1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру) Салыстыру Семантикалық карта



Дата07.02.2017
өлшемі13,67 Kb.
#8929
түріСабақ
  • Сабақ жоспары:
  • 1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру)
  • 2. Салыстыру
  • 3. Семантикалық карта
  • 4. Әдебиет лотосы
  • 5. Соңғы сөзді мен айтайын…
  • 6. Жасыл ел
  • Ақан сері
  • Сері
  • Әнші
  • Ақын
  • Айтыскер
  • Құсбегі
  • Атбегі
  • Өнерпаз
  • Сазгер
  • 2. Салыстыру. Балалар, Ақан сері тағдыры жайлы жазған тағы кімдердің шығармаларын білеміз?
  • С.Жүнісов “Ақан сері” І. Жансүгіров “Құлагер”
  • Кейіпкер сөзі
  • Күреңбай
  • сыншы
  • Батыраштың баласы
  • Мәттіақан
  • Жаршы
  • Құлагер
  • Ақын
  • 1.
  • «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар есем пе?Құлагердей аттың бабы келіссе, мұның алдына кім түсер?
  • 2.
  • Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар, аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер.
  • Кейіпкер сөзі
  • Күреңбай
  • сыншы
  • Батыраштың баласы
  • Мәттіақан
  • Жаршы
  • Құлагер
  • Ақын
  • 1.
  • -Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Құлагерді тым қыспа.
  • 2.
  • Шіркін-ай, құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап, ат үстінен құласаң.
  • 4. Әдебиет лотосы
  • Автор
  • Шығарма аты
  • Оқиға желісі
  •  
  • Қандай көркемдік тәсілдер қолданылған?
  • Не суреттеледі?
  • Немен аяқталады?
  •  
  •  
  • Басталуы:
  • Дамуы:
  • Шиеленісі
  • Шарықтау шегі:
  • Шешімі:
  •  
  •  
  •  
  • Соңғы сөзді мен айтайын...
  • (Егер сен жазушы болсаң шығарманы қалай аяқтар едің?)

«Жасыл ел» сұрақтары

  • 1. Ақан серінің шын аты кім?
  • 2. Ақанның тазысын ата.
  • 3. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегені не туралы еді?
  • 4. Ақанның мылқау баласы кім?
  • 5. Ақанның бүркітінің аты.
  • 6.Ақан алғаш қай жерден сауат ашты?
  • 7. Бәйгенің түрлерін ата.
  • 8. Құлагер қатысқан жарыс
  • бәйгенің қай түріне жатады?
  • Үйге тапсырма:
  • «Құлагер-омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай» (ойтолғау)
  • Қорамсаұлы Ақан сері (Ақжігіт, 1843-1913)
  • Ақан Қорамсаұлы қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын.
  • Туып-өскен жері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңы. Топырақ бұйырған жері Айыртау ауданындағы Бұлақ басы, Құлагер құдығьі, Құлагердің ақ шарбағы деген жерлер. Шыққан тегі - Арғын ішіндегі Қарауыл руы. Әкесі Қорамса, шешесі Жаңыл қарапайым шаруа адамдары болған. Алғашкыда ауыл молдасынан сауат ашып, сонан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесінде оқыған (1856-1859). Мұнан кейін өз ауылына қайта оралып, өнер жолына бір жола өмірін арнаған. Халық Ақанның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалап, оның сұлу сырлы өлеңдерін сүйіп айтып, өнерге өмірін арнаған бекзаттығын қадірлеп "Акан сері" деп атаған.
  • Ақан сері алғашкы әйелі Бәтимадан Ыбан (Ыбырайым) есімді бір перзент көрген. Бәтима өлген соң Үрқия атты қызға үйленіп, онымен ұзақ отаспаған.
  • Ақанның "Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия" деп басталатын өлеңі осы Үрқияға арналған. Ақын өмірінде - өшпес із қалдырған адам - Ақгоқты сұлу. Ақтоқтыға үйленуді тағдыр Ақанға жазбаған. Ақанның "Ақ көйлек", "Аужар", "Алты-басар", "Ғашық жарға", "Тағрипың" деп аталатын терең сырлы, ғажайып сезімге толы әндері осы Ақтоқтыға арналған.
  • Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, "Құлагер", "Маңмаңгер", "Көкжендет", "Екі торы ат", "Алай көк", "Тер қатқан" сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның "Көкшетау", "Сырымбет", "Кербез сұлу" деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махаббаттың жарқын айғағы.
  • Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айрықша ықпал еткен.
  • Ақан серінің әншілік-композиторлық болмысы дара. Оның шығармалары әуендік — нақыс-ырғағы жағынан да, тақырып өресі тұрғысынан да қазақтың классикалық ән өнерінің үздік үлгілері болып табылады.
  • Ақан сері әндері Қазақстан композиторларының шығармаларына арқау болған. Е.Брусиловский "Жалбыр" операсына Ақан серінің "Құлагер", "Балқадиша" әндерін қолданса, Д.Мапуцин "Балқадиша" әнінің тақырыбына вариация жазған.
  • Қазақтың әйгілі ақыны I.Жансүгіров "Құлагер" поэмасында, жазушы-драматургтер Ғ.Мүсірепов "Ақан сері — Ақтоқгы" трагедиясында, С.Жүнісов "Ақан сері" романында, көрнекті композитор С.Мұхамеджанов "Ақан сері - Ақтоқты" операсында Ақан серінің бейнесін тұлғалады.
  • Маңмаңгер
  • Құлагер
  • Сырымбет
  • Балхадиша
  • Екі жирен
  • Қараторғай
  • Поэзия минуты
  • Ақан өлеңдерін жатқа оқу
  • Өзіндік жұмыс
  • Деңгейлі тапсырмалар
  • 1 деңгей.  Құлагер туралы сипаттама
  • 2 деңгей.  Ақан өз өлеңдерінде сұлу қыздарды неге теңейді?
  • 3 деңгей.   Ақан өлеңдерінің көркемдігі
  • Сабақты бекіту. Топтастыру
  • Үйге тапсырма:
  • 1. Ақан өмірінен алған әсерлерін хат түрінде жазу.
  •  2.Ақан  өлеңдерінен ақыл – нақыл, қанатты сөздерді теру.
  •  

Каталог: uploads -> doc -> 003b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
003b -> Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім » Білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет