1 География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен педагогтар



бет1/2
Дата29.05.2020
өлшемі21,44 Kb.
түріҚұрамы
  1   2

1 География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен педагогтар

1951 жылы мектеп институтының негізінде құрылған педагогикалық зерттеу иснтитутының құрамында география секторы 1955 жылдан бастап зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Алғашқы жылдары сектордың ғылыми әдіскерлері тек қана Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын мектепте оқытудың мазмұны мен әдістемелерін жетілдіру жұмыстарымен айналысты. Институтта география секторының құрылуына үлес қосқан ғалымдар және сол кезде шыққан Қазақ ССР-нің физикалық география және экономикалық географиялары оқулықтары мен әдістемелерінің алғашқы авторлары М.Өтемағамбетов, П.Д. Устименко, М.Ш.Ярмухамедов, Г.Қоңқашпаев, Ө.Қазақбаев, О.О.Рутковский, Т.Ролник, Ә. Бірмағамбетов, т.б. болды. Сол жылдары М.Ш.Ярмухамедовтың «КСРО-ның экономикалық географиясының кейбір элементтері», М.Өтемағамбетовтың «Қаз ССР-нің физикалық геогграфиясы», Ө,Қазақбаев, Б.Кереевтің «Мектептегі экономикалық география», О.О.Рутковскицй «Географияны политехникалық тұрғыдан оқыту», т.б. оқу-әдістемелік еңбектер жарық көрді.

Зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған алғашқы кезеңде республика мектептерінде географияны оқу әдістемесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінді. Институт қызметкерлерінің басшылығымен қазақ тілінде оқулық жазу ісі қолға алынды. 1959 жылы М.Өтемағамбетов, П.Д.Устименко алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде «Қазақ ССр-нің физикалық географиясы» (7сынып),1960 жылы М.Ш.Ярмухамедов пен Г.Қоңқашпаев (Қазақ ССР-нің экономикалық географиясы» оқулықтарын жазып.мектептерде оқытыла бастады. Алғашқы жылдары бұл пәндерді оқытуға 8-12 сағат берілді,бұның өзі оқушыларға республикамыздың физикалық және экономикалық географиялық жағдайы жайлы білім беруде үлкен жетістік болды. Ғалым-әдіскерлер географияны оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесін қолға алып,республика мұғалімдері алдында дәрістер оқып,қосымша оқу-әдістемелік құралдар жазып,шығара бастады.

1962 жылы мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұстаз-ғалым, география ғылымдарының кандидаты Ә.Бірмағамбетов «Қазақстанның физикалық географиясы» бойынша алғаш рет «Хрестоматия» жазып шығарды.

1972 жылы Алматыда одақтық Педагогика ғылымы академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының қазақ филиалы ашылды. Филилалдың алдына қойған мақсаты жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім мазмұнын жетілдіруге байланысты бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендерді ұлттық мектепте оқытуға сәйкестендіру,аталған пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін анықтау болды.

1972-1987 жылдар аралығында қоғамтану мен географияны оқыту зертханасы жұмыс істеді,оны педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Тұрлығұлов басқарды. Зертхана қызметкерлері «Қазақстанның ұлттық мектептерінде тарих,қоғамтану,география пәндерін оқытудың тиімділігін арттыру» мәселелерін зерттеумен айналысты.

1987-1990 жылдары «Ұлттық (қазақ) мектептерде оқытудың, тәрбиенің мазмұны мен әдістерін жетілдіру» мәселесі бойынша ғылыми қызметкерлер К.Тілеубергенова, К. Мамырова, Ш.Кәрібаева, Б.Төлегенова зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бірнеше ғылыми мақалалар мен мұғалімдерге көмекші құралдар жарық көрді. Мысалы, «Географияны оқытудың әдістемелік нұсқаулары» (К.Тілеубергенова, К.Мамырова).

1991 жылы «Базалық мектеп» зертханасы ашылып, оны педагогика ғылымдарының кандидаты А.Мәженова басқарды. Зертхана қызметкерлері «Қазіргі мектептердегі жаңа потенциалдық жағдайлар негізінде оқу процесін қамтамасыз етуді жетілдіру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты. Географ ізденуші ғалымдар (К.Мамырова, Ш.Кәрібаева) «Қазақ мектептеріндегі географиялық білім мазмұнының республикалық компонентін анықтау» мәселесі бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.

1992 жылы ақпан айында қазақ филиалы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалыө ғылыми-зерттеу институтымен қосылып, география тобының ғылыми қызметкерлері қазіргі мектепті ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысты. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасы мектептерінде географиядан білім беру тұжырымдамасы» (Е.Ахмедов т.б.) және «Географияны оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар» (Е.Ахмедов, І. Ысмайылова, К.Мамырова, Ш.Кәрібаева) дайындалды.

1993-1998 жылдар аралығында химия,биология,географияны оқыту зертханасы жұмыс жасады. Зертхананы педагогика ғылымдарының кандидаты К.Сарманова басқарды. Сол кездегі географияны оқыту әдістемесімен шұғылданған ғылыми қызметкерлер К.Мамырова, Ш.Кәрібаева, Р.Төлегенова, Г.Түсіпбекова, Г.Әлібековалар география пәнінің мазмұны мен оқыту әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп,географиялық білім мазмұнын,құрылымын және көлемін айқындады. Нәтижесінде 1998 жылы географиядан білім беру стандарты жасалды.(К.Мамырова, Ш.Кәрібаева). Осы жылдар аралығында ізденуші ғалымдар К.Тілеубергенова «Қазақстан географиясын оқыту үдерісінде өздік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары, Р.Төлегенова «Физикалық географияны оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту жолдары» тақырыптары бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғап,географияны оқыту әдістемесінде өз үлестерін қосты.

1998-1999 жылдар аралығында химия,биология,географияны оқыту зертханасына педагогика ғылымдарының докторы,профессор И.Н.Нұғыманов басшылық жасады. Ізденуші әдіскер-ғалымдар к.Мамырова мен Ш.Кәрібаевалар «Географияны оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Қазіргі мектептегі оқу үдерісін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету» тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмыстарын жалғастырды.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде: а) географиядан білім берудің базалық мазмұнының ғылыми-әдіснамалық негіздемесі; ә) географиядан білім беру стандарты; б) география пәні бойынша 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары; в) жаңа буын оқулықтарының авторлық тұжырымдамалары жарық көрді.

Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойып отырған әлеуметтік тапсырысына сай, 1998 жылы қараша айында ҚР Білім,мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі «Жалпы білім беретін орта мектептердің жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерін жасау конкурсын» жариялады. Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың Білім академиясының орта және кәсіптік білім беру институтына республикамыздың жоғарғы оқу орындарының,колледждердің, мектептердің ғалым-оқытушыларының мектеп географиясының жеке курстары бойынша жазған оқулық қолжазбалары ашық конкурсқа жіберілді. Конкурс қорытындысы бойынша негізгі мектепке арналған география пәні бойыынша төл оқулықтарды жазатын авторлар тобы белгіленді. Олар Ә.Бірмағамбетов, К.Мамырова («Физикалық география.Бастапқы курс») Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Қаймулдинова («Материктер мен мұхиттар географиясы»), К.Карпеков, Ә.Бейсенова («Қазақстанның физикалық географиясы»), Е.Ахмедов, Ш.Кәрібаева, Н.Кәрменова, Б.Асубаев («қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»).

2000 жылы география пәнін оқытудың әдістемесі бойынша «Негізгі орта мектепте географияны оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдірудің дидактикалық және әдістемелік негіздері» тақырыбы бойыынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зертттеу тақырыбына б.ғ.к., доцент К. Иманқұлова жетекшілік етті. Зерттеудің нәтижесінде географияның жаратылыстану пәндерінде алатын орны,соған сәйкес оны оқытудың мақсаты,міндеттері және мазмұны анықталды. Осы жылдан бастап жаңа буын оқулықтары («Физикалық география. Бастапқы курс», «Материктер менмұхиттар географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы») «Атамұра» және «Мектеп» баспаларынан жарық көріп, республикамыздағы арнайы мектептерден кезең бойынша байқаудан өткізіле бастады.

2002 жылы мектептегі географиялық білім мазмұнын берудің жаңа тәсілдерін сараптаудың нәтижесінде мазмұны,құрылымы жөнінен ерекшеленетін ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті географиядан білім стандарты жарық көрді (авторлар Ә.Бейсенова, Ш.Кәрібаева, т.б.) және төл оқулық «Физикалық география.Бастапқы курс» 6-сынып (авторлар Ә.Бірмағамбетов, К.Мамырова), осы сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулар,дидактикалық материалдар,оқушыларға арналған жұмыс дәптері мектепке енгізілді.

Сонымен қатар мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұстаз-ғалым, п.ғ.д., профессор Ұ.Ә.Есназарова «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнін оқыту әдістемесі, «Жаратылыстану» оқулығы мен жқмыс дәптерін және «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәні бойынша жұмыс дәптері мен тест сұрақтарын жазып шығарды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет