1. Гинекологиялық науқастардағы оперциядан алдынғы кезеңнің мақсаты



Дата16.04.2020
өлшемі34,45 Kb.
#62670
Байланысты:
06.04.20 Убайдуллаева Г,Е.
Гульдана ЖІС (1), Гульдана ЖІС (1), 06.04.20 Убайдуллаева Г,Е.
1.Гинекологиялық науқастардағы оперциядан алдынғы кезеңнің мақсаты .

науқастарды емдеудің негізгі, маңызды кезеңі екені сөзсіз. Операцияның сәтті аяқталуы үшін операция алдында мұқият дайындық пен операциядан кейін санатты ем қажет. Анық диагноз қоюдың, операцияға көрсеткіш пен қарама-қайшылықтарды анықтаудың маңызы науқас үшін бірдей.



Операция алдындағы дайындықтың негізгі мақсаты — операция үстінде және операциядан кейін кездесетін асқынулар қаупін азайту

Операция алдындағы кезең екі этаптан түрады: Диагностикалық және дайындық этаптары. Осы этаптарда операция алдындағы негізгі мәселелер шешіледі. Операция алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін мына мәселелерді шешуі тиіс:

науқасқа дәл диагноз қойып, операцияға көрсеткіш пен жасау мерзімін анықтауы тиіс;

негізгі ағзалар мен жүйелердің жағдайын бағалауы тиіс (қосымша дерттерін анықтау);

науқасты психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс;

жалпы соматикалық дайындық жүргізуі тиіс;

көрсеткіштеріне байланысты арнаулы дайындықты да жүргізуге міндетті;

науқасты операцияға дайындау;

Алғашқы екі мәселені шешу диагностикалық этаптың құзырында болса, келесі сүрақтары дайындық этапының қүрамына кіреді.

2.Гинекологиялық операциядан алдыңғы кезең қалай жүргізіледі

Науқасты операцияға дайындау:

Науқастарды операцияға алдын ала дайындайды:

Науқастың операция алдындағы қорқынышты үрейлі сезімін басу,

тыныштандыру, операцияның жақсы өтетініне сендіру, теріс эмоцияларды

жою;

Операция кезінде кейбір манипуляцияларды түсіндіріп, олар не үшін керек



екенін айту, мысалы қолды байлау бұл әйел байқаусыздығын ұйықтап

жатқанда зарарсыз заттарды тиіп кетпеу керек екенін айту;

Операция кезіндегі наркоз не үшін, оның түрі туралы айтады;

Операция алдында науқас әйелдің денесінің тазалығын қамтамассыз етеді,

ол үшін оны суға түсіріп немесе денесін спиртті дәкемен сүртеді

Науқасты кейбір мамандардың қарауынан өткізеді, мысалы терапевт, керек

кезде кардиолог т.б;

Операция алдында бірнеше күн бұрын асқорыту жүйесін дайындайды,

операция алды күні жеңіл тамақ беріледі, ал ұйықтаудың алдында және

таңертең операция алдында 3 сағат бұрын клизма жасайды;

Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріндегі жүндерді қырады да, сол жер

залалсызданады;

Операцияға апарар алдында қуыққа катетр қойылады

3.Диагностикалық және дайындық кезендерін айтыңыз

Диагностикалық және дайындық этаптары. Осы этаптарда операция алдындағы негізгі мәселелер шешіледі. Операция алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін мына мәселелерді шешуі тиіс: науқасқа дәл диагноз қойып, операцияға көрсеткіш пен жасау мерзімін анықтауы тиіс;

негізгі ағзалар мен жүйелердің жағдайын бағалауы тиіс (қосымша дерттерін анықтау);

науқасты психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс;

жалпы соматикалық дайындық жүргізуі тиіс; көрсеткіштеріне байланысты арнаулы дайындықты да жүргізуге міндетті;

науқасты операцияға дайындау;

Алғашқы екі мәселені шешу диагностикалық этаптың құзырында болса, келесі сүрақтары дайындық этапының қүрамына кіреді.

4.Диагностикалық кезеңнің негізгі міндеттері

Дәл гинекологиялық диагноз қою — операцияның табысты аяқталуының кепілі. Дәл диагноз қойылып, дерттің сатысы, таралу дәрежесі мен ерекшеліктері анықталғанда ғана хирургиялық операцияның көлемі мен тиімді түрін таңдап алуға болады. Бұл жерде үсақ-түйек болуы тиіс емес, дерттің ағымындағы барлық ерекшеліктер ескерілуі керек. ХХІ ғасырдың басында диагностиканың барлық мәселелері операция басталмай тұрып шешілуі қажет. Ал операция кезінде бұрыннан белгілі фактілер анықталады. Диагноз қойылғаннан кейін гинеколог науқасқа жедел операция жасау қаншалықты қажеттігін анықтау керек, яғни операция жасау мерзімін анықтауы тиіс. Егер көрсеткіш болған жағдайда, тез арада дайындық этапына кірісіп кетеді. Бұл этап жедел операция кезінде бірнеше минуттен ( реанимациялық операциялар) бірнеше сағатқа (басым көпшілігіне 2 -сағат) созылады. Шұғыл түрде жасалатын операцияларға көрсеткіштерге алдымен қан кету және жедел қабыну-деструктивті сипаттағы дерттер жатады. Дерттің сипатына қарай шұғыл операция қажет болмаса, науқастың сырқатнамасына тиісті негіздеме жазылады да, жоспарлы операцияға көрсеткіштер анықталады.

5.Гинекологиялық науқастардағы операциға обсолютті көрсеткіштер

Абсолюттік көрсеткіштерге науқас өміріне қауіпті және тек хирургиялық жолмен емделетін операциялар жатады. Абсолюттік көрсеткіштер бойынша жасалатын шұғыл операциялар өмірлік маңызды операциялар (түншығу (механикалық асфиксия), қан кету, жедел іш қуысының жедел дерттері, іріңді инфекция) деп аталады. Жоспарлы хирургияда да көрсеткіштер абсолюттік болуы мүмкін және олар жедел түрде 1-2 апта ішінде жасалуы тиіс (кез-келген қатерлі ісіктер, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінің тарылуы, механикалық сарғаю).

6.Гинекологиялық науқастардағы операциға салыстырмалы көрсеткіштер

Салыстырмалы көрсеткіштерге дерттердің екі тобы жатады:

1. Операциядан бас тарту науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ тек хирургиялық жолмен ғана емделетін дерттер жатады

2. Консервативтік жолмен де, хирургиялық жолмен де емеделетін ауыр дерттер

Салыстырмалы көрсеткіш бойынша операциялар жоспарлы түрде, қолайлы жағдайда жасалады. Организмнің негізгі ағзалары мен жүйелерінің жағдайын бағалау, яғни қосымша дерттерін анықтау 3 кезеңнен түрады: емдеуші дәрігер мен анестезиолог анамнез, физикальдық тексеру, науқастың өтемдік (компенсаторлық) мүмкіндіктерін анықтайтын қарапайым сынамалар (Штанге, Собразье-Генч сынамалары) мәліметіне сүйеніп алдын-ала бағалайды; стандарттық тексерулердің минимумын жүргізу: қосымша дерттерінің бар-жоғына қарамастан төмендегідей тексерулерді міндетті түрде жүргізеді:

қанның клиникалық анализі;

қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, билирубин, трансаминазалар, креатинин, қанттың мөлшері);

қан ұю жүйесіне тексерулер;

қан тобы мен Rһ фактор; несептің жалпы анализі;

кеуденің флюорографиясы;

тіс дәрігерінің қарауы;

ЭКГ;


терапевттің қарауы;

әйелдер үшін — гинекологтың қарауы.

Егер тексеру барысында қалыпты жағдайдан ауытзқушылық табылса, олардың себебін,науқас өмірі үшін қаншалықты қауіпті екенін анықтап, операцияны жасау мүмкіндігі жөніндегі сұраққа жауап беруі тиіс

Қосымша тексерулер науқаста қосымша дерттер, лабораториялық тексерулер нәтижесінде қалыптағыдан ауытқушылықтар табылған жағдайда жүргізіледі. Осы жүргізілген стандарттық және қосымша тексерулер нәтижесінде операцияға қарам-қайшы көрсеткіш болатын қосымша дерттер анықталады.

Қарама-қайшы көрсеткіштер де: абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Операцияға абсолюттік қарамақайшы көрсетікштерге шок (жалғасқан қан кету кезіндегі геморрагиялық шоктан басқасы), миокард инфарктісінің жедел сатысы және мидағы қан айналысының бұзылуы жатады. Науқастың өміріне қауіп төнген кезде, қажетті мамандар көмегімен науқастың жағдайын түрақтандырған соң, аталған қарама-қайшы көрсеткіштер болса да операцияны жасай беретінін атап көрсеткен жөн. Операцияға салыстырмалы қарама-қайшы көрсеткіштерге науқастың кез-келген өмірлік маңызды ағазаларының қосымша дерті мен жоспарлы операция кезіндегі іріңді инфекция жатады. Әйтседе, олардың науқастың операцияны көтеруіне әсері әртүрлі.

Мына аталған жүйелерге баса назар аудару қажет:

жүрек-қантамыр жүйесіне (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бүзылуы, тромбоздар және т.б.);

тыныс алу жүйесі (өкпе демікпесі, өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі);

бүйрекке (созылмалы бүйрек шамасыздығы, гломерулонефрит);

бауырға (жедел гепатит, цирроз, бауыр шамасыздығы);

қан жүйесіне (қан аздылық, лейкоздар, қан үю жүйесіндегі өзгерістер);

семіздікке;

қант диабетіне.
7.Гинекологиялық науқастардағы операциядан кейінгі күтім

Операциядан кейінгі күту:

Операция аяқталғаннан кейін жараға заласыздандырылған дәке қойылады;

Операция қынапқа жасалған кезде кейде оның ішіне жұмсақ дәке немесе дренаж салынады, дәкені келесі күні, ал дренажды 5 күннен кейін алынады;

Операциядан соң әйелді төсекке жастықсыз жатқызады;

Операция жарасына мұзды 1-2 сағатқа қояды, кейін 0,5-1 сағатқа үзіліс жасайды, мұзды 1 тәуліктен артық қоймайды;

Науқас накоздан оянбағанша оның төсегінің қасында үнемі медбике отырып, оны бақылауы керек;

Әйелдің жүрегі айнып, құсқан кезде басын бір бүйіріне бұрып, ауыз қуысын құсықтан тазалап, асфиксиядан алдын алады;

Операциядан кейінгі кезеңде науқас әйелді ауырсыздандыру қажет;

Науқас әйелдің ауыз қуысын тазалап, тісін жуып шаяды;

Операция жарасының жіптері 6-8 күні алынады, жіптерін алғаннан кейін әйел төсекте жату керек; Операциядан соң 1 күні науқасқа тамақ берілмейді, тек аузын сумен шаюға рұқсат етіледі, 2- күні минералды су, шәй, құрғақ нан жеуге рұқсат, 3 күні сорпа ішуге болады, ал 5 күннен бастап, жалпы тамаққа көшеді;

Науқастың қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын қадағалау;

Зәр бөліндіру, ішектің перисталтикасын тыңдап, ауаның іштен шығаруын қадағалайды;

Кейде науқастарда төсекке көп жатқаннан денесінде ойық жаралар пайда болады, оларды алдын алу немесе емду үшін күніне 2-3рет денені камфор спиртімен, әсіресе жара жерлерін сүрту керек.

8.Гинекологиялық науқастардағы операциядан кейінгі күтімнің мақсаты

Операциядан кейінгі кезең — операция аяқталған сәттен бастап, науқас толық жазылып еңбекке жарамды болғанға немесе еңбекке жарамдылығы толық жойылғанға (мүгедектік) дейінгі аралықтағы кезең. Операциядан кейінгі кезеңнің маңыздылығы осал емес. Атап айтатын болсақ, осы кезеңде науқасқа күтім аса қажет. Осы кезеңде операцияға дайындық кезінде, операция үстінде жіберілген кемшіліктер әртүрлі асқынулар түрінде көрініс бере бастайды.

Операциядан кейінгі кезеңнің негізгі мақсаты — науқас организмінде жүріп жатқан регенерация, адаптация процестеріне қамшы болу, пайда болған асқынуларды дер кезінде анықтап, олармен күресу. Операциядан кейінгі кезең бірнеше бөліктен түрады. Б.В. Петровский мен Р.Н. Лебедеваның өзгертілген калссификациясы ыңғайлы:


  1. Операциядан кейінгі жуық кезең — 2 сағатқа дейінгі кезең

  2. Ерте кезең - 2-5 тәулік

  3. . Кеш кезең -2-3 апта.




  1. Интралигаментарлы орналасқан жатыр миомасының клиникалық симптомдары:

А) Іш қату, толғақ тәрізді ауыру сезімі

В) Менометроррагия



С) Зәр шығару қиындығы, зәрдің созылмалы кідіруі

D) ұйып қалу

Е) Метроррагия, тұрақты ауыру сезімі


  1. 42 жастағы ауру ішінің төмеңгі жағында толғақ тәрізді ауырсынуға және айқын қанды бөліністерге шағымданады. Айнамен зерттегенде: жатыр мойны қысқарған, цервикальдік өзекте – коңыр түсті түзіліс. Айқын қан кету. Қынап арқылы зерттегенде: жатыр мойнының ернеуінде мөлшері 5х5 см. тығыз консистенциялық түзіліс. Жатыр 8-9 апталық жүктілік мөлшеріне сәйкес ұлғайған, беті тегіс. Қосалқылары ерекшіліксіз. Диагноз қойыңыз:

А) Жатыр миомасы

В) Жүріп жатқан түсік

С) Жатыр мойнының қатерлі ісігі

Д) Жатыр мойнының полипі



Е) Жатыр миомасы, туулып жатқан субмукозды түйін

  1. 46 жастағы ауру ішінің төмеңгі жағының ауырсынуына, жиі зәр шығуына, етеккір мерзімінде айқын қанды бөліністерге шағымданып түсті. 3 жыл бойы жатыр миомасы бойынша есепте тұр. 3 ай бұрын гинекологиялық бөлімде қан кету себебінен жатыр қуысының қыруы істелінді. Гистологиялық нәтижесі: эндометрийдің бездік-кистозды гиперплазиясы. Айнамен зерттегенде: жатыр мойны ұлғайған, эрозия бар. PV: жатыр мойны ұлғайған, консистенциясы өзгеріссіз. Жатыр мөлшері -14-15 апталық жүктілікке сәйкес, беті бұдыр, қозғалысы шектелген, ауырсынусыз. Қосалқыларының тұсы өзгеріссіз. Диагноз қойыңыз:

А) Жатыр миомасы, жатыр мойнының эрозиясы

В) Жатырдың симптомдық миомасы, жатыр мойнының эрозиясы



С) Үлкен мөлшерлі жатыр миомасы, жатыр мойнының эрозиясы

Д) Жатыр миомасы, аналық бездің кистасы

Е) Жатыр миомасы, эндометрийдің қатерлі ісігі


  1. Біріншілік бедеулігі бар 27 жастағы ауру әйел субмукозды миоманы оперативтік жолмен емдеу үшін гинекологиялық бөлімге түсті. Бұл жағдайда қандай көлемде операция жасалады?

А) Гистероэктомия

В) Жатырдың дефундациясы

С) Қосалқыларсыз қынап үстілік жатыр ампутациясы

Д) Қынап үстілік жатыр ампутациясы, аналық без биопсиясы



Е) Консервативтік миомэктомия

  1. 45 жастағы ауру жынысжолдарынанкөпмөлшердеқандыбөліністерге, жалпыәлсіздіккешағымдарыменжеделкөмеккөлігіменгинекологиялықбөлімгеәкелінді. Соңғы бір жылдыңішіндеменструациясыкөпмөлшердежәнеұзақболатынайтады. Осыжолықандыбөліністеркүткенменструацияның бір інші күнінен 14 күнгесозылды. Қынапарқылызерттегенде: жатырмойныцилиндртәріздіпішінді, ернеуіжабық. Жатыр 8-9 апталықжүктіліккесәйкесұлғайған, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз, беті тегіс. Қосалқыларыанықталмайды. Күмбездерітерең. Диагноз://

A) репродуктивні кезеңніңдисфункциональдікжатырлыққанкетуі

B) аденомиоз, түйіндітүрі

C) толықемесөздігіненболғантүсік

D) жатырмиомасы

E) климактериялыққан кету



  1. 40 жастағы ауру әйел З., гинекологиялық бөлімге ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып түсті. 4 жылдан бері менструациякезіндеқанайқынкетеді. Обьективті: тері жамылғысы және көрінетін кілегей қабықтары бозғылт. Пульсі96 рет/минуту. АҚ 120/80 мм.с.б.Айнамен зерттегенде:жатыр мойнының каналынан диаметрі 6 см-ге тең ұзын аяқшасы бар түзілісшығып тұр, қанды бөліністер көп мөлшердеPV: жатырқалыптыдансәлұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жатыр мойнынан шығып тұрған домалақ түзіліс анықталады, консистенциясы тығыз, қатты, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз:

A)цервикальдікөзектіңполипі

B) жатыр мойнының қатерлі ісігі



C) туылып жатқан субмукозды миоматозды түйін

D) жатыр мойынның миомасы

E) жатыр мойынның эндометриозы


  1. Гинекологиялық бөлімге 36 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, құсу, дене қызуының 380С-ге дейін жоғарылауымен жеткізілді. Жатыр миомасы және 3 жыл бойына бедеулікке байланысты диспансерлік есепте тұр. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 380С. Шажырқайдың тітіркену симптомы оң. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны таза, бөліністері шырышты. РV: жатыры 5-6 аптаға дейін ұлғайған, оң жақ бұрышта ауырсынатын, өлшемі 5х6 см тығыз түзіліс анықталады. Қосалқылары ерекшеліксіз. Ең ықтимал диагноз қайсысы:

А) Тубоовариалді түзілістің тесілуі

В) Жатырдан тыс жүктілік

С) Жүктілік, ерте түсік қаупі

D) Аналық без кисталары аяқшаларының бұралуы



Е) Миоматозды түйін аяқшаларының бұралуы

  1. 49 жастағы науқас әйел, тез өсіп жатқан жатыр миомасымен хирургиялық бөлімге түсті. Қынаптық зерттеуде: жатыр денесі жүктіліктің 12 аптасындай ұлғайған, жатыр мойнына қарай төмендеу түйін орналасқан. Операцияның оптималді көлемі қандай:

А) Оперативті ем көрсетілмеген

В) Жатырды қынапүсті ампутациялау



С) Жатырды экстирпациялау

D) Гистерорезектоскопия

Е) Қынап арқылы консервативті миомэктомия


  1. 45 жастағы науқас әйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы себебімен келді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофирленген, құрылысы өзгерген, жатыр денесі 9-10 апталық жүктіліктей ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары өзгермеген. Операцияның оптималді көлемі қандай:

А) Пангистерэктомия

В) Жатырды қосалқыларынсыз қынапүсті ампутациялау

С) Консервативті миомэктомия

D) Жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

Е) Жатырды дефундациялау



  1. 35жастағы әйел адамда гистеросальпингография кезінде «бокал» тәрізді миамотозды түйіндер анықталды. Қандай паталогия туралы ойлауєа болады?

A) субмукозды түйін

B) субсерозды түйін

C) интерстициалдытүйін

D) интерстициальды жайылєан

E) туып келе жатқан түйін


  1. 48 жастағы науқас әйел, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы мен жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып түсті.2 жыл бойына ауырады. Соңғы жылда анемиямен ауырады. Қынаптық зерттеуде: бөліністері қанды, көп мөлшерде. Жатыр мойнының өзекшесінен диаметрі 5 см жіңішке аяқшадағы миома түйіні шығып тұр. Жатыры аздап ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Дәрігер тактикасы қандай?

A) Түйінді алып тастап, соңынан жатыр қуысын қыру

B) Жатырды қынап үсті ампутациялау

C) Гормондық гемостаз және антианемиялық ем

D) анемияны емдеу

E) Жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау


  1. 46 жасар науқаста жатыр қуысын қырған кезде субмукозды миоматозды түйін бар екені анықталды. Қандай ем қолдану қажет:

A) Жатырдың қынап үстілік ампутациясы

B) Гормоналды емдеу

C) Бақылау

D) Консервативті миомэктомия

E) Жатырдың экстирпациясы


  1. Науқас әйел, 50 жаста, жатырдың тез өсуші миомасымен хирургиялық бөлімге түсті. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны эрозирленген. Жатыр денесі жүктіліктің 10 аптасындай ұлғайған. Қосалқылары анықталмайды. Операцияның оптималді көлемі қандай?

A) Жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

B) Оперативті ем көрсетілмеген



C) Жатырдың қосалқыларынсыз қынап үсті ампутациясы

D) Консервативті миомэктомия

E) Жатырды жоғары ампутациялау


  1. Профилактикалық қарау кезінде 45 жастағы әйелде жатыр миомасы диагностикаланды.Жатырдың биіктігі 8-9 апталық жүктілікке сай келеді. Шағым жоқ, клиникалық көрінісі жоқДиагностикалық зерттеуді және оның жиілігін атаңыз:

A) Әр келген сайын УДЗ зерттеу

B) 12 айда 1 рет гормональді терапия жасау арқылы жатыр қуысының және цервикальді каналдың шырышын жеке диагностикалық қыру

C) Әр келген сайын клиникалық қан анализі

D) 6 айда бір рет эндометридің аспирационды биопсиясы, кольпоскопия

E) Әр келген сайын онкоцитологияға жағынды



  1. Әйел адамды тексеру кезінде осындай шағымдары болды зәр сындыру кезіндегі ауырсынулар ; менструальды функциясы бұзылмаған, бимануальдық тексеру кезінде кистозды тізіліс табылған, қозғалысы шектелген, төмендеген бөлімінде тығыздау блып келеді.Осы ауруды емдеу тактикасы:

A) Хирургиялық

B) Саулелік

C) Гормональды

D) Химиотерапия

E) Симптоматикалық


  1. Жатыр миомасын анықтауға арналған скрининг:

A) 25 жастан бастап кіші жамбас мүшелерінің УДЗ жылына 1 рет

жасалынады.

B) 18 жастан бастап кіші жамбас мүшелерінің УДЗ жылына 2 рет жасалынады.

C) 25 жастан бастап кіші жамбас мүшелерінің рентгенографиясын жылына 1 рет жасалынады.

D) 20 жастан бастап кіші жамбас мүшелерінің УДЗ 5 жылда 1 рет жасалынады.

E) 25 жастан бастап жылына 1 рет гистероскопия жасалынады.


  1. 35 жастан асқан әйелдерде жатыр мойнының полипін емдеу:

A) полипэктомия

B) ж атыр қуысын фракциялы қыру



C) полипті алып тастап, жатыр мойнының каналы мен жатыр денесін қыру

D) ДЭК қолдану

E) жатыр мойнының электроэксцизиясы


  1. Жатыр миомасы кезінде етеккір циклының ең ықтималды бұзылу типі:

A) Полименорея

B) Гиперполименорея

C) Альгодисменорея

D) Метроррагия

E) Гиперменорея



  1. 36 жастағы науқаста сол жақ қосалқылар аймағында диаметрі 10 см дейін беті тегіс, контуры анық, қозғалмалы, ауру сезімсіз, жұмсақ консистенциялы ісік тәрізді түзіліс анықталды. Шағымы жоқ. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ жүргізілді: құрамында сұйықтығы бар біртекті емес консистенциялы сол жақ аналық безінің кистомасы анықталды. Мүмкін болатын аналық без ісігі:

A) Цилиоэпителиалды кистома

B) Папиллярлы кистома

C) Серозды кистома

цернирленген серозды кистома

D) Пролиферацияланған сероздыкистома

E) Псевдомуцинозды кистома



  1. Аналық безі қатерсіз ісігінде хирургиялық ем жүргізудің ең ықтималды себебі:

A) Малигнизациялану қатері жоғары

B) Консервативті емнің аз нәтижелілігі

C) Ісіктік түзілістердің жиі рецидивтері

D) Шынайы ісікпен дифференциациялау қиындығы

E) Фолликулярлық резервті сақтау



  1. Біріншілік бедеулігі бар 27 жастағы ауру әйел субмукозды миоманы оперативтік жолмен емдеу үшін гинекологиялық бөлімге түсті. Бұл жағдайда қандай көлемде операция жасалады?

А) Гистероэктомия

В) Жатырдың дефундациясы

С) Қосалқыларсыз қынап үстілік жатыр ампутациясы

Д) Қынап үстілік жатыр ампутациясы, аналық без биопсиясы



Е) Консервативтік миомэктомия

  1. 41жастағы ауру жынысжолдарынанкөпмөлшердеқандыбөліністерге, жалпыәлсіздіккешағымдарыменжеделкөмеккөлігіменгинекологиялықбөлімгеәкелінді. Соңғы бір жылдыңішіндеменструациясыкөпмөлшердежәнеұзақболатынайтады. Осыжолықандыбөліністеркүткенменструацияның бір інші күнінен 14 күнгесозылды. Қынапарқылызерттегенде: жатырмойныцилиндртәріздіпішінді, ернеуіжабық. Жатыр 9-10апталықжүктіліккесәйкесұлғайған, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз, беті тегіс. Қосалқыларыанықталмайды. Күмбездерітерең. Диагноз:

A) репродуктивні кезеңніңдисфункциональдікжатырлыққанкетуі

B) аденомиоз, түйіндітүрі

C) толықемесөздігіненболғантүсік

D) жатырмиомасы

E) климактериялыққан кету



  1. 42 жастағы ауру әйел А., гинекологиялық бөлімге ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып түсті. 3жылдан бері менструациякезіндеқанайқынкетеді. Обьективті: тері жамылғысы және көрінетін кілегей қабықтары бозғылт. Пульсі96 рет/минуту. АҚ 120/80 мм.с.б.Айнамен зерттегенде:жатыр мойнының каналынан диаметрі 6 см-ге тең ұзын аяқшасы бар түзілісшығып тұр, қанды бөліністер көп мөлшердеPV: жатырқалыптыдансәлұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жатыр мойнынан шығып тұрған домалақ түзіліс анықталады, консистенциясы тығыз, қатты, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз:

A)цервикальдікөзектіңполипі

B) жатыр мойнының қатерлі ісігі



C) туылып жатқан субмукозды миоматозды түйін

D) жатыр мойынның миомасы

E) жатыр мойынның эндометриозы


  1. Гинекологиялық бөлімге 35 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, құсу, дене қызуының 380С-ге дейін жоғарылауымен жеткізілді. Жатыр миомасы және 4 жыл бойына бедеулікке байланысты диспансерлік есепте тұр. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 380С. Шажырқайдың тітіркену симптомы оң. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны таза, бөліністері шырышты. РV: жатыры 5-6 аптаға дейін ұлғайған, оң жақ бұрышта ауырсынатын, өлшемі 5х6 см тығыз түзіліс анықталады. Қосалқылары ерекшеліксіз. Ең ықтимал диагноз қайсысы:

А) Тубоовариалді түзілістің тесілуі

В) Жатырдан тыс жүктілік

С) Жүктілік, ерте түсік қаупі

D) Аналық без кисталары аяқшаларының бұралуы



Е) Миоматозды түйін аяқшаларының бұралуы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет