1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Халықтың санитарлы – эпидеиологиялық жағдайын мемлекет тұрғысынан реттеу



бет6/77
Дата13.09.2020
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
3.Халықтың санитарлы – эпидеиологиялық жағдайын мемлекет тұрғысынан реттеу.

2-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ 
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi

Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттiк органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн бiртұтас жүйе болып табылады.

1. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына:

   1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, оның Мемлекеттiк шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы аумақтық бөлiмшелерi;

      2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);

      3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi жатады.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн ұйымдар:

  1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция; 2) Мемлекеттiк шекарада, аумақтарда, көлiкте сондай-ақ мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттiк ұйым, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк ұйымдар;3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 4) обаға қарсы мемлекеттiк мекемелер болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет