1- а 13. 05. 2020 жыл нұсқа Лексикалық- грамматикалық блок



бет1/3
Дата13.05.2020
өлшемі21,17 Kb.
  1   2   3

11- а 13. 05. 2020 жыл 2 нұсқа

Лексикалық- грамматикалық блок

1. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелдерді белгілеңіз.

A) Әке – балаға сыншы.

B) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

C) Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.

D) Татулық – табылмас бақыт.

E) Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.


2. Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.

A) ескі, көне

B) ұзын, қысқа

C) кең, жуық

D) жаман, тартымды

E) биік, аласа



3. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын қысқы спортқа қатысты қатар.

A) Акробатика, көкпар.

B) Жүзу, күрес.

C) Шаңғы, коньки.

D) Тоғызқұмалақ, хоккей.

E) Футбол, бокс.



4. Мақалдан ұяң дауыссыздан басталған сөзді табыңыз.

Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.

A) Адам.

B) Досымен.

C) Мықты.

D) Ағаш.

E) Тамырымен.



5. Барыс септік тұлғасында тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.

A) Туысқа.

B) Білімге.

C) Өнімге.

D) Өмірге.

E) Оқушыға.



6. Түбірлес сөздер қатарына жататын зат есімдерді анықтаңыз.

A) Би, билеу.

B) Әнші, әншілік.

C) Жағу, жақын.

D) Бір, біреу.

E) Асу, асық.



7. Есімдіктің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Сүлеймен өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты.

A) Жіктеу.

B) Сілтеу.

C) Сұрау.

D) Өздік.

E) Жалпылау.



8. Болымсыз етістікті табыңыз.

A) Алып тұр.

B) Дайындалмаған.

C) Күткен.

D) Көрген.

E) Көмектескен.



9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Сенің атыңды ұмыттым

B) Әкем қызметкер адам

C) Сен қазақша сөйлейсің

D) Бұл кім екенін білемін

E) Жиналыс қашан басталады



10. Толықтауыштың сұрағын табыңыз.

A) Не істеді?

B) Не істейді?

C) Нені?

D) Қандай?

E) Не істеп жүр?



11. Ауыспалы мағыналы сөздерді белгілеңіз.

A) табиғат суреті

B) көз салу

C) қазақ халқы

D) көгілдір аспан

E) мұзды мұхит



12. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз.

A) Соқпақ.

B) Отан.

C) Ғалым.

D) Барыс.

E) Мұра.



13. «Ақылды, басшы» сөздеріне түбірлес сөздерді белгілеңіз.

A) ақылшы, бастық

B) ақыны, басының

C) ақымақ, басады

D) ақынды, басқасы

E) ақыны, басу

14. Бұйрық райдың көпше түріндегі ІІ жақ жалғауын анықтаңыз.

A) -айын, -ейін.

B) -сын, -сін.

C) -ыңыз, -іңіз.

D) -йық, -йік.

E) -ңдар, -ңдер.

15. Өткен шақ етістігін белгілеңіз.

A) Адам таза ауамен демалады.

B) 1930 жылы Қазақстан кино өнерінің негізі салынды.

C) Мектепте драма үйірмесін ұйымдастырсақ.

D) Батар күннің таңы да атар.

E) Құс жеткен жеріне қонады.

16. Сөйлем басында тұрған қыстырма сөзді анықтаңыз.

A) – Сізге көмектесейін, анашым, - деп шешесінің ауыр себетін алды.

B) – Ол көмекке келген бала шығар, мүмкін.

C) – Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар.

D) Әр бала өз анасына көмектесу керек, меніңше.

E) – Өнерлі бір-ақ баланы көрдім, - деді қария.

17. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Туған жерге туың тік.

B) Баяу ескен қоңыр жел.

C) Бірлесіп кітап оқуымыз керек.

D) Оның келмей қалуы мүмкін еді.

E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

18. Синонимдер бар мақал-мәтелді анықтаңыз.

A) Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

B) Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар.

C) Қорыққанға қос көрінер.

D) Жақсы дос үшін жан пида.

E) Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.

19. Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

A) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар.

B) Қазақстанда екі табиғи қорық бар.

C) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар.

D) Қазақстанда республикалық мәндегі қорық саны – төртеу.

E) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.

20. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ол көп уайымдап, ерте келді.

B) Мұғалім айтқанда, ол жазды.

C) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.

D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

E) Не ексең, соны орасың.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет