1. Ферменттер дегеніміз



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі31,29 Kb.
#83940
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оңғарбек Арайлым ОМ 1-002 ,Биохим
Оңғарбек Арайлым ОМ 1-002 ,Биохим, ашық сабақ 21,01.2020 ж, Мадениеттану, Dinamika

Орындаған:Оңғарбек Арайлым
Факультет:Жалпы медицина
Группа:1-002
1.Ферменттер дегеніміз-белоктық зат,ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші.Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілердің катализаторлар деп атайтыны белгілі. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды,олар тірі материяда әрекет жасайды. Әрбір фермент, құрылысы жағынан ұқсас тек белгілі- бір субстратқа немесе заттар тобына ғана әсер етеді.Мысалға уреаза ферменті бір ғана несеп кәрінін ыдырау реакциясын катализдейді.Ферменттің талғаушылық қасиетінің биологиялық маңызы өте зор, өйткені ферменттер осындай қасиетінің арқасында зат алмасу процесін реттеп отырады. Ферменттің белсенділігі бірлік уақытына өнімге айналатын субстраттың моль санын анықтайды. Сондықтан ферменттің белсенділігі реакцияға қатысатын белсенді фермент мольдерінің санын өлшейді. Алайда, бұл өлшеу температураның температурасы, рН, субстрат концентрациясы, фермент концентрациясы, ингибиторлардың болуы және активаторлардың болуы және т.б. сияқты көптеген факторларға байланысты болады. Фермент белсенділігіне әсер ететін факторлар оңтайлы болғанда фермент реакциясының жылдамдығы жоғары болады . Сондықтан фермент белсенділігі оның оңтайлы болуы үшін оңтайлы жағдайларды сақтау маңызды.

2. Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге тән макромолекулалар түзіледі.
Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Мысалы, мальтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменті басқа қанттарға эсер етпейді.
Ферменттер әрекетінің негізіңде үш түрлі әсер жатады

  1. жинақтау (концентрациялау әсері);

  2. бағдарлау (ориентациялау) әсері;

  3. көп бағытты катализ.

Ферменттер алдымен ершндіден қоректі заттар субстратының әр түрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды, қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзтерістерін тездетеді.
Көптеген ферменттер ферменттік белсенділік көрсету үшін төменгі молекулалы табиғаты нәруыздық емес органикалық қосылыстарды немесе металл иондарын қажет етеді.Ферменттердің нәруыздық бөлімі «апофермент"деп аталып, кофермент болмағанда катализдік белсенділік көрсете алмайды. Кофермент нәруыздық бөліммен холофермент қалыптасқаннан кейін ғана белсенділік көрсетеді.Барлық ферменттердің 25% астамы, катализдік белсенділік көрсету үшін металл иондарын қажет етеді.
Көптеген ферменттер белсенділік көрсету үшін, коферменттер қажет. Коферменттер қатысуынсыз ,тек гидролиз процесіне қатысатын ферменттер мысалы:протезалар, лиазалар ,рибонуклеаза )ғана жұмыс істей алады.
Екінші жағдайда кофермент ферментпен тек химиялық реакциялар кезінде ғана әрекеттесіп,оны екінші субстрат ретінде қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет