1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»


Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.)



бет2/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.). Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.

Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған. Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған». Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.

Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.

8) Түргеш қағанаты (704-756 жж.).Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал-қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға тан әулетенің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жөңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі.Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған

9 )Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек  тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы  Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.



ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында  Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы  Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады.  Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

10)Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.

ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан аумағында өмір сүрген үш мемлекеттің бірі – Қимақ қағанаты. Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VІІ ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек(кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Моңғолияны ме­кендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыс­та Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады. Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мəліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып саналатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік-Батысын мекендеген. Орталығы — Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы мен — Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мəселен, Əл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге, соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-оғыздар жəне кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің əр тайпасы жеке мемлекет, олар бір-бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай, олардың тайпаларының құрамы да өзгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дах­лан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамында мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аула­умен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен – адамның тәңірі” де­ген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бұдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның құрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Арал­дың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшуге мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті. Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс да­лаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты.

11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.

Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.).  Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны  Жетісу болғандығына күмән жоқ. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде партиархалды-феодалдық  мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.

Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды.  “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды.  Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді.



Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және  князь Владимир 985 ж.  оғыздарымен келісе отырып,  Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады.  Оғыздардың жер үшін жүргізген  ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының  әр жерде бас көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжүқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмәлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза болады. Селжұқтармен жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті.  Сөйтіп, ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған  қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан  селжұқтарының қол астына кірсе,  қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек,  қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.

12) Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.

Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.

Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.

Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.

13) Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы.«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Қоныстануы.

XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.

Қыпшактардың қогамдық қурылымы.Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.

Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.



14) VI- XII ғасыр Көне түркі жазба ескерткіштері

Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.

Иссык жазба ескерткіш— сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:

Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.

Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.[1]

Орхон ойма жазуларыМонголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.

Қазақстан жерінде

Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б

15)Түркі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді: Бұлғар- хазар. Батыс- түрік (оғыз). Қарлұқ. VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде сөйлеген. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған. Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты. 1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. Руналық жазулар сипаты: Маңызды зор тарихи құжаттар.Әдеби көркем шығарма. Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза. Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.



16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет