05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін

Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері

бет8/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,26 Mb.
#15465
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды заттың массасын оқытудың кезеңдері

Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.

Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).

Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.

Орта топ балалары салыстыру үшін үлгіні өлшеуіш ретінде қабылдайды; заттардың арасындағы масса бойынша қатынасты белгілейді: ең ауырын (жеңілін) таңдап, заттарды бірінің астына бірін берілген сапасы бойынша қояды.

Үш затты массасы бойынша салыстыруда, біреуі үлгі қызметін атқарады. Ретімен қою нәтижесі ауырырақ – жеңілірек сөзімен анықталады. Бұл тапсырманы орындаудың тиімді тәсілі үлгімен барлық заттарды салыстырып, осының негізінде олардың қайсысы жеңіл, қайсысы ауыр немесе бірдей екенін анықтау болып табылады.

Бала мұндай жұмыстың арқасында заттың көптеген белгілерінің арасынан массасын анықтап, оны жинақтай бастайды. Заттарды берілген белгілеріне байланысты реттеу және топтастыру үшін жағдай жасалып, осының өзі жұмыстың келесі кезеңі деп аталады.

Заттарды олардың массасына қарай өсу немесе кему ретімен қою, яғни реттеу, сериациялық ретпен орналастыруға байланысты тапсырмаларды орындауды орта мектеп жасына дейінгі кезеңде бастауға болады, бірақ көбінесе олар ересек топтарда орындалады.

  1. Массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптастыру

Таразының көмегімен массаның инварианттылығы туралы түсінік қалыптасады. Мысалы, балшық бөлшегінен көлемі бойынша бірдей екі дөңгелек жасау ұсынылады. Олардың теңдігі тостаған таразыыда өлшенеді. Сосын дөңгелектердің біреуінен балалар ұзын сәбіз, таяқша, шұжық жасайды. Таразының бір тостағанына жасалған затты, екіншісіне дөңгелекті қояды. Тостағандардың теңдігі балаларға массаларының бірдей екенін көрсетеді. Заттың пішінін бірнеше рет өзгертіп, таразының көмегімен массаның инварианттылығын дәлелдеуге болады. « Бірдей болу себебі, біз балшыққа ештеңе қоспадық та, алмадық та», -дейді балалар. «Балшық бөлшегі солай қалып, тек қана пішіні өзгереді: бірде дөңгелек, бірде таяқша, бірде сәбіз», - дейді тәрбиеші.

Балалар тәжірибеде мынадай қорытындыға келеді: затты қайта жасау оның сыртқы түрін өзгертіп, массасын өзгеріссіз қалдырады.

Лекция №15

Заттың көлемі туралы және шамаларды өлшеу туралы түсініктерді қалыптастыру

  1. Фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

Екінші сәбилер фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

Бұл топта дидактикалық материал ретінде бағдарламалық жаттығуларды жүзеге асыру үшін геометриялық фигураларды қарапайым жазық (шеңбер, шаршы) түрлі түсті және пішінді үлгілер қолданылады. Бұл кезеңде балалардың қабылдауын дамыту маңызды, оларда түрлі геометриялық фигуралар туралы түсінігін жинақтау, оларға дұрыс атау беру.

Шеңбер мен шаршы геометриялық фигураларын жаттығуларда балаларға және дұрыс айтуға үйретеді. Әр фигураны басқа фигурамен салыстыруда түсінеді. Бірінші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды фигураларды көріп сипап сезу арқылы және олардың аттарын меңгеруге үйрету.

Тәрбиеші фигураны көрсетеді атайды, балаларды дәл осындай фигураны алуды өтінеді. Сосын педагог берілген фигуралармен балалардың іс-әрекетін жүзеге асырады: шеңберді айналдырады, қойып қояды, шаршыны қойып, айналады ма екен қарайды. Балалар ұқсас іс-әрекеттерді басқа түстегі және көлемдегі заттармен орындайды.

Қорытынды ретінде фигураларды танып, атауға екі-үш жаттығулар беріледі («Мен оң қолымда не ұстап тұрмын,ал сол қолымда?»; «Қонжыққа шеңбер, сайқымазаққа шаршы бер»; «үстіңгі жолаққа бір шаршы, ал астыңғысына көп шеңбер қой» және т.б.).

Келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде балаларда геометриялық фигураларды ажырату білігін және дұрыс атау біліктерін бекіту мақсатында жаттығулар жүйесі ұйымдастырылады:

а) үлгі бойынша жаттығу таңдау: «Тура осындайын бер (алып кел, көрсет, қой)». Үлгіні қолдау вариативті бола алады: фигураның пішіне ғана екпін қойылады, оның түсі мен көлеміне мән берілмейді; белгілі бір түстегі, пішіндегі фигуралар және белгілі бір түс пен көлемдегі фигуралар қарастырылады.

б) Сөз бойынша жаттығу: « Шеңберді бер (бер, жина, қой)» және т.б; жаттығу нұсқаларында фигуралардың түсі мен көлеміне байланысты таңдауға бағыт көрсетілген;

в) дидактикалық және қозғалмалы ойын түріндегі жаттығулар: «Бұл не?», «Керемет қап», «Не жоқ?», «Өз үйіңді тап» және т.б.

Ортаңғы тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

Бес жасқа келген балаларда бәрінен бұрын дөңгелек пен шаршыны ажырату және дұрыс атау білігін бекіту, содан кейін үшбұрыш. Бұл мақсатпен ойын жаттығулар өткізіледі, онда балалар фигураларды түсі мен көлеміне қарай топтастырады. Көлемі мен түсі өзгереді, ал пішінінің белгілері өзгеріссіз қалады. Бұл фигуралар туралы қорытындылау білігін қалыптастыруға көмектеседі. Балалардағы геометриялық фигуралардың әр түрлі көлемде болатынын анықтау, оларға белгілі геометриялық фигураларды көрсету( кестеде, фланеграфта немесе жинақ кенеп). Олардың әрқайсысынан балалар үлкен және кіші ұқсас фигураларды таңдайды. Фигуралардың көлемін салыстыру арқылы (визуалды немесе бірінің үстіне бірін қою), балалар фигураларды пішіні бойынша бірдей, ал көлемі бойынша әртүрлі екенін анықтайды. Келесі жаттығулада балалар үш фигурадан әр түрлі көлем бойынша өсу және кему ретімен жинақтайды.

Жеке конверттарда жатқан фигураларды балаларға қарауға ұсыну, не үшін қажет, бірдей пішіндегі және кімде қанша екенін атып беруді ұсыну.

Келесі жаттығуларда балалар әртүрлі фигураларды алады. Олар фигуралардың жиынын сараптап, кімде қанша және қандай фигуралар екенін анықтау. Сонымен бірге балаларды мақсатты түрде жаттықтыру, фигуралардың санын салыстыру;

«Сенде қандай фигуралар көп, ал қандай аз? Үшбұрыштар мен төртбұрыштар тең бе?» және т.б. Геометриялық фигуралардың жеке конверттарда жүйеленгеніне қарай олардың сандарының арасында теңдік пен теңсіздігі бекітіледі. Балалар бұл жаттығуды орындау барысында фигуралар санын салыстыруда, олардың арасындағы өзара мағыналас сәйкестілік орнатылады. Онымен бірге амалдар әр түрлі болуы мүмкін: фигуралар әрқайсысы бірінің астына бірі қатар бойынша әр қатарда орналасады немесе жұптастырылады немесе бірінің үстіне бірін қояды. Осылай екі топтағы фигуралардың элементтерінің арасында қатынас орнатылады және осының негізінде оның теңсіздігі мен теңдігі анықталады.

Балаларды жаңа геометриялық фигуралармен таныс фигураларды салыстыру арқылы таныстырады:үшбұрыш пен төртбұрыш, шеңбер мен дөңгелек, кейін текшемен, шаршымен текше, сосын шармен, үшбұрышпен және шеңбермен цилиндрді, кейін шар мен текше. Фигураларды қарау және салыстыру белгілі кезекте жүргізіледі:

а) фигураларды бірінің үстіне бірін және бірінің астына бірін қою; бұл амал фигуралардың ерекшеліктерін анық қабылдауға мүмкіндік береді, ұқсастығы мен айырмашылығы, олардың элементтерін анықтау.

б) фигураларды сипап сезу арқылы зерттеуді ұйымдастыру және фигураның кейбір элементтері мен белгілерін бөліп көрсету; фигураларды зерттеу нәтижесі тәрбиешінің балалар зейінін өз сөзімен бағыттауына айтарлықтай тәуелді, ол неге қарау керек, нені білу керектігін бағыттауда ма (сызықтар бағыты олардың байланысуы, бөлек бөліктердің үйлесімділігі, бұрыштардың болуы, түсі, бір пішіндегі фигураның көлемі және т.б.); балалар бір немесе басқа фигуралардың сипаттамасын сөзбен беріп үйрену керек;

в) фигуралармен әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру(дөңгелету, қою, әртүрлі жағдайда қою) үлгілермен жұмыс, орнықты немесе орнықсыздығын анықтау, өзіндік сипаты. Мысалы, балалар шар мен цилиндрді әр түрлі жағдайда қойып, цилиндрдің тұратынын, жататынын, дөңгелейтінін біледі. Ал шар тек қана айналады. Осылайша геометриялық денелер мен фигуралардың құрылымдық сипатын аңғарады.

г) фигуралар қатарын көлемінің өсіп, азаюы бойынша жаттығуларды ұйымдастыру. («Пішініне қарай жікте», «Түсі бойынша жікте», «Беті бойынша жікте» және т.б.).

д) балалардағы фигураларды ажырату және атау білігін бекіту үшін ойын жаттығулар мен дидактикалық ойындар ұйымдастыру.

Ересектер тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру

5-6 жастағы балаларды оқытудың негізгі мақсаты геометриялық фигуралар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жүйенің алғашқы дәнегі геометриялық фигуралардың кейбір белгілері туралы ұғым оларды ортақ белгілеріне қарай жинақтау білігі болып табылады.

Балаларға өздеріне белгілі фигуралар беріп, шеңбер мен шаршының, үшбұрыш пен сопақша жақтарын қолмен зерттеу, олардың бір бірінен айырмашылығын және ұқсастығын ойлану ұсынылады. Ол шаршы мен үшбұрышта «бұрыштары» бар екенін, ал шеңбер мен сопақшада жоқ екеннін аңғарады. Тәрбиеші фигураны саусақпен жүргізіп, квадрат пен үшбұрыштың бұрыштары , төбесі, қырлары барын түсіндіріп көрсетеді. Төбесі – бұл фигураның қырларын қосатын нүктесі. Қырлары мен төбесі фигураның сызықтарын құрайды, ал сызықтары оның ішкі жағымен бірге фигураның өзін құрайды.

Балалар әртүрлі фигуралардан оның ішкі ауданын және шекарасын- қырларын, төбесін, бұрыштарын фигураның ішкі ауданының бөлігі ретінде көрсетеді.

Балаларға фигураның ішкі жағын қызыл қарындашпен, ал шекарасын, қырларын көк қарындашпен сызып шығуды ұсынады. Балалар фигураның тек жеке элементтерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге әртүрлі фигуралардың төбесін, қырларын, бұрышын санайды. Шаршы мен дөңгелекті салыстыру кезінде дөңгелекте төбе мен бұрыш жоғын, тек дөңгелек шекарасы шеңбер ғана барын біледі.

Кейін балалар кез келген фигураның ішкі ауданын және шекараларын ажыратуды, бұрыштары, төбесі, қырларының санын санауды үйреніп алады. Үшбұрышты зерттеп олар оның үш төбесі, үш бұрышы, үш қыры бар деген қорытындыға келеді. Көбінесе балалар неге бұл фигура төртбұрыш және шаршыдан қарағанда үшбұрыш деп аталатынын біледі.

Балаларды олар анықтаған белгілер қорытындысын фигураның құрылымдық сипаты болып табылатынын жеткізу үшін тәрбиеші дәл сол фигураларды, бірақ үлкен көлемдегісін ұсынады. Оларды зерттеп балалар шаршы, төртбұрыш, трапеция, ромбтардың қырларын, бұрыштарын, төбесін санап, олардың көмегіне қарамастан, 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қыры бар, ал барлық үшбұрыштарда 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қыры бар деген қорытындыға келеді.

Мұндай сабақтарда балаларға дайын білімді айтып қана қоймай, оларды ізденіске түсіру керек. Балаларды жауаптарды өздері анықтап, қорытындылап, жинақтауға үйрету қажет.

Балаларға дайын тапсырмаларды беруге асқпау керек: бірінші оларға деген қызығушылықты оятып, іс-әрекет жасауды қамту қажет. Тәрбиеші міндеті – жауапты табу амалдарын және жолдарын педагогикалық дұрыс көрсету қажет.

Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы ересек м.ж.д. Балаларды төртбұрыштармен таныстыруды қарастырады. Бұл үшін балаларға төрт бұрышы бар фигуралар жиынын көрсету, оларға өздері атау ойлап табу ұсынылады. Балалардың «төртбұрыш», «төртқырлылар» деген жауаптарын қабылдап, анықтап, олардың төртбұрыштылар деп аталатынын айту.

Таныстырудың бұл жолы балаларда жинақтау қабілетінің қалыптасуына көмектеседі.

  1. Үзындық және оны өлшеу туралы түсініктерді қалыптастыру

Екінші сәбилер тобында заттардың ұзындықтарын салыстыруды үйрету.Екінші сәбилер тобы (2-3жас).

Топ заттарын көлем бойынша салыстыру (ұзын-қысқа, биік-аласа, үлкен-кіші) жанына және үстіне қойып өлшеу әдісін қолдана отырып заттарды ұзындығы, ені, биіктігі және әртүрлі немесе ұқсас заттарды салыстыруға үйрету. Заттың белгілері бойынша бір затты екінші затпен көлем бойынша анықтау, оның нәтижесін мына сөздермен сабақтастандыру: ұзын-қысқа, ұзынырақ-қысқарақ, ұзындығы немесе қысқалығы бойынша бірдей, ені бойынша бірдей, биік-аласа, биігірек, аласалау және т.с.с..

Жазық заттарды бір мезгілде ұзындығы мен ені арқылы салыстыуға үйрету.

Өнеркәсіп тауарлары дүкеніне экскурсия жасаудан жұмысты бастауға болады, онда кіреді:

а) сатушының сатып алушыға қажетті мата метрін өлшеуді бақылау;

б) 1 метр сызғыштың ұзындығын қарау (метр деп сызғышың өзі атаулмайды, оның ұзындығы өлшеу бірлігі қызметін атқарады);

в) матаны метрмен өлшеу тәсілін сатушының әдейі көрсетуі («Қараңдар балалар, қандай ұзындықтағы мата бөлігін мен өлшеп алдым. Онда 6 м.»);

г) балалар әр түрлі маталардың енін көзмөлшермен айтып, нәтижесін метрлік сызғышпен тексереді. (жібектің ені метрден қысқарақ, ал жүн матаның ені метрден ұзынырақ).

д) қуыршақ көйлегіне 2м матаны, 3м лентаны, 4м шілтер сатып алу.

Экскурсиядан кейінгі әңгімеде балалардан олардың ата-аналары немесе олар өздері метр көмегімен өлшенетін өлшеуіштер қолданатын не және қашан алғандарын естеріне түсіруді сұрауға болады.

Ұзындықты шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуге үйрету.

Балаларды шартты өлшеуіштермен өлшеуге үйрету жалпыға міндетті өлшеуіштердің мағынасын түсінуге көмектеседі. Ересек топтарда таныстыру үшін қажетті алғышарттары бар: стихиялық тәжірибеде өлшеудің жалпыға міндетті өлшеуіштері мен тәсілдері аңғарылды, сөздікте осыған тән сөздер кездеседі(м, см, л және т.б.). Бұл құрылым « баланың жақын даму шекарасында» жатыр жіне балабақшадағы математикалық ұғымдардың қалыптасу бағдарламасына толықтауыш қызметін атқарады.

Балаларды жалпыға міндетті ұзындық өлшеуіштерімен таныстыру: метр және сантиметр.

Мектепте бірінші ондіқтарді өлшеуге кесінділерді өлшеу кіреді. Бұл негізінде 1 сыныпта оқығанда бірінші біліктің үлгісі ретінде сантиметрмен, кейін ондқ үлгісі ретінде дециметрмен, және соңғы жүздік үлгісі ретінде метрмен таны

стырылады. Мектеп математикасын балабақшада қолдану қателік болар еді. М.Ж.Д. Балалар санауды тек 10-ға дейін қабылдайды. Бұл жұмыс таныстыру сипатында болуы қажет. М.ж.д. Балалармен жұмыста ұзындықтың бірлігі ретінде метр алынады. Мұндай біріділіктің артықшылығы мынада: 1) өмірдегі тәжірибеде балалар көбіне метрдің көмегімен өлшеуді көріп жүр; 2) метр – негізгі ұзындық бірлігі; 3) метр -жеке өлшем түрінде бар; 4) метр – сантиметр мен дециметрге қарағанда үлкен ұзындық өлшеу бірлігі, сондықтан м.ж.д.балалар үшін өлшеу процессі «көрінетін» болады: тәрбиешіге метрдің көмегімен көрсету оңайырақ.

М.ж.д. Балаларда ұзындықты өлшеу бірлігі ретінде сантиметр туралы алғашқы түініктер бар. Оларды сантиметрлік сызғышпен таныстыруға болады, өлшеу кезінде оның көмегімен жаттығуға болады.

Жұмысты келесі үлгіде ұйымдастыруға болады:

а) балаларға әрқашан метрмен өлшеу қолайлы емес деген ой салу;

б) сантиметр үлгілерін көрсету (1 см ұзындықтағы кесінді); см де өлшеуіш екенін айту, бұл өлшеуішпен нені өлшеуге болатынын атауды сұрау;

в) зерттеу әрекетін ұйымдастыру (см үлгісін қолға алып, кесінді шетін саусақпен жүргізіп, см-к лентамен және метрмен салыстыру);

г) см-к шкаладағы сызғышты сансыз көрсету, сантиметрлік кесіндіні сызғыш шкаласының үстіне қоюды ұсыну, олардың санын санау.

д) балаларды цифрсыз см-к шкаладан сызғышпен өлшеуге жаттықтыру.

е) цифрдың мағынасын түсіндіріп, шартты сызғышты кіргізу. (см-ді санау ұзақ әрі қолайсыз, цифрлармен бөлінген, көрсетілген өлшеуіш тез әрі ыңғайлы).

Сызғыш қолдану ережесін анық көрсеткен дұрыс:

өлшемей тұрып, санақ басының нүктесін белгілеп алу керек: өлшеуді нөлден бастайды, ал өлшенедін жазықтыққа сызғыш қатты жабысып тұруы керек;

өлшеуде сантиметрді бірнеше рет өлшеудің қажеті жоқ. Сызғышта көрсетілген цифрлар олардың санының көрсеткіші болып табылады.

Балаларға сызғышпен өлшеу дағдыларын бекітуде келесі тапсырмаларды ұсынуға болады:

Төртбұрышты қағаз бетінің ұзындығы мен енін анықта.

Қағаздан ені 3см және ұзындығы 10 см болатын кесінді қиып алу;

Геометриялық фигура қырларын өлшеу: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.

Көрсетілген өлшемдегі геометриялық фигураны сыз.

Тәрбиеші берген өлшем бойынша үй сал.

Көз мөлшермен кесінді ұзындығын см-мен анықтап, оның нәтижесін сызғыш көмегімен тексеру;

берілген кеснідіні одан 1 см-ге ұзын кесінді сызу.

Екі кесіндіні өлшеп, үшіншісін бірдей ұзындықта сызу.

Балалар жаттығуды орындап, шартты өлшеуішпен өлшеу заттардың көлемі туралы объективті мағлұмат алуды қамтамасыз ететінін түсінеді.

Балаларды ұзындықтың жалпы қабылданған өлшем бірліктерімен таныстыру

Балаларды заттардың ұзындығы, ені, биіктігі арқылы реттеуге үйрету

Балаларға (ұзын-қысқа, биік-аласа, үлкен-кіші) жанына және үстіне қойып өлшеу әдісін қолдана отырып заттарды ұзындығы, ені, биіктігі және әртүрлі немесе ұқсас заттарды салыстыруға үйрету үшін заттың белгілері бойынша бір затты екінші затпен көлем бойынша анықтау, оның нәтижесін мына сөздермен сабақтастандыру: ұзын-қысқа, ұзынырақ-қысқарақ, ұзындығы немесе қысқалығы бойынша бірдей, ені бойынша бірдей, биік-аласа, биігірек, аласалау.

Мектеп жасына дейінгі балаларда көлем жайында түсініктің қалыптасуы балалардың заттың белгілері бойынша кеңістікті бағдарлау икемін дамытады деп жорамалдауда. Олар айтарлықтай нақты мінездемелерге сай: көрсету білігі, ұзындығын атау, енін, заттың биіктігін, толықтай олардың мөлшерін

анықтайды.

  1. Сусымалы заттың көлемін шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу

Балаларға жалпыға міндетті сұйықтықты өлшеу тәсілі және көлем өлшеуіштері туралы білімді айтпас бұрын, оларды шартты өлшеуіштермен өлшеп жаттықтырып алуға болады: 1) литрлік банкіге су толтырып, әр түрлі өлшеуіштермен өлшеп алу керек; 2) Литрлік банкіні алып су толырып, көлемі жағынан әртүрі өлшеуіштермен өлшеу; 3) көрсетілген сан бойынша литрлік банкілерге су құю, оларды көлемі бойынша әр түрлі өлшеуіштермен өлшеу, салыстыру.

Бұл тапсырмаларды орындауда бекітіледі:

а) кез келген ыдысқа сыятын сұйықтық санын өлшеуішпен анықтауға болады;

б) көлемді өлшеуіштерді өлшеудің негізгі ережелері: егер толық өлшеуішпен өлшесек, нәтиже дұрыс болады.

в) өлшеуіштің көлеміне қлшеу нәтижесі байланысты екендігі туралы ұғым.

Ары қарай көлемнің бірлігі ретінде литрмен және жалпы міндетті сұйықтықты өлшеу тәсілімен танысуға өтуге болады:

а) тәрбиеші балаларға олардың сұйықтық заттардан білетіндерін айтуды ұсынады;

б) өлшеу кружкасы көрсетіледі және сұйық заттарды « литр» деп аталатын өлшеуішпен өлшейтіні және өлшеу кружкасына л. Су сиятыны туралы түсінік беру;

в) өлшеу кружка көмегімен басқа ыдыстардың сыйымдылығы анықталады;

г) қашан және неге литрмен өлшеу қажеттігі анықталады.

Тәжірибелік дағдылар мен білімді бекіту үшін өткізуге болады: а) «Дүкен» ойыны, бұл ойын кезінде сатушы сатып алушыларға банкаларға 1л, 2л, 3л сүт береді; б) «Ыдысқа қанша литр су сиятынын тап» (алға шанда көлемі көзмөлшермен, кейін өлшеуішпен анықталады); в) екі ыдыстағы сұйықтық мөлшерін теңестіру жаттығуы.

Мұндай жұмыс барысында балаларда көлем өлшеу бірлігі туралы ұғым қалыптасады, «литр» сөзінің мағынасы түсініктірек болады, ыдыс сыйымдылығын анықтау тәсілін түсінеді.

Жалпыміндетті өлшеуіштермен таныстыру үшін м.ж.д.балалар тәжірибесі мен күнделікті өмірін кең көлемде алған дұрыс.

  1. Сұйық заттың көлемі мен ыдыстың сыйымдылығын өлшеуге арналған жалпы қабылданған өлшем бірлік литрмен балаларды таныстыру

Балаларға жалпыға міндетті сұйықтықты өлшеу тәсілі және көлем өлшеуіштері туралы білімді айтпас бұрын, оларды шартты өлшеуіштермен өлшеп жаттықтырып алуға болады: 1) литрлік банкіге су толтырып, әр түрлі өлшеуіштермен өлшеп алу керек; 2) Литрлік банкіні алып су толырып, көлемі жағынан әртүрі өлшеуіштермен өлшеу; 3) көрсетілген сан бойынша литрлік банкілерге су құю, оларды көлемі бойынша әр түрлі өлшеуіштермен өлшеу, салыстыру.

Бұл тапсырмаларды орындауда бекітіледі:

а) кез келген ыдысқа сыятын сұйықтық санын өлшеуішпен анықтауға болады;

б) көлемді өлшеуіштерді өлшеудің негізгі ережелері: егер толық өлшеуішпен өлшесек, нәтиже дұрыс болады.

в) өлшеуіштің көлеміне қлшеу нәтижесі байланысты екендігі туралы ұғым.

Ары қарай көлемнің бірлігі ретінде литрмен және жалпы міндетті сұйықтықты өлшеу тәсілімен танысуға өтуге болады:

а) тәрбиеші балаларға олардың сұйықтық заттардан білетіндерін айтуды ұсынады;

б) өлшеу кружкасы көрсетіледі және сұйық заттарды « литр» деп аталатын өлшеуішпен өлшейтіні және өлшеу кружкасына л. Су сиятыны туралы түсінік беру;

в) өлшеу кружка көмегімен басқа ыдыстардың сыйымдылығы анықталады;

г) қашан және неге литрмен өлшеу қажеттігі анықталады.

Тәжірибелік дағдылар мен білімді бекіту үшін өткізуге болады: а) «Дүкен» ойыны, бұл ойын кезінде сатушы сатып алушыларға банкаларға 1л, 2л, 3л сүт береді; б) «Ыдысқа қанша литр су сиятынын тап» (алғашанда көлемі көзмөлшермен, кейін өлшеуішпен анықталады); в) екі ыдыстағы сұйықтық мөлшерін теңестіру жаттығуы.

Мұндай жұмыс барысында балаларда көлем өлшеу бірлігі туралы ұғым қалыптасады, «литр» сөзінің мағынасы түсініктірек болады, ыдыс сыйымдылығын анықтау тәсілін түсінеді.

Жалпыміндетті өлшеуіштермен таныстыру үшін м.ж.д.балалар тәжірибесі мен күнделікті өмірін кең көлемде алған дұрыс.

  1. Өлшеу ережелері

« Сызықтық» өлшеу ережелері

Сызғыш қолдану ережесін анық көрсеткен дұрыс:

1)өлшемей тұрып, санақ басының нүктесін белгілеп алу керек: өлшеуді нөлден бастайды, ал өлшенедін жазықтыққа сызғыш қатты жабысып тұруы керек;

2)өлшеуде сантиметрді бірнеше рет өлшеудің қажеті жоқ. Сызғышта көрсетілген цифрлар олардың санының көрсеткіші болып табылады.

Сұйық және сусымалы заттарды көлемді өлшеуіштің көмегімен өлшеу ережелері.

Балаларға сұйық және сусымалы заттарды көлемді өлшеуіштің көмегімен өлшеу ережелерін үйретпестен бұрын оларды көлемді өлшеу жаттығуларын орындату қажет: 1) бір литрлік банкіні әр түрлі көлемде өлшеу арқылы суға толтыру. 2) бір литрлік банкіні әр түрлі өлшеу арқылы суға толтыру. 3) әр түрлі үлгідегі банкілерге бірдей мөлшерде су толтыру арқылы банкілердің толғандын салыстыру. Осы тапсырмаларды орындау барысында : А) сұйықтық қай ыдысқа сиятынын байқау. Б) толық көлемін өлшеп көру арқылы өлшеу дұрыс болып есептеледі және толық көлемін өлшеуде ең дұрыс ереже болып табылады. В) сұйықтықтың көлемін өлшеу құралдарымен өлшеу арқылы көз мөлшерімен өлшеу ұғымын қалыптастыру. Одан кейін сұйықтықты және сусымалы заттардың көлемін өлшеудегі жалпы қолданыстағы өлшем бірліктерімен таныстыру қажет: 1) Тәрбиеші қандай сұйық заттарды білетіндерін сұрайды.2) Өлшеуіш құмыра арқылы сұйық заттардың бір литрі сиатындай етіп алып, сұйық заттарды өлшейтін құрал литр екендігін түсіндіру3) Әр түрлі ыдыстар арқылы әр түрлі сұйықтықтың сиымдылық көлемі өлшенетінін түсіндіру. Тәжірибе жүзінде қалыптастырған білімдерін бекіту үшін мынандай ойындар жүргізуге болады:А) «Дүкен» ойыны, ойын барысында сатушы сатып алушыларға әр түрлі банкілер, бидондар, 1, 2 , 3 литрлік сүттер өткізеді. Б) «Ойлан тап» ойыны, ыдысқа қанша литр су сиятындығын тап, басында көлемін көз мөлшерімен анықтау, содан соң өлшеу арқылы. В) екі ыдыстың көмегімен сұйықтықтың көлемін теңестіру арқылы салыстыру жаттығулары.Осындай жұмыстар жүргізу барысында балаларда көлемін өлшеу бірліктері туралы ұғым қалыптасады, «литр» сөзінің мағынасы түсінікті бола бастайды, сұйықтықтың ыдысқа сиымдылық тәсілдері анықталады. Жалпы қолданыстағы өлшем бірліктерімен кеңірек танысу үшін күнделікті өмірде және мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибесінде үнемі қолданып отыру қажет.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет