1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет32/42
Дата19.05.2020
өлшемі211.81 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯ

 Сенсорлы алалия дегеніміз есту қабілетінің дені бүтіндей сау кезіндегі қабылдау түйсігі мен сөйлеу тілін түсінуінің құрылысы бұзылған ақаулық. Сенсорлы /сезгіштік/ алалия бас миының сол жақ жартысының самай аймағының зақымдануына байланысты пайда болады. Сенсорлы алаликтер өздеріне айтылған сөйлеу тілін мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар әртүрлі дыбыстарды /ысқырық, тақылдау/ сезініп, біраз жаттықтырып үйреткен соң ерекшеліктеріне қарап ажыратуы мүмкін. Сонымен бірге балалар дыбыстың қай жағынан шыққан бағытын да бірден дәл басып анықтай алмайды.

Сенсорлы алалик балаларда бөтеннің сөзін қайталуға әдеттеген жаңғырық сияқты құбылыс байқалады. Бала қойылған сұраққа жауап берудің орнына сұрақтың өзін қайталайды.

Бірқатар жағдайларда өздеріне тапсырылған заттарды, бейнелейді суреттерді атауға тырысады, ал ізінше осы заттарды және бейнелейді сүреттерді көрсет деген өтінішті дұрыс орындай алмайды.

Бұндай балалардың сирек кездесетін түрлерінің әртүрлі дәрежеде көрінетін басты ақаулықтарды олардың фонематикалық есіту қабілетінің бұзылуы болады, демек ана тілі дыбыстарын қабылдап ажырата алмайды. Ол сөйлеу тіліндегі дыбыстарды мүлде айыра алмауымен бірдей болуы мүмкін, демек бала өзіне айтылған сөзді түсінбейді, ал тым жеңіл жағдайларды сөйлеу тілі мәліметтерін естіп түсінуінің қиындығы.  

Фонетикалық есіту қабілетінің нашарлығынан балалар дыбыс үндестіктері ұқсас,, бірақ мазмұны әр басқа сөздерді айыра алмайтындықтары байқалады. /мал-тал, есік-етік, бақ-жақ, қала-қада, қасық-қазық/.

Сенсорлы алаликатерді нашар еститін балалармен және сенсорлы афазиктермен жиі шатастырады.        

Тәрибиеші сенсорлы алалик балалардың ақыл-ойының дамуы туралы үзілді-кесілді қорытынды жасауға асықпау қажет, сөйлеу тіліне үзілді-кесілді қорытынды жасауға асықпау қажет. Сөйлеу тілі тапсырмаларын түсінбеуін, оларды орындай алмауын ой-өріснің төмендігінен деп қабылдауы қате болуы мүмкін, сондықтан бұндай  жағдайларда балаға іс жүзінде үлгі бойынша тапсырмаларды орындауды ұсынады, мысалы олардың түсін, мөлшерін, түрін ескеріп берілген элементтерді алмастыра отырып мұнара тұрғызу немесе әшекейлерден геометриялық өрнектер салғызу орынды. Бұндай кезде баланың өсиетті заттарға қалай бейімделетіндігін, тәрбиешінің жәрдемін қалай пайдаланатынын басқа балаларға еліктейтін-еліктемейтіндігін анықтаудың зор маңызы бар. Бұндай баланы дер кезінде анықтау және есіту психоневрологпен логопедке қарату тәрбиешінің міндетіне жүктеледі.

Сенсорлы алалияның өмірде өте сирек кездесетіндігіне қарамастан бұндай балалар өздеріне ынталы назар аударуын талап етеді, себебі тек қана тиісті жағдайларда және ұзақ түзетудің кезінде бұл ақаулықты жарым-жартылай орнына келтіруі мүмкін және сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналаған мектепке оқуға дайындайды.

АФАЗИЯ

Афазия дегенмізі бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы.

Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан /имешия, геморрогия/ зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының /аневризм/ кеңейтіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан /тромбоэмболий/ бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің /ревматизм/ шаншып ауруынан кеселденуінің /порок/ және бас сүйегі мен мидың зақымаднудың нәтижесінде афазия жас өспірімдер мен жастарда жиі байқалады.

Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы /моторная/ афазиясы жиі байқалады. /Е.В.Шмидт, Т.А.Макинский, 1979; Э.СБейн 1964/. Балалардың афазиясы тек бас сүйегімен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.

Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан сөйлеу тілі құрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық. Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделігі зақымның орнына мысалы, ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен қалыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді /зақым ошағының көлеміне, сөйлеу тілі қызметінің сақталған элементтерінің қалдықтарының және функционалды ерекшеліктеріне байланысты/.

Афазияның кез- келген түрінің негізінде сөйлеу тілін түсінуінің, жазуының, оқуының, есептеунің өзіне тән өзгеше жүйелікпен бұзылуына әкеп соғатын динамикалық немесе конструкциялық машыққан немесе әдеттенген қимылдарды өте дұрыс, бұлжытпай орындауының /праксиса/, фонематикалық есіту қабілетінің, артикуляциялық аппаратының мақсаты бағытта қимылдау /апраксии/ қабілетінің /нейрофизиологиялық және нейропсихологиялық/ қайсы бірінің бастапқы бұзылуы жатады. Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді есінде сақтауы, фонематикалық есіту қабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы, есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әр түрлі деңгейдегі орындалуы ерекше жүйелікпен бұзылады. Афазияның кезіндегі сөйлеу тілін, бұзылуын анықтауға нейрофизиология қалай үлкен үлес қосса, нейропсихология мен лингвистика да сондай үлес қосады.

1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамның бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Верника 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерллілгінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы /сөзге түсінбейтін/ афазияның дамуын жоғарғы самай қатпарының артқы жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.

Неврология, лингвистика, психология, физиология ғалымдарының дамуына байланысты афазияны топтастырудың әртүрлі кездеседі. Соңғы уақытта А.Р.Лурияның афазияны нейропсихологиялық тұрғыдан топтастыруын ми қыртысының күрделі әрекетін ұйымдастыруға А.Р.Лурияның нейропсихологиялық тұрғыдан қарауы И.П.Павловтың, Н.А.Бернштейннің және П.К.Анохинаның әрекетті  жүйелікпен ұйымдастыру және «кері афференттік» туралы ашқан жаңалықтарының, сондай-ақ Л.С.Выготскидің, А.Н.Леонтьевтің және басқа психологтарының және психологиялық көзқарастарының жалғыс болып саналады. 1974 жылы А.Р. Лурия ми қыртысының күрделі әрекетінің жүйелі құрылысы және оның динамикалық, кезектікпен орналасу туралы қағидасын тұжырымдайды. Ол адамның психикалық әрекеттерін және танылатын процестерін зерттеудің тәсілдерін өңдеп жетілдіреді. А.Р.Лурияның ұсынған нейропсихологиялық тәсілі әр түрлі симптомдарды және синдромдарды, мидың кез-келген құрамы зақымданған кезде пайда болған сиптомдардың үйлесу заңдылықтарын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданудың нәтижесінде афазияның қандай түрлеріне бар екенін біліп қана қоймай, сонымен бірге бас миының зақымданған жеріндегі дертті де анықтауға мүмкіндік береді. Олар афазияның кез-келген түрінде сөйлеу тілі әрекеттерінің бұзылатындығы дәлелдейді.

А.Р.Лурия афазияны бас миы қыртысының самай бөлігінің зақымдануынан пайда болатын акустико-гностикалық және акустикомнестикалық афазия, бастың төбе ми қыртысының ішкі бөлігінің зақымдануынан пайда болатын семантикалық және афференттік моторлы афазия, бас ми қыртысының қимыл алды және маңдай арты бөліктерінің зақымдануынан пайда болатын эфференттік моторлы афазия және динамикалық афазия деп алты түрге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет