1 Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні



бет1/3
Дата20.05.2020
өлшемі207.38 Kb.
  1   2   3

Әлеуметтану ғылым ретінде
Дәрістің жоспары:1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдарменбайланысы.

-1-

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

«Әлеуметтік» дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс - әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға  қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.

Конт әлеуметтануда алғашқылардың бірі болып, қоғамды жүйе ретінде қарастырды. Биологиялы организмді оның алғашқы бейнесі ретінде көрсетеді. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын атап көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан бөліктерінің бір-біріне үздіксіз ықпал ететінін және кері ықпал ететінін айтады.

Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.

Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.

Әлеуметтік қарым – қатынастар –  адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.

Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет