Ұ. Б. Төлешова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, педагогика ғылымымдарының кандидаты. Ш. Абдуқадыр Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Педагогика және психология»



Дата11.01.2017
өлшемі45,99 Kb.
#7048
Коучинг - тренинг студенттердің мүмкіндіктері дамытудың тиімді құралы
Ұ.Б. Төлешова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, педагогика ғылымымдарының кандидаты.

Ш. Абдуқадыр Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Педагогика және психология» мамандығының 1курс магистранты
Түйіндеме: Бұл мақалада оқыту барысында коучинг - тренинг технологияларын қолдану арқылы студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Қазіргі таңда жоғары оқу орнында оқытушылар студенттерге дәріс, семинар және өзіндік жұмыстарды жүргізу барысында коучингті қолданудың тиімділігінің алатын орны ерекше. Оқыту үдерісін дамытуда студенттердің білім сапасын арттыруда коучинг әдістері тиімді қолданылса үлкен нәтиже берері анық.

Коучинг – бұл өзінің мақсаттары мен міндеттерінен тұратын арнайы жүйе. Коучинг студентті мақсатқа жетуге итермелейді белсенді әдістердің бірі болып саналады. Ол студенттердің жаңа білімді меңгеруіне ықпал етеді.

Ал тренинг ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «қабылдау, үйрену, дайындық» деген мағынаны білдіреді. Ағылшын психофизиологы Р.Д.Кобсон жүйкелік-психикалық мәселені шешу үшін коучинг - тренингті қолданудың маңыздылығын айтады.

Белгілі психолог К. Рудестам тренингтік форманы «оқыту тәжірибесінің өзегі, ал кей жағдайларда студенттің дәріс алу кезінде және оқуындағы өзгерістердің сәтті өзгерісі» деп қарастырады. Тренингті әртүрлі салада қолдану жолдарын ұсынады. Ол «Өмірлік тәжірибе» түсінігін кең мағынада қарастырып, әр адамның өз тәжірибесі арқылы қалыптасатындығын дәлелдеген болатын. Студенттер білім алуда өздерінің білімін өзгелердің пікірі, көзқарасы, дәлелдері арқылы өмірлік тәжірибемен байланыстыра отырып өзіндік ой қалыптастырады.

К. Левин адам бойындағы эффективті өзгерістер мен өзіндік жетістіктері топтық қарым - қатынастар барысында дамиды, яғни әр адам өзін өзгелерге көрсете алады және жетістігімен бөліседі.

К.Роджерс тренинг арқылы өмірлік тәжірибеге сәйкес болашақ мамандарды даярлауда қолданылатын жеті өмірлік категорияны ұсынады:

- мәселені шешу;

- қарым- қатынас;

- тұрақтылық;

- өзіне деген сенімділік;

- ойлаудағы талқылаушылық;

- Мен- тұжырымдамасындағы өзін-өзі басқару;

- қабілеттілік.

“Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырған : «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? ». «Сабақ барысында диалогтік оқытуды жүйелі қолдану».

«Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» [Нұсқаулық. 2012.]

Диалог-ол әңгімелесу, тілдесу және екі адамның, топтың, ұжымның белсенді үдерісі.Диалог барысында бір-бірімен пікір алмасып тұрған оқушылар біріншіден ақпарат жеткізуші, әрі қатардағы қабылдаушы қызметін атқарса, екіншіден серіктестер болып табылады.Оқушы диалогқа түспейінше ойы, сөйлеуі де дамымайды .

Оқушылар арасындағы диалогтің маңызы өте зор.Себебі олар диалог арқылы бір-бірімен өз ара әрекеттеседі, пікір алмасады, ойларын түйіндейді, талдайды, дәлелдейді.Осындай әрекеттердің арқасында оқушылардың ынтасын көтеріп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейін көтеруге болады.Оқушылардың білім деңгейін көтеру әр ұстаз үшін маңызды болып табылады.

Коучинг сабағында топқа бөліп, диалогтың мән-мағынасын түсіндірдім, ұстаздармен осы тақырыпты ашуға бағытталған тапсырмаларды орындадық, олар берілген әңгіме үзінділеріне талдау жасау арқылы түрін анықтады, сыныпта әңгімені пайдалануға ықпал ететін факторлардың айырмашылығын постер арқылы түсіндірді, белгіленген бағыт бойынша диалог құрастырып, бейне фильмнен үзінді көру барысында ой қорытты.

Сабақтың әркезеңінде әріптестерім қызығушылық танытып, білсем, үйренсем екен деген мақсатта жұмыс жасады. «Диалог деген не?», әңгіменің қандай түрлері болатынын, сыныпта әңгімені пайдалануға ықпал ететін факторларды өздері анықтады.Жалпы жоспарланған жұмыстардың мазмұнын аша келгенде, әріптестерім әңгіменің түрлерін және оның қайсысы оқытуда маңызды болатынын жақсы түсінді, осы түрлеріне байланысты диалог құрастырды, бейнежазба арқылы өз ойларын түйіндеді. Бірақ жақсы жағымен қатар сәтсіздіктер де болды. Әріптестер рефлексия жазу кезінде өз ойларын, түсініктерін қалыптастыруда , толық ашып жаза алмады, қиналды.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ф.Бурнард «Тренинг межлистного взаимодействия» С-П. 2001 жыл.

  2. Д.Корнеги « Как приобритеть друзей и оказовать влияние других» Киев 1989 жыл.

  3. К.Рудестам «Групповая психотерапия» М. 1993 жыл.

  4. Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева «Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» А.,2001

  5. Карандашев В. Н. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. - СПб.: Пи­тер, 2006. - 250 с:



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет