Биогеохимия — биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялықпроцестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі.
Геохимия — Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым
Тірі организм өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады.
Жер бетінде тірі организмдер біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктон, құрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.
Достарыңызбен бөлісу: |