1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Науқастың қан құюдан бас тартуы



бет77/77
Дата13.09.2020
өлшемі0.6 Mb.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
74.Науқастың қан құюдан бас тартуы

75. ҚР заңы «аданың мүшелерімен тіндерін трансплантациялау туралы», ҚР заңы қан және оның компоненттері туралы заң 28.06.08 ж. № 64 Ш ҚРЗ және басқада нормативті актлер.

Заң шығару жүйесі жүйе болып қалуы үшін (қажетті және жеткілікті элементтерінің жиынтығына ие болуына ішкі жағынан келісімді, қарама-қайшылықта болмауына) жұмыстарының жөнді болуына, сонымен бірге, жетілдірілуіне және дамуына ең қажеттісі арнайы процестердің тоқтаусыз ықпалы болуы керек. Жүйелеу — бұл бекітуге және нормативтік материалдарды сырттай және іштей жөндеу арқылы жетілдіру, мақсаты заң шығару жүйесін қолдау және қүқық субъектілерін қажетті нормативтік-құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.Жүйелеудің қажеттігі сонда, ол жаңа нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға арналған тоқтаусыз процестермен қамтамасыз етілген, уақыт өткен сайын, кейбір актілер өзінің күшін жоғалтады, ескіреді, заңды ұйғарымдардың арасындағы қарама-қайшылық көбейе түседі, т.с.с.Жүйелеудің тәжірибелік маңызын 1833 ж. М. М. Сперанский нықтап көрсеткен (ол Ресейде ғана емес, Еуропа бойынша ең белгілі кодификатор (кодекс шығарушы). Оның айтуы бойынша, «Заңдарды бір құрылымға жинау — мемлекетке қажеттіліктің бірі». Ол жүйелеудің заң ғылымдарына маңыздылығын айтқан. Казіргі юриспруденция негізінен үш жолды түрдегі жүйелеуді пайдаланады — инкорпорация, консолидация және кодификация.

5 Трансплантацияның реттілігі мен шарттары Трансплантация (ортағасырлық лат. transplantatіo – ауыстырып салу) – адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде – өсімдіктер бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша өсіру мен эксперименттік зерттеулерде қолданылады. Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет Б.з.д. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.

1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.

Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.

Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.



Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.

Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет