1 Дамыған мемлекеттер ақуалы. 2 Тірі организмдер дүниесі



Дата24.04.2017
өлшемі225,54 Kb.
#14649
Жоспар:

1)Дамыған мемлекеттер ақуалы.

2)Тірі организмдер дүниесі.

3)Организмдердің қоршаған ортамен байланысы.

4)Тірі организмдердің ерекше қасиеттері.

5)Державалық мемлекеттердегі тірі организмдерге шудың әсері.

6)Шу-толқынды қатты дыбыс.

7)Шудың адамзатқа кері әсері.

Өркенииетті, дамыған, технологиялық қуаты кейбір кенже қалған дәлірек айтсақ отар шағын мемлекеттермен салыстырғанда жер мен көктей жоғары,кез келген мемлекетпен бәсекеге тұра алатын державалық статусы бар,ешкімге тәуелді емес әрі ғасырға жуық уақыт бойы тәуелді болмаймыз деген алдарына жоспар құрған Америка Құрама Штаттары,Қытай Халық Республикасы,Ресей Федерациясы,Жапония секілді қарсы шыққанға экономикалық,инновациялық даму жағынан,сапа көрсеткішінің деңгейі жағынан дес бермейтін елдердің де тойтарыс беруге қаржысы да,қауқары да жетпейтін көкейкесті мәселелері бар.Санамалап айтып қатарға тізсек ол мәселелердің санын болжап айтуда қиын.Мысалы Америка елінің бір қаланың көлеміндей ақшаны қарызға алған елдеріне қайтара алмауы,қаржылық дағдарысқа ұшырап,үй жайларын тастап кетіп жатқан босқын халықтар шоғыры мұның бәрі көп мемлекеттердің басынан өтіп жатқан қиындықтар.Бірақ мұндай факторлардың ақыл-ой көмегімен қалыпқа келтіріп,салдарын жоюға болады.Ал антропологиялық және табиғи факторлардың үйлесім тауып адамзатқа тигізіп жатқан кері әсерін жою әлемді толғандырып отырған мәселе.Бірақ осындай мәселелерге бей-жай қараушылық кез келген елде басым.себебі зиянды әсерді бірінші байқайтын да,одан бірінші зардап шегіп,өміріне қауіп төндіріп алатын да бұқара халық.Дәрмені жетпегенқауқарсыз халықтың басшылық ұсынған жарлықты орындаудан басқа амалдары жоқ.Халық үшін мемлекеттің басына түскен қиындыққа көну міндетті.Қазіргі кезде адамзатты алаңдатып отырған мәселе шудың тірі организмдерге әсіресе жер бетінің саналы өкілдері адамдарға кері әсері.Жалпы қоршаған ортаға назар салып қарасақ өмір сүріп жүрген жәндіктерді басқада организмдерді көреміз.Міне осылар тірі организдер.

Тірі организмдер дүниесі - құрылымы және биосферадағы функциялық рөлі жөнінен тірі организмдердің ең ірі бірлестіктері тірі организмдер дүниесінің 5 түрі сараланады. Прокариот жоғары дүниесі екі дуниені — архибактериялар мен бактерияларды қамтиды, олар: редуценттер рөлін атқаратын ядросыз организмдер, биологиялық азот ұстаушылар, продуцент- хемотрофтар мен продуцент-фототрофтар (цианбактериялар). Эукариот жоғары дүниесі үш дүниені қамтиды, олар: Өсімдіктер — хлорофилы бар бір клеткалы және көп клеткалы организмдер, мұның өзі олардың фотосинтезді жүзеге асырып, экожүйелерде продуценттер (фотоавтотрофтар) болуына мүмкіндік береді. Жануарлар — дайып органикалық (тірі не елі) заттекпен көректепетіп гетеротрофтық организмдер. Бұл өте-мәте әр алуап топ экожүйелерде консументтер мен редуценттер рөлін атқарады. Жануарлардың барынша жылжымалылығы нәтижесінде олар органикалық заттектің орнын ауыстыруда (өсімдіктердің тұқымы мен тозаңын тасуды қоса) "көлік құралдары" болады, қөректері алуан түрлі болғандықтан (өсімдіктер мен әр түрлі жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар), — экожүйелердегі экологиялық тепетеіңікті реттеушілер болып табылады. Саңырауқұлақтар — (микроскоптық ашытқы клеткаларынан, өңездерден альт түрлеріпе дейінгі) организмдердің ұланғайыр тобы, олар органикалық заттектің редуценттері рөлін атқарады, өсімдіктердің топырақтан минералдық заттектер мен су сіңіруіне жәрдемдесіп, олармен сөлбеспелік байланыстар түзеді және өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының тығыздығың реттейтін паразиттер болып табылады.

Тірі организмге оны өлі табиғаттан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән болады.

1. Зат пен энергия алмасуы. Барлық тірі организм қоршаған ортамен затпен және энергиямен алмасып отырадьі. Олар сыртқы ортадан зат пен энергияны қабылдап, оларды түрлендіріп, пайдаланып, биосфераға ыдырау өнімдері мен жылу түрінде түрленген энергия бөліп отырады. Зат алмасудың нәтижесінде организм құрылымдарының химиялық қүрамының түрақтьглығы, қүрылысының күрделі реттілігі сақталып, тіршілік орекеттері қамтамасыз етіледі.

2. Өрбіп-көбею. Тірі организмнің маңызды қасиеттерінің бірі өрбіп-көбею қабілеті. Осының нәтижесінде организм өзіне ұқсас, өзіне тән ұрпақ қалдырады, түр сақталады.

3. Өсіп-даму. Организмнің немесе оның жеке мүшелерінің толысып қалыптасуы. Туғаннан бастап өлгенге (тіршілік тоқтағанға) дейін жеке дарақтарда байқалатын қайтарымсыз, белгілі зандылықпен атқарылатын бір-бірімен тығыз байланысты мөлшерлік (өсу, үлкею, жасушалар санының көбеюі т.б.) және сапалық (жіктелу, жетілу, қартаю т.с.с.) өзгерістер.Тірі материя дамуының екі жолы болады жеке даму (онтогенез) және тарихи даму (филогенез).

4. Тітіркенгіштік - әр түрлі өсерлерге қүрьшымның өзінің физиологиялық күйін өзгертумен жауап беруі. Осының нәтижесінде тіршілік сақталады, өсу, даму, жетілу үрдістері жүреді.

5. Өздігінен реттелу (автореттелу) - белгілі бір жүйенің өздігінен сапалы әрекет етуін қамтамасыз ететін тікелей және қайтарымды байланысқа негізделген басқару үрдісіңдегі жүйелілік.

Денедегі зат алмасу процесі қуат алмасуымен тығыз байланысты. Зат алмасу барысында қоректік заттардағы потенциалдық энергия босанып, ол механикалық, жылу, электр, сәуле энергияларына айналады да, ең соңыңда организмнен жылу түрінде бөлінеді. Демек, организмге энергия қоректік заттар құрамында келеді де, ол тіршілік әрекеттерін атқаруға, түрлі өнімдер өндіруге жұмсалады.Өлі табиғаттағы энергия алмасуынан жасушаларда жүретін процестер үш түрлі принциппен ерекшеленеді

1) қоректік заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналмайақ бірден әртүрлі жұмыстар атқаруға пайдаланыла береді және энергияның басқа түріне ауыса алады. Демек, тірі организм хемодинамикалық принциппен жұмыс істеп, энергия көзін тиімді пайдаланады.

2) тірі организмде энергия мысқалданып бөлінеді. Бұл организмді Энергиялық думпуден сақтап, қуатты толық пайдалануға мүмкіндік береді.

3) көмірсулар, белоктар, майлар ыдыраған кезде бөлінген энергияның артық мөлшері энергияның биологиялық аккумуляторы - мол қуатты заттардың (макроэрттердің) құрамына ену арқылы организмде жинақталып, қорда сақталады.Жасушаларда энергия үшкарбон қышқылы айналымына қатысатын маңызды метаболиттердің түзіліп, тотығуы кезінде босанып, жинақталады. Бұл процесс үстінде сутегі молекуласы бөлініп, көмір қышқыл газы түзіледі. Босанған сутегі молекуласы дегидрогеназалар коферменттерінің (НАД, НАДФ, ФАД) көметімен тотығу тізбетіне немесе тыныстық тізбекке қосылады. Бұл тізбекте сутегі электрондары біртіндеп жоғары энергетикалық тізбектен төменгі энергетика-лық тізбекке өтеді де, ең соңғы акцепторға - оттегіне беріледі, басқаша айтқанда ол тотығады. Бұл процесс барысында бөлінген энергияның аздау бөлігі (30-40%) жылу түрінде болінеді де, қалған бөлігі (60-70%) АТФ-тың макроэргиялық байланыстарында жинақталады. АТФ-тың осылай тыныстык тізбектегі сутегінің тотығу энергиясының есебінен түзілу жолын тотықпалы фосфорлану деп атайды. Сонымен, энергия өзгерістерінің негізінде қоректік заттардан электрондар босанып шығуы салдарынан олардағы қуаттың организмдегі химиялық реакцияларды жаңдандыратын қасиеттері жатады.



Организмдегі энергая алмасуын энергия тендестігін анықтау арқылы зерттейді. Ол үшін организм қабылдаған және бөлген энергия мөлшерін салыстырады. Организмнің қорекпен қабылдаған энергиясының мөлшерін брутто (жалпы) энергия деп атайды. Брутто энергия мен организмнің зәрмен, нәжіспен, түрлі газдармен бөлген және қабылданған қорек пен ішкен суды жылытуға шығындаған энергиясының айырмасын нетто-энергия дейді. Демек, нетто-энергия организмнің тіршілік әрекеті үшін жұмсалатын энергия. Брутто-энергия мен нәжіс энергиясының айырмасын қорыту энергиясы дейді. Ал, қорыту энергиясы мен зәрмен бөлінген энергия айырмасын алмасу энергиясы деп атайды. Алмасу энергиясы организмнің тіршілік әрекеті мен өнім өндіруге (жұмыс атқаруға) жұмсалатын энергия.

Организм қабылдаған жалпы энергияны қоректік заттардың қуаттық құндылығына сүйене отырып анықтайды. Ал, қоректік заттардың қуаттық құндылығын анықтау үшін арнаулы аспап-калоримет-риялық құты (бомба) қолданылады. Бомбаның ішіне 1 г зерттелетін зат салынады да, оны таза оттегімен толтырып, электртогын қосып, жағады. Зерттелетін зат бөлген жылу мелшері Джоуль бірлігімен өлшенеді. Калориметриялық бомбада жанғанда 1 г көмірсу 17,6 кДж (4,1 ккал), 1 г белок - 24,3 кДж (5,7 ккал), 1 г май - 38,9 қДж (9,3 ккал) энергая бөледі. Организмде белок толық тотықпайды белок құрамынан бөлінген амин тобынан түзілген несепнөр өзімен бірге біршама энергияны ұстап қалады. Осымен байланысты белоктар орга-низмде 17,6 кДж (4,1 ккал) ғана энергия бөледі.Рацион құрамыңдағы көмірсулар, белоктар және майлар мөлшерін анықтағаннан соң, организм қабылдаған энергия мөлшерін есептеп шығаруға болады,Калориметриялық бомба көмегімен зәрдің, нәжістің кұрамындағы энергияны есептеп шығаруға болады.Газдардың калориялық коэффициенті организмде тотыққан орга-никалық заттардың табиғатына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, белок тотыққанда организм сіңірген оттегінің, әр литріне 4,8 ккал энергия, май тотыққанда - 4,7 ккал, ал көмірсулар тотыққанда -5,05 ккал энергия бөлінеді. Демек, организм шығындаған энергияны анықтау үшін денеде тотыққан запъщ табиғатын білу керек. Ал, оны тыныс коэффициенгі (ТК) арқылы анықтайды.Тыныс коэффициенгі деп организмнен бөлінген көмір қышқыл газының ол сіңірген оттегіге көлемдік катынасын айтады. Организмде көмірсулар тотыққаңда тыныс коэффициенті 1-ге тең, белок то-тықса - 0,8, май тотықса - 0,7-ге тең болады. Аралас азықпен қоректенген жағдайда тыныс коэффициенті 0,7-1 аралығында, көбінесе 1-ге жақын, ал жыртқыш аңдарда - 0,75 шамасында қалыптасады. Организмде көмірсулардың майға айналу процесі жүрсе, тыныс коэффициенті 1-ден артып кетеді. Оның себебі көмірсулар құрамында маймен салыстырғанда оттегі көп, сондықтан майды түзуден артылған оттегі тотығу процесінде пайдаланылады да, ауадан оттегі аз сіңіріледі.Ашығу жағдайында организмде майдың көмірсуға айналу процесі жүрсе, тыныс коэффициенті 0,7-ден төмендеп кетеді. Бұл жағдайда ауадан сіңірілген оттегі тек қана майларды тотықтыру үшін ғана емес, көмірсулар молекуласын түзу үшін де жаратылады. Осы себепті ауадан оттегі көп мөлшерде қабылданады. Сонынен, организмнің энергия шығынын жанама жолмен анықтау үшін алдымен тыныс коэффициентін есептеп шығарады да, арнаулы таблицадан сол коэффициентке сай оттегінің немесе көмір қышқыл газының калориялық коэффициентін табады. Осы санды организм қабылдаған оттегі немесе бөлген көмір қышқыл газы мөлшеріне көбейту арқылы белгілі бір уақыт ішіндегі энергия шығынын анықтайды.Изотермия нерв жүйесінің дамуымен байланысты қалыптасқан қасиет, сондықтан төменгі сатыңағы жануарларда изотермия болмайды. Барлық омыртқасыз жануарларда, балықтарда, қос мекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда дене температурасы тұрақсыз және қоршаған орта температурасына тәуелді озгеріп отырады. Осындай дене температурасының тұрақтылығын сақтай алмайтын жануарларды салқын қанды (пойкилотермиялы) жануарлар деп атайды. Дене температурасын тұрақты деңгейде сақтайтын жануарларды жылы қанды (гомойотермиялы) жануарлар дейді.Кейбір жануарлар жылдың бір мезгілінде гомойотермиялы орга-низм тәрізді, ал екінші бір мезгілінде пойкилотермиялы организмдер тәрізді тіршілік етеді Мұндай жануарларды гетеротермиялы жануарлар дейді. Гетеротермия - эволюция процесінде гомойотермиядан кеш пайда болған қасиет деп есептеледі. Бұл қасиет ортаның түрлі қолайсыз жағдайларына бейімделуде маңызды рөл атқарады. Қоректік заттар, су жетіспеген жағдайда, қоршаған орта температурасы төмендеп суығанда мұндай организмдер ұйқыға кетеді де, қолайлы жағдай туғанда оянып, гомойотермиялы жануарлар сияқты тіршілік етеді.

Дене температурасының тұрақтылығы тек жылу түзу және оны бөлу процестері тепе-тең болған жағдайда ғана сақталады. Бұл тепе-теңдік арнаулы физиологиялық тетіктер - химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері,- арқылы реттелінеді. Осы тетіктер арқылы денеде түзілген жылу шығын болған жылудың орнын толтырып отырады.



Химиялық жылу реттеу, немесе жылу өндіру, организмдегі зат алмасу процесін күшейту не бәсендету арқылы жүреді. Жылу қызмет әрекеті күшті органдарда - ет талшығында, бауырда, мида, бүйректе, ішкі секреция бездерінде, жүректе - көбірек түзіледі. Тыныштық жағдайында организмде түзілетін жылудың 25 пайызы бұлшық етте, 20% - бауырда, 13% - мида, 11% жүректе, 7% бүйректе, 5% теріде, ал қалған 19% басқа мүшелерде түзіледі. Дене жұмысы кезінде жылудың 70-75% бұлшық етте түзіледі. Дене еттерінің жәй ширығуының өзі жылу өндіруді 10 пайызға, ал қимыл-қозғалыс - 60-80 пайызға арттырады. Жылудың түзілуіне қоршаған орта темлературасы зор әсер етеді. Ол жоғарыласа жылу түзу азаяды, ал төмендесе - артады. Суық ауа әсерімең бұлшық еттер еріксіз жиырылып, дене дірілдей бастайды. Осыған байланысты бұлшық еттердегі зат алмасу процесі күшейіп, жылу өндіру артады.Қазіргі кезде жылу түзуде өкпенің маңызды рөл атқаратыны жайлы пікірлер айтылуда. Өкпенің арнаулы жасушалары - гистиоциттер, Қан құрамынан сүзіп алған майлар осы жерде тотығып, ыдырайды.Осының нәтижесінде түзілген жылу бір жағынан өкпеге келген ауаны жылытады, екіншіден, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Сондықтан кейбір зерттеушілер өкпені химиялық жылу реттеу тетітінің негізгі мүшесі, ал бұлшық ет бұл процесте тек қосымша қызмет атқарады деген пікір айтуда.Сыртқы орта температурасының өзгеруіне байланысты денеден жылу бөлу процесі де өзгеріп отырады ауа температурасы төмендесе жылудың сыртқа берілуі азайып, ал ол жоғарыласа - көбейіп отыра-ды. Дене жылуын сыртқа беруді күшейтіп, не азайтып отыратын физиологиялық процестер жиынтығын физикалық жылу реттеу деп атайды. Денеден жылу шығару қарқыны тері тамырларының, тер бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет талшықтарының күйіне, дененің кеңістікгегі жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Денеден жылу өткізу, конвекция, радиация (сәуле шашу) және булану сияқты физикалық процестердің арқасында бөлінеді.Өткізу деп жылудың денемен жанасқан температурасы төмен зат-тарға берілуін айтады (мысалы, құс денесінен жылудың ұяға берілуі). Конвекция деп жылудың денемен жанасқан ауа ағынына берілуін ай-тады. Ауа ағыны жылдамдаса, конвекция күшейеді. Сәуле шашу деп денеден жылудың инфрақызыл сәулелермен таралуын айтады. Булану деп сұйықтың (тердің) газ тәрізді күйге айналуын айтады. Жылудың белгілі бір бөлігі зәр және нәжіс арқылы да бөлінеді. Жалпы денеден бөлінетін жылудың 70 пайызы конвекциялық және радиациялық жолмен шығарылады. Қоршаған орта мен тері температурасының айырмасы неғүрлым көп болса, соғүрлым жылу тез бөлініп шығады. Тері тамырларының кеңеюі жылу шығаруды арттырады. Денеден бөлінген тердің әр грамы 2,42 кДж жылу шығарады. Тері тамырларының тарылуы, тері шелінің қалындауы жылудың бөлінуін азайтады.Дене температурасын реттейтін орталық аралық мидың гипотала-мус аймағында орналасқан. Гипоталамустың алдыңғы бөлімінің тор-шалары қан температурасының жоғарынауына реакция береді де, жылу бөлу орталығын, ал артқы бөлімінің жасушалары қанның салқындауына реакция беріп, жылу түзу (өндіру) орталығын құрайды. Жылу реттеу орталыгы не рефлекстік жолмен, не гуморальды түрде қозады.Жылуды рефлекстік жолмен реттеуде тері рецепторлары маңызды қызмет атқарады. Терінің жылылықты не суықтықты қабылдайтын рецепторы қозғанда тітіркеніс нерв орталығына беріліп, одан әрі вегетативтік нервтер немесе ішкі секреция бездері арқылы зат алмасу процесінің қарқынын өзгертеді. Сонымен қатар мұндай кезде еттердің әрекеті, тамырлар арнасы, тер бөлу процесі, тынысты реттейтін орта-лық қызметі өзгереді.

Жылуды гуморальды реттеу қан температурасының қан тамырларындағы немесе гипоталамустағы терморецепторларға әсері нәтижесіңде атқарылады.

Жылуды реттеу процесіне үлкен ми жарты шарларының (маңдай бөлігінің) жасушалары да қатысады. Ми қыртысын сылып тастаса, жылуды реттеу процесі нашарлайды. Сыртқы орта температурасының ауытқуларына шартты рефлекстер оңай қалыптасады.

Өлі табиғаттан тірі организмдерді өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер:

химиялық құрамының біркелкілігі,

заттар мен энергияның алмасуы,

құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,

көбею,


тұқым куалаушылық,

өзгергіштік,

өсу мен даму,

тітіркенгіштік,

дискреттілік (оқшаулану),

өзін-өзі реттеу,

ырғақтылық қасиеттер де тән.

Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі организмдердің құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі организмдердің химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі организмдерде бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі организмдер құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі организмдерде белгілі бір қызмет атқарады.

Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)

Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі организмдер арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі организмдер өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т.б. Тірі организмдерде жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі организмдер қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" — "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі — катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" — ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде организмдер денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол организмнің тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі организмдердің ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.

Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы

Барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Жасушаның құрылысын және оның құрамындағы әрбір органоидтердің атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдердің көбеюі

Тірі организмдер көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі организмдердің көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір организмнің өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі организмдердің көбеюі тікелей тұқым қуалаушылық касиетімен байланысты.

Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы

Тұкым куалаушылық аркылы тірі организмдер өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. Тірі организмдердің белгілері олардың түрлі тіршілік деңгейлеріндегі құрылыс ерекшеліктері арқылы айқындалады. Организмдердің касиеттері әрбір құрылымдық қосылыстардың атқаратын қызметі аркылы білінеді. Тұқым қуалаушылық касиет арнайы құрылымы бар заттардың (генетикалық аппарат) генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚ молекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады.

Тірі организмдердің өзгергіштігі.Тірі организмдердің өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылык касиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. Тұқым қуалаушылық қасиет мүлде өзгермейтін болса, тірі организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделе алмайды. Өзгергіштік арқылы организмдерде гендер құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады. Сонымен қатар өзгергіштік арқылы табиғи сұрыпталуға жол ашылады. Организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделіп, тіршілік әрекетін әрі карай жалғастырады. Осылайша бірте-бірте жаңа түрлер пайда болады.Тірі организмдердің өсуі мен дамуыТірі организмдерге тән қасиеттің бірі — олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі организмдерге және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Даму арқылы табиғатта жаңа қасиеттер пайда болады да, тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрылымдық құрамы өзгереді. Тірі организмдердің жекелей дамуы — онтогенез, ал тарихи дамуы — филогенез деп аталады. Онтогенездік даму кезінде тірі организмдерде бірте-бірте белгілі реттілікпен жеке организмнің өзіне тән қасиеттері қалыптасады. Филогенездік даму — тірі организмдерге тән әрі белгілі бір бағыт бойынша жүретін, кері кайталанбайтын процесс. Кез келген тірі организм сыртқы орта жағдайларымен және басқа да организмдермен өзара тығыз байланыста болады. Тірі организмдер қоршаған орта жағдайларының әр түрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады. Көп жасушалы жануарлар тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі аркылы жауап қайтарады. Олардың орта жағдайларының тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Мысалы, өсімдіктердің жарыққа карап қозғалуын фототаксис дейді.Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі.Дискреттілік (оқшаулану) латынның "discretum" деген сөзінен алынған, "бір-бірінен айқын оқшаулану" деген ұғымды білдіреді. Жер бетіндегі тіршілік жеке — жеке оқшаулану (дискретті) формасында кездеседі. Кез келген организмнің оқшауланған құрылысы, оның әркелкі деңгейлік құрылымдық көріністерінен айкын байқалады. Мысалы, организмді құрайтын жасушалар — жеке органоидтерден, көп жасушалы организмдердегі ұлпалар — жеке жасушалардан, популяция — жеке даралардан тұрады. Мысалы, өсімдік немесе жануар мүшелері бір-бірінен құрылысы мен атқаратын кызметі әр түрлі ұлпалардан тұратындығымен ажыратылады. Жоғарыда айтылған әрбір тіршілік деңгейлерінің құрылымдық ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдер орта жағдайларының өзгерістеріне қарамай, өздерінің химиялық құрамын, ондағы физиологиялық процестердің бір қалыпты жүруін үнемі реттеп отырады. Жануарларда бұл кезде организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы (гомеостазы) бірқалыпты деңгейде сақталады. бұл процесс жүйке, эндокриндік, т.б. жүйелер арқылы реттеліп отырады.

Тірі организмдер тіршілігіндегі ырғақтылық

Қоршаған орта жағдайларында оқтын-оқтын болып тұратын өзгерістер тірі организмдердің тіршілік әрекетіне ерекше әсер етеді. Соған орай тірі организмдердің тіршілігінде ырғақты өзгерістер айқын байқалады. Мұндай ырғақты өзгерістер секундтық, минуттық, сағаттық, тәуліктік, маусымдық, жылдық, т.б. уақыттар аралығында жүріп отырады. Мысалы, адам өміріндегі тәуліктік ырғаққа байланысты ұйқы мен сергектікті, кейбір жануарлар тіршілігіндегі маусымдық ұйқыға кетуді, қоныс аударуды, т.б. атауға болады.[1]

Тірі организмдердегі ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдары — ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі организмдер тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.

Организмдер жоғары да аталған факторлардың көмегімен өмір сүреді.Ал олардың жетіспеушілігінен өліп кету қаупі төнеді.Организмдердің құрылымына көңіл бөлсек ендігі кезекте оларға әсер ететін сыртқы күштердің әсіресе шудың әсері.Шудың таралу мөлшерін салыстырсақ алдыңғы орындарда экономикасы дамыған мемлекеттер алда тұрады.Мысалы Америка,Жапония,Қытай,Ресей секілді т.б мемлекеттер.Шудан тірі организмдер құрып кетеді.Жоғары толқынды шудың әсерінен жануарлардың тепе-теңдігі бұзылып,организм қалыпты жағдайдан арылып қатты ауырлықты сезінеді.Шу дегеніміз не?Шу-қатты толқынды дыбыстың жоғары жылдамдықпен таралуы.Алғашында шу деген сөз дыбыс толқыны деген анықтама берсе,қазіргі кезде оның мағынасы кеңіді.Мысалы завоттардан шығатын шу,табиғаттан пайда болатын шу,ірі қалалардағы машина шуы.ШУ-әртүрлі дыбыстың үйлесімдігі мен жиілігі.Ал тірі организм үшін жағымсыз құбылыс.Шу станционарлық және станционарлық емес болып бөлінеді.Ал жиілігін қарай өз өлшемдеріне қарай бөледі:

Төменгі жиілік-(“400 Гц”);

Ортаңғы жиілік-(“400-1000 Гц”);

Жоғарғы жиілік-(“1000 Гц”)

Табиғатта былай ерекшеленеді:

Механикалық

Аэродинамикалық

Гидравликалық

Электромагниттік

Децибиллмен өлшегендегі қалыпты жағдайдағы шу мөлщері.

Сөйлесу: 40—45

Кеңсе: 50—60

Көше: 70—80

Өнеркәсіп (ауыр): 70—110

Тоқ ара: 100

Реактивті ұшақтың дыбысы: 120

Шудың шығу көздері:

Қатты немесе газ күйіндегі заттардан акустикалық шу шығады.

Ал текникадағы шудың шығу көздері механизмдер мен техника оталдырғышы.Техникадағы шудың қатты шығуы оның қалыпты жұмысының бұзылғанын көрсетеді.

Шудың адамға кері әсері:

Шудың дыбысы адамда алаңғасарлық тудырып және жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.хникалық құрылғылардан келген дыбыстар адамның жұмыс істеу қарқынын төмердетеді.Шу орталық жүйке жүйесін тоздырып,тыныс алу мен пульсті өзгертеді.Зат алмасуды бұзып,жүрек қан тамырлары ауруына алып келеді.Қатты шудан гипертоникалық аурулар пайда болып,асқазан қатерлі ісігі пайда болады.Жоғары қарқынды шу өлімге алып келеді.

Ғылым және техниканың қарқынды дамуына, қала халқының күрт көбеюіне байланысты шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті. Бұл қазіргі заманда тө­тенше де маңызды мағынаға ие болды. Қаладағы шу «симфониясы» көптеген факторлардан түзіледі: темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен, құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтары және, тіпті, тұрмыстық құралдарының шуынан, бір сөзбен айтқанда, адамды қоршайтын барлық заттан тарайды. Шудың ең қуатты түрін автокөлік қозғалысы береді. Ол қаладағы жалпы шудың 80 пайызын құрайды.

Тұрғындарды, әсіресе ірі мегаполистерде қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады. Қалалық көлік саны толассыз өсуде. Таза техникалық пробле­малардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.

«Алып шаһар – Алматыда түрлі жағдайда пайда болатын шу, әсіресе, нәрестелердің денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр», – деп дабыл қағады дәрігерлер.

Шу ашушаңдықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді. Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша, шудың жоғарғы қысымы жүрек, қантамыры, асқазан, жүйке жүйесі ауруларын қоздырады.

Балалар невропотологі Светлана Михновец: «Тұрғын үйлердің төменгі қабатында немесе жанында орналасқан мейрамханалардан шығатын тұрақты шу жас сәбилер ғана емес, ересектердің де жүйкесіне үлкен әсерін тигізеді» – дейді. Жоғары жиіліктегі қатты дыбыстар балалардың қалыпты жүйке жүйесіне нұқсан келтіріп, қатты шаршатады. Кей жағдайда шудың әсерінен әлсіз балалар аяқ-қолы дірілдеп, талып қалады екен. Ал, би алаңдарындағы дыбыс ұлғайтқыш арқылы таралатын музыканың даусы, тіпті, зиян. Төменгі жиіліктегі инфрақызыл шудың зияны аз. Біз әдетте ультра дыбыстарды естімейміз. Қатты шудан бала дегбірсізденіп, қорқақ болып қалады. Жастар көбіне радиоқабылдағышты құлаққа салатын құрал арқылы тыңдайды. Оның да есту мүшелеріне пайдасынан гөрі зияны басым.

Инфрадыбыстардан болатын табиғат құбылыстары, яғни, жер сілкінісі, цунамидің әсерінен адамның генетикасы бұзылуы мүмкін. Мысалы, қатты жер сілкінісі немесе дауылдан қорыққан әйелдің құрсағындағы нәрестенің денсаулығына кері әсері болмай тұрмайды. Мұндайда сәби жүрегінде немесе жүйке жүйесінде ақауы бар болып туылады екен.

Қазір дүниеге келіп жатқан балалардың көпшілігінде тума жүйке аурулары кездеседі. Іште жатқан шақалақ қатты дауыстардан қорқып, жиырылып алады екен. «Ал, біраз уақыт өткенде ата-анасының даусын тани бастағанда ерлі-зайыптылардың ұрсысына наразы болады», – дейді С.Михновец. Сол үшін болашақ ата-ана жанжалдаспауға тырысуы керек.

Ал, жаңа туылған балаға ойыншық таңдаған кезде қатты салдырлайтын сылдырмақты алудан аулақ болған жөн. Жылаған баланы жұбатамын деп үні жағымсыз ойыншықты салдырлата берсеңіз, ол қатты қорыққанынан көзін жұмып алады екен. Үлкендердің айқайлап сөйлеуінің әсерінен нәресте ашуланшақ болады.

Бұрындары көптеген зауыт-фабрикалар қаладан тыс, үлкен жолдардан алыс жерлерге салынатын. Мектеп, балабақша, аурухана құрылысы жоспар­ланғанда да орналасатын жері тыныш болуы басты назарға алынатын. Тұрғын үйлер жолдан белгілі бір қашықтықта салынатын. Ал, бүгінгінің үй­лері жолға тиіп тұр. Қалтаның ғана қамын күйттеген мердігерлік компаниялар үй салуға қойылатын талаптарға пысқырап та қарамайды. Көбіне жатын бөлмелердің терезелері аулаға емес, көшеге қарап тұрады.

Шаһардағы шудың жиынтығын қалыпты құбылыс деп есептеу – үлкен қате. Мамандар пәтер, мектеп, аурухана ғимараттарында еденге, төбеге, қабырғаға шуды естіртпейтін құралдарды орнатқан жөн деп есептейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1) Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4

2) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

3) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5



4)www.wikipedia.ru сайты

5)www.1referat.kz сайты мәліметтері.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет