1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру



бет8/77
Дата13.09.2020
өлшемі0.6 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
            органның құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган :

      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу (тоқтату) туралы ұсыныс енгiзедi;

      3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шараларды айқындайды;

      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртiбiн айқындайды ;

      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн санитарлық ережелердi және нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi 

      7) жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улануларды тiркеу, есепке алу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есептiлiк жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi ;

      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу, есептiлiк тәртiбiн және құжаттамалар нысанын белгiлейдi;

      9) халықтың декреттелген топтарын жұмысқа тұру және жұмысқа жiберу кезiнде мiндеттi алдын ала медициналық тексеру тәртiбiн және оларды өткiзу кезеңдiлiгiн белгiлейдi;

      10) алдын ала және мерзiмдi медициналық тексерiп-қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн белгiлейдi; V053851

      11) медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

      12) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзу тәртiбiн бекiтедi ;

      13) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн бекiтедi ;

      14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестiгiне және тиiстi құжат бере отырып, тәуекелдi бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн белгiлейдi;

      15) санитарлық паспорт беру, оны есепке алу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды ;

      16) актiлер, хаттамалар, қаулылар, нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн бекiтедi ;

      17) адамдардың жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулармен науқастану және улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеруiнiң тәртiбiн белгiлейдi;

      18) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейді.

       7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет