудегі табыстар көрсетіледі.

7. Әр түрлі аптаның аяғында мүмкіндігінше белгіленген жоспарлардың орындалғаны туралы қорытындылар жазылуы тиіс, келесі аптадағы жұмыстарға түзетулер жасалады.

8. Күнделікті жазбалар педагогикалық практиканың қорытындысымен, оны өткізудегі ұсыныстармен аяқталады.



Оқушылармен этикалық әңгіме өткізудегі психолгиялық – педагогикалық талаптар.

Әңгіме – тәрбие жұмысының сұрақ – жауап түрі, яғни оқушылар нақты деректер мен мысалдарды талдау нәтижесінде тиісті қорытындыға және тұжырымға келеді.

Тәрбиеші осы әңгіменің тәрбиелік, танымдық және дамытушылық міндетін анықтайды және қорытындылайды. Олар негізінен топтың қарастырылып отырған мәселесіне және тәрбие міндетіне сәйкес келуі керек.

Әңгімеге қойылатын талаптар:



  • Әңгіме тақырыбының көкейкестілігі және оқушылардың қызығушылығына тәрбие деңгейіне, дамуына сәйкестілігі.

  • Этикалық ұғымдар мен категориялардың ғылыми анықтамасы

  • Ақпараттың молдығы;

  • Оқушылардың адамгершілік тәжірибесіне, көзқарасының және айтқандарының дәйектілігі мен дәлелділігі, әсіресе өмірден алынған талдауларына талдауларына түзету жасау;

  • Жақсы көңіл күй туғызу (орнықты әзіл, қалжың)

  • Әңгімеге қатысушыларға сенімділік көрсету

  • Оқушыларды әңгімеге дайындау (тақырыбы бойынша әдеб\иетпен таныстыру, материал мазмұнын сұрыптау, қойылымдарды дайындау, оқушылардың жазбаша шығармаларын, өнерлерін дайындау).

  • Мұғалімнің сырт пішіні және беделі;

  • Көрнекіліктер жасау (афоризмдер, пікір айту, ережелер, магнитофон, слайдтар).

Әңгіме құрылымы:

  1. Педагог, сынып жетекшісінің бастапқы сөзі (сөздің әдемі әсерлі болуы, нақты деректерді талдауы). Оның сөзі әрі қызықты, әрі назар аударарлықтай болуы тиіс. Талқылап отырған мәселелердің маңыздылығын табуы қажет.

  2. Оқушылардың көзқарастарын, ұғымдарын айқындау мақсатында сұрақтар қою. Сұрақтар нақты болуы қажет (оқушының қажетілігіне, қызығушылығына, талабына және тілегіне сай болуы тиіс)

  3. Талқылап отырған мәселелер бойынша сауалнама материалына талдау жасау.

  4. Топ ұжымының өміріндегі фактілерді талқылау;

  5. Әңгіме қорытындысын талқылау. Тәрбиешінің нақты кеңестері мен ұсыныстары.

  6. Осы тақырып бойынша кейінге жасалатын жұмыстар жоспары.


Жоғары сынып оқушыларын мамандыққа бейімдеу жұмыстарын жүргізу үлгісі

Ұсынылып отырған мамандыққа бейімдеу жұмыстарының үлгісінің мақсаты оқушылардың қазіргі заманғы мамандықтарға деген көзқарасын білу, осы мамандық жайлы бағыт бағдар беру, оның әдістері жайлы айту, олардың жеке қасиеттері мен білімдеріне өзіндік баға беруді айқындау және де таңдап алынған мамандық бойынша өз бетімен білім алуды ұйымдастыруда көмек көрсету.

Мамандыққа бейімдеудің әдістемелік ұсынысы бірнеше кезеңдерден тұратын жұмыстар жүйесін ұсынады. Педагогикалық практиканың басында «Мамандықты бағала» сауалнамасы өткізіледі. Сауалнамаға қазіргі заманға лайықты 10-15 танымал, және танымал емес (ұшқыш, инженер,артист, дәрігер, сатушы, фермер, темірұстасы, мұғалім, менеджер, заңгер, журналист, аспазшы, даяшы және т.б) мамандықтардың атауы кіреді. Оқушыларға мамандықтарды он баллдық жүйе бойынша бағалау беріледі.

Сауалнама нәтижесі бойынша «Ұнайтын мамандық» тақырыбы жайлы әңгіме жүргізіледі. Әр түрлі саланың мамандары шақырылуы мүмкін.

Екінші кезеңде оқушыларға «Кім болғың келеді?» сауалнамасы беріледі.

Сауалнама сұрақтарының үлгісі:



  1. Қандай мамандықты таңдадың?

  2. Таңдау себебі:

А) ата – аналардың кеңесі бойынша;

Б) мұғалімдердің кеңесі бойынша;

В) достарымның кеңесі бойынша;

Г) мамандықтың қоғамдық мәнін түсінгендіктен;

Д) менің қызығушылығым мен қабілетіме сәйкес келеді;

Ж) мәртебелі мамандық.

Сауалнама нәтижес бойынша «Мамандық таңдау өлшемі» деген сынып сағаты өткізіледі. Осы сынып сағатында үшінші сауалнаманы өткізуге болады. Оқушыларға келесі үш сұраққа жауап беруге ұсынылады:


  1. Сен таңдаған мамандыққа қандай білімділік, тапқырлық және өзіндік қасиеттер қажет атап өт ?

  2. Өзіңнің ерекше қасиеттеріңді айт?

  3. Кейін немен айналысасың?

Соңғы кезеңде «Шынайы мамандық иесі қандай болуы керек?» тақырыбында бұрын жасалған жұмыс базасы негізінде сынып сағаты өтеді.

Сынып сағаты аяқталған сәтте өзін өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алу бағдарламасын құру бойынша кеңестер беріледі.



Оқушылардың өздігінен білім алуы жайлы көзқарастарын айқындау туралы сауалнама материалдары

Мектеп ------------------------------------------------------------------------------------

Сынып ------------------------------------------------------------------------------------

Жасы --------------------------------------------------------------------------------------



Сұрақтармен танысып, сіздің өздігінен білім алу көзқарастарыңызға сәйкес келетін нұсқаның астын сызып қойыңыз. Берілген сұраққа қысқаша жауап беріңіз.

  1. Мұғалім ұсынған қосымша әдебиеттерге қызығасыз ба?

  • иә, жоқ;

  • барлық әдебиеттерді оқимын;

  • таңдкап оқимын.

  1. Қосымша әдебиеттер іздейсіз бе?

  • ия,жоқ;

3. Өз бетімен білім алуды қалай түсінесіз?

А) мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетінше жұмыс

Б) бағдарламаға қатысы жоқ өз бетінше жұмыс

В) Менің қызығушылығыма, қабілетіме сәйкес мамандығымды шешуге арналған өз бетінше жұмыс.

Г) Өзімнің көзқарасымды кеңейтуге байланысты өз бетінше жұмыс

4. Өзіндік білім алуды қалай ұйымдастырасыз?

А) Мазмұн бойынша: ӨЗ бетінше білімнің қандай саласын меңгердіңіз? Неге?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Б) өзіндік білім көтеру әдістемесі бойынша:

1) Өз бетімен білім алуды мақсат еттіңіз бе?

- иә, жоқ;

2) Өз бетімен білім алудың жоспарын құрдыңыз ба?

- бір жылға;

- бір айға;

- бір аптаға;

3) Сізө кітаппен жұмыс жасай аласыз ба? Кітапты басынан аяғына дейін оқи аласыз ба?

- ия, жоқ;

Сіз оқыған мәтінді ойша аяқтайсыз ба?


  • ия жоқ;

Оқығандарыңызды қалай белгілейсіз? ( Қандай жазбаларды пайдаланасыз?)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Компьютерде жұмыс істей аласыз ба?


  • ия, жоқ;

Интернетті пайдаланасыз ба?

  • ия, жоқ;

В) Сіз не себептен өзіндік білім көтерумен айналысасыз?

5. Сізді қандай білім саласы қызықтырады?

- әдебиет

- тарих


- өнер

- спорт


- физика математика ғылымдары

- математикалық ғылымдар

неліктен?


  • қызықты

  • бос уақытымды толықтырамын

  • менің болашақ мамандығыма байланысты?

  • менің жеке тұлға ретінде қалыптасуыма байланысты.

    1. Мектеп оқушыларының жанұясы жайлы сұрақтар

  1. Жанұясының құрамы?

  2. Ата – анасының білімі?

  3. Ата – анасының мамандығы?

  4. Жанұя мүшелері қоғамдық өмірге қатыса ма?

  5. Ата – ана баласының күнделікті өміріне қалай қарайды?

  6. Ата – ана мектепке бара ма?

  7. Үйде кітапхана бар ма?

  8. Ата – анаға бала қандай кітап оқыған ыжайлы бөлісе ме?

  9. Қандай теледидар және радиохабарлар көргенді ұнатады?

  10. Үйде достары, таныстары жиі бола ма?

  11. Жанұя мүшелері бос уақыттарын қалай өткізеді?

  12. Жанұя мүшелері қандай газет журналдарға жазылады?

  13. Журналдағы педагогикалық тақырыптар бойынша ата – ана қандай мақалалар оқиды?




    1. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеуге арналған сұрақтар

1. Сіздің балаңыздың басқа адамдармен қарым – қатынасы қандай (атасымен, әжесімен, ағасы, қарындасы, достарымен, үлкендермен)?

2. Сіздің балаңыздың мінезіндегі қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар?

3. Сіздің балаңыз еңбек етуге қалай қарайды?

4. Сіздің балаңыздың қандай қайырымды істері жайлы айта аласыз?

5. Ол қоғамдық жұмысқа қалай қарайды?

6. Оқу әрекеті барысында қандай қиындықтарға кездесті?

7. Сіздің балаңыз бос уақытын қалай өткізеді, немен айналысады?

8. Сіздің балаңыз бос уақытын көбінесе қай жерде өткізеді (театр, үйірме, кино, парк, табиғатқа жорық, ешқайда бармайды)?

9. Балаңыз жайлы толғандыратын қорқынышыңыз, күмәніңіз бар ма?

10. Сіздің балаңыз кіммен дос? Олар сіздің үйде жиі бола ма?

Мектептегі, ауладағы достарын танисыз ба?

Балаңыздың қызығушылығын зерттейтін сұрақтар

1. Сіздің балаңыз қазіргі уақытта немен шұғылданады ( сурет салады, киі тігу, киім үлгісін жасау, өсімдіктердің, жануарлардың тіршіліктерін зерттеу)

2. Бұрын сіздің балаңызды не қызықтырды?

3. Оның қызығушылығы жиі өзгеріп отыра ма?

4. Мектептегі және басқа да үйірмелерге қатыса ма?

5. Осы қызығушылығын ары қарай дамыту үшін қандай әрекет жасайсыз?


Оқушының жанұядағы оқу әрекетін зерттеуге арналған сұрақтар.

1. Оқушының тұрақты жұмыс орны бар ма? Оқуға керекті құрал жабдықтары қай жерде орналасқан және олар қандай жағдайда?

2. Сабаққа дайындалатын столы оның бойына сәйкес пе? Жарық қай жағынан түседі? Столда қалай отырады?

3. Сабаққа қай уақытта дайындалады? Күн тәртібін сақтай ма?

4. Баланың сабақ оқуына жағдай бар ма?

5. Пәндерді қандай кезектілікпен оқиды?

6. Қанда пәндер оқушыларға қиыншылық туғызады?


  1. Балаңыздың оқу әрекетін ұйымдастыруға көмектесесіз бе?

  2. Баланың оқу әрекетін бақылайсыз ба?

  3. Сіздің балаңыз оқу әрекетінің қандай іскерліктерін, дағдыларын меңгерген?

  4. Мектептен көмек, ақыл - кеңес сұрайсыз ба?


Оқушының жанұядағы еңбек әрекетін зерттеуге арналған сұрақтар

1. Балаңыз үйдегі қандай еңбек әрекетіне қатысады?

2. Үйде негізінен қандай тапсырмаларды орындайды?

3. Жанұяда баланың қандай еңбек әрекеті қанша уақыт алады?

4. Жанұядағы өзіне - өзі қызмет істеу мәселесі қалай қойылған?

5. Өзінің заттарын, киімдерінің тазалығына қадағалай ма?

6. Оның еңбек әрекетін қалай қадаағалайсыз?

7. Оқушы еңбек әрекетін қалай орындайды? ( қызықпайды, орындамайды, ынталылықпен)

8. Оқушының еңбек әрекетін ұйымдастыруға қандай көмек көрсетесіз?

9. Балаңызды жұмысты толық орындауға, оның тәсілдерін үйретесіз бе?



Оқушының жанұядағы қарым – қатынасын зерттеуге арналған сұрақтар

1. Жанұяда ата –аналар арасында, бала мен ата – ана, балалар арасында жиі қақтығыстар болып тұра ма? Оның себептері қандай?

2. Жанұядағы педагогикалық процесте сіз бен балаңыздың арасында қандай қарым – қатынас орын алған (қайырымды, қамқор, ашуланшақ, бейқам)?

3. Сізді балаңыздың өмірі қызықтыра ма?

4. Жанұяда бір – біріңізге көмектесесіздер ме?

5. Балалар ата - аналарының жұмысы, достары жайлы біле ме?

6. Балаларыңыздың достары үйіңізде жиі бола ма?

7. Бүкіл жанұя мүшелері бірігіп қандай жұмыс атқарасыз?

8. Күніне аптасына балаңызбен бірге қанша уақыт өткізесіз?

9. Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Оған балаларыңыз қатыса ма?



Оқушыға психологиялық – педагогикалық мінездеме

1.Жалпы мәліметтер:

1. Аты, жөні, туған жылы, сыныбы.

2. Жанұя тәрбиесінің жай – күйі (құрылымы, өмір стилі, экономикалық қамтамасыз етілуі, педагогикалық мәдениеті)

3. Оқушының денсаулық жағдайы, жалпы физиалық дамуы.

IІ. Ұжыммен, қоғамдық белсенділермен қарым – қатынасы.



  1. Сыныпқа жалпы сипаттама (оқушылардың жалпы дамуы, тәрбиелігі, сынып ұжымының талабы және дәстүрі).

  2. Ұжымдағы оқушының алатын орны (беделді ме, оны жақсы көре ме, оның ұжымдағы қарым – қатынасы қалай анықталады?)

  3. Оқушы өзінің сыныптағы орнына көңілі тола ма? Оқушы сыныпта қандай орынды иеленгісі келеді?

  4. Сыныптағы жолдасына қарым – қатынасы (оқушы үшін маңызды топтар бар ма, сыныптың көзқарасымен санаса ма, қандай микротопқа қатысады? Қарым – қатынас себебі неде?

III. Оқуға сипаттама:

  1. Үлгерімі ( алған бағалары, әртүрлі пәндерден алған бірдей немесе әртүрлі үлгерімі).

  2. Білімді меңгеру деңгейі

  3. Оқу әрекетіне қызығушылығы.

  4. Оқи білуі ( Өзіндік танымдық әрекетін ұйымдастыра білу қабілеті: материалды сапалы және түсінікті қабылдауы, оны логикалық тұрғыдан өңдеуі, мәнерлеп дұрыс оқи білуі, есте сақтаудың нақты тәсілдерін қолдануы, өзінің қателіктерін көре білуі, талдай білуі, салыстыруы, жалпылауы, қорытынды жасай білуі және т.б)

  5. Кітаппен өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігі және дағдысы.

( мақсаттылықпен оқуы, қысқаша тұжырм жасауы, жоспар, нұсқа құруы, библиографияны пайдалануы және т.б)

  1. Өзіне талап қоя білу деңгейі, тәртібі, ұйымдастыра білуі.

IV. Оқушы тұлғасындағы психикалық процестің дамуы

  1. Оқушыға назар аудару ерекшелігі ( еркін назар аударуды дамыту дәрежесі, оның көлемі, қорытылуы, тұрақтылығы, бөлінуі, басқаға ауысуы).

  2. Түсініп қабылдауы, тез ойлай білуі.

  3. Есті ойланып, әдейі дамыту деңгейі және сипаты ( механикалық немесе ойланып жаттай ма әдейі есте сақтаутәсілдерін біле ме, есте сақтау жылдамдығы және беріктігі қандай, тез есіңе түсіре ме, есте сақтау типі: ойлағыштық немесе көркем, жаттау кезінде қандай анализаторлар негізгі рөл атқарады.

  4. Ойды дамыту. ( Заттардың және құбылыстардың маңызды немесе болмашы белглерін ажырата ала ма? Жалп және абстракты меңгерудеңгейі қалай? Өз бетінше шешім жасай ала ма? Салыстыра ала ма?

  5. Тілді дамыту ( сөз қоры, сөздің бейнелілігі, эмоциялығы сөз таба білуі, ойын жазбаша немесе ауызша білдіруі).

  6. Елестетуін дамыту. ( әртүрлі іс - әрекеттерге, шығармашылықпен және қайтадан жаңғыртып елестете ала ма? ).

V. Оқушының психологиялық ерекшелігі

1. Өзіңе баға беруі және талаптану деңгейі.

2. Қызығушылығы ( қызығушылық мазмұны, оның тереңдігі және тұрақтылығы, сенімі, арманы, идеалы).

3. психологиялық қасиеті және басым темперамент типі.

4. Мінезінде анық байқалатын жағымды, жағымсыз белгілері:

а) тұлғаның өзіне, еңбекке, оқуына, адамдарға деген бағыттылығының белгілері ( сергектігі, сезгіштігі, мейірімсіздігі, өзін ғана ойлауы, адалдығы, менмендігі, ұялшақтығы ).

б) Мінезіндегі жігерлі белгілер ( табандылығы, өзбеттілігі, турашылдығы, тез илануы және т.б ).

5. Қандай да бір іс - әрекетке қабілеттілігі ( әнге, суретке, әртістік қабілеттілігі ). Олар қалай білінеді?

6. Не жайлы армандайды және оны болашақта қалай іске асырғысы келеді?

VІ. Жалпы психологиялық – педагогикалық қорытындылар:



  1. Оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудағы негізгі жетістіктер мен кемшіліктер. Кемшіліктердің ( ішкі және сыртқы ) себептері. Жанұя тәрбиесі, жағдайы, ауруы, белгілі бір қабілеттіліктің, дағдының болмауы және т.б).

Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудегі мұғалімнің алдына қойылған маңызды психологиялық – педагогикалық міндеттерді шешуі.

Студенттердің педагогикалық практика бойынша есебі:

1.Практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарының қандай міндеттерін шешуге ат салыстыңыз?

2.Пед.практиканың жоспарының орындалуы.

Жоспардан қандай ауытқулар болды? Не себептен?

Жоспардан тыс не орындалды?

3. Сыныптағы педагогикалық процесс жағдайы қалай зерттелінді?

4.Өткізілген сабақтар саны. Оның ішінде нешеуі сәтті, нешеуі қиындықпен өтті.

5.Сабақтың қандай дәстүрлі емес түрлері, әдістері қолданылды?

6. Сабақта оқушылардың танымдық әрекетнің жеке, топтық , ұжымдық түрлері ұйымдастырылды ма?

7.Оқу процесі барысында оқушылардың танымдық әрекеттің қандай түрлерін (өнімді, өнімсіз, жеке ізденгіштік)меңгерді?

8.Педпрактика кезінде қандай тәрбиелік міндеттер шешілді?

Тәрбие жұмысының қандай түрлері балалар ұжымына іске асты? Сәтсіз ұйымдастырылған тәрбиелік іс – шаралар болды ма? Оның себебі неде?

9.Ата-аналармен қандай жұмыс түрлері өткізілді?

10. Мұғалімнің, мектеп ұжымының қандай ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатыстыңыз? Қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?

11. Практика барысында қандай іскерлік пен дағдыға ие болдыңыз? Практика кезінде мұғалім мамандығына дайындығының қандай кемшіліктері байқалды? Сіз өзіңіздің кәсіби дайындығыңыздың қандай кемшіліктерін байқадыңыз? Кәсіби дайындықты жетілдіру үшін алдыңызға қандай міндеттер қойдыңыз?

12. Педагогикалық практика жайлы жалпы қорытындылар. Оның сіздің мұғалім ретінде қалыптасуыңыздағы алатын орны. Практиканы жетілдірудегі және ұйымдастыру жайлы сіздің ұсынысыңыз.


Педагогикалық практиканың нәтижелеріне баға беру.

Студенттердің педагогикалық практикасын қорытындысы практика жетекшілерімен және мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып жеке бағаланады. Студенттер педагогикалық практика есебін кафедрада меңгерушісі тағайындаған арнайы комиссия алдында есебін қорғайды.

Студенттердің педагогикалық пракикасының нәтижелеріне негізгі баға беру өлшемдері мыналар:

- «мұғалім-оқушылар» жүйесіндегі педагогикалық ерекшеліктерін білу;

- тұтас педагогикалық процестің ізгілендіру жағдайында тұлғалық бағдар негізінде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыра білу;

- кәсіби педагогикалық іскерліктің қалыптасуы;

- оқушының жеке тұлғасын зерттеу және тұтас оқу – тәрбие жұмысын зерттеу әдістемесімен танысу;

- сыныптағы педагогикалық процесс жағдайын меңгеру үшін зерттеу әдістерін қолдана білу, оны жоспарлау және түзете білу іскерлігі;

- студенттердің кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағыттау, әлеуметтік белсенділік, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды жақсы көруі, педагогикалық практикаға қатынасы.

Үзіліссіз педагогикалық практиканың

өздік жұмыс тапсырмалары




Тапсырма мазмұны

Формасы

1

Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесімен (директордың,директордың орынбасарының іс-әрекеті) танысу;

мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)






2

Сыныптағы тұтас педагогикалық процеске қатысу.

Күнделіктегі жазба

3

Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларына қатысу.

Күнделіктегі жазба

4

Бір сабаққа пән мұғалімінің дидактикалық материалдарына сұрыптау жасау.

Күнделіктегі жазба

5

Кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың жоспарын жасау.

Күнделіктегі жазба және жоспары.

6

Оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасау.

Күнделіктегі жазба және мінездеме

7

«Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» жасау;

Күнделіктегі жазба және реферат

8

Мектеп психологының қызметімен

мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен танысу.

Сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен танысу.

Мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен танысу.



Күнделіктегі жазба

9

Сынып жетекшісінің сыныпта

жүргізетін шараларына қатысып,

талдау жаса.Студент іс-тәжірибесі

нің сыныппен жүргізетін тәрбие

шараларына дайындығы

және жоспар жасау.



Күнделіктегі жазба

10

Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен танысу;

Күнделіктегі жазба.

Реферат





Практика қортындысы бойынша құжаттарды жинақтап өткізу есебі.

(Барлық тапсырма күнделікке жазылады.)

1. Педпрактика кезінде жасалынған жұмыстар жайлы есебі.

2. Жұмыстың жеке жоспары.

3. Педагогикалық күнделік.

4. Өткізген тәрбие сағатының жоспары. (1-сынау)

5. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатына өздігінен талдау. (Күнделіктегі жазба.)

6. Сынып жетекшісінің оқушылармен жұмыс жоспары.

7. Сыныптан тыс өткізілген сынақтық іс – шаралардың жоспары.

8 Сыныптан тыс іс - шаралардың өзіндік талдауы.

9. Психология бойынша тапсырмалары.



Ұсынатын әдебиеттер:

  1. Ахметова.Г.К, Исаева.З.А, Әлқожаева.Н.С. Педагогика.Алматы.2006ж.

  2. Әбиев. Ж. Бабаев. С. Құдиярова А. Педагогика. Алматы-2004.

  3. Бабаев.С, Оралбек.Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы.2006ж.

  4. Дүсембекова.Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.

  5. "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.

  6. Дүсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей 2004.

  7. Сағындықұлы Е. Педагогика. – А.,1999 ж.

  8. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педпроцесс.-А., 2002ж.

  9. Классному руководителю. Учебно-методическое пособие /Под ред. М.И.Рожкова – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.

  10. Конаржевский Ю.А.. Анализ урока. - М.: Центр «Педагогический поиск»,2000.

  11. Методика воспитательной работы: Учебное пособие для студентов высших пед.учеб.заведений /Под ред. В.А.Сластенина -М.: Издательский. центр «Академия», 2002.

  12. Педагогика. Оқулық. Алматы. Print-S – 2005.-364б.

  13. Селевко Г.К.. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования учебно-воспитательного процесса.- М.: Серия: Энциклопедия образовательных технологий, 2005.

  14. Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя. – М.:Центр

  15. «Педагогический поиск», 2001.

  16. Щуркова Н.Е. Новые технологии воспитательного процесса. - М.,1994.

  17. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: Уч.пособие ( В помощь преподавателям , аспирантам, магистрантам, студентам) –Алматы:АГУ им.Абая,2002-90с.

  18. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы // Казахстанская правда, 16 октября, 2004.

  19. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2001.

  20. Закон Республики Казахстан «Об образовании».- Алматы, 1999.

  21. Зимняя И.А Педагогическая психология. – Ростов на Дону, 2000.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет