1. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері



бет1/5
Дата09.04.2020
өлшемі109,47 Kb.
#62031
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Курдели кемиситик
Курдели кемиситик, 1000, 1000
1. Кіріспе

 

1. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері   



2. «Күрделі кемістік- деген ұғым».

3. Күрделі кемістіктердің себептері.

 

Балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір «балалардағы даму аномалиясы» терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда «психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар  барлық балаларды  күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.



Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.

Бірнеше мүшелерінің кемісі бар балаларға  сезімдік (сенсор) қызметтерінің дамуындағы ауытқулармен (көру, естуге) қоса ақыл кемістігі бар (ақылы тежелген, олигофрения) балалар жатады.

Дефектологиядағы  Л.С.Выготский негізін қалаған ғылыми дәстүрде даму бұзылыстарын бастапқы және туынды деп бөліп қарастырады.

Бастапқы бұзылыстар бұл –мүшенің немесе жүйенің өзінің табиғаты бойынша биологиялық бұзылысы немесе кемістігі.(Мысалы,есту,көру анализаторының бұзылысы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің мекендік немесе жаппай бұзылысы). Бұлар туа бітті немесе жүре пайда болуы мүмкін.Туа біткен бұзылыстардың пайда болуында тұқымқуалаушылық фактор, жүктілік кезінде ұрыққа ықпал ететін зиянды әсерлер (инфекция, интоксикация,жарақаттар), сондай-ақ асфиксия мен босану кезіндегі зақымданулар маңызды рол атқарады.

Туынды ауытқушылықтар бастапқы бұзылыстардан пайда болса да ,өздерінің табиғаты жағынан олардан сапалық түрде ерекшеленеді.

Күрделі ауытқұлардың негізгі себептері. Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттренінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше үқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей: бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсеріненде болады:

ек   кемІстік   те  бір-біріне   үксамайтын  генетикалық  түқым қуалаушылықтың әсерінен болады;

әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірак бүл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;

екі  немесе   одан   да  көп   кемістіктер   бірғана  түқым   қуалайтын синдромынын белгілері болады;

екі  немесе   одан   да  көп   кемістіктер   бір    ғана әкзогендік фактордың әсері болуы да мүмкін.

Көбінесе күрделі кемістігі бар балалардың негізгі себебі қүрсақта даму кезеңінде әсер еткен генетикалық залалды факторлар. Осы сияқты хромосомдық ауруларында да күрделі кемістіктер кездеседі. Мысалы, Даун синдромында кездесетін кемістіктердің негізгісі- кемақылдылық, 70% есту әрекеті зақымданған, 40% көру әрекеті зақымданған болса, ал осы балалардың 30% көптеген сезім мүшелерінің зақымдануы кемақылдылыққа қосарланып кездеседі. Қазіргі кезде зерттелген түқым қуалайтын синдромдардың тағы бір клиникалық түрі Ушер синдромы. Осы патологияның негізгі белгілеріне жататын күрделі кемістікгер: есту әрекетінің зақымдануы - туа қалыптасқан, ал кору қабілетінің төмендігі екі үш жастан кейіп ғана білінеді. Оның себебі көру талдағышының торша қабығының дегенерациялық өзгерістері, ал жасөспірім кезінде байқалатын өзгеріс - көру аймағының өте тарылуы.

Кейде байқалатын күрделі кемістіктердің негізгі себептеріне сыртқы ортаның залалды әсерлері жатады. Мысалы, нәрестеге босану кезеңінде әсер еткен әртүрлі зиянды әсерлер оның ана қүрсағында калыптасу кезеңіндегі зиянды әсерлермен қатар (жүқпалы аурулардың: қызылша,қкызамық, туберкулез, токсоплазмоз, цитомегалия қоздырушыларының әсерінен) басталған патологиялық өзгерістерді дамытып, нәрестенің жағдайын нашарлатады.

Соңғы жылдары аныкталғандай, көптеген шала туған балаларда кездесетін көру, есту сезім мүшелдерінің зақымдануы да әртүрлі зиянды себептердің әсері. Бірақ оларды дер кезінде анықтап, дүрыс емдеу арқылы жағдайларын жақсартуға болады. Ал кейбір жағдайда осы топтағы балаларда

 кездесетін күрделі кемістіктерге қосарлана БЦП және басқа да ауытқулар айқындалады. Бұл балалардың келешектегі жағдайы өте ауыр.

Сонымен, күрделі кемістіктердің белгілерін анықтап, себептерін айқындау балаларда кездесетін ауытқуларды дер кезінде емдеу және түзету әдістерін дұрыс, нәтижелі қолдану үшін өте қажет.

Күрделі ауытқулар - бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың

дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар», деген терминдеріне мағынасы бойынша үқсас «күрделі дефект», «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - сонғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі құрамын анықтайды. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр -  саңыраулық, кемақыл -саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.

Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланын алғашкы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.

Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алкашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын аскынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститіп балалар; немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін қөру және есту кемістіктері оған косымша тіл мүкістіктері.

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың түжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% күрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменін жүмыс істеу әдістемелерін құрастырғанда және түзету әдістеренің нәтижесі болуына өте кажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардын ерекшеліктерін жақсы білу - оларға тек түзету, дамыту әдістерін колдану үшін ғана қажет емес. сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын-алу үшін де қажет.



Күрделі ауыткулардың негізгі себептері. Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттерінің себебі мен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше ұқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей:

- бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсеріненде болады:

- екі    кемістік    те    бір-біріне    ұксамайтын    генетикалық    түқым  куалаушылықтың әсерінен болады;

- әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірак бүл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;

- екі   немесе   одан   да  көп   кемістіктер   бірғана  тұқым   қуалайтын синдромынын белгілері болады;

- екі      немесе    одан    да    көп    кемістіктер    бір    ғана әкзогендік

фактордың әсері болуы да мүмкін.

Көбінесе күрделі кемістігі бар балалардың негізгі себебі құрсақта даму кезеңінде әсер еткен генетикалық залалды факторлар. Осы сияқты хромосомдық ауруларында да күрделі кемістіктер кездеседі. Мысалы, Даун синдромында кездесетін кемістіктердің негізгісі- кемақылдылық, 70% есту әрекеті зақымданған, 40% көру әрекеті зақымданған болса, ал осы балалардың 30% көптеген сезім мүшелерінің зақымдануы кемақылдылыққа қосарланып кездеседі. Қазіргі кезде зерттелген түқым қуалайтын синдромдардың тағы бір клиникалық түрі Ушер синдромы. Осы патологияның негізгі белгілеріне жататын күрделі кемістікгер: есту әрекетінің зақымдануы - туа қалыптасқан, ал кору қабілетінің төмендігі екі үш жастан кейіп ғана білінеді. Оның себебі көру талдағышының торша кабығының дегенерациялық өзгерістері, ал жасөспірім кезінде байқалатын өзгеріс - көру аймағының өте тарылуы.

Кейде байқалатын күрделі кемістіктердің негізгі себептеріне сыртқы іның залалды әсерлері жатады. Мысалы, нәрестеге босану кезеңінде әсер ен әртүрлі зиянды әсерлер оның ана кұрсағында калыптасу кезеңіндегі зиянды әсерлермен қатар (жүқпалы аурулардың: қызылша,қкызамық, губеркулез, токсоплазмоз, цитомегалия қоздырушыларының әсерінен) басталған патологиялық өзгерістерді дамытып, нәрестенің жағдайын нашарлатады.

Соңғы жылдары аныкталғандай, көптеген шала туған балаларда кездесетін көру, есту сезім мүшелдерінің зақымдануы да әртүрлі зиянды себептердің әсері. Бірақ оларды дер кезінде анықтап, дұрыс емдеу арқылы жағдайларын жақсартуға болады. Ал кейбір жағдайда осы топтағы балаларда кездесетін күрделі кемістіктерге қосарлана БЦП және басқа да ауытқулар айкындалады. Бұл балалардың келешектегі жағдайы өте ауыр.

Сонымен, күрделі кемістіктердің белгілерін анықтап, себептерін айкындау балаларда кездесетін ауытқуларды дер кезінде емдеу және түзету әдістерін дүрыс, нәтижелі қолдану үшін өте қажет.

Күрделі ауытқұлары бар балалардың даму ерекшеліктері. Күрделі кемістіктері бар балалардың жалпы дамуының негізгі зандалағы - ол балалардың алғашқы жылдардағы дамуының ауытқуы және болашак дамуына зиянды әсерін тигізуі. Бірнеше негізгі ауытқулар баланың коршаған ортамен, жақын жуықтарымен қатынасын қиындатып, жалпы дамуына және танымдық әрекеттерінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан кейбір балаларда. психикалык, интеллектуалдық даму тежелсе, ал кейбіреуінде қимыл әрекеті, кеңістікті бағдарлауы, заттарменен жүмыс істеуі зақымданады. Осымен қатар, бүл балалар әлеуметтік ортада да дүрыс калыптаса алмайды, сондықтан бүл балалардың бірер ғана кемістігі бар балаларға қарағанда жалпы дамуы, әлеуметтік бейімделуі өте төмен. Бұлтоптағыбалалардың тағы бір ерекшелігі, оларда кездесетін кемістіктердің орнын толтыру да (комиенсация) қиын. Себебі, даму үшін қажет сезім мүшелерінің әрекеттері де зақымданған. Мысалы, соқыр балалардың калыптасуы есту сезіну арқылы толықтырылса, ал саңырау балалардың калыптасуы көру және әртүрлі сезіну арқылы толықтырылса, ал күрделі кемістігі бар естімейтін, көрмейтін балаларда бұл әрекеттер зақымданған. Осыған сәйкес педагог-дефектологтар күрделі кемістіктерді толықтыру үшін закымданған әрекеттерді толықтыру немесе калпына келгіру әдістерін іріктеп, әр баланың жағдайына ыңғайлап қолданулары керек. Одан барып, күрделі кемістіктері бар балаларды «шектелген, оларды дамытуға болмайды» деген пікірдің қате екені айқын. Соңғы жылдардағы дефектология және арнайы педагогика  саласындағы  жетістіктер  бұл  балалардың  жағдайын жақсартуға болатынын айқындайды.

Есту аймағының сенсорлы-перцептивті процесінің саңыраулықта және естімеушілікте, көру түйсігінің кемістікте дамуы және нашар көретін немесе көрмейтіндердің қабылдауы, мидағы аналитикалы-синтетикалық қимылдың бұзылуы ақыл есі кем ретінде анықталады немесе психика дамуындағы бірінші бұзылыс болып табылады. Бірінші бұзылыс өз кезегінде екінші, үшінші кемістіктерді ретімен - екінші, үшінші дефект түрады. Барлық психикалық дамудағы кемістік бақыланады, мысалы, көрмейтіндер, естімейтідер, ақыл есі кемдер бір-бірімен байланысты.

Психикалық дамуында ауытқуы бар процесті бірінші болып Отандық психологияны қарастырған XX ғ. Л.С.Выготский психикалық қимылда естімейтін, көрмейтін және ақыл есі кемділік туралы материалдарды қарастырған.

Естімеушілікте, мысалы бастапқы, бірінші дефект болмайды немесе есту қабілетінің қатты бұзылуы. Сөйлеу процесі есту процесімен тығыз байланыста болғандықтан, екінші дефекте сөйлеу қабілеті бұзылады. Сөйлеу дамуының бұзылуы, өз кезегінде, үшінші кемістік ойлау іс-әрекетінің құрылысын құрайды. Ойлаудың бұзылуы белгілі бір кезекте жеке тұлғаның дамуының    кемістігіне алып келеді.

Диффузиялық  зақымдануда  бас  мидың   бірінші  дефектісі аналитикалық-синтетикалық қимылда бірінші кезекте ойлаудың кемістігі байқалады, ақыл есінің қимылы және ақыл-ой кемістігінің алғашқы симптомдарын құрастырады. Аналитикалық-синтетикалық кемістіктің еркін қимылы екінші кемістіктің пайда болуына және басқа жоғары психикалық функцияның бұзылуына алып келеді: зейіннің, естің, сөйлеудің.

Қорыта келе күрделі кемістіктің бірінші және екінші кемістік психикалық дамудың күрделі суреті ретінде құралады, индивидуалдық істердің бірталай ерекшелігіне қарамастан, өзінің спицификасында әрбір дамуының бұзылуы. Бұл спицифика балалардың әрбір категориясына бірдей арнайы білім беру жағдайын құруды қажет етеді. Өзгешелігін айқындау баланың психикалық дамуы, оның психикалық ерекшеліктері және басты тапсырмасы психодиагностика дамуының бұзылуы болып табылады.

Бұл ерекшеліктерді түсіну дамуында ауытқуы бар балаларға басты білім беру жолын анықтауға септігін тигізеді, бұл білім беру мекемесінің жоспары оларға бірдей болып келеді. Мысалы, ақыл есі кемді белгілеу, психолог бұдан басқа да туа пайда болған немесе сөйлеу аппаратының бұзылуын   немесе зейіннің еріксіз бұзылуында белгілеп отырады.

Соқыркереңдік - бұл туа немесе жүре пайда болған соқыр және кереңдік

мылқаулықпен   байланысты.   Арнайы   оқытусыз   соқыркереңмылқау   бала ақыл есі дамымай, қарапайым нәрселерді істей алмай, өз-өзіне қызмет көрсете алмайды. Бірақ бұл арнайы оқыту кезінде екі жақты дамуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуге дактилологияның көмегі зор. Соқыркереңдермен қарым-қатынасқа түсуде клавиштік аппарат телетакторды қолданады.  СССР-де соқыркереңмылқауларға  арналған  мекемелерде арнайы  құрал-жабдықтармен біліммен қамтамасыз етілген.           

 

2. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның  құрылу, даму жолдары, қысқаша тарихы

 

1. Орта ғасырлардағы күрделі кемістігі бар балаларға көзқарас.



2. Лора Бриджмен, Анна Теммермани , Елена Келлер, т.б. соқыркереңдерді оқытуының ұйымдастыруы.

3. И.А.Соколянскийдің және  А.И.Мещеряковтың тифлосурдопедагогикаға қосқан үлесі.

 

Тифлосурдопедагогика (греч- турһіоs-көрмейді және лат- suгdos-естімейді деген мағынаны білдіреді) дефектология ғылымының бір саласы. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды оқытатын және тәрбиелейтін ғылым болып табылады. Алайда бұл ғылым саласындағы проблема тек дефектология саласында қамтылып қана қоймайды. Себебі оқыту-тәрбиелеу процесі адамның псхикасымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге әр ғылым әртүрлі көз қараспен қарайды. Тифлосурдопедагогика мынадай ғылымдармен тығыз байланысты: психология, педагогика, философия, медицина т.б мамандықтармен. Әсіресе маркстік және лениндік философиямен тығыз байланыста себебі мұнда табиғаттағы адамның орны туралы және олармен материалдық және рухани байланыс арқылы қарым-қатынас жасауы жайында баяндалады.



Отандық тифлосурдопедагогика - жеке тұлғаның қалыптасу тоериясы мен маркстік психологияның негізінде балалар психологиясымен тығыз байланысты ғылым болып табылады.

Баланың дамуы оның көрмей қалуына байланысты өзге адамдардан ерекше дамиды деп ойлап қате екендігін Л.С.Выготский өз еңбегінде жиі айтады. Сондықтан бала дамуы үшін үш фактор алдыңғы орында тұрады олар: ойын, оқуыту және пәндік жұмыс жүргізу. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың дамуы үшін оның үлкен адаммен заттық қатынас жасауы маңызды және оларға үнемі үлкендердің мейірімі қажет. Балалармен жұмыс жүргізілгенде компенсация, коррекция процестері қатар жүргізіледі бұл кезде тифлосурлопедагогика тифлопедагогикамен және сурдопедагогикамен тығыз байланысты болып табылады.

Тифлосурдопедагогоика басқа да ғылымдар секілді өзінің бірқатар тараулардан түрады. Оған тифлосурдопедагогиканың тарихы, көзі әлсіз көретін естімейтін-сөйлемейтіндерді,    әлсіз    еститін    көрмейтін-сөйлемейтіндері    және мүлдем көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтіндерді оқыту және тәрбиелеу теориясы, арнайы психология және түрлі әдістемелер жатады. Сонымен қатар арнайы педагогикамен логопедия, офтальмология, патофизиология, мектеп гигиенасы, оториноларингология секілді ғылмдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Арнайы жасалынған техникаменде байланысады.

Күрделі кемістік (көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін) адамзат жаратылған кезден бері кездесітін кемістік. Алайда ғалымдардың күрделі кемістікке көңіл бөлуі XVIII ғасырдан басталды. XIX ғасырдың ортасына дейін көптеген адамдар көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін адамдар қоғам үшін жүк, керексіз деп түсінген. Олардың ақыл-ой дамуын ескермей, оларды нақүрыс адамдармен бірдей деп түсінген. Мысалы: ағылшындық Джеймса Митчелдің өмірі. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген. Оны Консилум мүшелрі нақүрыс деп танып, оны білім алуға қабілетсіз деп тапқан. Күрделі кемістігі бар балалардың ол кезде халі мүшкіл еді, көбіне шіркеуде тәрбиеленетін. Ол балаларға білім беруден гөрі, шіркеуде дүға жасауға үйретті. Ол олардың арғы өмірінде бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді деді. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың шіркеуде дұға айтуы, Құдайдың құдіреті деп түсінген. Ондай балаларды жарнама ретінде де пайдаланған. Олардың қоғамдағы өз өмірінің болуы, сол елдің азаматты болуы ешкімді ойландырмаған. Сондықтанда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды зерттеу кеш қалып отырған.

Бізге белгілі күрделі кемістігі бар адамдардың ішінде үлкен жетістікке жеткен - Лора Бриджмен. Оны Бостан қаласындағы зағип жандарға арналған училищенің директоры Самуил Гридли Хоув оқытты. Ол бұрын Гарибальди көтерілісіне қатысқан. Ол 8 жасар Лораны 1837 жылдан бастап оқытуды қолға алған. Хоувқа дейін Лора Бриджмен психологиялық көмекті отбасында алған болатын. Ол 2 жасында көзі көрмей, құлағы есітімей қалаған. Лоарның анасы оны айналаны танып білуіне көп көмек берген. Қолымен заттарды сезінуіне үйреткен. Сондықтан Хоув Лораны оқытубарысында барлығын басынан бастамады. Хоув Лораны оқыу кезі жайында былай деп жазады: «Оқыту, тәрбиелеу барысында механикалық болды, бір ақылды итті түрлі фокустарға үйреткендей болып жатты. Салмақты, бейкүнә қыз мүғалімнің істегенін қайталап отырды. Бірітіндеп баланың бойында интеллект деңгейі жұмыс істей бастады. Ол қайталау арқылы өзінің көп нәрсеге қол жеткізе алатынын, көп нәрсе айта алатыны түсінді. Бүл кезде ол ит немесе попугай сияқты болмады. Оның бойында алаға ұмтылушылық, қарым-қатынасқа түсуге дайын, ішінде бір рух пайдаболғандай болды. Мен сол кезде көп қиыншылық артта қалған түсіндім. Енді тек Лораға шыдам керек екенін ұқтым»

Хоув Лораны дактильді сөйлеуге үйретті. Алайда қанша тырысқанымен оның интеллектуалдық қабілеті дамымады. Дегенмен ол өрмек тоқуды үйренді.

50 жылдан кейін атап айтсақ 1887 жылдан бастап 1,5 жасында көрмей, естімей, қалған американ қызы Елена Келлерді оқыту басталды. Оны көзі көрмейтін балаларға арналған Перкинсовский мектебінің тәрбиешісі Анна Сулливан оқытты. Анна Суливанның өзінің көзі көрмейтін еді, бірақ кейін ол опреция жасау арқылы көру қабілетіне ие болды. Елена Келлерді оқыту, тәрбиелеу барысы Уильям Гибсонның

«Сотворившая чуда» пьессасында баяндап көрсетті. Анна Суливанға дейін Еленаның психикалық дамуына, айналаны тануына үй қызметшісінің қызы Мартаның көп көмегі тиді. Ол Еленадан 3 жас үлкен еді. Ол анасына үй шаруасына көмектесуге келетін сонда Еленаның қолынан ұстап жетектеп оның қозғалуына яғни қимыл-қозалысын дамытуға ықпал жасады. Екеуі көптеген ойындарды бірге ойнады. Марта арқылы Елена қарапайым қимылдарыды, іс-әрекетерді танып білді. Бірте-бірте Марта мен Елена арасындағы қарым-қатынас деңгейінің ауқымы кеңейді. Анна Суливан Еленаны оқыта бастағанда онда өз жасына лайықты психология қалыптасқан, қарапайым күнделікті қолданылатын жесттерді білген.

Елена өзіні айналасындағылардың оған деген көз қарасын сезетін сондықтан ол ерке, өте бұзық болған. Мұғалімнің саусақ арқылы манипуляция жасағанын бірден түсінбейтін, жаңа қарым-қатынас жасауға қарсылық білдіретін. Бүл мұғалім мен оқушы арасында жүретін күнделікті күреске айналды. Енді Анна Суливан оны ата-анасынан бөлек тәрбиелеуге көшті. Осы кезден бастап ол мұғалімнің режіміне үйреніп- өз тәрбиесін қалпына келтіре бастады.

Елена Келлер жогары білімді алды, кейін философия ғылымының докторы атағын алды. АҚШ-тың атақты қоғам қайраткері болды. Оның «Менің өмірімнің тарихы» атты кітабы әлемдегі барлық тілдерге аударылды. Бұл кітапта көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың психикалық дамуы жайында баяндалған.

Қоғам Елена Келлерді бірден қабылдамады. Оған тосырқай қарады. Оны түсінуге тырыспады. Оның білімі діни жағынан шектелеген деп қабылдады. Елена Келлердің өмірінің де қараңғы жақтары болды. Ол Кеңес Одағына қарыс 1919 жылы «Прекратить блокаду» деп аталатын мақала жазды.

Лора Бриджмен мен Елена Келлердің өміріне қарасақ. Оларды оқытып тәрбиелген Самуил Гридли Хоув пен Анна Суливан олармен алғашқы психикалық дамыту жұмысын жүргізбеген. Екеуінде де бала мүғалімге келмей жатып айнала туралы мәлімет алған.

Анна Суливан мен Самуил Гридли Хоув баланы сөйлеу тіліне үйрету барысында, олардың өз еңбектерінің жемісі жаратушының қолымен болды деген. Анна Суливан Еленаның сөйлеуі алғаш суды таныстырғанда сезінген болатын. Осы кезде Елена алғаш рет «су» деп сөйлеген еді. гибсонның пьессасында Келлердің үйіне келген Анна Суливанға бұл үйде ашылмай қалған қазына толы сейф жатқанын баяндайды. Бұл кілт Гибсонның пьессасында да «су» деген сөз болып табылады. Осы сөз арқылы Елена Келлердің қазынаға толы сейфін ашуына Анна Суливан мүмкіндік алады.

Алайда Самуил Гридли Хоувта, Анна Суливанда адам психикасына деген идеалистік көз қарастары үшін түрмеде де отырған.

XIX  ғасырдың ішінде Еуропада көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды оқытып, тәрбиелеуге арналған мектептерде, шіркеулерде арнайы бөлімдер ашылды. Ондай бөлімдер Франция, Германиф, Англия, Швеция, Швейцария елдерінде жұмыс істеді. Осы кезде В.Ерузалем, С.Холл, М. Ламсон, С.Г.Хоув, В.Штерн басқада ғалымдар күрделі кемістікті зерттей бастады.

XX ғасырдың басында В.Вэйда, Х.С.Лендеринка, Г.Риман және басқада ғалымдардың көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдер түрлерін жасаған жұмыстары жарыққа шықты. Алайда бұлардың көп жұмыстары ұзақ өмір сүре алмады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды тәрбиелейтін бөлім 1909 жылы Ресейде ашылды. Бірақ бұнда күрделі кемістігі бар балаларды оқытпады

¥лы Қазан көтерілісен кейін, Петебургтық ғалымдар Петроградтық институтқа жиналды. Бұл жерде М.А.Захаров, Ю.А.Якимов, О.А.Хейкмнен сынды ғалымдар өз ықтиярымен көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды оқыта бастады. Олар оқушыларды тігін тігуге, кесте тоқуға үйретті. Балалармен жүргізілген жұмыс А.В.Ярмоленканың «Очерки психологии слепогулхонемых» еңбегінде баяндалды.

1923 жылы Харьковтағы көзі көрмейтіндерге арналған мектеп жанына

И.А.Соколянскийдің ықпалымен күрделі кемістігі бар балаларды оқытатын мектеп секілді клиника ашылды. Мүнда 8 оқушы болды. 1923 жылдан 1938 жылдар аралығында осы мектепте педагогикалық ғылыми жұмыстар жүргізілді.

И.В.Соколянскийдің күрделі кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеуі көптеген ғалымдардың назарын өзіне аудартты. Атақты орыс жазушысы М.Горький күрделі кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелегенге қатты қызықты. Ол И.А.Соколянскии мен хат алысып тұрды.

И.А.Соколянский 1889 жылы 25 наурызда Краснодар өлкесіндегі Динск бекетінде дүниге келген. Ол кішкентай кезінен ақ естімейтін адамдармен қарым-қатынас жасады. Себебі оның жеке қараушысы естімейтін қыз еді. Ол сол қыз арқылы қарапайым жесттерді меңгерді. Динск бекетінде өмір сүріп жатқан естімейтін балалармен жақын араласты. Бұл кезеде Динскде өте жақсы мектеп жұмыс істеді. Ондағы мұғалімдерде білімді еді. Осы мектепті біргеннен кейін И.А.Соколянский Кубандағы мұғалімдер даярлайтын семинарға оқуға түсті. Осы кезде ол жасбольшевиктердің жетекшісі болды. 1905 жылы Кубанда өткен көтеріліске белсен қатысқаны үшін оны 16 жасында тұтқындап, Волоград облысына жер аударылып жіберді. Кейін бір жылдан кейін ол қайта елге қайтарылды, білім алу ниетімен Петербургке кетті.

Ол Петербургке келген соң ауылшаруашылық курсына оқуға түсті. Осында оқып жүріп ол П.Ф.Лесграфтың лекциясына қатысып жүрді. Оның лекциясына қатыса отырып ол Америкадағы естімейтін балаларға арналған арнайы мектептің бар екенін білді. Бұл И.А.Соколянскийді қатты қызықтырды. Ол өз алдына енді сондай

мекеме ашуға мақсат қойды. 1908-1913 жылдар аралығында Психоневрологиялық институттың педагогикалық бөліміндегі тарих факультетінде оқыды. Бұл института өте біліміді ғалымдар дәріс берді. Ол институтта атақты психиатр және психофизиолог В.М.Бехтерев, атақты физиолог И.М.Сеченов дәріс оқыды.

Психоневрологиялық институтта оқи отырып ол порфессор Н.Ф.Лазурскийден экспериментальды психология туралы арнайы лекциясына қатысты.

Психоневрологиялық институттың жанында өзінің клиникасы болды. Онда әртүрлі кемістігі бар балалар орналасқан еді. бұл клиниканы Е.К.Грачева басқарды. Оның жетекшілігімен И.А.Соколянский бірқатар кемістігі бар балалар топтарды басқарды. Дәл осы мекемеде ол бірінші рет көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланы көрді. Е.К.Гачева балалардың  ауыр халін көре отырып арнайы мекеменің ашылуына көмектесті. Ресейде ең алғаш көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға арналған мекеме 1909 жылы ашылды. Оны педагог М.А.Захаров басқарды. Осымен бірге жұмыс істеуге Ю.А.Якимовта келді. Ол И.А.Соколянскиймен 1907 жылдан бері жақсы араласатын еді.

И.А.Соколянскийді институтты бітірмей жатып оны Александровтағы естімейтін балаларға арналған училишеде мұғалім болуға шақырды. Ол бұл шақыртуды қабыл алды. Осында 1919 жылға дейін жұмыс атқарды. Ол училишені сурдопедагог Н.М.Лаговский басқарды. И.А.Соколянский Н.М.Лаговскийден көп нәрсе үйренді.

1914 жылы И.А.Соколянскийді әскерге шақырды. 1917 жылға дейін ол әскери қызметін Кавказ өлкесінде өтеді. Ол әскери бақылау барысымен қатар Түркия, Персия, Афганстан секілді елдерде болды. Қай жерде жүрмесін ол естімейтін адамдармен қарым-қатынас жасап жүрді.

1920 жылы большевиктер партиясының мүшесі болды. Осы жылы Киевке келіп, осында институтта сурдопедагог болып қызмет атқарды. Киевте ол А.С.Макаренкомен  танысты.   1923   жылы   ол  Киевтен  Харьковтағы  Институтқа дефектолог маманы ретінде ауыстырылды. Ол бұнда атақты жазушылар О.Вишней, М.Хвылевым, П,Тычиной, режиссер А.Курбаспен танысты.

И.А.Соколянский Кеңес одағындағы жасап жатқан жұмыстарының алдыңғы қатарында Украинадағы кемістігі бар балаларды білімге талпындыру мәселесі бойынша жұмыс істеді. Оның қолдауымен емдеу-педагогикалық кабинеттер ашылды. Бұл кабинетті ашқандағы мақсат кемістігі бар балаларға медициналық және педагогикалық көмек көрсету болды. Кейін Харьковта зағип жандарға арналған мектеп, ақыл-ойы тежелген балаларға арналған бала-бақшалар ашылды. 1923-1924 жылдары Харьковтағы емдеу-педагогикалық кабинеттерде В.М.Бехтерев, А.В.Владимирский, Н.Н.Тарасевич А.С.Макаренко лекция оқып жүрді.

1926 жылы И.А.Соколянский профессор атағына ие болды И.А.Соколянский ашқан Харьковтағы клиника 1938 жылға дейін 15 жыл өз жұмысын жасап келді. 1933 жылы желтоқсан айында И.А.Соколянскийді қамауға алды. Бұл жылдары көптеген ғалымдарды қамауға алды. Олардың біразы өз-өзіне қол жұмсады. Олары қамаудағы басты себеп «буржуаздық националист» деген жаламен ұстады. И.А.Соколянскийді 1934 жылы наурызда М.Горькидің көмегімен түрмеден шығарылды. Бұдан кейін ол ауыр кезеңді басынан өткізді. Оның партбилетін тартып алды, артынан аңдушы қойды. Көп адамдар оның кінәлі емес екеніне сенбеді, кейбіреулері тіпті амандасуды да қойды. Тіпті оның аспирантытың өзі одан бас тартты. Ол кезде оның отбасы зағип жандарға арналған мектептің бір жанында тұрып жатты. Балаларды сыртқа ойнатуға алып шыққан мұғалімдер оның үйін көрсетіп бұл үйде «фашист» тұрады деп үйрете бастады, ал балалар болса И.А.Соколянский есіктің алдына шықса оған қарап тас лақтыратын болды.

Украинадағы экспериментальдық институтта жұмыс істей отырып ол көрмейтін жандарға  арналған  машина  жасау  үшін  аянбай  тер  төкті.  Украинадағы экспериментальдық институт № 51271 1936 жылы 26 наурызда осы машинаны жазуға авторлық құқына ие болды.

1937 жылы И.А.Соколянскийді тағыда қамауға алды. Ол түрмеде 1939 жылдың майына дейін отырды. Оны «халық жауы» деп айыптады. Кейін сот оны ақтап шықты. Онымен бірге ұсталаған адамдардың ішінен 10 адамды ату жазасына 23 не басқа жаза тағайындады. 1938 жылы Харьковтағы клинка сот шешімі бойынша жабылды. Ал ондағы балаларды мүгедектер үйіне апарды. Солардың ішінде О.Скороходава ғана тірі қалды. И.А.Соколянский түрмеден шыққан соң бірден Мәскеуге келді. Онда оған естімейтін балаларға арналған мектептің директоры етіп тағайындады. 1940 жылы

И.А.Соколянский көрмейтін-естімейтін балаларды оқыту жайында доклад оқыды.

1947 жылы И.А.Соколянскийдің көмегімен О.Скороходованың «Мен қоршаған ортаны қалай қабылдаймын» атты еңбегі жарық көрді. 1950жылы докторлық диссертациясын қорғады.

1955жылы И.А.Соколянский Ю.Виноградованы экспериментальді оқытуға алады. Оны оқыту өте сәтті шықты. 1955жылы көктемде Ю.Виногродва әлемге белгілі психолог Жан Пиажемен кездесті. И.А.Соколянский бұл қызды оқытуда айтарлықтай жетістікке жеткенімен ол қызға математиканы үйрете алмады.

1954 жылы И.А.Соколянскийді таң қалдырған жағдай болды. Оған тағылған барлық жаза алынып оны кінәсіз деп тапты. Оны қайтадан партияға қабылдады.

1957 жылы 27 қарашада И.А.Соколянский көз жұмды.

Мен Загорскідегі көрмейтін керең сөйлемейтін балаларға арналған мектепте А.И.Мещеряковтың докладын тыңдадым. Бұл баяндаманы тыңдай отырып керемет әсер де болдым. Қоршаған ортаның қандай екенін мүлде сезіне алмайтын балалардың әлсіз болсада сезім мүшелері арқылы айналаны танып білуі үлкен жетістік. Бұндай жетістікке арнайы педагогикалық әдістер арқылы, компенсация арқылы қол жеткізуге болады. А.И.Мещеряков өз баяндамасында балаларға көмек көрсету тек адамгершілік іс емес ол аса маңызды бай мүмкіндіктерге ие зерттеу жұмысы деседе болады дейді көрнекті ғалым А.Ярмоленко.

Балалардың айналаны танып білуі үшін А.И.Мещеряков көптеген зерттеу жұмыстарын     жүргізді.     Алайда А.И.Мещеряков пен     Э.В.Ильенковтың зерттеулерінің мақұлдамайтын жерлеріде бар. Мен барлық жерде қарсы көз қарас ұстамаймын бірақ келіспейтін жерлерім бар. Мысалы: А.И.Мещеряков өмірінің көп жылдарын көрмейтін керең сөйлемейтін балалардың психологиясын зерттеуге арнаған адам қателікке бой алдырама сол жағын қарасақ. Бұл сұраққа өзінің берген жауабымен жауап берсек? А.И.Мещеряковқа өткен кезеңде көптеген тифлосурдопедагогтар бала психикасын дамыту үшін көптеген қате ойлар айтқан еді, бірақ олар кейде жақсы нэтижеде берген соған өз ойынызды айтсаңыз деп сүрағанда? Ол ішкі потенцияның босаңсу идеясында олар бір ғана жолмен жетуді көздеді мұндай жолмен қазір Загорск мектебіде айналысып отыр деп жауап берді. Бірақ бұл жолдың дүрыс екеніне күмән келтіруге болады себебі тәжірибе жүзінде оны анық дәлелдеген.

Э.В.Ильенков Загорск мектебінде жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарын негізге ала отырып бала өмірінде тұқымқуалаушылық үлкен орын алатынын айтады. Ол натуралистік концепцияда адамның психикасы мидың құрылысы қалай тұқым қуаласа сол қалыпта берілетінін көрсеткен. Балалардың әлеуметтік ортада тәрбиеленуіде осы тұқым қуалауға байланысты дейді. Бірақ Загорск мектебінде балалар арнайы жасалған ереже бойынша жұмыс істеуі керек, балалардың тұқым қуалаушылық қасиеттеріне көп көңіл бөлмейді деп айтады. Ол бала бойындағы көп қасиеттерге арнайы жасалған ереже бойынша емес генетикалық берілген қасиеттерге де көңіл бөліп отыру керек екенін көрсетеді. Мысалға: Қытайда бір өсімдік температура жоғары болса -ақ гүл, ал төмен болса -қызыл гүл шығарады екен. Бұл арнайы жасалған тәжірибе арқылы пайда болмаған, яғни бала бойындағы қасиеттерге тұқым қуалау әсер етпей жарыққа шығара алмаймыз деген. Алайда бұл тұжырымға да қарсы келуге болады. Себебі бала бойындағы көптеген қасиеттердің ашылуына оны қоршаған ортаның әсері көп болады. Бұл жайында А.И.Мещеряков дұрыс шешім айтады «баланы тәрбиелеп оқыту барысында белгілі бір кезеңдерді жасай отырып жүргізу керек, яғни тұқым қуалау арқылы берілген қасиеттерді бірінші анықтап алу керек сонда ғана мұғалім үлкен жетістікке жетеді.»

Сонымен қатар Э.В.Ильенков адамның барлық психикасы өмірлік біліммен және тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады деп айтты.

 Баланың өсіп жетілуі біршама қиындықтарға әкеледі. Қалыпты дамып келе жатқан бала алдында жанып тұрған затқа қарай ұмтылады, егер ол от болса 1-2рет қолын күйдіріп алғаннан кейін ол қайта жанып тұрған затқа жоламайтын болады. Яғни балада отты көрген сәтте рефлекс пайда болады. Ал күрделі кемістігі бар баланың нәрестелік кезеңде бұндай оқиғалар жиі болады және өте ауыр түрде жүріп отырады. Себебі ол балаларда сыртқы әлемді танып білу қиын болып табылады. Көру-есту рефлекстері бұзылған бала нәрестелік кезеңде қоршаған ортамен кикілжіңі көп болады. Ол алдында не жанында тұрған затты көрмей оған соқтығысады, ыстық не суық екенін аңғармай қолын күйдіреді бір сөзбен айтқанда бала айналаны тану барысында жағымсыз жағдайларға көп түседі. Күрделі кемістігі бар баланы тәрбиелеу қалыпты дамып келе жатқан баланы тәрбиелегеннен аса күрделі. Себебі кемістігі бар бала күніге 100 түрлі іс-әрекет жасаса оның 99-да бала зардап шегеді. Загорск мектебінің күрделі кемістігі бар баланы тәрбиелеу үшін қосқан үлесі өте зор.

А.И.Мещеряков күрделі кемістігі бар балалардың жас кезінен белгілі бір нәрсеге ынтасы болатынын айтады. Бір бала күнделікті қолданылатын шайға деген қызығушылығы болады яғни оның иісіне не қала дайындалатына қызығады, енді бір басқа затқа қызығады. Ал мұғалім балалардың сол қызығушылығын біле отырып оқу-тәрбие барысында сол туралы анық мағлұмат беріп отыру керек. Сол арқылы біз кемістігі бар балаға өзін қоршаған орта туралы түсінік бере аламыз.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет