1. Автокөлік 4 сағатта 312 км жүріп өтті. Егер ол жылдамдығын 5 км/сағатқа азайтса, автокөлік 5 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді



Дата01.04.2020
өлшемі13,19 Kb.
#61186
Байланысты:
жылдамдык 1-14

1. Автокөлік 4 сағатта 312 км жүріп өтті. Егер ол жылдамдығын 5 км/сағатқа азайтса, автокөлік 5 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?

А) 365 км В) 370 км С) 375 км Д) 380 км Е) 385 км

2. Арасы 650 км болатын екі қаладан бір–біріне қарсы екі жүк көлігі шықты да, 5 сағаттан кейін кездесті. Егер бірінші көліктің жылдамдығы 70 км/сағ болса, екінші көліктің жылдамдығын табыңыз

А) 45 км/сағ В) 50 км/сағ С) 60 км/сағ

Д) 65 км/сағ Е) 70 км/сағ

3. Велосипедші сағатына 15 км, ал мотоциклші оған қарағанда 3 есе көп жол жүреді. 3 сағат ішінде мотоциклші велосипедшіге қарағанда қанша жол артық жүретіндігін табыңыз.

A) 45 км B) 100 км C) 90 км D) 70 км E) 50 км

4. Екі айлақтан бір уақытта бір–біріне қарсы екі теплоход шықты. Айлақтардың арасы 210 км. Бірінің жылдамдығы 30 км/сағ, екіншісінікі – 40 км/сағ. Теплоходтар неше сағаттан кейін кездеседі?

А) 2 сағ В) 2,5 сағ С) 3сағ Д) 3,5 сағ Е) 4 сағ

5. Екі қаладан бір-біріне қарай екі пойыз жолға шықты. Кездескенше бірінші пойыз 78 км, ал екінші пойыз біріншіден 3 есе артық жол жүрді. Екі қаланың ара қашықтығы қанша?

A) 78 км B) 234 км C) 312 км D) 390 км E) 200 км

6. Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5 м жоғары көтеріледі де, түнде 3м сырғанап төмен түседі. Ағаштың биіктігі 25м болса, ұлу ағаштың басына неше күнде жетеді?

A)9 B)10 C) 11 D) 12 E) 13

7. Шылаушын (құрт) ағашқа өрмелеп барады. Түнде ол 4 м жоғарыға көтеріледі, ал күндіз 2 м төмен түседі. Сегізінші түнде шылаушын ағаштың төбесіне шықты. Ағаштың биіктігі қандай болуы мүмкін?

A)13 B) 14 C) 15 D) 16 E) 17

8. Биіктігі 75 см бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 5 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 4 метр төмен түседі. Ол қанша күнде бағанның басына шығады?

A) 69 B) 70 C) 71 D) 72 E) 75

9. Жұлдызқұрт ағашта өрмелеп барады. Алғашқы 1 сағатта ол 10 см жоғары көтеріліп, екінші сағатта 4 см төмен түсті. Үшінші сағатта қайтадан 10 см көтеріліп, төртінші сағатта қайта 4 см төмен түсті. Осылайша ол бірнеше сағат біресе көтеріледі, біресе төмен түсті. 11 сағаттан соң жұлдызқұрт неше см көтерілді?

A) 60 см B) 40 см C) 20 см D) 80 см E) 30 см

10. Пойыз ұзындығы 475 м көпірден 45 секундта өтті, ал станция кезекшісі тұсынан 20 секундта өтті. Пойыздың ұзындығын табыңдар.

А) 211 B) 380 C) 400 D) 855 E) 350

11. Ұзындығы 150 метрге тең пойыз бағананың қасынан 15 секундта өтеді. Ал ұзындығы 450 метр болатын көпірден қанша уақытта өтіп болады?

A) 45 сек B) 60 сек C) 1 сағ D) 2 мин E) 90 сек

12. Ұындығы 150 м болатын пойыз бағанның жанынан 13 секундта өтті. Бұл пойыз ұзындығы 600 м болатын тунельден қанша секундта өтеді?

A) 26 с B) 39 с C) 52 с D) 65 с E)75 с

13. Ұзындығы 420 м пойыз көпірден 58 секундта өтті, ал станса кезекшісі тұсынан 21 секундта өтті. Көпірдің ұзындығын табыңдар.

А) 560 B) 640 C) 700 D) 725 E) 740

14. Қасқыр өзінен 83 м қашықтықтағы түлкіні 1637 м/с жылдамдықпен қуды. Түлкі қасқырдан 1012 м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундтан кейін қуып жетеді?



А) 14 с В) 30 с С) 22 с Д) 12 с Е) 28 с

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет