1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет25/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
surdopedagogika kazaksha okulyk, surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

 Дизартрия балалармен логопедиялық жұмысты дизартрияның түрлеріндегі сөйлеу тілінің ақаулықтарының және сөйлеу тілінің іс қимыл қозғалысының бұзылу механизімін, балалардың жеке басының ерекшеліктерін негізге ала жүргізеді.

Балалардың сөйлеу тілінің лексикасы мен грамматикалық құрлысын даму жағдайына, сондай-ақ сөйлеу тілінің қатынас қызметінің ерекшелігіне ерекше назар аударылады. Мектеп жасындағы балалардың жазу тілінің жағдайы ескеріледі.

Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы сөйлеу тілі мүшелерінің барлық сыңарлары кезекпен өзара байланыстырып қалыптастыруының; сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауға тәсілді қолдануының; баланың психикалық әрекетін сөйлеу тілі қатынасын дамыту арқылы негізгі шарттарын сақтауға байланысты.

Оқу жұмысының жүйелі барысында және көп жағдайларға ұзаққа созылуының нәтижесінде сөйлеу мүшелерінің қозғалысы біртіндеп қалыптастырылады, қимылдары жетіледі, берілген қарқынмен өздігінен өту қабілеті қалыптасады, сөйлеу тілінің шапшаңдығының және саздығының бұзылуы жойылады; фонетикалық түйсігі толық жетіледі.

Сонымен сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарын түзету және жетілдіру және жазу мен ауыз екі тіліне дағдылануды меңгерудің алғы шарттарын қалыптастыру негізінде дайындық жасалады.

Логопедиялық жұмысты сөйлеу тілі әрекеттерінің күрделірек жағын толық жетілдіру мен әлеуметтік бейімделуінің орнықты болуы үшін мектеп жасына дейінгі жас балалардан бастау қажет. Сонымен бірге жалпы қозғалуындағы ауытқуларды жою үшін логопедиялық оқу жұмысын емдеу жұмысымен байланыстырудың үлкен маңызы бар.

Есту қабілеті мен ой өрісі дұрыс жетілген, өзін-өзі күтуге дағдылануды меңгерген, сөйлеу аппаратының тіреуші қимылдарында күрделі ауытқулары жоқ, дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі жастағы балалар сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшада оқиды. Мектеп жасындағы дизартриясы ауыр балалар сөйлеу тілінің ақауларын түзететін, әрі тоғыз жылдың көлемінде білім алып шығатын сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектепте оқиды. Тіреуіш қимылдау аппараты бұзылған дизартриясы бар балалар үшін емдеу және физиотерапевтикалық шараларға үлкен көңіл бөлетін мамандандырылған балабақшалар мен мектептер бар.

Дизартрия балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың тәсілдерінің мәселелері А.Г. Ипполитованың, О.В. Правдинаның, М.В. Иполитованың, Е.М. Мастюкованың, Г.В. Чиркинаның, И.И. Панченконың және басқалардың еңбектерінде жете зерттелген.

Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілген жұмыстың негізгі мақсаттары:

1. Дыбыстардың айтылуын түзету яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалуын, сөйлегенде тыныс алуын, сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қоюын және дұрыс айтуын жетілдіру.

2. Фонематикалық түйсігін жетілдіру, дыбыстың талдауға дағдылануын қалыптастыру.

3. Сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру, демек сөйлеу тілінің сарынының, әуенінің және ырғағының бұзылуын жою.

4. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауының көрінісін түзету. Дизартриясы бар балалардың жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы арнайы бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың барысында жойылады.

Дизартрия балалардың тілін түзетудің алғашқы мақсаты анық сөйлеу. Сөйлеуіндегі кемістіктердің басты себебі, сөйлеу мүшелері аппаратының толық немесе жартылай қимылдамауы. Логопедтің негізгі мақсаты, сөйлеу мүшелері аппаратының қимылдауын жетілдіруге бағытталуы керек.

Беттің бұлшық еттерінің, нервтерінің қозуы мен ымсыздануын және сөйлеу мүшелері аппаратының нашар қимылдауын жою үшін екі ұртын алақанымен жеңіл шапалақтайды,  астыңғы жақтың сыртқы қырын, тіл асты таңдай бұлшық еттерін саусақпен жеңіл ғана сипай шымшылап бетті уқалайды, сонымен бірге беттің терісін тегістеп сипалауды да қолданады.

Сонымен қатар еріндерді үнемі үздіксіз уқалайды, еріндерді бірімен-бірін үйлестіріп қимылдатады, қысып тұрып жеңіл ғана шымшылап сипайды, езуінен бастап ернін айналдыра сипап шығады.

Жұмсақ таңдайды басбармақтың немесе сұқ саусақтың ішкі жағы мен түпке қарай 2 минут уақыттай сипап уқалайды.

Баланың сөйлеу мүшелеріндегі еріксіз қимылдау кемістігін тоқтату үшін қимылдарды басқару жолымен үздіксіз қайталап бекітеді. Бала сөйлеу мүшелерінің қимылдарын айнаға және логопедке қарап бақылайды, дыбыстың ыңылдаған, жөтінкіреген үнін тыңдайды. Қимылды алдымен логодпен бірге жасайды, сосын көрсеткеннен кейін қайталайды. Осыдан кейін біртіндеп өздігінен орындауды қамтамасыз етеді. Енжар гимнастика ми қыртысы асты дизартриясы мен жалған сопақша ми дизартриясы бар балалар үшін ең тиімді тәсіл. Бала ересектердің жәрдемімен немесе өзінен-өзі сөйлеу мүшелерінің қажетті қалпындағы тәртібін қайталағанда тілінің және еріндерінің қимылдарын анық сезеді, біртіндеп өздігінен қимылдатуды белсенділікпен орындауға мүмкіндік туады.

  Сөйлеу мүшелеріне енжар гимнастикасын жасаған кезде логопедтің қолының, арнайы тіл түзету құралының және қалақшаның жәрдемімен пайдаланады. Айнаның алдында тұрып баланың қолымен жаттығу жүргізуге болады. Қимылдарды ақырындап, бір қалыпты, ырғақпен теңселу, арасын біртіндеп ұлғайта отырып, орындау керек. Мысалы, бала оң қолын мұқият тазартылып жуылған бас бармағымен астыңғы тістерін басып, ал қалған саусақтарымен иегін ұстап аузын кең ашады. Немесе тілдің ұшынан дәкелі қолымен ұстайды да сыртқа тартып шығарады.

 Барысына қарай енжар қимыл аздап қиындай бастағанда механикалық жәрдемді кемітіп, қол жеткенді ұстап тұратын жағдайға көшуге болады.

Бұл кезеңде сілекейдің ағуын тоқтата бастайды. Балаға басын аздап шалқайтып шайнау қимылын жасауды ұсынады.

Келесі кезең – сөйлеу мүшелері аппаратының белсенді гимнастикасы. Берілетін жаттығулардың түрлері:

1. Астыңғы жақ үшін – тістерін сақылдатып ауызын ашып жабады. Ауызын ашық күйінде ұстап тұрады. Бұл жаттығулардың барысында ауыздың орташа бағытпен жабылуын қадағалау қажет. Қолымен, төбесімен және иектің астынан жеңіл ғана басу сияқты механикалық жәрдемді қолдануға болады. Сонымен бірге дәкені немесе резинка бұрауды тістетіп, қолымен жұлқа тартып шығарып алу әдісіне де сүйенеді. Бала өзінің жаттығуларына айнаға қарап бақылауымен бірге, астыңғы жақтың, шықшытының қимылдауын қолымен сипап та көру керек.

2. Еріндерінің қимылдарын шынықтыру үшін:

а) тістерін ақситу, еріндерін сүйірлеп созған кезде сылпылдатып сүюді қолданады. Еріндерін сүйірлеген кезде саусағын немесе мұз кәмпитті сұғып сорып, сосын тартып шығарады, еріндерін қатты жымқырып екі ұртын ішіне қарай қусыра сорғанда шыртылдаған дыбыс пайда болады. Мұз кәмпиттің көлемі кішірейген сайын еріндердің бұлшық еттері ширығып қатаяды. Бұл сияқты жаттығуларды жиі қайталап отыру керек;

б) бұл жаттығулардан кейін әр түрлі көлемдегі түтіктерді немесе түзету құралын еріндерімен қысып ұстап тұру жаттығуына көшеді. Мысалы, логопед түтікті суырып алуға әрекет жасағанда бала қысып жібермейді. Бұл қимылды шынықтыру үшін азу еріндерін саусақтарымен қысып ұстауды қолданады;

в) жымқырылған еріндерді алға созып, қайтадан бұрыңғы қалпына келтіреді;

г) жағын ашып еріндерін алға созып, сосын ыржиып кереді;

д) тілін үстіңгі еріннің үстіне қойып алға қарай екеуін бірге созады;

е) еріндерін тістеріне қатты жапсыра қысып ауыздық ішіне тартады;

ж) үстіңгі тістерімен астыңғы ернін тістейді;

з) астыңғы ерінің үстіңгі ерніне көтеріп созады;

и) еріндерін сүйірлетіп алға созады да айналады.



3. Тілдің ширақтылығын жетілдіруге бағытталған жаттығуларды күрделі болған жағдайда еріксіз рефлекторлық деңгейден бастайды.

Тілді жалаңдатып еріндерінің жақтауларын жалаңдыратындай қимылға келтіру үшін баланың аузына кәмпитті жақындатып әкеледі немесе астыңғы ерніне шырын сіркесін жағады немесе ерінге жабысқақ қағазды қыстырып қояды. Тілдің тартылу қимылын жетілдіру үшін тілдің ұшына тәтті сірнені жағып қояды немесе қалақшамен түртіп қалады.

Тілдің қимылын шынықтыру үшін ұртына бір түйір қантты тығып қояды немесе езуін шырынды сіркені жағады, тілдің ұшын жоғары көтеру үшін үстіңгі ерніне тигізу пайдалы.

Бұл жаттығулар тілдің қимылдау белсенділігін арттыруға біртіндеп дайындайды:

а) артқа-алға қимылдайды, егер тіл ширығып және жиырылып қимылдайтын болса, онда оны қалақшамен жеңіл ғана шапаттап, сосын қалақшаны үрлеу ұсынылады, бірақ қалақшаны тілдің жентегін жазып, ауа ағынының шығу бағыты реттелгеннен кейін барып үрлетеді.

б)  тілді сыртқа шығарып жеңіл тістейді. Бірақ тілдің ауыздан шығу бағытының түзулігін қадағалау қажет.

в) тілдің ұшы екі езуіне жететіндей етіп шығарып оңға-солға бұрып қимылдатады. Бір жақты жартылай сал болған тілдің сол әлсіз жағын көбірек жаттықтырады. Бұл қимылды өздігінен шынықтыру қиын, сондықтан оған механикалық жәрдемді қолдану тиімді.

г) тілді үстіңгі тістердің артына көтереді. Бұл қимылды біртіндеп шынықтыру еріндерін былпылдытып қағуы тілін алға шығарумен бірге жасалады, сондай-ақ дәл осы кезде тілімен таңдайды да қағады. Сосын бала тілін сыртқа шығарып еріндерімен сыпылдатады. Логопедтің қолының жәрдемімен еріндерін кереді де тілінің ұшын тістерінің арасына бастырып қойып артқы жағымен үстіңгі азу тістерге сылпылдатып қағады. Бұл сияқты қимылдардың барлығы жасалып болғаннан кейін логопед қалақшаның қырымен тілдің ұшын жоғары көтеріп ауыздың түпкіріне қарай итереді. Үстіңгі азу тістердің түбіндегі қызыл еттеріне тілмен сылпылдатып қағуды осылай шынықтырады. Бұл шынықтыруға дағдылануды меңгеру уақыт және табандылықты талап етеді. Дене түйсігі арқылы сезуін күшейту үшін сөйлеу мүшелерінің гимнастикасын жасау кезінде қарсыласу жаттығуын пайдаланады.



4.Осы жасалаған жаттығулармен қатар бір уақытта сөйлеу кезіндегі тыныс алуын және дауысын да жетілдіреді. Тыныс алу жаттығуларының мақсатына өкпенің кеңдік тірішілігін күшейту, көкірек  қуысының ширақтығын жақсарту және баланы сөйлеген кезде дем шығаруын орынды пайдалануға үйрету жатады.

Логопед демін ішіне қысқа және терең алып, сыртқа жайлап ұзақ шығаруды өзі  көрсетеді. Демнің ішке көкірек қуысы мен ішек – қарынның арасы бөліп тұрады, бұлшық еті тартылып, терең алатынын бақылау үшін көкірек қуысының төменгі тұсына алақанын қойып қарайды. Демін жайлап ұзақ шығарып жаттықтыру үшін ринолалия балалармен жүргізілетін жұмысты пайдаланатын кәдімгі резина ойыншықтарды үрлеп толтыру, шырағдан шамды үріп өшіру жаттығуларын қолданады.

Сөйлеген кездегі дұрыс тыныс алуды қалыптастыруын болғаннан кейін дауысты жаттықтыруды бастайды. Дауыс жаттығуларын алдымен дауысты дыбыстардың айтылуымен жүргізіледі, сосын сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбыстардың пайда болуына қарай буын жүйелері жаттығуларын жүргізеді. Қысқа және ұзақ дыбыстарды, ақырын және көтеріңкі дауыстауды өңдеп шығарады, дауыстың және сөйлеу тынысының дамуына музыка сабағы үлкен қызмет атқарады.

Сөйлеу мүшелерінде жеңіл айтылатын, ал әуезділігі жағынан естілуі бір–бірінен алшақ жататын бірінші топтағы деп аталатын а,п,у,м,х,н,ы,з,о,т,с,л дыбыстарының сөйлеу тіліндегі айтылуын дұрыс қою және баяндап бекіту қажет. Бұл дыбыстар сөйлеу тілінде өте жеңіл айтылатындықтан оларды тез өңдеп жетілдіруге болады. Осы дыбыстардың жұмысымен қабаттастырып олардың фонематикалық түйсігін және керекті дыбысты басқа дыбыстардың арасынан, буындардың құрамынан, сөздердің ішінен бөліп алу сияқты дыбыстық талдауға дағдылануын жетілдіру жаттығуларын да жүргізеді.

Сөйлеу тілінің дыбыс шығару мүшелерінде ақаулықтары білінген жағдайда бұл дыбыстарды қою үшін арнайы жәрдем талап етеді. Логопед көзбен көруін, дене арқылы сезінуін пайдаланып түсіндіреді және балаға қай дыбыстың болмасын айтылуындағы қимылдарын жасауға оларды сезініп түсінуіне жәрдем береді. Мысалы: бұлшық еттерінің қатты зақымдануына сөйлеу тілінің мүлде жұмыс істей алмайтын жағдайында сөйлеу мүшелеріне у дыбысының айтылуын жасау үшін логопед баланың еріндерін қолымен бүрістіре ұстап түтікшелендіреді.

Баланың сөйлеу тілі мүшелеріндегі бір  дыбысты шығару әрекетін жасап жатқан кезде тап сол дыбысты логопед анық етіп айтуына елеулі жәрдемін тигізеді, себебі баланың өз сөзінің айтылуының сезіну әсерінің анықтығының жеткіліксіздігі басқа біреудің сөйлеу тілін түсіну арқылы толықтырылады.

Логопед сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қою жұмысымен айналысу кезінде оларды ең болмағанда айтылуына жуықтатуға тырысу керек. Алғашқы кезде баланың дыбысқа ұқсас ұсқынын меңгеруінің өзі оны айыра білу үшін өте маңызды. Сондықтан қорыта келгенде сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыс шығарудағы әрекеті мен дыбыстың естілуіндегі бейнесінің арасындағы байланысты қалыптасады. Ұқсас ұсқынның сапасы мен дәрежесінің нағыз дыбысқа жақындығы сөйлеу тілі мүшелері аппаратының зақымдану дәрежесімен анықталады.

Әрбір жаңа дыбысты өңдеп шығара отырып оның сөйлеу тілі мүшелеріндегі ерекшелігін тексеру, сөйлеу тілі мүшелеріндегі басқа дыбыстармен айырмашылық белгісінің негізгі қасиетін анықтау, сөйлеу тілі мүшелеріндегі басқа дыбыстармен салыстыру қажет. Жүйелі түрде жаттығулардың арқасында сөйлеу тілі мүшелерінің, керекті құрлысында жақындайды және ұқсас ұсқыннан нағыз дыбысқа өтеді. Логопед тексеріп отырған дыбыстың сөйлеу тілі  мүшелеріндегі айтылуының анықтығына және дұрыстығына талапты біртіндеп күшейтеді.

Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалысын реттеу мен дыбыстарды қою жұмысынан басқа фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысын жүйелі түрде қоса жүргізеді. Балаларды бір дауысты дыбысты көп дауыстылардың арасынан тануға, екі-үш дауыссыз дыбыстың қатарын талдау жасауға үйретеді. Дыбыстарды танып білу шамасына қарай  балалар екі-үш буындардың әртүрлі тіркестерін қайталау, буынды және сөзді құрайтын дыбыстарды атауды, олардың  жүйелілігін анықтауға үйретеді.

Балалардың қысқа уақыттың ішінде үйреніп жүрген дыбысын дәл нұсқасына әртүрлі дәрежеде жуықтап айта бастауы оны буын тіркестері мен сөздің ішінен естілуінде – ақ емін-еркін бірдей танитын болады.

Сөйлеу тілі мүшелері аппаратын дамытуға бағытталған дыбыстардың айтылуын оқыту жұмысы қамтылып жүргізіледі. Бұл жұмысқа пайдаланылатын жаттығулар барлық топтарға түсінікті болу керек. Сонымен бірге тыныс алу жаттығуын міндетті түрде жүргізуі керек. Дыбыстардың айтылуын оқыту бойынша жүргізілетін әр жұмыстың бір бөлігі балалардың әлдеқашан меңгеріп алған дауысты және дауыссыз дыбыстарын жеке күйінде және дыбыстар тіркесінде тұрғанда айтылуына арналады. Логопед өткенді қалай меңгергенін тексеру үшін балаларға дыбыстың қандайын болса да сипаттайтын сөйлеу тілі мүшелерінің жағдайын көрсетуді, сосын ол дыбысты жеке және сөздің ішінде тұрғанда айтуын ұсынады. Дыбыстарды жаттықтыруды көзбен көру және дене арқылы сезіну түйсігінің бақылауымен жүргізеді. Сөйлеу тілін шынықтыру ретінде балалар өздеріне кезекті дыбыстардан тұратын түсінікті сөздерді және сол сөздерден тұратын сөйлемдерді жеке дауыспен және хормен айтады.

Алғашқы кезде балалар фонематикалық дамуында едәуір түзеледі; есту түйсігі жақсарады және сөйлеу тілі мүшелерінің алға басуы едәуір артады.

Бұл кезеңде сондай-ақ сөйлеу тілі мүшелерінің белгілері бойынша бір-біріне қарама –қарсы дыбыстарды ажырату жаттығулары да жүргізіледі.

1.Ауыз және мұрын дыбыстарын ажырату /п-м/.

2. Мұрын дыбыстары тобының ішіндегі м және н дыбыстарын ажырату.

3. Үзілмелі дыбыстар тобындағы к және х дыбыстарын ажырату.

4. а,у,о,ы,ү дауысты дыбыстарын ажырату.

5. Үзілмелі және фрикативті дыбыстарды ажырату /т-с/.

Бұл жаттығулардың барысында қалған дыбыстарды меңгеру үшін негіз жасалады.

Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы күрделі ұяң, ызың дауыссыздар, африкаттар және р дыбыстарының келесі тобын оқып білу мәселесі кезекте тұр. Фонематикалық түйсігі мен кейбір дыбыстың талдауларға дағдылануы едәуір жетілген бұл кезең елеулі қызмет атқарады. Балалар сөйлеу тіліндегі айтылуын әлі үйренбеген дыбыстарды, мысалы р дыбысын еш қиындықсыз – ақ бөліп алады. Балалардың сөйлеу тілінің белсенділігі дыбыстың талдауға дағдылануы едәуір артады. Есту түйсігін екінші рет ауытқуын түзету сөйлеу тілінің айтылуындағы кемістіктерге қарағанда ойдағыдай етеді.

Екінші кезеңде демек қалған дыбыстарды оқып білу кезінде дыбыстарды айыру жаттығулары сөйлеу тілі мүшелеріне азырақ сүйенеді. Балалардың көпшілігінде р,ш,ж аффрикаты сияқты дыбыстардың айтылуы өте анық емес, бірақ оларды ажыратып онша көп қиналмайды. Дегенмен дыбыстарды айыру және ажырату жаттығуларына арнайы уақыт бөлінеді. Сонымен белгілі бір кезеңде меңгергені қамтып көрсетілген дыбыстардың айтылуының ажырату негізінде балаларды түсінуі қалыптасады. Бұл уақытта с-з, ш-ж, ц-ч, ч-т дыбыстарын және йотты топтың ішіндегі дыбыстарды ажырату жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың барлығы дыбыстарды қатесіз айыратындықтарына, олардың буындағы және сөздегі орындарын көрсете білетіндіктерінде көзі жеткеннен кейін енді оларға мектептегі дайындық топтағы балаларға тиісті әріпті көрсетеді.

Осы кезден бастап ұқсас ұсқынынан дәл нұсқасын анықтауда сөйлеу тілін  түзетудің өзіндік мақсаты болады. Бұл мақсат топтарымен және жекеше жүргізілетін оқыту жұмыстарындағы дыбыстарды анық жаттығуларының жәрдемімен орындалады.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің ерекшеліктері, ұқсас ұсқынының сапалығы, оның айтылған дыбыстың дұрыс нұсқасына жақындығы логопедтің жекеше оқыту жұмысының бағдарламасының негізі болатын өз алдына бөлек жоспарға жазылып қойылады. Түзетілген дыбыстардың тұрақтылығын анықтау тағы да әлденеше рет қайталау қажет.

Сөйлеу тілін жетілдіру жұмысымен дыбыстардың фонематикалық түйсігін тәрбиелеу жұмысын байланыстырудың нәтижесінде дизартрия балалардың жуықтап айту негізінде жазуын толық меңгеруіне фонематикалық дайындық жасалынады. Логопедиялық ықпал жасаудың бұл сақтық бағыты сөйлеу тілі ақаулығының сондай қатты азап шеккен балалардың жалпы үйрену жүйесіне аса қажет. Ерте және дұрыс ұйымдастырылған логопедиялық жәрдемді, соған лайықты сөйлеу тіліндегі қарама-қайшылықты жоюын, баланың компенсаторлық мүмкіншілігін, оның ынтасын белсендірушілігін тәрбиелеу шараларымен байланыстыру дизартрия балалардың едәуір бөлігін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасын меңгеруіне мүмкіншілік береді.

Дизартрия балалардың ата-аналары баланың сөйлеу тілінің қарқынды дамуы оның үлкендермен қарым-қатынасына, олармен сөйлесудегі сөздердің ерекшеліктеріне байланысты екенін ескеру қажет. Үй ішіндегілердің, баланың жетілуіне ықпал жасап белсенді түрде араласуы сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына қажетті алғы шарт жасалынады. Ата-ананың баланың оқуына күнделікті қатысуы логопедия жұмысының мерзімін едәуір қысқартады.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекеттерінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдауының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан қолының ептілігін толық жетілдіру түзету жұмысының жалпы жүйесінен белгілі бір уақыт бөлінеді.

Дирзартрия балалардың қолдарының саусақтары мен білектерінің қимылдары едәуір бұзылатындығы жиі байқалады. Сондықтан қолдарының саусақтары мен білектерінің әртүрлі қимылдарын қалыптастыруға жәрдем ететін жаттығуларды мүмкіндігінше жүйелі түрде жиі жасап тұру қажет.

Саусақтары мен білектеріне жасалынатын жаттығулар баланың әртүрлі қимылдарымен жүргізілетін ойындармен және айналасындағы күнделікті тіршіліктермен байланысты болу керек. үйлестіру қимылдарын, алдымен ірі, сосын ұсақ заттармен дамытады.

Баланың ең алдымен затты қолына алып ұстап тұруға, сосын жіберуге үйретеді. Бұндай жаттығуларға көлеміне, өлшеміне, салмағына қарап арнайы ойыншықтарды, тіршілік заттарын іріктеп алады. Балаға затты бір орыннан көтеріп алып белгіленген екінші орынға қоюды үйрету пайдалы. Заттың нұсқасы күні бұрын сызылып алынған қалың ақ қағазға сол затты қайтадан сызықтың үстін бастырып дәлдеп қоюды балаға орындату жаттығу өте тиімді. Балаға ойыншықтарды немесе заттарды көлемі немесе түсі бойынша қоюды, сосын олардың салмақтарын анықтап ауырлығы бірдейлерін іріктеп алуы ұсынылады.

Саусақтарының нәзік қимылдарын жетілдіру үшін түймелерді, астық дәндерін және тағы басқа ұсақ заттарды шағын қораптарға немесе дорбашаларға біртіндеп салғызу пайдалы. Балалар моншақтарды, жүзіктерді, сақиналарды, түймелерді жіпке өткізіп тізуді, есеп шоттың тастарын ары-бері сырғытуды, қағазды суреттің нұсқасын сызықты үстімен қиып алуды және оларды бояуды рахаттанып беріліп істейді. Резина допты, тағы басқа жұмсақ созылмалы заттарды саусақтармен қысып мыжғылау қолдың бұлшық етін ширатады. Бұл сияқты жаттығулардың түрлеріне өне бойына өзгертіп отыру керек.

Пластелинді мыжғылап илеуді, әшекейлермен өрнектер салуды мақсатқа сәйкес пайдаланады. Бұл жұмыстың түрлеріне біртіндеп күрделендіруге болады. Ойыншық құрлыс құралдарына алдымен қарапайым құрлыстың жобасын салып ойнайды, сосын құралдар мен бөлшектерді көбейтіп құрлыстың күрделі жобасын салдырады.

Тәрбиешілер мен ата-аналар баланың барлық күш-жігерін салып тырысып істеп тындырған болар-болмас жұмысына аса ынталықпен көңіл бөліп жұмысын  мақтап қою керек.

Саусақтардың қимылдарын жетілдіруге жүйелі түрде уақытымен бастаған жұмысын жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Балаларда болатын дизартрия түрлерінің ерекшелігі қандай?

2.Дизартрия баланың сөйлеу тілінің дамуына, артикуляцияның бұзылуының ықпалын қалай түсіндіруге болады?

3.Дизартрия балалар логопедиялық жәрдемді мекемелерінің қандай түрлеріне алады?

 8. Дауыстың бұзылуы. Дауыстың органикалық және функционалдық бұзылулары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет