Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет1/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Қ а з а қ т і л і н і ң

г р а м м а т и к а с ы

1 Т о м

Алматы, 1967.

 

МАЗМ¥НЫ



Алғы сөз

Жалпы бөлім

Морфология және оның зерттеу объектісі
Сөздің құрамы

Қосымшалар

Сөздің формасы және жасалу жолдары

Сөздің жасалу жолдары мен формалары

Сөздердің негізгі түрлері

Жалаң сөздер

Түбір сөздер
Туынды сөздер

Күрделі сөздер

Күрделі сөздерді таптастыру жөнінде

Кіріккен сөздер мен біріккен сөздер

Қос сөздер

Қайталама қос сөздер
Қайталама қос сөздердің семантикалық сипаты

Қосарлама қос сөздер

Қысқарған сөздер

Сөз таптары

Сөздерді таптастырудың принциптері
Зат есім

Жалпы түсінік
Зат есімнің жасалу жолдары

Зат есімнің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы
Зат есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы

Жалқы есім мен жалпы есім

Жақтылық пен жақсыздық категориясы

Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі
Зат есімнің тәуелденуі

Зат есімнің септелуі

Көмекші есімдер

Көмекші есімдердің мағынасы

Сын есім

Сын есімнің түрлері

Сапалық сын есімдер
Қатыстық сын есімдер

Сын есімнің морфологиялық құрамы

Сын есімнің қосымша арқылы жасалуы

Сын есімнің синтаксистік (аналитикалық) тәсіл арқылы жасалуы

Форма тудыратын қосымшалар

Сын есімнің шырайлары

Салыстырмалы шырай

Бәсең я шағын шырай
Күшейтпелі шырай

Асырмалы шырай
Сын есімнің субстантивтену процесі

Са н е с і м

Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Сан есімнің жеке топтары

Есептік сан есімдер

Реттік сан есімдер

Жинақтың сан есімдер

Топтық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер
Бөлшектік сан есімдер

Есімдік

Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты

Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
Есімдіктің жеке топтары

Жіктеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктері

Сұрау есімдіктері

Өздік есімдіктері

Жалпылау есімдіктері

Белгісіздік есімдіктері

Болымсыз есімдіктері

Е т і с т і к

Етістіктің жалпы сипаты
Етістіктің лексика-семантикалық топтары

Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері

Грамматикалық омоним

Грамматикалық синоним

Етістіктің грамматикалық сипаты

Етістіктің жасалу жолдары

Туынды түбір етістіктер

Күрделі етістіктер

Көмекші етістіктер
Сыпат категориясы

Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақты етістіктер

Салт етістіктер

Болымды және болымсыз етістіктер

Етіс категориясы

Етістерді топтастыру
Өздік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

Өзегелік етіс

Етіс аффикстерінің күрделене қосылуы

Есімше

Есімшенің мағыналары мен түрлері
Есімшенің есім мен етістікке қатынасы

Көсемше

Қимыл есімдері

Етістіктің жақ категориясы

Етістіктің рай категориясы

Ашық рай
Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

Етістіктің шақ категориясы

Өткен шақ
Осы шақ

Келер шақ

Үстеу

Үстеудің лексика-семантикалық сипаты
Үстеудің морфологиялык, ерекшеліктері

Үстеудің мағыналың топтары

Мезгіл үстеулері
Мекен үстеулері

Мөлшер үстеулері

Бейне үстеулері

Күшейту үстеулері

Мақсат үстеулері

Себеп-салдар үстеулері

Топтау үстеулері
Шылау

Септеуліктер

Мезгіл-мекен мағыналы септеуліктер

Амал мағыналы септеуліктер

Мақсат, себеп мағыналы септеуліктер

Теңеу, талғау мағыналы септеуліктер
Қатыстық мағыналы септеуліктер

Жалғаулықтар
Ыңғайлас менді жалғаулықтар

Ыңғайластық жалғаулықтардың бірыңғай мүшелерді байланыстыруы
ЬІңғайлас мәнді жалғаулықтардың сөйлемдерді байланыстыруы

Қарсылық мәнді жалғаулықтар

Талғау мәнді жалғаулықтар

Себеп мәнді жалғаулықтар

Салдар мәнді жалғаулықтар

Шарт мәнді жалғаулықтар
Демеуліктер

Модаль сөздер

Одағай

Көңіл-куй одағайлары

Императивтік одағайлар

Тұрмыс-салт одағайлары
Көп мағыналы және бір мағыналы одағайлар

Коп мағыналы одағайлар
Бір мағыналы одағайлар

Одағай сөздердің интонациялык ерекшеліктері
Одағайлардың грамматикалық ерекшеліктері

Еліктеуіш сөздер

Еліктеуіш сөздер туралы жалпы түсінік
Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшеліктері

Дыбыстық еліктеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері

Елікгеуіш сөздердің морфологиялық ерекшеліктері

 

А Л Ғ Ы С Ө З



Қазіргі қазақ тілінің толық грамматикасы бірінші рет 1954 жы-лы басыльш шыққан болатын. Содан бергі өткен он шақты жыл ішінде бүкіл Отандың лингвистикадағы сияқты қазақ лингвисти-касында да бірсыпыра елеулі де жемісті істер істелді: морфоло-гияның сын есім мен сан есімді, есімдік пен шылауды, одағай мен модальді сөздерді, сол сияқты етістіктің жеке тарауларын бөлек-бөлек арнайы зерттеген диссертациялық еңбектер жазылды. Оның үстіне есімдер мен етістік саласындағы мағұлыматымызды кеңейте, тереңдете түскен екі докторлық диссертация жазылды. Жоғары оқу орындарының филологиялық факультеттеріне арналып жазылған оқулықтар шығарылды, т. б. Бұл еңбектердің осы кітапты жазуға қатынасқан авторлар жұмысын бірсыпыра жеңілдеткені, кітаптың сапалы болып шығуына игілікті әсерін тигізгені даусыз.

Қазақ тілі грамматикасының 1954 жылы шыққан бірінші түрінен бір өзгешелігі — соңғының авторлар құрамында. Егер бірінші кі-тапты жазуға төрт-бес адам ғана қатынасқан болса, қолыңыздағы кітапты жазуға қатынасқан авторлар саны одан үш-төрт есе көбейтілді және бірсыпырасы — аттары бұрын онша белгілі бола қоймаған жас ғалымдар. Авторлар коллективі құрамының мұндай болуының жақсы жағы да, қолайсыз жағы да болды. Жақсылық жағы — әрбір автордың жазған саласы оның өзінің көп жылдар бойы зерттеген, бірсыпыраларының диссертация етіп қорғаған еңбектері болғандықтан, мәселені терең, жан-жақты етіп баяндауға, өз пікірлерін бай, тың фактілермен дәлелді етіп беруге мүмкіндік болды. Қолайсыз жағы — авторлар санының көбеюі еңбектің стильдік түрлілігін, мәселені баяндау, талдау амал-тәсілдерінің түрлілігін көбейтті.

Кітапты редакциялау барысында ондай ала-құлалықты азайтып, еңбекті мүмкіндігінше, бір ізді етіп шығару көзделді. Дегенмен де әр автордың өзіндік сөз саптауы, өзіндік зерттеу әдісі сақталмады деп айта алмаймыз. Сонымен бірге, қазақ лингвистикасында бұрын данылмаған бірді-екі жаңа атаулар да, кейбір грамматикалык ка- горияларды жаңаша жіктеу де кездесер. Олардың ішінде ақы (3 беттін

нымдысы да, оғашы да бар болар. Бірақ редакциялық к(бұршы

жоқ-жыртылғын) сондайды біле тұра әдейі жіберді. Өйткені еңбек — мектеп оқушыларына арналған таза сипаттама грамматика емес, академиялық грамматика. Оның алдына қойылған мақсат — қазақ әдеби тілінің алуан фактілеріне сүйене отырып,

3

қазіргі тіліміздің грамматикалық құрылысын жан-жақты және терең талдап көрсету. Бұл міндет еңбектің әрі сипаттамалы, әрі теориялык, болып келуін керек ететіні белгілі.



“Грамматиканы” жазу үстінде авторлардың қай-қайсысы да болса да өз саласы бойынша бұрын-соңды шыққан еңбектерді кең пайдаланғандарымен олардан цитат келтірмеу көзделді. Ондағы мақсат, біріншіден, еңбектің сипатыңа байланысты болса, е к і н ш і- д е н, оның көлемін ұлғайтпау басшылыққа алынды. Дәл осы тәріздес себептерден баяндалған категориялардың тарихи жағы да

сөз болмады.

Грамматиканы жазуға қатынасқан авторлар коллективі төмен-

дегілер:


Ысқақов А. — Морфологияның жалпы бөлімі (жеке сөз тап-тарына дейінгі салалары); Омарбеков С. — Зат есім; Ә м і р о в Р. — Көмекші есімдер; Шылаулар; Мұсабаев Ғ., Исае в С. — Сын есім; Ибатов А. — Сан есім, Есімдік, Үстеу; Хасенова А. — Етістіктің жалпы сипаты, Етістіктің лексика-семантикалық топтары, Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, Етістіктің грамматикалық сипаты, Етістіктің жасалу жолдары, Туынды түбір етістіктер, Сабақты етістік пен салт етістік, Болымды және болымсыз етістіктер, Етіс категориясы, Көсемше; Б о л а т о в Ж. Есімше; Маманов Ы. — Күрделі етістіктер; Неталиева Қ. — Қимыл есімдері, Етістіктің жақ категориясы; Етістіктің райлары, Етістіктің шақтары; Жанпейісов Е.— Модаль сөздер; С а р ы б а е в Ш. — Одағай, Еліктеуіш сөздер.

4

Ж А Л П Ы Б Ө Л І М



МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

Сөздік қор мен грамматикалық құрылыс — тілдің өз ара бір-бі-рімен тығыз байланысты екі саласы. Сондықтан олар үнемі бірлікте жұмсалады. Сонымен қатар, бұл екеуі — сөздік пен грамматикалық құрылыс — өзді-өзіне тән ерекшеліктері мен қызметтері бар жеке-жеке сала. Сол себептен тілдің бұл екі саласын тиісінше тіл ғылымының лексикология және грамматика деп сараланатын екі тарауы тексереді. Бірақ тіл білімінің осы екі саласы да, сайып келгенде, тексеру объектісі етіп сөзді алады. Өйткені сөз дегеніміз — тілге негізгі таяныш та, арқау да болып қызмет ететін аса күрделі т ұл ғ а. Оны, демек, сөзді күрделі категория деп атайтын себебіміз — оның сыртқы дыбыстың жағы, ішкі мағыналық жағы, шығу және даму тарихы, жасалу және қолданылу ерекшелігі, түрлену және өзгерілу жүйесі бар. Осылардың барлығынан сөздің күрделі категория екендігі байқалады.

Қандай сөз болса да белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы ай-тылады да, сол дыбыстық комплекс қабылданады. Ендеше, сөз дегеніміз — осындай дыбыстық комплекс арқылы аталатын ұғымның аты. Мысалы, ат, ет, от, өт, шөп, қол, көл, құс, күс, кел, отыр деген дыбыстың комплекстер — тиісті ұғымдардың аттары (атаулары) есебінде қызмет ететін сөздер. Сөздің осындай сыртқы дыбыстық жақтарына байланысты мәселелерді тіл білімінің фонетика атты тарауы тексереді.

Сөздің сыртқы дыбыстық жағы (дыбыстық комплекс) оның сырт-қы жамылышы есебінде қызмет етсе, ол жамылыштың ішкі мазмұны болуға лайық. Шынына келсек, сүт, нан, қара, көк, оң, сол деген сөз-дердің мазмұндары олардың мағыналары болатыны шәксіз. Рас, ды-быстық комплекс (жамылыш) пен оның білдіретін үғымының арасынде ешқандай да табиғи байланыс болмайды, өйткені ондай дыбыстық комплекстің қай-қайсы болсын — белгілі ұғымның тек шартты белгісі я таңбасы іспетті ғана нәрсе. Ендеше, белгілі бір ұғымның аты я белгісі ретінде дыбыстық қызмет ететін дыбыстық комплекс сөз деп аталады.

Сөйтіп, сөздің сыртқы дыбыстық жағы (дыбыстық жамылышы) болады да және сол дыбыстық жамылышы арқылы берілетін (айты-

5

латын) мазмұны болады. Осы себептен тіл білімі сөзді фонетикалық-грамматикалық жағынан да, лексикалық-грамматикалық жағынан да зерттейді.



Әр сөздің өзіне тән мағынасы болатындықтан, олар жеке-дара тұрып та, өзге сөздермен қарым-қатынасңа түсүп е жұмсала береді. Осылайша әр қилы жағдайда қолданылатын ерекшеліктеріне қарай, сөздердің мағыналары турленіп отырады. Бірақ сөздің жеке-дара тұрғандағы мағынасы мен қарым-қатынасқа түскендегі мағынасында қашанда болсын белгілі парық болады. Сөздің өз алдына жеке-дара тұрғандағы мағынасы негізгі мағына немесе лексикалық мағына деп аталады. Мысалы: ат, ет, ас, ес, тос, төс

т. б.


Создің осындай негізгі я лексикалық мағынасын, оның өзге де жақтарын, мысалы, шығу төркінін, мағынасының өзгеруін, дамуын қолданылу ерекшелігін және солар тәрізді мәселелерін лексиколо- гия ғылымы тексереді.

Бірақ сөзде негізгі лексикалық мағына болуымен қатар, жалпы грамматикалық мағыналар да болады. Жалпы грамматикалық мағына, бір жағынан, сөздің семантикасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның формасымен, құрамымен байланысты болады. Мысалы: тас, ағаш, биік, аласа, жеті, он, кел, көр, ол, біз тәрізді сөздер де өзді-өздерінің негізгі, тура (лексикалың), мағыналарымен бірге, жеке-жеке сөз таптарына тән, мысалы, зат есімге, сан есімге, сын есімге, есімдікке, етістікке тән категориялық семантика да, демек, жалпы грамматикалық семантика да бар. Мысалы, осындағы тас, ағаш сөздерін зат есім деп, кел, көр сөздерін етістік деп, ол, біз сөздерін есімдік деп тану — бұл сөздерді жалаң лексикалық мағынасына қарай бөлудің нәтижесінде тумаған, оларды, жоға-рыдағыша, топ-топқа бөлу — бұл сөздердің топ-тобына ортақ, демек, әр тобына тиісті сөздердің бәріне де бірдей ортақ, жалпы грамматикалық мағыналарына қарай анықтаудың нәтижесінде туған. Бірақ жалпы грамматикалық мағына бір жағынан, оларды л е- к с и к а-семантикалық сипаттарына қарай бөлудің нәтижесінде туса, екінші жағынан, сол сөздердің әр тобына тән формальді-грамматикалық өзгешеліктерін ескерудің нәтижесінде де айқындалған. Солай болса, сөздің дыбыстық жағы мен лексикалық жағына тән ерекшеліктерін сөз етпей-ақ, оның грамматикалық мағьіналары мен өзге де грамматикалық сыр-сипаттарын алғанның өзінде де, сөз дегеніміз лексика-семантикалық жағынан ғана емес, морфологиялық құрылымы мен құрамы жағынан да аса күрделі категория екені көрінеді. Өйткені сөздің әрбір морфологиялық бөлшегінің өз мағынасы, өз формасы, өз қызметі болады. Мысалы: балық, бальқшы, балықшылар, балықшылық дегендерді салыстырыңыздар. Осы себептен, сөздің лексикалық мағынасымен жарыса, қос-қабаттала өмір сүретін грамматикалық мағыналарын, оларды білдіретін формаларын грамматика ғылымы тексереді.

Ойдың әрі анық, әрі жатық болып айтылуы үшін сөздер тілдің құзырындағы әр түрлі грамматикалык амал-тәсілдер арқылы өз ара қарым-қатынасқа түседі. Өйткені адам жеке сөздер арқылы айтып білдіруге болмайтын кейбір мағыналарды тек грамматикалық амал-дар мен тәсілдер арқылы ғана түсіндіреді. Мыс.: жас үлгі жас бер үшін деген жай сөздердің тобы мен Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) деген тіркесті салыстырсақ, бұдан грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен жарыса өмір сүретін, ойдың тусінікті болуына қызмет ететін аса керекті тілдік құбылыс екені айқын көрінеді.

6

Тілдегі грамматикалық амалдар мен тәсілдердің жиынтығы әдет-те грамматикалық құрылыс деп аталады. Грамматикалық құрылыстың таянышы да, тиянағы да с ө з бен с ө з т і р к е с і болмақ. Олай болатын себебі — тілдің грамматикалық құрылысы қашан да болсын сөзге сүйенеді де, сол сөз арқылы жарыққа шығып отырады.

Тілдің грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы тексереді.

Грамматика ғылымы морфология және с и н т а к с и с деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Морфология сөзді және сөздің формаларын зерттейді. Сөз үнемі жеке-дара қала бермей, көбінесе өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп жұмсалады да, қызметі түрленіп, оған орай, форма жағынан да сан алуан өзгеріске .үшырап отырады. Бірақ сол езгерістердің бәрі де қалай болса солай жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады. Морфология сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі мен қызметін анықтағанда, олардың іштей тиісті жүйе-салаларын айқындап алып, әр салаға лайық грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формаларды талдап, тиісті грамматикалық категориялардың сыр-сипаттарын ашады. Осындай талдаудың нәтижесінде морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйесін, бөлшектену, қолданылу ерекшеліктерін саралайды.

Синтаксис сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын қарастырады. Сөздер белгілі бір жүйе бойынша жасалып, түрленіп, өзгеріп отыра-тыны сияқты, бір-бірімен қальштасқан белгілі жүйе бойынша тіркеседі де, сөйлемдер белгілі-белгілі заңдарға орай құралады.

СӨЗДІҢ ҚҰРАМЫ

Әр сөздің өзіне тән грамматикалық мағынасы болатыны сияқты, грамматикалық құрылысы да болады. Соның арқасында ол сөз бір бүтін тұлға ретінде қабылданады. Ал сөздің грамматикалық құрылы-сы көбінесе сөздің морфологиялық құрамына орайласып, соған сай түсіп отырады. Әрине, сөздің морфологиялық құрылымы біркелкі болмайды, оның құрамына енетін бөлшектердің (морфемалардың) саны мен сапасына қарай, әр қилы болады. Мыс.: Тыңдасаң, өлеңнің өлеңін тыңда (Әуезов) деген сөйлем ішіндегі Тыңдасаң мен тыңда, өлеңнің мен өлеңін деген сөздер өз ара түбірлес сөздер болғандары-мен, құрамдарындағы бөлшектері жақтарынан бір-бірімен бірдей емес. Сондай-ақ, Ол байларға өш-ті. Неге өшікті екен? Байды құрт-қанда, оған не бітеді екен?” (Мұстафин), Жоқ жерде жоғалып кете жаздадың ғой. (Мұқанов) деген сөйлемдердегі: ол мен оған, байларға мен байды, өш-ті мен өшікті, неге мен не, жоқ және жоғалып сөздерін алсақ, бұлар да бөлшектерінің құрамдары жақтарынан әр түрлі.

Осы мысалдардағы өз ара салыстырылған сөздердің құрамдық бөлшектерінің бірдей болмай, азды-көпті өзгеруімен байланысты олардың мағыналарына да я лексикалық жағынан, я грамматикалық жағынан тиісті өзгерістер енетіндігі байқалады. Сөздердің осындай бөлшек-бөлшекке бөлінуі — тіліміздің табиғатына тән заңды құ-былыс.

Сөздің я лексикалық, я грамматикалық мағынасын білдіретін осындай әрбір жеке бөлшегі м о р ф е м а деп аталады.

Жеке сөздің бойында тиісті қасиеті болатыны тәрізді, морфема-ның да өзіне тән ішкі мазмұны (мағынасы) мен сыртқы формасы (дыбыстық жамылышы) болады. Жалпы тіл-тілдің қай-қайсысының болсын өзіне тән белгілі жүйесі болуына орай,

7

морфемалардан құралатын сөздің де тиісті жүйесі болмақ. Осы қағидаға сәйкес қазақ тіліндегі сөз бір негізгі (түбір) морфема мен бір я бірнеше қосымша морфемадан құралады. Мысалы, жоғары-дағы тыңдасақ, өшікті деген сөздердің алғашқысында тың, соңғысында өш деген бөлшектер негізгі я түбір морфема болады да, біріншісіндегі -д а; -с а; -ң және екіншісіндегі -і к, -т і бөлшектері қосымша морфема болады.



Түбір морфема болсын, қосымша морфема болсын, олардың әр-қайсысы сөздің мағына білдіретін ең қысқа бөлшегі болатындықтан, әрі қарай ұсақтап бөлшектеуге көнбейді. Мысалы, жоғарыдағы тың, өш деген түбір морфемалардың да, -д а; -с ы; -ң; -і к; -т і деген қосымша морфемалардың да әрқайсысын, әрине, жеке-жеке дыбыс-тарға саралап ұсақтауға болады, бірақ ол дыбыстардың бірде біреуі де сөздің мағыналы бөлшегі ретінде қызмет ете алмайды, демек, өздігінен тұрып ешқандай да мазмұн білдіре алмайды.

Түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да әр сөздің түпкі бөлшегі, әрі негізгі, ұйтқысы есебінде қызмет етеді. Түбір морфемасы қатыспайтын (түбір морфемасы болмайтын) бірде бір сөз болмайды.,

Қазақ тілінде кейбір түбірлік сөздердің құрамында ғана кездесе-тін түбір морфемаларымен қатар, лексика-семантикалық мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да өз алдына дербес сөздер ретінде қолданылатын түбір морфемалар да көп.Әдетте, ондай түбір морфе-ма мен жеке-дара сөздің арасында мағынасы мен қызметтері жөнінде ешқандай да айырмашылық болмайды, үнемі тепе-тең түсіп отырады. Мысалы, ат, ас, ар, аз, ал, ақ, аш, аң, ала, ара, ата, аша сияқтанғандар — әрі түбір морфемалар, әрі жеке-дара сөздер, өйткені олардың бойында осы екі категорияның да қасиеттері бар. Ал ашты, астық, азшылық, ақшыл, аталас деген сөздерде түбір морфемалар да, қосымша морфемалар да бар. Бұл сөздердің мағыналары мен олардағы түбір морфемалардың мағыналары бірдей емес, өйткені қосымша морфемалар түбір морфемаларға өздерінше үстеме мағыналар жамаған. Қазақ тілінде бұл сияқты дербес қолданылатын жалаң түбірлер қайталанып та (жол-жол, қос-қос, арба-арба), қосарланып та (жол-жоба, қос-қабат, арба-сайман), бірігіп те (ашудас, белбеу), бір-бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те (ал қара көк, он жеті, есек мия) жұмсала береді және керегінше олардың үстіне қосымша морфемалар жалғана береді. (Бұл жөнінде қосымша мәліметті "Түбір сөз" деген тақырыптан қараңыз.)

" Қосымша морфема түбір морфемасынсыз, өз алдына, дербес жұмсалмайды, бірақ түбір морфемаға үстеме мағына жамайды. Қосымша морфеманың дербестігі жоқтығы, соған лайық, қашан да болса түбір морфемаға тіркесіп отыратындығы оның дыбыстық жағынан тұрақсыз екендігінен де, демек, өзі жалғанатын түбір мор-феманың әуеніне қарай өзгеріп, үндесіп отыратынан да көрінеді. Осыған орай, қазақ тіліндегі қосымша морфема, негізінен алғанда (кейбір кірме қосымшаларды есептемегенде), бірнеше вариантты болып келеді. Оған, мысалы, бала-лық, кіші-лік, жаз-дық, күз-дік, от-тық, шет-тік дегендердегі бір қосымша морфеманың түрленіп, -л ы қ, -л і к, -д ы қ, -дік, -тық, -тік (алты вариантты) болып тұрғандығы да айғақ. Сөйтіп, қосымша морфема деп түбір морфемаға әрі үстеме мағына, әрі үстеме форма жамайтын дербестігін жоғалтқан бөлшекті айтамыз.

Морфема атаулының бәрінде де болатын жалпы сипаттармен қатар, олардың өзді-өздеріне тән жалқы сипаттар бар. Қысқаша шол-ғанда, ол сипаттар мынадай:

8

Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір-біріне парықсыз емес, өйткені олардың өз ара тіркесуі құрылымдастық заңдарына сүйенеді. Мысалы, түбір морфемалары өздеріне қосымша атаулының кез келгенін жалғай беруді қаламай, тек белгілі-белгілі категорияларға тән қосымша морфемаларды ғана қабылдайды. Сондай-ақ, қосымша морфемалар да кез келген сөзге тіркесе бермей, тек белгілі-белгілі грамматикалық категорияларға тән түбір морфемаларға ғана жалғанады. Мысалы, есімше тудыратын -ғ ан\\ -г е н,//қан\\-кен морфемасы зат есімге немесе сын есімге жалғанбайды, тек қана етістіктерге тіркеседі (алған, берген, қосқан, жеткен); керісінше, сын есім тудыратын -л ы\\-л і, -д ы\\ -д і, -т ы\\-т і морфемасы етістік түбірлерге жалғанбайды да, тек зат есімдерге ғана тіркеседі (таулы, үйірлі, малды, елді, тасты, күшті).



Екіншіден, түбір морфема, қашан да болсын, өзгермей, өзінің бастапқы формасын сақтап отырса, қосымша морфема, түбір мор-фемаға дыбыстық жағынан үйлесіп, үндесіп отырады. Мысалы, аң-шы-лар-ымыз-дан және ән-ші-лер-іміз-ден, ұғын-ба-у-шы-лық және түсін-бе-у-ші-лік дегендерді өз ара салыстырыңыз.

Үшіншіден, бір түбір морфемаға керегіне қарай әлденеше қосымша морфема жалғай беруге болады. Бірақ ол қосымша морфе-малар қалай болса солай тіркесе бермейді, белгілі жүйе бойынша, бірінің соңынан бірі талғап қана жалғанады. Мысалы, сауын-шы деуге болады, бірақ жауын-шы деуге болмайды; сондай-аң жаз-у-шы-лъқ деуге болғанымен, ешуақытта да жаз-шы-у-лық деп жалғастыру заң емес.

Төртіншіден, бір түрлі қосымша морфема түрлі түбірге

қосылса да, оларға түрлі-түрлі мағына үстелмейді, тек бір ғана жал-

пы мағына жамайды. Мысалы, айт-ып, жаз-ып, кел-іп, кет-іп, көр-іп, шош-ып, сау-ып, қой-ып дегендердегі сегіз түрлі түбір морфемаға косылған көсемшенің -ып\\-іп формалы қосымша морфемасы сегіз түрлі мағына жамап тұрған жоқ, бір ғана жалпы грамматикалық (“көсемшелік”) мазмұн үстеп тұр. Сондай-ақ, көптік жалғауының қосымша морфемасын (варианттары: -лар\\-лер, -д а р\\ -д е р, -т а р\\-тер) ат, ит, сиыр, цой, жылқы, түйе, ешкі деген сияқты түбірлердің қай-қайсына жалғасақ та, бір ғана көптік ұғым жамайды.

Сонымен, түбір морфема мен қосымша морфеманың негізгі айыр-машылықтары мынадай: түбір морфемада нақтылы дербес лексика-лық мағына болады да, қосымша морфемада нақтылы дербес лекси-калық мағына болмайды, тек жалпы мағына ғана болады; қосымша морфеманың бұл абстрактылы (жалпы) мағынасы түбір морфемамен тіркескенде ғана анықталады. Осы себептен түбір морфема, дербес лексика-семантикалық мағынасы мен дербес грамматикалық қызметі болатындықтан, тілдік дербес тұлға бола алады; ал қосымша морфемада тек қосымша қызмет қана болатындықтан, дербес қолданылмайды, түбір морфемамен тіркесіп қана жұмсалады.

Түбір морфема сан жағынан алғанда қосымша морфемаға қара-ғанда әлдеқайда көп болады.

ҚОСЫМШАЛАР

Тілдің өзге де құрылымдық элементтерінің өзді-өздеріне тән жүйесі болатыны сияқты, сөздің құрылымдық элементтерінің бірі болып есептелетін қосымша морфемалардың да тиісті жүйесі болады. Қосымша морфемалар, әдетте, қосымшалар деп аталады.

9

Ал қосымша морфемалардың жүйелі құбылыс екендігін, б і р і н- ш і д е н, олардың, жоғарыда айтылғандай, түбір морфемалармен түйіскендегі қарым-қатынастарынан байқауға болса, екіншіден, олардың грамматикалық, семантикалары мен грамматикалық қыз-меттерінен де көруге болады. Атап айтсақ, қосымша морфема-лардың іштей сөз тудыратын морфемалар (қосымшалар), с ө з түрлендіретін морфемалар (қосымшалар) және с ө з жалғастыратын морфемалар (қосымшалар) болып бөлініп, олардың әрқайсысы өзді-өздеріне тән сыр-сипаттарға ие болуы бұған толық айғақ.



Осы аталғандай, жүйелі үш салаға бөлінетін қосымшалардың осылайша іштей саралануы олардың бәріне тән, жоғарыда аитылғандай, жалпы қасиеттері барлығын жоққа шығармайды, керісінше, жалпы сипаттары бола тұрып, олардың іштей сөз жүйесі бар екендігін дәлелдейді.

Сөз тудыратын қосымшалар, әдетте, лексикалық категория деп есептеледі. Бірақ қазақ тіліндегі сөз тудыратын қосымшалар грам-матикамен де тығыз байланысты. Өйткені жалпы алғанда, сөз туды-ратын қосымшаларда грамматикалык; абстракциялау қасиеті де, сондай-ақ, грамматикалық ереже ретінде шығаруға әбден боларлықтай заңдар да бар. Мысалы, сөз тудыратын қосымшалар белгілі бір сөзге (түбірге) жалғанғанда, одан лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз туса, екіншіден, сол жаңа сөз белгілі бір лексика-грамматикалық категорияға, демек, белгілі бір сөз табына телулі болады. Мысалы: құр (етістік), құрылыс (зат есім), құрулы (сын есім), құрғыш (сын есім), құрма (зат есім), құрамалы (сын есім) т. б.

Екінші сөзбен айтқанда, жұрнақ (сөз тудыратын қосымша) өзі ; қосылатын түбірге (я негізге) жаңа лексикалық мағына үстейтіндік- тен, ол сөзді жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: тік, тігіс, тігін, тігінші, тігіншілік, тікпе дегендерді салыстырыңыздар.

Сөйтіп, сөз тудыратын қосымшалар (жұрнақтар) түбірге я негізге қосылғанда, сөздің лексикалық мағынасын ғана емес, грамматика-лық мағынасын да өзгертеді. Ендеше, қашан да болсын әрбір жұрнақ белгілі бір грамматикалық категорияның көрсеткіші болып қызмет етеді.

Қазақ тілінде бір түбірге (я негізге) қажетіне қарай бірінен соң бірі тізіліп бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, тігіншілік, құлақ-тандырушы дегендердегі бірінші сөзде -і н, -ш і, -лік жұрнақтары, екінші сөзде -тан, -д ыр, -у -ш ы жұрнақтары бар. Қолданылу ерекшелігіне қарай осындай тізбектелген жұрнақтардың үстіне сөз жалғастыратын ңосымшалар (жалғаулар) да үстеле береді (мысалы, жаз-у-шы-лар-ымыз-ға дегенді талдаңыз).

Жұрнақтар дыбыстық құрамдары жағынан біркелкі емес. Олар-дың ішінде бір дыбыстылары да (ат-а, мін-е, тіле-к, құра-у), екі дыбыстылары да (өр-ім, көр-ік, кес-пе), үш дыбыстылары да (жаз-ғыш, ұш-қын), төрт дыбыстылары да (сұра-мсақ, жат-ырқа, қон-ымды), бес дыбыстылары да (ұш-қалақ, адам-шылық), алты дыбыстылары да (бар-ыңқыра), жеті дыбыстылары да (тұр-ғылықты) және онан көп дыбыстылары да бола береді. Бірақ соңғылары тіпті аз болады.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң да, құранды да болады. Мысалы: сана, санау, үйші, сүзбе, басқыш, бастық деген-дердегі -а, -у, -ш і, -б е, -қ ы ш, -т ы қ жұрнақтарын жалаң жұр-нақтар деп есептейміз де, елеулі, аумалы, көтеріңкі, бақырай, ескілікті дегендердегі -у л ы, -ма л ы, -іңкі, -ырай, -лікті жұрнақ-тарын құранды жұрнақтар деп санаймыз. Олай деп тану себебіміз- алдыңғы жұрнақтар құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан да

10

бөлшектенбейтін формалар да, соңғы жұрнақтар мағына жағынан бір тұтас болғанымен, құрамы жағынан әуелгі жалаң жұрнақтардан құралып барып біріккен формалар.



Жұрнақтар шығу төркіні жағынан да, семантикасы жағынан да каншалықты жақын бола тұрса да, сөз жасау қабілеттері мен стилис-тикалық орамдылығы жағынан ешуақытта да өз ара бірдей болмай-ды. Мысалы, -л ы қ жұрнағы мен -ш ы л ы қ жұрнағының құра-мындағы -л ы қ элементі екеуіне де ортақ форма екені шәксіз. Бірақ солай бола тұрса да, алдыңғы жалаң жұрнақ пен соңғы құранды жұрнақтың сипаттары бірдей емес. Оны жақсы аңғару үшін: жоқтық және жоқшылық, адамдық және адамшылық деген сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері мен қолданылу (стилистикалык;) оралымдарын салыстырып көруге болады.

Жұрнақтарда мағыналастық (синонимдестік), қ а р с ы л а с т ы қ (антонимдік) сипаттар болатыны сияқты (мысалы: шайхор және шайқұмар; ұрысқыш жәнө ұрысқақ; көлше және көлшік, балалы және баласыз дегендерді салыстырыңыздар), көп м а ғ ы н а л ы қ пен омонимдік сипаттар да болады. Мысалы: ашық күн және ол ашықты; айтыс басталды және олар айтысты; жауын жауды және сен жуын дегендердегі -ы қ, -ы с, -ы н жұрнақтарын салыстырыңыздар.

Жаңадан сөз жасау қабілеті жұрнақтардың бәрінде бірдей бол-майды. Олардың кейбіреулері арқылы туған жаңа сөздер жұрнақ жалғанған түбір (я негіз) қай сөз табына тән болса, сол сөз табының аясында ғана қалып қояды. Мысалы: сабын, сабыншық, сабын-сымақ; кел, келген, келер, келіп, келгелі, келсе деген сөздерді алсақ, осындағы сабыншық, сабынсымақ деген сөздерді -ш ы қ, -с ы м а қ жұрнақтары сабын деген зат есімнің бастапқы лексика-семантика-лық мағынасынан алыстатпай-ақ, соның негізгі лексикалық мағынасының аясында ғана қалдырып, демек, сол категориядан басқа категорияға ауыстырмай, тек сабынның я кіші екенін, я сабындық қасиеттің мардымсыз екенін білдіретіндей ғана мағына үстеп тұр. Ал келген, келер, келіп, келгелі, келсе дегендер де әуелгі кел етістігінің лексикалық мағынасы сол қалпында қалғанда, тек қимыл-әрекеттің әрқилы күй-жайьш білдіретіндей сәл ғана семантикалық өзгеріс енғен, демек, -г е н, -е р, -і п, -г е л і, -с е жұрнақтары етістіктің өз ішіне тән категориялық жұрнақ екендігі кәрінеді.

Сөйтіп, бір алуан жұрнақтар өздері жалғанған сөздерден лекси-калық мағынасы басқа немесе басқа бір сөз табына тән жаңа сөздер тудырмайды, түбірі я негізі қай сөз табына тиісті болса, сол сөз табына тиісті сөздер, демек, ішкі категориялык; формалар ғана тудырады. Сондықтан белгілі бір сөз табының өзіне тән ішкі категориялық жаңа формалар тудыратын осындай жұрнақтарды форма тудыратын жұрнақтар деп есептейміз де, сондай форма тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын жаңа формаларды ішкі категориялық формалар деп атаймыз.

Әрбір сөз табына тән ішкі категориялық формалар зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты сез таптарында бар да, есімдік, үстеу, еліктеу сөз, одағай тәрізді сөз таптарында жоқ. Ал ондай формалар-ға, мысалы: зат есімнің эмоциялы экспрессивтік рең (мағына) жа-майтын жұрнақтары жатады:—ш; -ша\\-ше; -шық\\-шік; -тай; -жан; -қан; -қай; -й; -еке; -сымақ (қалқаш, атанша, іңгенше; обашық, бүршік; қалқатай; қалқажан; ботақан; балақай; апай; атеке; атсымақ). Бұлар өздері жалғанған сөздерге кішірейту, еркелету, ұлғайту (үлкен тұту), сыйлау, қомсыну мағыналарын үстейді. Сондай-ақ, сын есімнің -лау\\-леу, -дай\\-деу, -тау\\-теу;

11


-р а қ\\-р е к; -ша\\-ше; -шыл\\-шіл, -қай, -ғылтым, -шілтім (жақсылау, кішілеу, ұзындау, үлкендеу, қысқарақ, жеңілірек; сұрша, күренше; ақшыл, көкшіл; қоңырқай; сарғылтым, көкшілтім) тәрізді шырай жұрнақтары да, сан есімнің -а у, -е у (алтау, жетеу), -ыншы \\ -інші (алтыншы, жетінші) іспетті жинақтау, реттеу категория--ларын жасайтын қосымшалары да осындай қосымшаларға жатады. Етістіктен есімшенің (-г а н; -а р; -т ы н), көсемшенің (-п, -а, -е; -ып; а л ы), рай (-с а; -ғ ы) және басқа ішкі категориялық формаларын тудыратын қосымшалар да осындай. Сөйтіп, сөз тудыратын жұрнақтар да, форма тудыратын жұрнақтар да тиісті сөз таптарына телулі болады.

Әредік форма жасайтын жұрнақтар сөз тудыратын жұрнақтардың қызметін атқара беретінін, кей-кейде олардың кейбіреулері тіпті сөз тудыратын жұрнақ категориясына біржола ауысып та отыратынын айта кеткен мақұл. Сонымен қатар, жұрнақтар түбірге (я негізге) бірінен соң бірі тізіліп жалғанғанда, қажетіне қарай, ол түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, олардан кейін форма тудыратын қосым-шалар орналасады.

Сипаттама беріп жалпы талдау жасағанда, жұрнақтарды мазмұны мен қызметі жағынан дара мағыналы және к ө п м а ғ ы н а л ы жұрнақтар, синонимдес және омонимдес жұрнақтар деп жіктеп, құрамы мен құрылымы жағынан ж а л а ң жұрнақтар және күрделі жұрнақтар деп бөлумен қатар, оларды тілдің байырғы өз материа-лынан шығуына я басқа тілден енгеніне қарай төл жұрнақтар және к і р м е ж ұ р н а қ т а р деп, мезгіл жағынан ерте я кеш қалыптас-қандығына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп осы күнгі тілде сөз тудыру қабілетінің сақталу я сақталмауына қарай, тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар деп, қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуына қарай, құнарлы жұрнақтар және құнарсыз жұрнақтар деп саралауға әбден болады. Сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз түрлендіретін жұрнақтардың номенклатуралық тізімі және олардың алды-алдарына берілетін сипаттамалар тиісті сөз таптарымен байланысты қаралуы абзалырақ болатындықтан, олар әдетте сол сөз таптарының тұстарында беріледі. (Бұл жөнінде кейбір мәліметті “Туынды сөздер” деген тақырыптан қараңыз.)


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет