1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу



Дата18.02.2018
өлшемі452,68 Kb.
#38036
II деңгей 
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады./түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады 
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі .....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк ..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну ...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі ...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың

III деңгей

1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт. 
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.

Тақырып .« Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» 

I деңгей 
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы. 
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. 
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. 
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
жалғауын жалғаңыз.
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана .............................................................................
Ата-ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................

II деңгей

1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр 
2.Отан туралы 5- мақал-мәтел дәптеріңе жаз

III деңгей

1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып,мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне,ой,бас,би.

Тақырып. «Мемлекеттік мерекелер»


I деңгей 
1. «Ұстаз мерекесі» атты мәтінді түсініп оқы. 

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.


Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.

2. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.


Ата-ана ,ата -әже, әке,ана,бала,қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы,
Кенже,жеңге, жезде, немере,сіңлі, қарындас, іні, аға.

II деңгей 

1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Астана мерекесін өз сөзіңмен әңгімелеп бер./8-сөйлем/
3.Мына етістіктермен сөйлем құрастыр.
Орналасты,еңбектен,біледі,ақылдас ,жазылды,кеңесу,билеу.

1. Мәтінге жоспар құру.


2. «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.

Тақырып. « Кең –байтақ Қазақстаным » 

«Кең –байтақ Қазақстаным» атты мәтінді түсініп оқы.
Iдеңгей
1.Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей 
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік,қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі ...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну ... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
III деңгей
1.Кең –байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.

Тақырып. « Табиғат тамашасы »


I деңгей 
1.Мәтінді түсініп оқы 
1. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. ...ің атым ................. 
2. ...дің отбасымыз тату-тәтті.

II деңгей 

1) Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Адамның дені сау болу үшін не керек? 
2. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды? 
3. Дүниежүзілік проблема қандай? 
4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек? 

2) Сөздердің антонимдерін табыңыз:


1. Жақсы ...
2. Ұзын ...
3. Аққұба ...
4.Жалқау ...
5.Ақылды ...

III деңгей

1.Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

Тақырып. « Хайуанаттар әлемі»

I деңгей 
1. « Ит –жеті қазынаның бірі» атты мәтінді оқып,аудар. 
“Ит – жеті қазынаның бірі”, “Ел жатпай, ит тынбас”, “Ит иесін қорғайды”, “Ит – үйдің құлағы” деген секілді мақал-мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал-мәтелдерде адамға тән жақсылы-жаманды мінез-құлықтар, іс-әрекеттер бейнеленеді, соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық мінез қылықтардың көбісі ит пен есек арқылы берілген десек, әсте асыра айтқандық болмас.

2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.


1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

II деңгей 


1.Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастыр.
2. Тесті орында.
1.Септік жалғау…
а.заттың көптігін білдіру үшін
ә.сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
б.заттың біреуге тән екенін білдіреді
2.Мына сөз қай септікте тұр?
Балапан
а.Атау септік ә.Ілік септік 
б.Шығыс септік

III деңгей


1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

Тақырып. «Табиғат аясында » лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

I деңгей 
1. мәтінді түсніп оқу.
1. Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама.
Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма, гүлді жұлма.
Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады. Өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді.Жауыннан жиналған шалшықты кешпе.
Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды. Себебі ол – балықтардың тұрағы. Балық жаны – суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу - әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.
2. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз
а) Мен –қазақпын
ә) Олар жастар
б) Жомарттың әкесі
в) Астанадан келді

II деңгей 

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз
... 100 жыл бар,...12 ай бар, ...4 апта бар, ...7 күн бар, ...24 сағат бар, ...60
минут бар, ...60 секунд.

2.Сұраққа жауап бер:


1.Қоршаған орта дегеніміз не?
2.Жаңбыр жауғаннан кейінгі табиғаттың көрінісі?
3.Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
4.Адам табиғатты қалай аялайды?

III деңгей


1. III модульдің Қорытынды бөлімінде «Табиғат аясында» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады. 

Тақырып. « Кино.Театр » лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.


I деңгей 
1. Мәтінді түсініп оқы.
1. Кино - қазіргі кезде елдің беделін халықаралық деңгейде көтере білетін, халық өнері мен мәдениетін басқа мемлекеттің тұрғындарына насихаттай алатын басты құралға айналған. Әрине бұл жерде режиссерлер мен актерлердің шеберлік, іскерлік қабілеттеріне көп байланысты. Әрине, басты көрермен өзіміз бола отырып, осындай жетістіктер мен кемшіліктерді бір-бірімізбен бөлісіп, кең талқыға салсақ - бұл отандық кино өнерінің дамуына қосылған бір үлес болар еді
2. Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Сыныптасымның аты- ........ Ол ......... жаста. Оның ...... бар. Ол ..... көшесінде
тұрады. Мінезі ........................ Оның көзі ......., шашы........, бойы......... Ол
.................... адам.

II деңгей Тест орындау.

1. 1.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Қазақстанның ұлттық мерекесі ..............
а/Халықаралық әйелдер күні.
ә/Республика күні
б/Адам құқықтарының күні.
2.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазыңыз.
1 қазан ...........халықаралық күні.
а/Қарт адамдардың 
ә/Біріккен Ұлттар Ұйымының
б/Қауіпсіздік күні
3.Той сөзінің синонимдерін белгілеңіз.
а/мейрам,мереке
ә/би,өлең
б/гүл,өсімдік
4.Антонимді табыңыз.
а/шығыс,солтүстік. 
ә/күз,жаз.
б/күн,түн
5.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Наурыз-........деген мағынаны білдіреді.
а/жаңа күн
ә/жаңа жыл
б/ескі күн
III деңгей
1. Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

Тақырып. «Тарихи қайраткерлер».

І.Деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы . 
Қазақ хандары.
XV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.
-Ұлы жүз
-Орта жүз
-Кіші жүз. 
Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар-руларға, рулар аталарға бөлінген.
Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында – хан тұрған.
Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке,Абылай және т.б.болды.

2. Төмендегі сөздерді оқып, олардың сындық мағыналарын анықтап,


тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңыз. Үлгі: Тұщы су.
Тұщы. Ащы. Таза. Лас. Биік. Аласа. Жақсы. Жаман. Жұмсақ. Қатты. Жеңіл

ІІ.Деңгей.


1) Сұраққа жауап бер.
1. Абылай хан кім?
2. Абылайдың шын аты қандай?
3. Ол қай ғасырда өмір сүрді?
4. Ол қандай батыр?
5. Абылай хан кімдермен соғысты? 
6 .Қазақ халқы Абылайды кандай адам деп санаған?
7. Сенің пікірің. Менің ойымша .....деп баста.

2) Сөздерге синоним жаз.


Басқарушы-
Дұшпан-
Батыр-
Күш-
Атақты-
Құрмет-
Туу-
Өлу-

Сөздерге антоним жаз.


Жоғарғы-
Қосу -
қорқақ-
Ірі-
Жоқ-
Сыртқы-
Қолдау-
беру-
ІІІ.Деңгей.
1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

Тақырып.Бейнелеу өнері.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Бейнелеу өнері
Қазақ бейнелеу өнері белгілі қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевтің (1904- 1973 жж.) есімімен тығыз байланысты. Оның еңбек жолы жиырмасыншы жылдардың соңынан басталады. Қастеевтің қолынан шыққан көптеген сулы бояулы және суреттер «Көне және жаңа тұрмыс» топтамасына біріктірілді. Соғыс алдындағы жылдары Қазақстанда А. Ысмаилов, ағайынды Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, Ұ. Таңсықбаев және т. б. қыл қалам шеберлері болды.

2. Антонимдерді табыңыз.


1.Бүгін-
2.Таңертең-
3.Күндіз-
4. Жазда-
5. Жиі-
6. Қазір-

II деңгей.


1. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз,сөйлем құрастырыңыз.
2. Бейнелеу өнері,шебер.
1)Сөздерге синоним жаз.
Білгір-
Ғалым-
Мағына-
Ұстаз-
Тым-
2) Сөздерге антоним жаз
Үлкен-
Қамалды-
Ыстық-
Пысық-
Жылдам-

III деңгей.


1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.

Тақырып: «Мемлекеттік тіл».


I деңгей.
Мемлекеттік тіл.

1.Мәтінді түсініп оқы.


Қазақ тілі – қазақ халқыныңғ ана тілі .Ол халық тарихымен бірге жасап,ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары-ноғай, қарақалпақ, татар,башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі –Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан,Монғолия,Қытай,Ауғаныстан,Иран,Түркия,т.б елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі -өркендеген мәдениеттің тілі,ғылыми тіл,ресми іс қағаздарының тілі.
2.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз.

II деңгей.


1.«Мемлекеттік тіл» тақырыбына диалог құраңдар.
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Әпкесі өзінен кіші қызды кім дейді?
а/қарындас
ә/апай
б/сіңлі
Келген қонақты ..............отырғызамыз.
а/босаға
ә/төрге
б/жерге
2.Көп нүктенің орнына етіс жұрнақтарын қойып жазыңыздар.
а) Мақпал мектептен сұра..ды. ә) Олар ұзақ уақыт әңгіме..ті. б)Мұғалім оқушыларға жаттығу жаз..ды.

III деңгей.


1.Мәтінді мазмұндау.
2.Мына сөздерге мағыналас сөздер табыңдар.
Қасында-
Ренжіді-
Мұғалім-
Оқушы-

Тақырып: Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі.Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.
Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта өте ертеден –біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ мәлім болған.Содан бері бұл тіл халқымыздың қатынас құралы болып келе жатыр.

2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңыз.


Халы..,елім..зде,өкілд..к,үйрен..п,қаза..ша,қара..ай,қ..лын,түлк..,
әд..л,мейір..мді,ұрпа..,м..лдір.

II деңгей.


1.Мәтін бойынша сұхбат құр.
2.Сын есімдерді сәйкес келетін зат есімдермен тіркестір.
Ұлттық-.........................жігіт
Қалалық-.......................киім
Мерекелік-....................дастархан
III деңгей.
1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта.
2.Туған жер,Отан,тіл туралы 8 -мақал-мәтелді есіңе түсіріп, жазбаша жаз.

Тақырып:Сөздіктердің түрлері.


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.

Сөздіктің түрі көп.Олардың мақсаттары мен міндеттері әр түрлі.


Орфографиялық сөздікте сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі.Орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын ,дұрыс оқылуын үйретеді.
Түсіндірме сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады.Екі тілді адарма сөздік басқа тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді.
Сөздіктер -әрбір оқушының ,әрбір сауатты адамның білім алуы,дамуы күнделікті керекті құрал.

2.Есептік сан есімдерді жазбаша түрде дәптеріңе жаз.


40,86,92,2012,192,605,120,555,3225,800.

II деңгей.


1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жасап,сөйлем құра.
Тіс,оқы,арқа,кел.

III деңгей.


1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті өткен шақ және келер шақ есімше түрінде жұптап,жекеше түрде тәуелде.
Күт,шыда,сыйла,жібер,аш,жаса.

Тақырып: Қазақ тілі сабағында .


I деңгей.
1.Мәтінді түсініп оқы.
Біз биыл 7 –сыныпта оқып жүрміз.Біздің мектепте қазақ тілінен басқа орыс,ағылшын тілдерін оқытады.Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады.Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.Біз сабақта мәтінді оқып,мазмұнын айтамыз.Мәтін бойынша бір-бірімізге сұрақ қойып,жауап береміз.Ауызша тақырыптарға диалог құрастырамыз.Диктант,мазмұндама,шығарма жазамыз.Сабақта көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз.Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.
2.Етістіктерді келер шақ есімше тұлғасында ,I жақта жаз.
Үлгі:шақыр+ар-мын.
Шақыр,тоқта,ки,аяқта,аудар ,қуан,біл.

II деңгей.


1.Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндір.Кім болғың келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап бер.
Ғалым болу арманым

Ғалым болғым келеді


Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді
Гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған күй болып,
Шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған күн болып,
Балқып тұрғым келеді.
Артқа тастап ғасырды,
Тасып кеткім келеді.
Алатаудай асылды
Ашып кеткім келеді.
/Х.Талғаров/
2.Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.

III деңгей.


1.Мәтінді мазмұндап,негізгі ойын анықта
2.Етістікті тіркестерді қалау рай тұлғасында жазыңыз.
Үлгі: Айтып келдім-айтқым келеді.
Айтып келдім, күлкісі келді, біліп отырмыз, жақсы оқы, қолыңды көтеріп отыр, ән айтып бер.


1-деңгейлік тапсырма

3-деңгей


1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

учебник, ученик, звонок, перемена, резинка;

2.Берілген сөздерді септе:

кітап, дәптер, ауыл.

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей


1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

дома, дома, стена, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Үйім, бөлмең, қабырғасы.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 4 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей


1.5 мақал-мәтелді жатқа жаз.

2.« Менің Қазақстаным» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]




2-деңгейлік тапсырма
3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Ручка, учитель, учиться, букварь, книга, линейка, писать, урок, считать, пенал.

2.Берілген сөздерді септе:

Мұғалім, үзіліс, қоңырау;

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Двор, живу, площадка,микроройон, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Ауданым, қоңырауың, үзілісі.

3. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте:

4.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей


1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Ықшамаудан, көрші.

2.« Менің қалам» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]


3-деңгейлік тапсырма
3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Тетрадь, доска, класс, дневник, учить.

2.Тәуелденген сөздерді септе:

Оқулығым, өшіргішің, оқушысы.

3.10 сөйлем құрастыр.

2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Голова, рот, глаз, нос, волосы, рука, зуб, губы, лоб, пальцы, нога, бровь, ресницы, лицо, грудь.

2.Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелде:

Жұлдыз, студент, бауыр.

3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

1-деңгей

1.4 жұмбақты жатқа жаз.

2.2 жаңылтпашты жатқа жаз.

3.« Менің отбасым» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]



4-деңгейлік тапсырма
3-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Овца, коза, корова, верблюд,кобыла, собака, свинья, волк, заяц, белка, тигр, медведь, слон, лошадь, лев, кошка, бобер, лиса, олень, лось.

2.Бірінші тапсырмадағы сөздермен 15 сөйлем құрастыр.


2-деңгей

1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Белый, черный, красный, оранжевый, синий,голубой, зеленый, коричневый, серый, розоый, желтый, фиолетовый, белый-белый, пестрый, черный-черный.

2.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Қуыршақ, түлкі.

3.20 сөйлем құрастыр.


1-деңгей

1.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Бар, кел.

3.« Менің мектебім» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫ



5-деңгейлік тапсырма

3-деңгей


1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Огурец, чеснок, картофель, лук, свекла, помидор, виноград, яблоко, вишня, груша, абрикос, арбуз, дыня, клубника, смородина, морковь, чернослив, капуста, тыква.

2.10 сөйлем құрастыр.

3.Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жекеше, көпше түрде тәуелде:

(вишня, смородина, морковь)

2-деңгей


1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

Ягненок, верблюжонок, козленок, зайчонок, щенок, теленок, поросенок, цыпленок, жеребенок, волчонок, медвежонок, лисенок, котенок, лосенок, олененок.

2. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

3.Берілген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Айт, ойна.

1- деңгей

1.Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақтың жекеше, көпше түрінде жікте:

Айт, ойла.

2.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар:

страна, Родина, национальность, живем, герб, многонациональный, флаг, дружно, столица, улицы,

в городе.

3. 10 сөйлем құрастырып, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

4. 2-ші өлеңіңді жатқа айт.
6-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар. Дома, стена, дома, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната.

2.Бастауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.Берліген сөздерді жекеше, көпше түрде жікте: ұстаз, шәкірт.

2-деңгей.

1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Жұмысшы» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Ұлттық валюта -теңге» . Қысқаша жазып,әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің неше түрі бар? Мысалдар келтіріп, дәлелде.

2.«Мектеп, ауа» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қазақстан Республикасының рәміздері». Қысқаша жазып,әңгімелеу.

4.«Қазақстан» өлеңін жатқа айт.



7-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Баяндауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.2 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса: ұстаз, шәкірт.

2 –деңгей

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген етістіктерді болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: жүгір, жаз.

3.«Ел ордасы-Астана».Қысқаша жазып,әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Стадион» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Отаншылдық-ұлы қасиет». Қысқаша жазып, әңгілемеу.

4. Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, жатқа айт.


8-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ел ертеңі-жастар» .Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3.Берілген сөздерді өткен шақта жікте: же, іш.

2-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Ұстаздар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Бірлік пен ынтымақ елі». Қысқаша жазып әңгілемеу.

4.Тәуелденген сөздерді септе:

халқым, шекарасы, ойың.

1-деңгей.

1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген етістіктерді мақсатты келер шақтың жекеше, көпше түрінде жікте: серуенде, басқар.

3.«Елдестірмек елшіден». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақал-мәтелді жатқа жазып, айтып бер.
9-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1.Анықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерге фонетикалық талдау жаса. Ақшыл, көрші.

3.«Экология». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Толықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Табиғатты қалай қорғаймыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Берліген етістіктерді нақ осы шақты жікте: сындыр, жаса.

1-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қорғаймыз» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Байқоңыр ғарыш айлағы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Кел, балалар ,оқылық» өлеңін жатқа айт.



10-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Пысықтауыш дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді қазақ тіліне аудар: живу, двор, площадка, микрорайон, многоэтажный, окно, дверь, сосед, лестница, форточка.

3.«Менің мектебім» (15 сөйлемнен кем болмау керек,) Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.20 зат есім жазып , оларды топта.(жалпы-жалқы , жанды-жансыз)

2.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

3.«Ғалымның пікірі», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Су-тіршілік көзі». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-өлеңіңді жатқа айт.


11-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берліген сөздерді осы шақта жікте: төсе, жаса.

3.«Ауа райы » тақырыбына диолог жаз.

2-деңгей.

1.Жақты , жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.10 үстеу, 10 сын есім жаз.

3.«Ұлы Жібек жолы» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.20 зат есім жазып, оларды топта. (жалпы-жалқы, жанды-жансыз)

3.«Кең-байтақ Қазақстан». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.5 мақалды жатқа жазып, айтып бер.
12- деңгейлік тапсырма.

3- деңгей.

1.Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздердің антонимдерін жазыңдар: мол, белгілі, қайшы келу, бұзу, жақын , алыс, алғашқы, тиімді .

3.«Оңтүстік Қазақстан аймағы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2- деңгей.

1.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

2сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Түйе» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Қасиетті Түркістан қаласы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.1-ші өлеңін жатқа айту.

1-деңгей

1.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.«Жолбарыс » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.« Ұлылар елі ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.2-ші өлеңін жатқа айту.


13- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Торғай» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Бәрі де халық игілігі үшін» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

3. «Жылқылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

1-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Шағын, орта және үлкен бизнес», Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.3-ші өлеңін жатқа айту.
14- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

Мысал келтір.

2.«Сынып » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4.сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәелденген сөздерді септе: сөйлемім, мағынасы.

3.2-ші өлеңін жатқа айту.

4.«Мемлекеттік өнеркәсіп». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Тәуелденген сөздерді септе: өлеңім, өнері, күшің.

3.«Мараттың» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Үнемшіл болу». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: производство,сырье, выгодный, поиск, вынужден, постоянно, присущий, не жалея себя.



15- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. «Дәптері» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.«Күншуақ» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

2-деңгей.

1.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Карта» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді шартты райда жікте: қара, ал, көр.

4.«Уақытта бағалай біл». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Оқушылар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3.Берілген сөздерді қалау райда жікте: көр, бар, ойна.

4.«Баспасөз өмір айнасы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: местный, интересный, подросток, периодика, массовый, событие, сведение, любимый.

16- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Себеп-салдар құрамалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді шартты райдың жікте: жүгір, ойла.

3.«Тілшілер» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Берілген сөздерді бұйрық райда жекеше, көпше түрінде жікте: секір.айт.

3.«Теледидар». Қысқаша жазып , әңгімелеу

4.3-ші өлеңін жатқа айту.

1-деңгей

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.«Қарлығаштар» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

3. Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар?

4.«Жарнама және біз» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.5 сын есім жазып, салыстырмалы шырай жаса.

17-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сан есім дегеніміз не? Неше түрі бар?

3.«Техника ғасыры». Қысқаша жазып , әңгімелеу.


2-деңгей.

1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

3.«Көршілер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Біздің өміріміздегі музыка». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

1-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Шылау нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

3.«Жауынгерлер » сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4.«Әміре Қашаубаев ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

5.Төл сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
18- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Есімдік дегеніміз не? Неше түрі бар? Мысал келтір.

3.«Нұрғиса Тілендиев». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Шылау дегеніміз не? Жалғаулық шылауларды қатыстырып 5 сөйлем құрастыр.

3.«Шәмші Қалдаяков». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.«Ескерткіш» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

1-деңгей

1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Септеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.Төлеу сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Берілген сөздерді етістіктің нақ осы шағының жекеше, көпше түрінде жікте: көтер, ойна.

5.«Өнер сайысы». Қысқаша жазып , әңгімелеу.
19-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей.

1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Демеулік шылауларды қатыстырып 3 сөйлем құрастыр.

3.Төл сөз дегеніміз не?Мысал келтір.

2-деңгей.

1.Үстеу дегеніміз не? Үстеудің неше түрі бар? Мысал келтір.

2.Тәуелденген сөздерді септе: мектебім , атаң, қарындасым.

3.«Ән туралы аңыз». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

1-деңгей


1.Оқшау сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.(одағай, қаратпа сөз, қыстырма сөз)

2.Жалғаулық шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

3.«Спорт қашан пайда болды?». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.10 сын есімді қатыстырып сөз тіркестерін жаса.

5.1-ші өлеңін жатқа айту.
20- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Жинақтық сан есім қалай жасалады? 5 сөйлем құрастыр.

3.Диолог дегеніміз не? Мысал келтір.

2-деңгей


1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Реттік болжалдық сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Қазақстан мерейін өсірген спорт» Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Болымысз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

1-деңгей

1.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2.Топтау, бөлшектік сан есімдерді қатыстырып 6 сөйлем құрастыр.

3.«Денсаулығыңды шыңда». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

4.Салыстармалы шырай дегеніміз не? Салыстырмалы шырайға 5 сөйлем құрастыр.

5.2 жаңылтпаш жазып, жатқа айт.




21- деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болжалдық сан есім дегеніміз не? 4 сөйлем құрастыр.

3.«Тоғызқұмалақ». Қысқаша жазып , әңгімелеу.

2-деңгей


1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса

2. Топтау, бөлшектік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір 6 сөйлем құрастыр.

3. «Кереует» сөзіне морфологиялық талдау жаса.

4. «Шахмат қалай пайда болды?». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

1-деңгей


1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Реттік, болжалдық сан есімдер қатыстырып, 6- сөйлем құрастыру.

3. «Компьютер» сөзіне морфологиялық талдау жасау.

4. «Тарихи мәдени ескерткіштер». Қымқаша жазып, әңгімелеу,

5.Қожа Ахмет Йассауи кім?


22-деңгейлік тапсырма

3-деңгей

1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Тәуелденген сөздерді септе: добым, теннисі, уақытың.

3. «Теннистің де тарихы бар». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2- деңгей

1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Фонетикалық талдау жаса: қауырсын, көгершін.

3. «Ұлттық байлық дегеніміз не?». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

4.Ауыспалы өткен шақта жікте: серуенде, көр.

1-деңгей

1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Бұрынғы өткен шақта жікте: сөйлес, жүгір

3. «Тарих ғажайыптары». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4. Мекен үстеу қандай сұраққа жауап береді?

3 сөйлем құрастыр.

5. Демеулік шылауларды қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр


23-деңгейлік тапсырма

3-деңгей


1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2. Одағайды қатыстырып 3 сөйлем құрастыр

3. «Ғажайып ғимарат». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Қыстырма сөздерді қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр

3. «Тұмар патша». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4. 3-ші өлеңін жатқа айту..

1-деңгей.

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Сілтеу, өздік есімдіктерін қатыстырып , 6 сөйлем құрастыр.

3.«Көне Отырар». Қысқаша жазып, әңгімелеу

4.10 мақал- мәтелді жатқа айт.

5.Еліктеуіш сөзді қатыстырып 3 сөйлем құрастыр.


24-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Атаулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

3. «Марқакөл-ел мақтанышы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей

1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Белгісіздік есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3.Сөйлемнің біріңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.

4. «Балқаш пен Алакөл». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

1-деңгей

1.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2 сөйлем құрастырып, талдау жаса.

2.Болымсыздық есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

3. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

4.Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.

5.Ырықсыз етістікке мысал келтір.


25-деңгейлік тапсырма.

3-деңгей


1.Өзгелік етіске мысал келтір.

2.5 мақал-мәтел жазып, жатқа айт.

3. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

2-деңгей


1.Ырықсыз етіске мысал келтір.(3 сөйлем)

2.Себеп үстеу дегеніміз не? Мысал келтір (2сөйлем)

3.Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыру.

4. «Тіл ұлттың игілігі». Қысқаша жазып, әңгімелеу.


1-деңгей

1.Ортақ етіске мысал келтір.( 3сөйлем)

2.Сын-бейне үстеуге 4 сөйлем құрастыр.

3.Септеулік шылауларды қатыстырып, 6 сөйлем құрастыр.

4. «Өмір талабы». Қысқаша жазып, әңгімелеу.

5.Болымсыздық етістіктерін қатыстырып, 4 сөйлем құрастыр.



«Қазақ тілі мұғалімдеріне көмек»

(әдістемелік құрал)

жаратылыстану-математикалық бағыты

Кукеева Н.С.

2015-2016 оқу жылы
Алғы сөз

Ұсынылған әдістемелік құрал орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне көмек ретінде беріледі.

Осы құралда берілген материалдар тілді үйренушілерге қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтары мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан жақсы тілді меңгертудегі сөйлеу әрекетінің төрт түрі - тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылымға сәйкес қалыптасатын білім дағдыларының талаптарын қамти отырып, тақырыпты меңгеруге байланысты көрсетілген.

Олардың ішінде қоғамның әр саласында күнделікті қарым-қатынас жасауға арналған материалдар мен тіл үйренушінің ойлау қабілетін дамытатын, сөйлеуге үйрететін және сөйлеу дағдысын қалыптастыратын сұхбат үлгілері мен сөздіктер,кестелер, жаттығулар , суреттер,сабақ үлгілері берілген.

Біз осы көмекші құрал арқылы орта буынның жас ұрпақтары сапалы білім алады деп үміттенеміз.

Лексикалық сәті.

Жеке карточкалар

1 Тақырып : « Қазақ тілі сабағында»

-Қай мектепте оқисыңдар?

-Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өтеді?

-Қазақ тілінен сабақты кім береді?

-Сендер қазақша жақсы сөйлесіңдер ме?

-Қазақ тілінде қандай теледидар бағдарламасын көресіңдер?

-Қазақ тілінде қандай газет-журналдар оқисыңдар?

-Кеше қандай мереке болды?

Қазақ тілі деген сөз қандай ассоцияция туғызады?


2. Тақырып: «Антонимдер , синонимдер, омонимдер»
А –тобы Сәйкестігін тап

А) Антоним                                                                        В) Синоним



1.      еңбекқор

2.      айыппұл

3.      жылдам

4.      тыйым салу

5.      жаңа

6.      үндемеу



1.      баяу

2.      көне

3.      рұқсат беру

4.      жалқау

5.      әңгіме-дүкен құрау

6.      сыйақы



1.      үнемі

2.      әзірлеу

3.      еріншек

4.      дәмдес

5.      тағам

6.      даяшы



1.      жалқау

2.      тамақ

3.      жиі

4.      кезекші

5.      даярлау

6.      табақтас




В –тобы

1. Сөздерге синоним жаз.

Атақты-

Халық-


Ел-

Тұнғыш-


Ақыл-
С –тобы

  1. Сөздерге антоним жаз.

Ақ –

Таза –


Ақылды –

Жақсы –


Бейбітшілік-
D –тобы

Кестені толтырыңдар




Мына сөздердің синонимін жаз

Антонимін жаз

Басқару-

Дұшпан-

Батыр-

Атақты-

Құрмет-

Өмір сүру-

Халық -

Көрікті –

Мұғалім -


Жоғарғы-

Қосу –


Қорқақ-

Ақылды -

Ірі-

Бар -


Ішкі -

отыру-


толық -

3. Тақырып: «Өзім туралы»
1-тапсырма: Сұрақтарды аударыңдар

1. Как тебя зовут?

2. У тебя есть бабушка и дедушка?

3. Чем они занимаются?

4. Сколько лет твоему отцу?

5. Где он работает?

6. Сколько лет твоей маме?

7. Как её зовут?

8. У тебя есть братишка (сестрёнка)?

9. Что они делают?

10. Где ты живёшь?
2 -тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңдар

1.Менің ... .

2.Менің ... .

3.Олар ... .

4. Әкем ... .

5. Ол ... .

6. Анам... .

7. Оның ... .

8. Менің ... .

9. Олар ... .

10. Мен ... .
3-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер

1. Сенің атың кім?

2. Атаң мен әжең бар ма?

3. Олар не істейді?

4. Әкең неше жаста?

5. Ол қайда жұмыс істейді?

6. Анаң неше жаста?

7. Оның аты кім?

8. Інің (қарындасың, сіңлің) бар ма?

9. Олар не істейді?

10. Сен қайда тұрасың?
4-тапсырма: Көп нүктенің орынан керекті сөздерді қойып, жұптасып диалог айтыңдар.

1. Менің атым ... .

2. Менің атам мен әжем бар (жоқ),

3.Олар- зейнеткерлер, құрметті демалыста.

4. Әкем 45 жаста.

5. Ол зауытта жұмпыс істейді.

6. 42 жаста.

7. Оның аты ... .

8. Менің інім (қарындасым,сіңлім) бар (жоқ).

9.Олар мектепте оқиды.

10. Мен Алматыда тұрамын.

5-тапсырма: Көп нүктенің орынан керекті сөздерді қойып, жұптасып диалог айтыңдар.
- Менің сүйікті ісім.......

- Менің сүйікті түсім....

- Менің сүйікті жануарым.....

- Менің сүйікті жолдасым.....

- Менің сүйікті дыбысым.....

- Менің сүйікті иісім......

- Менің сүйікті ойыным.....

- Менің сүйікті киімім.....

- Менің сүйікті әуенім.....

- Менің сүйікті жыл уақытым.....

- Менің ең жақсы көріп істейтін ісім....

- Менің ең жақсы көріп баратын жерім.....

- Менің сүйікті әншім немесе тобым.....

- Менің сүйікті кейіпкерлерім.....

- Мен өз бойымда ...... деген икемділіктің бар екенін сезінем.

- Мені ең көп таңдандыратын адамым.....

- Өте жақсы ...... істей аламын

- Мен ..... істейтініме сенімдімін.

- Мен өзіме сенімдімін, өйткені........
6-тапсырма: Берілген сөздерді пайдаланып , жұптасып диалог құрастырыңдар.
4 Тақырып : Ауа райы
Бүгін ауа райы қандай?

Тамаша Жақсы Жаман

Күн жылы ма?

Ыстық Жылы Салқындау Суық

Жарко тепло прохладно холодно

Жел бар ма?

Жауын –шашын бар ма? Осадки есть?

Жаңбыр сіркіреп тұр Моросит

Күн қатты жауып тұр Сильно идет

Нөсерлетіп жауып тұр Идет проливной дождь

Қар жауып тұр Снег идет

Жер көк тайғақ Гололед

Ауаның ылғалдылығы қандай? Какова влажность воздуха?

Ауаның ылғалдылығы 80% пайыз Влажность воздуха 80%

Атмосфералық қысымы қандай? Каково атмосферное давление?

Атмосфералық қысымы сынап бағасына бойынша 736 мм

Атмосферное давление 736 мм ртутного столба

Ауаның температурасы ше?

Минус он градус

Ертеңгі ауа райы қандай болады екен? Интересно, какая будет погода завтра?

Ертең қар жауады Жел соғады Тұман түседі

Баяу жел соғады Будет умеренный ветер

Жауын – шашынсыз болады Будет без осадков

Аздаған бұл тұрады Небольшая облачность

Қатты ыстық болады Будет очень жарко

Күн күркіреп найзағай жарқылдайды Будет гроза и молния

Түнде салқындайды Ночью похоладает

Күндіз тағы да ыстық болады Днем сново будет жарко

Ауа райы құбылмалы Погода переменчива

Толық бір тәулік Целые сутки

Солтүстікте климат континентті На севере климат резко континентальный

Оңтүстікте климат жұмсақ На юге климат мягкий

Сенің сүйікті жыл мезгілің қандай? Какое твое любимое время года?

Мен көктемді ұнатамын Я люблю весну

Көктемде күн жылынады, табиғат жаңара бастайды.-

Весной становится тепло, природа обновляется

Күзде күн қысқарады, түн ұзарады

Қыс неше ай болады?

Жаз қаншаға созылады? Сколько длится лето?

Көктем ше? Үш айы кыс,........

Ауа райы адамның өміріне ұқсайды Погода похожа на человеческую жизнь

Ол қалай?

Солай емес пе? Ни так ли?


7-тапсырма: Берілген сөздерді пайдаланып , жұптасып диалог құрастырыңдар.
5 Тақырып : Апта

Ереже әлемінде

Бір жылда неше күн бар?

Бір жылда неше апта бар?

Аптада неше күн бар?

Бір жылда неше ай бар?

Оларды ата ғой.

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Оларды ата .

Сенің сүйікті жыл мезгілің қандай?

Саған неге осы жыл мезгілі ұнайды?

Бүгін нешесі?

Бүгін қыркүйектің бірі

Бүгін бірінші қыркүйек

Бүгін қыркүйек айының бірінші жұлдызы

Ертең аптаның қай күні?

Ертең аптаның сәрсенбі - сәттә күні

Завтра среда –удачливый день


8-тапсырма: Жұптасып диалог құрастырыңдар.
6 Тақырып: Қазақстан

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Біз қай республикада тұрамыз?

  • Қазақстан қайда орналасқан?

  • Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Қазастан БҰҰ-ына қашан кірді? Ал, Қазақстанда неше аумақ бар?

  • Қазақстанның Солтүстік аймағында неше облыс бар?

  • Қостанай облысының облыс орталығы қай қала ?

  • Қазақстанның аумақтарын кім көрсетеді?

  • Дүние жүзінде қанша қазақ бар?

  • Қазақтар Қазақстаннан басқа қанша елде тұрып жатыр?

  • Қазақстан республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Қазақстандағы мемлекеттік құрылым түрі қандай?

  • Президент басқаратын бірыңғай мемлекет.

  • Біздің мемлекетіміздегі жоғары лауазымды адам кім?

  • Республиканың қай жоғарғы өкілетті органы заң шығарушы қызметті атқарады?

  • Қай кезден бастап Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті?

  • 22 наурыз, 1 мамыр, 30 тамыз, 25 қазан , 16 желтоқсан күндері қазақстандықтар қандай мерекелерді атап өтеді?

  • Елбасының халыққа 2050 Жолдау қашан жарияланды?

  • Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қандай?


9-тапсырма: Жұптасып диалог құрастырыңдар.
7 Тақырып: Менің Қазақстаным
1 Сен қай республикада тұрасың?

- Мен Қазақстан республикасында тұрамын.

2.Қазақстан қандай мемлекет ?

- Қазақстан көп ұлтты , егеменді, тәуелсіз мемлекет .

3. Қазақстанның астанасы қай қаласы?

- Қазақстанның астанасы - Астана қаласы

4. Мемлекеттік рәміздерін ата.

- Қазақстанның рәміздері – елтаңба, ту, елұран.

5.Туда не бейнеленген?

- Туда шұғылалы күн, қыран құс, ұлттық өрнек бейнеленген.

6. Елтаңбада не бейнеленген?

- Елтаңбада шаңырақ, аңыз пырақтар, уықтар , жұлдыз, « Қазақстан « деген жазу бейнеленген.

7. Қазақстан Республикасының негізгі заңы не ?

- Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Ата заңы.

8. Елбасының Республика халқына қандай жолдау жарияланды?

- « Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланған.

9. Ұлттық валюта қай жылы қабылданды ?

- Тенге 1993 жылы 15 қараша айында қабылданды.

10.Банкноталардың беткі жағында не бейнеленген?

- Банкноталардың беткі жағында « Астана – Бәйтерек» монументі және ашық алақан бейнеленген.

11. «Астана – Бәйтерек» монументі ненің нышаны? –

« Астана – Бәйтерек» - монументі – бейбітшілік пен татулықтың нышаны.

12. Ашық алақан ненің нышаны?

Ашық алақан – ашықтық пен адал ниеттің нышаны.


8-тапсырма: Оқы , аудар, сұраққа жауап бер.
Сенің атың кім? менің атым ...........

Жасың нешеде? Мен 25 – темін ( - дамын, -демін, )

Қай жылы, қашан тудың? Мен .............. жылы наурыз айында тудым

Ұлтың кім? Ұлттым орыс ( украин, татар, неміс)

Қай Республикасының азаматысың? Мен Қазақстан Республикасының азаматымын

Қайда тұрасың? Мен .................... тұрамын.

Сенің ана тілің қай тіл? Менің ана тілім ..................... тілі

Сен өзтілінде сөйле аласың ба?..........................

Қазақ тілінде үйде сөйлейсің бе?.....................сөйле алмаймын, себебі .........

9. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.

1. Мұрагер , құлагер, кітапша



Мысалы: Мұрагер - 3 буын (1-«мұ» ашық, 2- «ра» ашық, 3 –«гер» бітеу , 7 әріп, 7 дыбыс,

3-д-ты, 4-д-сыз

М – дауыссыз, үнді дыбыс.

Ұ – дауысты, жуан, еріндік дыбыс

Ғ – дауыссыз, ұяң дыбыс

А – дауысты, жуан, ашық, дыбыс

Л – дауыссыз, үнді дыбыс

І – дауысты, жіңішке, қысаң дыбыс

М - дауыссыз, үнді дыбыс.

2



Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Құлыншақ, бұзау, күшік



Құлыншақ - буын, д-ты, -д-сыз, әріп, дыбыс

Қ-

Ұ-

Л-

А-

Г-

Е-

Р-

3 Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Оқулық, кітап , сызғыш

Оқулық - буын, д-ты, -д-сыз, әріп, дыбыс



О –

Қ –

У –

Л –

Ы –

Қ-

4



Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жаз.

Мысалы: Қызық кітап

.... кітап, .....адам, ..... оқушы, .....дәптер, ..... мұғалім, .......... қалам, ..............сөмке.......бор.
5

Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жаз.

Мысалы: Үлкен көзілдірік

.... көйлек, .....гүл, ..... оқушы, .....киім, ..... бәтіңке, .......шалбар, ......... аяқ киім.
6

Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жаз.

Мысалы: Жақсы бала

.... оқушы, .....адам, ..... іні, ....ана, ..... әже, .......... ата, .......қарындасым, .........туыстарыңыз.
7

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

Мысалы: тақтаны сүртті

кітап..........., Асхат ............, сыныптастарым. ..........., .үйге..... ..,сағат ........, мектепке, .........
8

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

Мысалы: хат жазды

Ауруханаға ..... ........, Қостанайға ..... .....Есіл. ..........., .кітапханадан..... ..,дәптерге ........, сөмкеден .........
9

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

Мысалы: газет оқып отыр

журнал ..... ........, теледидар ..... ........, музыканы. ...........,спорт кешеніне..... ..,ауылдан ........, Семейден, .........
10

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

Мысалы: мынау кісіден

........оқыды, ..... келді, ......керек, ..... келе жатыр, .......тыңдап отырмыз , .........секірген

......................бармайды.

11
Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

Мысалы: ешкім келмейді

........берген, ..... жаздық, ......керек емес, ..... айтамыз, .......берген жоқ , ......сөйлесіп отыр

..........беріңізші.

12 .Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың )жалғаудың немесе жұрнақтың) фонетикалық (дыбыстық) түрлерінің тиістісін қойыңдар

–ның,(-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) бала.... ойыншығы, колхоз... малы, есік.... тұтқасы, өзен... жағасы, күн.... ыстығы, қуаныш.... белгісі.

–ға, (-ге, -қа,-ке); тау.... шығу, белес...көтерілу, қағаз... жазу, кеме... міну, завод... бару, аэроклуб.. кетті.

–нан,(-нен, -дан,-ден,-тан,-тен); бетеге... биік, жусан.. аласа, тас.. қатты, сүт.. таза, жүн... тоқылған, қырман.. қайтты, өзен.. өтті


13

Мына сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын қосып жазыңыз.



Тәрбие, бақша, мұнай, жұмыс, колхоз, етік.
14

Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыздар.



Аң, тіс, ат, үй, оқушы, дәрігер, газ, аудан, өнеркәсіп.
№ 15. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, кел, ал, екі, тіл, гүл.

№ 16.Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.



Мектепке келдім. Сыныпта отырмыз. Қазақ тілі сабағы басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін.

№ 17.Буынға бөліп жазыңдар.



Оқушы, мұғалім, кітап, дәптер, қылқалам, тақта, бала, сабақ,ойындар,сурет,еңбек.

№18. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жазыңдар.



Тыныш, дәмді, сәлем, қара, анар, жүзім, алға, оңға, қызыл, тәтті, қорап, қарбыз, ұшты, үлкен, жылы.

№ 19. Кім? Не? Деген сұрақтарды сөздің үстіне жазыңдар.



Күз, жапырақ, Айгүл, дәптер, әке, құс, алмұрт, гүл, әже, балалар, жеміс, Марат, еңбек, оқушы, жұлдыз.
№ 20.Сөйлемдерді ретімен құрастырып жазыңыз.

Балалар, саяхат, білім, барлық, жасайды, әлеміне.

Жаңа, мен, оқу, пәндерді, сегізінші, сыныпта.

Өте, қазақ, өтеді, тілі, сабағы, қызық.

Қазақша, үзілісте, сөйлеседі, достарымен, ол.

№ 21. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз.



Оқу, оқулық, оқушылар, көмек, көмекші, көмекші, көмектес, көмектеседі.

№ 22. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.



Қыркүйек, дәстүр, ұлттар.

№ 23. Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты қойып, сөйлемді аяқтаңыз. Етістіктің шағын ажыратыңыз.



Мен Қазақстанда ... . Көп тіл білетін адамды полиглот деп ... . Қазіргі кезде ақындар айтысы жиі ... . Әр халықтың өз Отаны ... . Алматы қаласынан Ақмола қаласына ... .
№ 24. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тауып, оларға сұрақ қойыңыз.

1998 жылдан бастап Тілдер мерекесі өткізілуде. Адамдар тіл арқылы бір-бірімен сөйлеседі, пікір алысады.Айтыс- қазақтың төл сөзі. Отан - туып-өскен жер.

№ 25 Жатқа жаттап ал



Біздің Қазақстан

Анамыздай тілеуі ақ

Отан бізде біреу – ақ!

Ол – біздің Қазақстан!

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол – біздің Қазақстан!

Алтай – Жайық арасы-

Жарты әлемдей даласы.

Ол – біздің Қазақстан!
Каталог: uploads -> doc -> 0b47
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b47 -> Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі
0b47 -> Пәні Әдебиеттік оқу Сыныбы
0b47 -> 8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет