Гармондардың әсер ету механизмі.
Қанқа қосылған гармондардың әсері іс жүзінде зат алмасудың барлық жағына бірдей таралады. Гормон әсерін іске асыру үшін өзінің нысана-клеткасын білуі тиіс. Гормонды танитын клетка компоненті рецептор деп аталады.
Рецепторлар – гормондарды байланыстыра алатын белоктар. Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, активтену үшін гормон молекулалары мен олардың сәйкестігі «құлыпқа дәл келген кілт» сияқты, субстраттың ферменттің активті центріне «үйлесе алғандай» болуы керек.
Әрбір гормонның өздерінің меншікті рецепторлары болады. Нысана-клетканың бірнеше мың рецептор-белогы бар. Мысалы, стероидты гормондарға 10000 шамасындай рецептор арналады. Әр рецептор гормонның бір молекуласын қайтымды байланыстыра алады.
Кейбір гормондардың рецепторлары белгілі, таза күйінде бөліп алынған және құрылымы да анықталған. Олардың көпшілігі гликопротеидтен екен және углеводтық бөлігі арқылы өз гормондарымен қосылыса алатын болып шықты.
Гормондар бір-бірінен химиялық табиғаты, физикалық, химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Гидрофильдік қасиетіне қарай гормондар әсері молекулалық механизімінің екі жолын бөліп қарастырады. 1).Белоктық, пептидтік гормондар мен амин қышқылдарының туындысы болып табылатын гормондардың гидрофильдік қасиеті бар. Оларға тән нәрсе – әсер ету механизмі ұқсас болады. 2). Стероидты гормондар гидрофобты болады. Олардың әсер ету механизмі гидрофильді гормондар әсері механизмінен өзгеше келеді.
Белоктық, пептидтік гормондардың және амин қышқылдарының туындысы болып табылатын гормондардың әсер ету механизмі.
Бұл топқа жататын гормондардың (адреналин, глюкагон, кальцитонин, паратгормон, гипофиз гормондары, т.б.) гидрофильдік қасиеті болады, сондықтан олар клетка мембранасының липидтік қабатынан өтіп кете алмайды. Олардың рецепторлары клетканың үстінгі бетіне орналасады.
Бұл гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен байланысқан рецепторлармен өзара әрекеттесуден басталады. Гормондардың өзі клеткаға енбейді, сондай-ақ плазмалық мембранамен байланысқан аденилатциклаза ферментіне қолайлы жағдай туғызу жлымен әрекет етеді. Осының нәтижесінде, клеткадағы цАМФ мөлшері көбейеді, оны жоғарыда біз екінші кезектегі реттегіш деп атағанбыз.
Клеткадағы гормондар қасиетінің әрі қарай іске асуы цАМФ арқылы, оның синтезін күшейту немесе тежеу жолымен орындалады. Жануарлар клеткасында цАМФ әсері клетка ферменттерін активтендіру арқылы басталады, ондай ферменттер цАМФ – тәуелді протеинкиназа деп аталады. Ол ферменттер АТФ-тен фосфатты ерекше белоктардың (солардың ішінде ферменттердің) серині мен треонинінің белгілі бір қалдықтарына ауыстырылуын қатализдейді. Фосфорланған белоктар биологиялық активті болады. Фосфорланбаса олар өздерінің арнайы қызметін атқара алмайды. Активтенген протеинкиназа әртүрлі ферменттерді (мысалы,фосфорилазаны), хроматин белоктарын және клеткадағы әр гормонға ерекше тән басқа да белоктарды фосфорлайды. Гормонның бір молекуласы белоктың 10 5 молекулаларын фосфорлай алады.
Фосфорлау жолымен активтенген фосфорилаза гликоген ыдырауын катализдейді де, ол бірнеше аралық өнімдерден кейін глюкоза береді.
Хромотин белоктарын фосфорлау оның құрылымын өзгертеді, ДНҚ-ның жекелеген участкелері белоктан босанады (дерепрессия болады) , оларда әр гормонның өзіне ғана тән иРНҚ синтезі (транскрипция) басталады. Бұдан кейін сәйкес белоктар трансляцияланады.
Клеткада цАМФ әсерімен ферменттердің активтенуі арқылы, жоғарыда аталғандардан басқа: гликолиз, липолиз процестері, әр түрлі биомолекулалар синтезі мен бөлініп шығуы, иондарды тасымалдау және басқалар іске асады.
Инсулин, ацетилхолин, окситоциннің әрқайсысы өздеріне тән мөлшерде клеткада цГМФ шамасын көтереді, бірақ цГМФ әсер ету механизмі әлі дәл анықталған жоқ.
Стероидты гормондардың әсер ету механизмі.
Арнайы тасымалдаушыбелоктардың – кортикостероид-транспор-тинмен, адрогендер және эстрогендер арнайы глобулиндермен, т.б. көмегімен стероидты гормондар қанға қосылады.
Стероидты гормондардың рецепторлары клетка ішінде – цитоплазмада орналасқан. Нысана-клеткамен кездескен кезде өзінің май еріткіштігіне және шағын мөлшеріне сәйкес стероидты гормондар цитоплазма мембранасы арқылы өтіп кетеді. Клетка ішінде енгеннен кейін стероидтар арнаулы рецепторлармен байланысады. Осылайша құралған гормон-рецептор жиынтығы әрі қарай ядроға өтеді. Ядроға енген гормон-рецептор жиынтығы хромотиннің арнайы бөлігімен байланысады және белгілі бір гендер транскрипциясының жылдамдығын өзгертеді. Транскрипция қолдай Ирнк молекуласының көбеюіне себеп болады да, ондац белоктар синдезі күшейедә. Мұндай стероидтытгормондардың көмегмен іске-асатын процесс индукция деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |