ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9 Сынап және қорғасын қосылыстарының сапалық және сандық анализі
Ж ұ м ы с м а қ с а т ы: Колориметриялық әдіс арқылы сынап және қорғасынды сынау
Р е а к т и в т е р мен қ ұ р а л д а р: Колориметр зертханалық, Cu2[HgI4] суспензиясы, мыс иодиді, хлороформдағы дитизон0,001 %-ік, 2н күкірт қышқылы, сұйылтылған (190 мл дистилденген суға 10 мл 25 %-тік аммиактан қосады) аммиак ерітіндісі, жаңа дайындаған хлороформ, санаптың стандартты ерітіндісі (1000 мл-к колбаға 0,1080 грамм (ІІ) сынап оксидін енгізеді, оған 10 мл су және 1н 1мл конц азот қышқылын қосады, кейін сынап оксиді еріген соң колба белгісіне дейін дистелденген су құйяды, сонда Т= 100мкг/1мл).
Жұмысты орындау:
Химия-токсикологиялық анализде сынап пен қорғасынды анықтау үшін мыс иодидімен әрекеттесетін реакцияға негізделген визуальді колориметриялық әдісті қолданады. Осы әдіс қышқылды ортада Cu2[HgI4] суспензиясының интенсивті боялған түсін салыстыру арқылы сынауға алынған зерттелетін заттардың бояуларын салыстыруға негізделген. Заттардың оптикалық тығыздықтарын фотоэлектроколориметр немесе спектрофотометр көмегімен табады. Сынап, қорғасын иондарын фотоэлектроколориметр анықтау тек бір орнын ауыстыру арқылы табуға мүмкіндік береді. Анықтаудан кейін калибровкалы график с = f(D) тұрғызып сынама мөлшерін табады.
Калибровкалы графикті тұрғызу үшін стандартты ерітінділердің әртүрлі (0,05; 0,1; 0,3; 0,5; 0,7; 0,9; 1,0; 1,1 мл) мөлшерін алып, оған 3мл хлороформдағы дитизон ерітіндісін құйып тығыздығын аспап арқылы өлшейді. Алынған нәтижелері бойынша калибровкалы график тұрғызады. Жарық сіңірілу Бер заңына бағынады.
Калибровкалы графиктен алынған мәлімет бойынша формула
арқылы сынап және қорғасын құрамын табады.
мұнда, Х- 100г алынған заттағы сынап немесе қорғасын мөлшері, мкг; А-калибровкалы график арқылы табылған сынап және қорғасын сандары; Б-деструктат мөлшері, мл; В - жалпы деструктат мөлшері,мл; Г- алынған сынама мөлшері, г.
«Бейорганикалық заттар және улар анализі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР» / Лебаева Ж.Т.
Семей: 2011. - 20 б
Достарыңызбен бөлісу: |