1-9 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мазмұны мен жабдықталуына қойылатын талаптар



Дата06.02.2022
өлшемі21,76 Kb.
#81899
Байланысты:
Ғылыми жоба жұмысының жазылуы мен ресімделуі


Ғылыми жобалар ережесі мен талаптары


1-9 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мазмұны мен жабдықталуына қойылатын талаптар

    1. Жұмыс көлемі 20 беттен асуы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, берілген аралықта жазылуы тиіс.

    2. Зерттеу жұмысына деген жетекші пікірінде, маманның зерттеуді бағалауында, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек. Жұмыстың жабдықталуына қойылған талаптар:

  • жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:

  • алғашқы бет;

  • мазмұны;

  • резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;

  • кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;

  • негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;

  • әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;

  • қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

Алғашқы бетте көрсетіледі:

  1. жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;

  1. жұмыстың тақырыбы;

  2. бағыты;

  3. орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);

  4. жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

  5. жұмыстың орындалған уақыты;

Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

титул парағы;
мазмұны;
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай -ақ ағылшын тілінде жазылады);
кіріспе;
зерттеу бөлімі;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  1. Титул парағында мыналар көрсетіледі;

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
қаласы, жылы;
3. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстан қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
Зерттеудің мақсаты;
Гипотезалары;
Кезеңдері, зерттеудің реті;
Тәжірибенің әдістемесі;
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
Нәтижелерді практикада қолдау салалары;
4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы мүмкін:
Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек;
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
Автордың тегі және қысқартылған аты жөні;
Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
Журналдың, кітаптың аты;
Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
Басылған жылы, шығу нөмірі, беті;

  1. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет