1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет16/42
Дата19.05.2020
өлшемі211.81 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮ КЕЗЕҢІ

Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.



Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.

Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді.



Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді.

Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.

Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет