1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің жалпы ерекшеліктері


Әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің маңызы және ата-ана қамқорынан қалған балалардың әлеуметтенуіндегі ерекшеліктері



бет5/9
Дата21.05.2020
өлшемі395.94 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің маңызы және ата-ана қамқорынан қалған балалардың әлеуметтенуіндегі ерекшеліктері

Қоғамда отбасының маңыздылығына мемлекет те үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Отбасы – болашақ жастарды тәрбиелеу мен денсаулықты жақсартуда, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін қамтамасыз етуде, демографиялық үрдістерді жақсартуда маңызды болып табылады. Онда жеке адамның мінез-құлықтарының негізі, оның еңбекке, моральға, мәдени құндылықтарға қарым-қатынасының негізі қалыптасып, дамиды. Бұл дегеніміз қоғамымыздың болашағына, өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыздың экономикалық және әлеуметтік жетістіктермен қамтамасыз етуде маңызды болып табылады. Сондықтан отбасының нығаюы үшін, оған материалдық, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету, баланы тәрбиелеуде мемлекет тарапынан көмек көрсетудің маңызы зор. Педагогикалық сөздікте – “отбасы” некелік туыстық негізде байланысқан тұрмыстық, материалдық жауапкершілікте құрылған адамдардың шағын әлеуметтік тобы болып табылады.

Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте - “отбасы” жұбайлар, әке-шеше мен балалар арасындағы қарым-қатынас міндеттерін әлеуметтік нормалар, тәртіп үлгісі, ережелерімен реттейтін әлеуметтік институт деп көрсеткен.

Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: “Отбасы тәрбиесі – туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады”

Сондай-ақ “отбасы” – мемлекеттің бөлшегі ретінде дүниеге ұрпақ әкеліп, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамға керекті табиғи қызметін жүзеге асыра отырып, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті орнықтырушы әлеуметтік институттардың бірі деп отбасы қарым-қатынасының әлеуметтік құрылымын талдап зерттеген ғалым З.Ж.Жаназарова анықтама берген. Сонымен бірге, Р.Н.Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде “Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни, күйеуі мен әйелдің, ата-аналары мен балаларының, аға-інілері мен апа-қарындастарының және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы”,

- деп айтылса, ал Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде “Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы” – деп анықтама берілген . Ғалым-педагог өзінің зерттуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын жеке қоршаған шындық ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсеткен болатын.

Отбасы - өмір институты, онда ең алғашқы ізгілік сабағы алынады, оның бойында мейірбандық, қарапайымдылық еңбек сүйгіштік, әділеттілік қасиеттірі, жақынына, туған-туысына қайырымдылығы, өз бойындағы махаббат сезімі артады. Яғни, оның келешегінің, адамгершілік азаматтық позициясының негізі отбасында қаланады.

“Отбасы”, “үй іші” – бұл өте тарихи термин. Ол өмірдің даму, жоғары қарай өрлеу баспалдағы арқылы қалыптасқан. “Отбасы – қимылы өте шапшаң құбылыс. Ол еш уақытта қозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп, төменгі қалыптан жоғары қалыпқа ауысып отырады”,- деп жазады американдық ғалым Морган Луис өз зерттеуінде. Барлық анықтамаларға түсіндірме бере отырып, біздің түйіндеуіміз бойынша “отбасы” – халықтың өсіп өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабамыздың мұра еткен әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бөлігі. Яғни, отбасы:

1) өзара туысқандық қатынасы бар, әр түрлі жастағы және әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;

2) отбасын ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына, ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады;

3) ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;

4) отбасы өмірі әр түрлі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады.

Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық ойлар, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.

Отбасының негізін қалайтын неке – ерікті де, тең болуы қажет, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіру ешқашан болмау керек. Әр түрлі адамдар арасындағы жұбайлық қатынастар болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі керек, ол жеке адамдардың рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы керек. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастардың нығаюына тікелей ынталы болып, соған мейірбандық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек. Оның дамуына ерекше қатысты жағдайлар бар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын салт-дәстүрлер , әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін білуіне байланысты. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Оның қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының да жүйесін байқатады.

Некелік отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы өте маңызды қоғамдық саяси іс-шаралардың бірі. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы заңында” неке отбасы қатынастарын сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп зерттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді (ҚР “Неке және отбасы” туралы заңы. Егемен қазақстан.-, 1998.-24 желтоқсан. –Б.3-6.. ) – деп көрсетілген.

Отбасы мемлекеттің бір бөлшегі ретінде, жеке адамның ие болуында алатын орны өте үлкен маңызды. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, ондағы мәдени құндылықтардың қарапайымдылықтың материалдық қажеттіліктің ұрпақтан ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Атап айтсақ, отбасының табысқа жетуі күрделеніп қалың халықтың әлеуметтік тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі, жоқшылыққа ұшырауы, отбасы өмірінің ыдырауы тереңдеп некенің тұрақсыздығының көбейюі, қалыптасқан өнегелі – этикалық нормалар мен қалыптасқан салт-дәстүрдің бұзылуы, жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды, жан-жалдың көбейюі, отбасының жеткілікті түрде материалдық қамтамасыз етілмеуі және кедей болуы, ата-аналардың жұмыс бастылық деңгейінің жоғарылануы олардың бала тәрбиесі мен дамуына өнегелік адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және физиологиялық-психологиялық денсаулықтарының дұрыс жетілуіне кері әсер етуі, төмендеуі, некесіз баланың дүниеге келуі, әкесіз, жетім, тастанды балалар санының өсуі, жалғыз басты аналар мен ажырасқандардың санының көбеюі артып отыр. Осыған орай қазір мемлекеттік құрылымдар ғана емес саясаткерлер, түрлі саланың мамандары - әлеуметтанушылар, этнографтар, экономистер, демографтар отбасының қалыптасуы мен тұрақтылығы, ондағы жұбайлардың өзара силастық қарым-қатынасы мен баланы дүниеге әкеліп, бала санының көбеюіне септігін қосып, халық санының өсу деңгейіне оның құрылымына әсер етіп отырғанына айрықша назар аудара бастады. Отбасының қысқаша қызметінің және оған қойлатын талаптардың өзі осындай болмақ, ал отбасынсыз қалған балалар үшін бұл іс-әрекеттерді толықтай ешкім атқара алмайды. Отбасы – баланы әлеуметтендірудің жетекші факторы. Сондықтан да ата-ана қамқорынан қалған балалардың жағдайына аса көңіл аудару керек болып табылады.

Ал, ата-ана қамқорынан қалған балалар барлық елде, барлық жерде, яғни дүниежүзінде бар. Ата-ана қамқорынан қалған балалар қоғамның әртүрлі жағдайларына байланысты туындайды. Алғашқы бастамасы соғыс кезінде, апат,жейтін заттың жоқтығы, табиғи зардаптарға байланысты болса, кейінгі кездерде қолдан жасалған, яғни тастанды ата-ана қамқорынан қалған балалар саны көбейюде. Ата-анасынан айырылған балалар тікелей мемлекет қарамағына алынып, қамтамасыз етіледі. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар басқа отбасына қабылданып, тіпті шетелге сатылып жатқаны ба баршамызға мәлім. Ата-ана қамқорынан қалған балалармен жұмыс атқаратын негізгі тұлға ол - әлеуметтік педагог және оларға қажетті жәрдем көрсетіп, болашақ өмірге бейімдеп отыру әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесіне негізделеді.

Ал, біз зерттеу жұсысымызды әртүрлі себептермен отбасынсыз қалған, әке-шеше қамқорынан қалған балалардың қоғамға бейімделуіне арнаймыз.

БҰҰ балалар құқы туралы конвенцияда отбасы тәрбиесіне аса мән көрсетіліп, одан тыс тәрбиеге шеттен шыққан шара ретінде қарастырады. Сонымен қатар онда отбасынсыз қалған балалар құқына байланысты да баптар ендірген, яғни баланы бағып алуды «баланың қалауына байланысты» шешу қажет және оларды барлық физикалық күш көрсету немесе психикалық зорлық-зомбылықтан (балағаттау, немқұрайлы қарым-қатынас жасау, тұрпайылық көрсету т.т) қорғау, психикалық тұрғыдан жәбірленген балаларға реабилитациялық, емдеушілік күтім көрсету туралы және т.б. Сол себептен де шетелдерде әртүрлі әлеуметтік қызметтер дамуда, олардың мақсаты тығырыққа тірелген отбасыларына, ата-ана қамқорынан қалған балаларға көмек көрсету. Тіпті баланы уақытша отбасынан алып кету мәселесінде, оны отбасы мүшелерімен жиі кездестіріп отырады. Өйткені отбасылық байланыстың үзілмеуі көзделеді. Яғни, балалық шақты қорғау негізге алынады. Бала ұғымы жалпыға бірдей ұғым. Ал, оның әртүрлілігі отбасындағы, қоғамдағы жағдайға, тәлім тәрибе мен оқуына байланысты.

Статистикалық мәліметтерге қарайтын болсақ, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды көбейюде, әсіресе әлеуметтік жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Осындай тағдыр тәлкегіне тап болған бүлдіршіндер, жасөспірімдер балалар үйлері, психологиялық-педагогикалық реабилитациялық орталықтар, дағдарыс орталықтары, уақытша пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып, нәтижелері де бірдей болуын көзделумен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі шарасыздыққа тіреледі. Яғни, олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекшеленеді. В.В.Беляков және Е.А.Горшкова өздерінің еңбектерінде жетімдер үйлерін, осы үйлерден тәрбиеленіп шыққан жасөспрімдер қадағалап отыратынын көрсетеді.

Сонымен біздің түсінігімізше «жетім» және «әлеуметтік жетімдер» екі әлеуметтік топ және олардың өзіндік ерекшеліктері басым. Жетім, деп белгілі бір себептерден (көлік апаты, қатерлі сырқат, табиғат апаттары) ата-анасының екеуі де қайтыс болған баланы айтамыз. Ал, әлеуметтік жетім деп ата-анасының екеуі де немесе біреуі бар, бірақ ата-құқығынан ажырағандардың балаларын және тастанды балаларды айтамыз. Зерттеу барысында анықталғандай бұл екі топ та психикалық ауытқуға душар болады. Сүйсек те әлеуметтік жетімдердің дерті күштірек. Ата-ана қамқорынан қалған балалар ешқашан ата-анасын көрмейтіндіктерін біледі, оларға тек өз ата-анасындай адамдар кездессе деп армайдайды. Әлеуметтік жетімдер өздерін керексіз құрал ретінде сезініп, айналасындағылардың барлығын кінәлі санап, қоғамға, адамдарға деген ыза-кек сақтауға тырысады. Бірақ, олардың ішкі дүниесінде сыр сақталатын нәрсе сол ата-анасын бір көруді арман етеді, тіпті олардан есеп алғылары келеді. Әсіресе, бұл сезім жасөспірімдік кезеңде басымшылдық танытады. Ғалымдардың зерттеулерін талдай келе біз, отбасындағы балалардың тәрбиесіне ата-анасынан басқа да мамандар (психологтар, әлеуметтік педагогтар т.т.) қажет екендігін көрдік, ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мұндай көмектің аса қажеттігіне ешкім дау тудырмаса қажетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет