Зоология Қайруллина Динара эк11
1.Бауырменжорғалаушыларға тән негізгі белгілерді атаңыз?
)Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
2.Бауырменжорғалаушылардың жойылып кеткен түрлері қандай?
2)Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
3.Ішкі органдар жүйесі қандай болады?
3) басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
4.Қан айналу жүйесінің ерекшелігі неде?
. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Денежылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.
5.Зәр шығару жүйесі қалай болады?
)Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
6.Ұрықтануы, көбеюі қалай орындалады?
Бауырмен жорғалаушылар көбінесе жыныстық жолмен көбейеді, алайда кейбіреулері жыныссыз көбеюге де қабілетті.Бауырмен жорғалаушылардың көбінде дененің ішкі жағында орналасатын копулятивті ( жыныстық) мүшелері болады.Олар қағанақты, көн тәріздес немесе әкті қабықшамен қапталған жұмыртқалар салады. Кейбір түрлері жұмыртқаларын жарып шығуына дейін сақтайды, басқаралы аналық қоректену арқылы саруызды толтырады, ал үшіншілерінде саруыз мүлде болмайды
7.Шығу тегі қай түрлерден басталады?
Бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.
Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.
8.Класс неше отрядтан тұрады?
І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа)
1-отряд: Тұмсықбастылар (лат. Rһуnсһосеpһаlіа)
ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа)
2-отряд. Қесірткелер (лат. Lасегtilіа)
3-отряд. Хамелеондар (лат. Сһаmаеlеоntеs)
4-отряд. Жыландар (лат. Орһіdіа)
ІІІ-класс тармағы: Крокодилдер (лат. Сгосоdіlіа)
5-отряд: Крокодилдер (лат. Сгосоdilіа)
ІV-класс тармағы - Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа)
6-отряд - Жасырьш мойындылар (лат. Сrурtоdіга)
7-отряд - Бүйір мойындылар (лат. РІеuгоdiга)
8-отряд - Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа)
9-отряд - Жұмсақ терілілер (лат. Тгіоnусһоіdіае)
9.Бауырменжорғалаушылардың алдыңғы
класпен салыстырғандағы ұқсастығы мен айырмашылығын атаңыз?
)Бұлардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |