1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет23/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
surdopedagogika kazaksha okulyk, surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
ДИЗАРТРИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 Сопақша ми дизартриясы /булбарная/ артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабынуы немесе ісінуі ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері /ядролары/ бұзылады.

Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуы және шайнауы қиындайды. Дауыстың жатықтығының және жұмсақ таңдайдың ширақтығының жетімсіздігінен ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілініде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайды әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.

Балалардың баяндалған дизартрияларының түрлеріне тілдің және жұтқыншақ бұлшық еттерінің семір қалатындығы, сонымен бірге бұлшық еттердің күш-қуатының әлсірейтіндігі байқалады. Тілдің бұлшық етінің іс жүзіндегі жағдайы дыбыстардың айтылуындағы толып жатқан алмастыруларға себеп болады. Міңгірлеп өте түсініксіз және көмексіз сөйлейді. Сопақша ми дизартриясы бар баланың бет әлпеті келіссіз келеді.



Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер күш-қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезден күшейеді.

Бұлшық еттердің өзгеріп тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тілі мүшелеріндегі және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктердің өзгешеліктерімен байланысты. Бала ойнау барысында, жақындармен немесе көңіл-күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесу кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді және қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ ізінше сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері  құрысады, тілі тартылады дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқалап дыбыстардың көмейді бұзып – жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп-бөліп айтады. Сөзінің анық естілуі дыбыстарды айтқан кезде сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыпты қимылдай алмауынан, сонымен бірге дауысының күші мен саздылығының бұзылуынан болады.

Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшілігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы, ырғағы, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.

Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауының бұзылуы дауысының және сөйлеуіндегі тыныс алуының бұзылуларымен сай келу баланың құбылмалы жағдайының көріністеріне байланысты дыбыстардың айтылуындағы ерекше бір ақаулықтардың шығуына себеп болады да, ол ең алдымен тіл қатынасы қызметінде әсерін тигізеді.

Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарының асқынып кетуіне себеп болатын есту қабілетінің нашарлау.

Мишық дизартриясы. Қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады. Мишық дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі.

Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және бөліп алу өте қиын ақаулық. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің дыбыстардың айтылу кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының дыбыстардың айтылуындағы көріністер бойынша қозғаушы алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық-дыбыстық айтылуы бұзылады.Балалардың дыбыстардың бір дыбыстан екінші дыбысқа, сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптағы түрінен екіншісіне қозғалып қимылдау қиындайды. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы сол дыбыстарды орындарын алмастырып шатыстырып, әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатар бұзылып, жылдамдатып тез – тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады.       

Бірақ, ми қыртыс дизартриясының қозғаушы алалиядан айырмашылығы сол, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылысының дамуында бұзылатындығы байқалмайды. Ми қыртысы дизартриясын дислалиядан да айыруға болады. Бұндай балалар сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптағы түрінің сол күйіндегісін қайтадан қыйналып қайталайды, бір дыбыстан екінші дыбысқа өтуі де қиын. Түзету кезінде көңіл аударатын бір жәйт, ақауланған дыбыстар жеке тұрғанда тез түзеледі, бірақ сөйлеу тілінде өте қиындықпен машықтандырылады.

Балаларда ең жиі кездесетін ақаулықтардың түрлері:

 Жалған сопақша ми  дизартриясы. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жас кезіндегі, босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы кезеңінде энцефалит, құрсақ зақымы, ісік, интоксикация тағы басқа ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінде пайда болады. Баланың бас ми қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына, кезбе және тіл асты нервтеріне баратын өткізгіш жолдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мидың сал болып қалуы немесе әлсіреуі пайда болады. Ол ымдау және сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының  клиникалық көріністер бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дегенмен жалған сопақша ми дизартриясындағы түзету және сөйлеу тілінің айтылуындағы дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда.

Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалады, қақалады, нашар жұтады. Аузына сілекей ағады, беттің бұлшық еттері бұзылады.

Сөйлеу тілінің немесе мүшелерінің қозғалуларының бұзылу дәрежелері әртүрлі болуы мүмкін. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл, орташа, ауыр деп шартты түрде үш дәрежеге болуға болады.

І. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл дәрежесі сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалыс – қимылында өрескел бұзылуларының болмайтындығымен сипатталады. Сөйлеу тілі мүшелерінің кездесетін кемістік тілі мен еріндері салбырап жай қимылдайды және бағытын дұрыс ұстай алмайды. Шайнай алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы оның сирек шашалатындығынан анық білінбейді. Бұндай балалардың сөзді дұрыс айта алмауы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ширақтығының жеткіліксіздігінен болады, сөйлеуі, біршама баяулайды, дыбыстары айтылған кезде көмескіленіп шығады. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі ж,ш,р,ц,ч дыбыстарының айтылуында жиі қиналады. Ұяң дыбыстар дауыстың жеткіліксіз қатысуымен тілдің ортаңғы үстін қатты таңдайға көтеруді қосымша талап ететін жіңішке дыбыстардың айтылуы да қиын болады.

Дыбыстардың айтылуындағы кемістіктер фонематикалық дамуына келеңсіз ықпал жасайды. Дизартрияның жеңіл дәрежесіндегі балалардың көпшілігі дыбыстық талдауда біраз қиындықтарды көреді. Олардың жазуында т-д, ч-ц дыбыстарын алмастыратын қателерінің ерекшеліктері кездеседі. Сөздің құрамының және лексико-грамматикалық құрылысының бұзылулары кездеспейді десе де болады. Кейбір өзгешеліктерін балаларды өте мұқият тексергенде ғана анықтауға болады, оның өзі көзге түсерліктей сипат бермейді.

Есту қабілеті дұрыс және ақыл ойы жақсы жетілген бұл сияқты кемістіктері бар балалар аудандық балалар поликлиникасынан тағы логопедиялық кабинеттерден сабақ алады, ал мектеп жасына келген кезде жалпы білім беретін мектептің жанындағы логопедиялық кабинеттерге барады. Бұл ақаулықтарды жоюға ата-аналардың өздері де елеулі ықпал жасай алады.

ІІ. Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіндегі балалардың толып жатқан топтары бар. Осылардың кемістіктерінің ерекшеліктері беттерінің бұлшық еттері қимылдайды. Бала ұртын ауаға толтырып бұртита алмайды, еріндері алға сүйірлей созып және жымқырып қыса алмайды. Тілі нашар қимылдайды. Бала тілінің ұшын жоғары көтере алмайды, оңға солға бұра алмайды. Бұрыңғы қалпында ұстап тұра алмайды. Бір қимылдан екіншісіне ауысу едәуір қиын. Жұмсақ таңдай көбінесе нашар қимылдайды, дауысы ыңылдап естіледі. Шайнауы мен жұтуы қиын.

Сөйлеу тілінің мүшелерінің бұзылуының салдарынан тілінің ақаулығы ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу тілі өте түсініксіз, көмескі, жәй естілетін болады. Еріндерінің нашар қимылдауынан қатты естілмейтіндіктерінен анық айтылмайды, а және у дыбыстарының анықтығы жеткіліксіз, и және ы дыбыстары алмастырылады. П,т,м,н,к.х дауыссыз дыбыстары көбінесе сақталады. Н мен ц, р мен л дауыссыздарды шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шығып бір –бірінен айырғысыз ұқсас айтылады. Ауыздан шығатын ауа ағыны нашар сезіледі. Ұяң дауыссыздар қатаң дауыссыздармен жиі алмастырылады. Нәтижесінде жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің түсініксіздігінің болатыны соншалықты, олардың тіпті сөйлеуге құлқы да болмайды. Сөйлеу тілінің жетілуінің /5-6 жас/ кешігуіне байланысты бұндай жағдайда баланың адамдармен қатынас тілінің тәжірибесі өте кем болады.

Бұл сияқты кемістіктері бар балалар жалпы білім беру мектебінде үлгеріп оқи алмайды. Бұндай балалардың оқуына және тәрбиеленуіне өте ыңғайлы жағдай жасалып және әрқайсысына жеке тәсілмен жәрдем көрсететін сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп ашылған.

ІІІ. Жалған сопақша дизартриясының  анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдануы мен және сөйлеу тілі мүшелерінің мүлде жұмыс істемейтіндігімен сипатталады. Анартрияға шалдыққан баланың бет-түрі өлі бейнеге ұқсас болады, астыңғы иегі салбырап тұрады, ауызы әрқашан ашық жүреді. Тілі ауыздың ішінде жалпағынан созылып, қимылсыз жатады, еріндері болар-болмас қимылдайды. Шайнауы мен жұтынуы қиын. Сөйлеу тілі мүлде жоқ, кейде жекелеген бір дыбыстарға ұқсаған үн шығарады.

Ақыл-ойы жақсы жетілген анартриялық балалар да сөйлеу тілі қатты бұзылған арнайы мектепте оқи алады, сонымен бірге арнайы логопедиялық тәсілдердің жәрдемінің арқасында жазуға дағдылануды және жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламасын ойдағыдай меңгереді.

Жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың барлығына ортақ тән қасиет сөздің құрамындағы дыбыстарды айтылуында алмастырғанымен буындарының реттік санын және екпінін сақтайды. Қағида бойынша олар екі-үш буындық сөздерді айтуды меңгереді, ал төрт буындық сөзді жалпылама үстірт қана қайталайды.

Баланың сөйлеу тілін сөздің құрамында қосарланып келген дауыссыз дыбыстардың айтылуы қиындық туғызады. Бала бұндай сөздерді айтқанда бір дауыссыз /алтын - атын/ немесе екі дауыссыз /семсер-сер/ түсіп қалады. Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуының қиындығынан айтылуында бір буыннан екіншісіне өткен кезде сол буынға ұйқастырып буынның тұлғасын өзгертіп айтатын жағдайлар да кездеседі.

Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауындағы кемістіктер айтылуындағы дыбыстарды түсінуінің дұрыс жетілуіне әкеліп соғады. Естілу қабілетінің ауытқуынан болатын сөйлеу тілі мүшелерінің анық бейнесін сезінуінің жоқтығы дыбыстарды талдауды меңгеру кезінде айтарлықтай қиындық туғызады. Тіл қимылдауының бұзылу дәрежесіне байланысты көрсетілген дыбыстық талдауда әртүрлі қиындықтар байқалады.

Арнайы байқаулардың көпшілігіне айқындалған дыбыстық талдаудың деңгейі дизартрия балаларға түсініксіз. Олар аттары берілген дыбыстардан басталатын бейнелі суреттерді іріктеп алуды, құрамында белгілі дыбысы бар сөзді өздігінен ойлап табуды, сөздің дыбыстық құрамын талдауды білмейді.

Дыбыстарды айтуды айтарлықтай меңгерген балалар қателерді аз жібереді. Мысалы: с дыбысына сабын, саты, асқабақ, мысық, шапан бейнелі суреттерін іріктеп алады.

Анартрияға шалдыққан балаларға дыбыстық талдаудың бұндай түрлері түсініксіз.

Дизартрия балалардың басым көпшілігінің дыбыстық талдауды меңгеру деңгейі, сауатын ашуға жеткіліксіз болады. Жалпы білім беретін мектепке барған бала 1 –ші сыныптың бағдарламасын мүлде меңгере алмайтын жағдайлары да болады. Әсіресе дыбыстың талдаудағы анық ауытқуы жаттау, жазу кезінде көрінеді.

Дизартрияға шалдыққан балалардың жазуындағы қателердің көпшілігі дыбыстарды алмастыруынан болады. Дауысты дыбыстарды алмастыруында жиі кездеседі.

Дауысты дыбыстарды көмескілендіріп және мұрынмен айтуының салдарынан оларды үндестік жағынан ажырату мүмкін емес. Дауыссыз дыбыстардың алмастырулары толып жатқан және сан алуан болады. Мысалы: л-р /белдік-берлік/, қ-ғ /қалқан - қалған/, с-т /собық - тобық/, г-д /көген – көден/, б-п /балапан -панапан/.

Дыбыстардың орын алмастыруынан /масақ-макас/, дыбыстардың түсіп қалуынан /табақ - таба/, сөз толық жазылмай қалып буындарының қысқаруынан /калак-кал, көсеу-көс/ сөздердің құрамының бұзылатын қасиеттері болады.

Сөздің құрамы да, мағынасы да мүлде өзгеріп айтылуы жиі кездеседі /қошқар-қотқа, асық -ат/.

Бұндай қателер айтылуындағы дыбыстардың бұрмалауына байланысты сөйлеу тілінің дыбыстық құрамы бөлшектенбеген сөйлеу мүшелері қатты бұзылған балаларға тән қасиет.

Бұдан басқа дизартрия балалар жазуында жалғаулықтарды дұрыс қолданбайды, сөздің синтаксикалық қиыстыру, меңгеру байланыстарында қателер жібереді. Дизартрия балалардың фонетикасына жатпайтын бұл қателер олардың ауызекі сөйлеу үшін тілін, грамматикалық құрылысына, сөздік қорын меңгеру ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Жоғарыда көрсетілгендей сөйлеу тілі мүшелерінің бұзылуының тікелей нәтижесі сөйлеу тілін естуінде оның түсінбейтіндігі оның айтылуындағы қиындылығынан болады. Сөйлеу тілі мүшелері қатты бұзылған балалардың жалпы сөйлеу тілдері өзгеше дамиды. Тілінің кеш шығуы, сөйлеу тәжірибесінің кедейлігі, қатты мүкістеніп сөйлеу сөздік қорын байытуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу мүшелері қатты бұзылған балалардың көпшілігінің сөздік қорында ауытқуы бар, олар сөздерді құрамындағы дыбыстардың үндестігінің ұқсастығы бойынша шамалап жиі шатастырады, күнделікті тұрмыс тірішілігінде қолданылатын сөздерді білмейді.

Көп сөздер қолдануында анық айтылмайды, бала өзіне тапсырылған керекті заттың атының орнына соған ұқсас өзінің түсінігін не жеңіл, таныс заттардың аттарын атайды. Мысалы: жүгері – собық, оймақ – саусақ, лақ – ешкі, шөміш-ожау, т.б.

Дизартрия балалар айналасындағы жағдайды жетерліктей жақсы бағдарлай алады. Тұрмыс тірішілігіндегі мәліметтер мен түсініктері жеткілікті. Мысалы, балалар бейнелі суретте көрсетілген әткеншек, асқана, велосипед сияқты тағы басқа заттарды танып аттарын атайды. Мамандықтары бойынша ұшқышты, мұғалімді, аспазшыны ажыратады. Бірақ мүлде сөйлей алмауы немесе өте нашар сөйлеуі тілінің белсенділігі мен енжер сөз қорының арасындағы айырмашылығын соқтырады.

Лексиканы игеру деңгейі сөйлеу тілінде дыбыстардың айтылуы жағының бұзылуы дәрежесіне ғана байланысты емес, сонымен бірге баланың ой-өрісінің мүмкіншілігіне, әлеуметтік тәжірибесіне, оның тәрбиеленген ортасына да байланысты.

Тілдің грамматикалық құралдарын жеткілікті түрде игере алмау дизартрия балаларға және жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балаларға тән қасиет.

Балалардың сөйлем құрамының жұпынылығы, олардың дұрыс құрылмауы, сөйлем мүшелерінің, көмекші сөздердің түсіп қалуы өздігінен жазуынан айқындалады. Кейбір балаларға тіпті көлемі шағын мазмұндаманың өзі мүлдем түсініксіз.

Сөйлем мүшелерінің нашар қимылдауынан және бір дыбыстан екінші дыбысқа өте алмауының салдарынан дизартрия балалардың оқу дағдысы өте қиын. Көбінесе бөліп және ырғақсыз оқиды. Оқығаны баланың өзіне де, тыңдаушыға да түсініксіз. Мысалы: кітаптан сәкі деген сөзді оқып, суреттен сатыны көрсетеді.

Дизартрия балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтарды жоюға, сөйлеу тілінің лексикалық қорын және грамматикалық құрылысын дамытуға, жазуы мен оқуын түзетуге бағытталған түрде арнайы оқытуды қажет етеді. Түзетудің мұндай мәселелері жалпы білім беретін мектептің тоғызыншы класс көлемінде оқытатын сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектепте шешіледі.

Мектеп жасына дейінгі дизартрия балалар мақсатқа бағытталған сөйлеу тілінің фонетикалық және лексико-грамматикалық құрылысын қалыптастыратын логопедиялық оқыту жұмысын қажет етеді. Бұндай оқыту жұмысын сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүргізеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет