1-2 дәріс Тақырыбы



Дата22.04.2022
өлшемі14,34 Kb.
#140361
Байланысты:
1-2 (2)
1 дәріс, 3-4 (2)

1-2 дәріс
Тақырыбы: Дүние жүзілік мұхит. Жалпы физикалық –географиялық сипаттама.
1. Дүние жүзілік мұхит- географиялық қабықтың біртұтас табиғат объектісі.
2. Дүние жүзілік мұхит түбінің геологиялық құрылысы.
3. Дүние жүзілік мұхит түбі рельефі.
1. Жер шарының мұхиттық бетін тұтас деп қарау орынды, өйткені мұхит үстінің қай нүктесінен болсын екінші нүктеге құрлықты баспай –ақ жетуге болады. Мұны 1519-1521 жылдар(22) арасындағы Ф. Магелан саяхаты нәтижесінде толық дәлелденіп, біртұтас –Дүние жүзілік мұхит бары нақтыланды. Мұхит (океанс-грек. сөз). Дүние жүзілік мұхит –жердің су қабықшасы, Жер шары бетінің( 510 млн.ш.ш) 361 млн. ш.ш. немесе 70,8%-ін қамтиды. Солтүстік жарты шарда мұның 61 %, ал оңтүстік жарты шарда 80 % орналасқан. 1872 жылы ғана мұхитты зерттейтін тұңғыш экспедиция ұйымдастырылды. Мұхит көлемі өте зор болғанмен, оның суының көлемі Жер планетасының1/800 бөлігін құрайды. Орташа тереңдігі 4000 ( 3795 ) м, бұл Жер радиусының 0,0007 бөлігі ғана,
2. Мұхит ортасындағы жоталардың ортаңғы бөліктеріне литосфералық планеталардың ажырауы тән. Бұл бөлікте рифт аңғарлары- шатқалдар жатады. Аңғарлар ажырап, магама көтеріліп, суынып плиталар шетін кеңітеді.
Литосфералық плиталардың соқтығысуынан тау жыныстарының қабаттары қатпар түзіледі. Кейде ауыр мұхиттық плита өзінен жеңіл материктік плита астына енеді. Мұхиттық плита-мантияға еніп, балқып бұл жерде, терең науалар мен аралдар доғасы түзіледі.
Тынық мұхит түбінде ең үлкен Тынық мұхит плитасы орналасқан. Бұдан басқа аралас конструкциялы 6 плита бар.
3. Барлық мұхиттардан да Атлант мұхиты түбі жақсы зерттелген, онда Исландиядан о.е.-тің 56°-ке дейін созылып жатқан Орталық Атлантикалық жота бар. Пуэрто –Рико шұңғымасы 8283м. Үнді мұхитында терең қазан шұңқырлар шетінде. Тынық мұхитты 150º меридиан айқын бөліп тұрады. Басқа мұхиттағы шұңғымалардың бәрін қосқандағыдан мұнда шұңғымалар көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет