1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі


ДИЗАРТРИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ



бет24/42
Дата19.05.2020
өлшемі211.81 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
ДИЗАРТРИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ

 Дизартрияға шалдыққан балаларды оқытудың алдында сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуын, дыбыстарының айтылуын және жалпы сөйлеу тілін егжей-тегжейлі мұқият тексереді.

Логопед оқушылардың сөйлеу мүшелерінің және ымдау бұлшық еттерінің жансыздану дәрежесімен таныс болу керек, себебі сөйлеу тілі мүшелеріндегі тиісті дыбыстардың бұзылуы осымен анықталады.

Тексеруді мимикалық бұлшық еттердің тыныштық қалпында тұрғандағы жағдайын бақылаудан бастайды. Бұндай кезде құрамы еріндерінің жиектерінің сипаты мен олардың бір тұтас жымқырылып қабысатыны анық көрінеді, мимикалық бұлшық еттерінің күштеп қимылдауының гиперкинезі бар-жоқтығы анықталады. Баланың аузын жауып тұруына, алдымен екі көзін бірдей, сосын кезек-кезек қысуына, қасын жиыруына шамасының қаншалықты жететіндігін тексереді, біріккен қимылдардың пайда болуын белгілейді.

Қимылдардың қызметтерін тексеруді әртүрлі жүктеме салып бірнеше рет қайталап жүргізу қажет. Бұндай тексеруде әрбір қимылдың сапалылығы жағын, оның құндылығын немесе құнсыздығын белгілейді. Осы тексеруде қимылды іске қосылған уақытын, қимылдық әлсіреуін, оның шапшаңдығы мен ырғағының көлемінің өзгеруін, сондай – ақ біріккен қимылдардың пайда болуын жазып тіркейді. Қимылдардың бірнеше рет қайталауы кезінде әлсіздіктің көмескі түрлеріне айқындалуы мүмкін. Бұндай жүктеме кезінде дизартрияда байқалатын сілекей ағуының пайда болуы мүмкін.

Логопед баланың қою және сұйық тағамды қалай шайнайтынын және қалай жұтатынын, жиі шашалатын – шашалмайтынын, нәрестені жас кезінде қалай тамақтандырғандарын ата-анасынан сұрап біліп анықтау керек.

Сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексеруге кіріспес бұрын оның құрылысын ерекшеліктерін және анатомиялық сипатын белгілеу қажет.

1.Еріндері: үстіңгі еріннің жарылуы, хирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы.

2.Тістері: дұрыс тістенбеуі және тістердің орналасуы.

3.Тіл: добал және тіл асты сіңірлерінің қысқалығы, тілі үлкен жіңішке.

4.Қатты таңдай: тар, дөңес қатты таңдайдың жарылуы, шырыш асты тестік.

5.Жұмсақ таңдай: қысқа жұмсақ таңдай, кішкентай тілдің айырылуы, оның болмауы.

Логопед содан кейін  сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексереді.

1.Еріндердің қимылдары: қабысу, керілу, алға созылуы.

2.Астыңғы жақтың қимылдауы: ауызды ашу және жабу.

3. Тілдің қимылдары: алға-артқа, жоғары – төмен, оңға-солға тілді жалпайту, сүйірлей шығару.

4.Жұмсақ таңдайдың жағдайы: а дыбысын екпіндетіп айтқан кезде таңдай шымылдығының көтерілуі, дауысты дыбыстарды айтқан кезде ауа ағыны мұрын жолынан өте ме жоқ па, ауа ағынының бір қалыптылығы, жұтқыншақ рефлексінің бар – жоқтығы /жұмсақ таңдайға қалақшаны жеңіл ғана тигізгенде лоқсу қимылының пайда болуы/.

Жалған сопақша ми қатты сал болып қалған жағдайда еріндері, тілі және сөйлеу мүшелерінің басқа да бөліктері өз беттерінше еркін қимылдай алмауы мүмкін, сонда да кейбір рефлекторлық қимылдарды анықтау қажет. Мысалы: жымиып күлген кезде еріндерін кереді, тағамды ауызға апарғанда еріндері алға созылады, қалақшаны тигізген кезде тілді тартып қалады, жақ керілген кезде жұмсақ таңдайды қимылдатады, есінейді және басқалар. Дауыс құрлымының және жұмсақ таңдайдың паретикалық жағдайы оның тыныс алуына дауыстың пайда болуына әсерін тигізеді. Дауыстың мұрыннан маңқаланып, қарлығып, әлсіреп сарыны өзгеріп есітілетіні байқалады. Тынысы әдеттегідей жеңіл, біркелкі емес демді сыртқа шығаруы қысқа.

Сонан кейін жалпы қабылданған тәсіл бойынша дыбыстардың айтылуы тексереледі. Бұнда сөйлеу мүшелерінің ерекшеліктерін, сөйлеу мүшелерінің міндетіне кіретін дыбыстардың қимылдарының анықталғанын, бір дыбыстан дауыссыздардың қатар келгенде екіншісіне өтуіндегі бір қалыптылығын түсініксіз пайда болуын көрсетеді.

Айтылуындағы ақаулықтардан басқа сөздің буындық құрамын меңгеру деңгейіне де назар аудару керек.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айырмашылықтарындағы ерекшеліктерін анықтайды. Балаға логопедтің соңынан қарсы дыбыстың буындар тізбегін қайталауды ұсынады. Мысалы: та-па, ша-са, ла-ра-ла және басқалары. Балалар бұл дыбыстарды жай айтатын болғандықтан, дұрыс айтылатын дыбыстарын қоспай тек тексерілетін дыбыстарды біліп және бөліп алуға есептеп балаға тапсырма беріледі. Сонымен, көп буындарды дауыстап атай бастағанда ол солардың арасынан белгіленген дыбысты немесе буынды естісімен қолын көтеру керек. Мысалы: керекті са буынын ша-ча-ца- буындарының арасынан бөліп алады. Сонымен бірге айырмашылығы бір дыбыспен бөлінетін сөздерді айыруды тексереді. Мысалы: қора-қоға, мал-май, есік-етік, қазық-қасық.

Мектеп жасындағы  балалардың дыбыстық талдаудағы дағдылануын анықтайды. Оқушыларға мынандай тапсырмалар беріледі:

1.Сөздің басынан екпінді дауысты бөліп алу;

2. Тексерілетін дыбысы бар сөзді табу;

3.Тексерілетін дыбыстан басталатын сөздерді іріктеп алу.

4. Аты тексерілетін дыбыстан басталатын бейнелі суреттердің  іріктеп алу. Топтағы бейнелі суреттердің ішінде аттары тексерілетін дыбыстармен жиі шатастырылатын дыбыстардан басталатын суреттер де бар.

5. Аттары қатаң және ұяң, ызың және ысқырық, р және л және басқалары сияқты жиі шатастыратын дыбыстардан басталатын суреттерді бөлу.

6.Дыбыстардың сөздің ішінде қолданылатын ретін және олардың әр қайсысының орнын анықтау.

Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру кезінде тек жиі шатастыратын дыбыстардың айырмашылығындағы ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге сөйлеу мүшелеріндегі олардың нашар ажырататын дауысты дыбыстарын да анықтау керек.

Оқуға барып сауатын ашып жүрген балалардың жазуы мен оқуына дағдылануын тексереді. Оқушыларға әріптерден, сөздіктерден және жекелеген сөйлемдерден жат /диктант/ жазу жазғызады немесе қиылған әріптердің ішінен керекті дыбыстарды атауын ұсынады. /... «мынау қандай әріп?», «а,с әріптерін көрсетіңдер...»/.

Содан кейін бейнелі сурет бойынша сөз және сөйлем құрастырып оны жазу, бейнелі суреттің мазмұнын баяндап шығу сияқты күрделірек тапсырма берілуі мүмкін.

Анықталған қателерді талдайды, сосын дыбыстардың және буындардың алмасулары, түсіп қалулары, орын ауыстырулары сияқты ерекше қателерді; септік жалғаулардың дұрыс жалғанбауы, жалғаулықтардың түсіп қалуы немесе алмастырулары, сөздердің қиысуындағы және меңгеруіндегі қателер сияқты оқушылардың жалпы сөйлеу тілінің дамуындағы көрінетін кемістіктерді белгілі бір топтарға бөліп жүйелейді.

Одан кейін әріптерді, әртүрлі буындық құрылыстарды, арнайы іріктеп алынған сөз тізбегін оқи алатындығын және оқығанын түсінуін тексереді.

Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағының даму деңгейін жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балалар үшін емделіп жетілдірілген тәсілдердің жәрдемімен тексереді. Лексикасын тексерген кезде дизартрияға шалдыққан балалар үшін заттың аты айтарлықтай қиындық туғызатынын ескеру қажет. Сондықтан егер бала заттың атын атаудан бас тартса, оның онда енжарлық сөздігінде бұндай сөздің бар – жоғын тексеру қажет.

Жүргізілген тексерудің нәтижесінде логопед сөйлеу мүшелерінің және оның айтылуындағы дыбыстардың бұзылуы туралы мәлімет алып қана қоймайды, сонымен бірге жалпы сөйлеу тіл дамуының деңгейінен де хабарлар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет