1 жалпы білім беретін орта мектебі Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдық мерей тойын атап өтті



бет1/2
Дата10.11.2016
өлшемі187,64 Kb.
#1459
  1   2
1 жалпы білім беретін орта мектебі Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдық мерей тойын атап өтті

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдық мерей тойы атап өтілді. Туған халқымыздың ата-дәстүрін құрметтейтін, Конституциясы мен Заңдарын бұлжытпай орындайтын, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейтін ұрпақ мектепте білім алып тәрбиеленеді. Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары, ұстаздары мен жұмысшылары тамыз айының  30.08.10 күні  Ата Заңымыздың 15 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысты. Мектеп ұжымы және оқушылар еліміздің нышандарын білдіретін көгілдір және сары түсті шарлар ұстап, Конституциямыздың баптарынан үзінді лозунг ретінде жазылып көтеріп өтті.

Конституциямыздың 15 жылдық мерейтойына орай мектеп-гимназия алаңында «Менің кәсіпорыным» атты көрме ұйымдастырылды. Осы көрмеде мектеп оқушыларының ұлттық нышанда бисерден, ағаштан, матадан жасалған қолөнер бұйымдары қойылып, көрермендерді қызықтырды және осы мерекеге орай «Алтын ұя мектебіме – 1 жыл» атты фото суреттер көрмесі безендірілді. .



Курчатов қаласының әкімі А.Генрих мектеп ұжымын «Менің кәсіпорыным» атты қалалық сайысына белсенді қатысқаны үшін үшінші дәрежелі дипломымен марапаттады. Биылғы жыл №1 жалпы білім беретін орта мектебі үшін ерекше деп атауға болады, яғни мектеп ұжымы атаулы қос мерекені атап өтті: Ата Заңымыздың және аяулы мектебіміздің Туған күні. 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты лездеме өткізілді. Алғашқы сөз мектебіміздің тұңғыш директоры Г.К.Карымбаева берілді. Мектеп директоры 2009-2010 оқу жылының жетістіктері мен өткізілген іс-шаралары туралы айтып өтті. Әсіресе, 2010 жыл түлектерінің ҰБТ-дегі жоғары көрсеткіштеріне аса көңіл бөлді. Мектеп бітірген 12 оқушының 9-ы тест жүйесін таңдап алып, оның ішінде ең жоғарғы көрсеткіш Шымыров А. 109 ұпай жинады. Жалпы сынып бойынша орташа ұпай 73 болды. Жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант пен несиеге ие болу мақсатында өтініш берген 8 оқушының, 5-і грантқа, 1-і несиеге түсті және 6 оқушы колледж студенттері атанды

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет