Нұсқа-01
Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей күн бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай
тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, маужыратады–ай...Айнаның өңі
сынық қалпында, әйелдің тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең–күйбең істеп, қабағы ашылмаған
қалпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің
ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бұл – биылғы қырманның соңғы жиын–теріні еді.
Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де ұлына өкпеледі ме, кім білсін, ләм–мим жақ
ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды. Ара ұяларына түтін салып, балы
мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын
аппаратқа салып, құлағын бұрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып тұр. Келісім бойынша ол
ақырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең ерте аттанбақ.
1. Мәтінде суреттелген мезгіл
A) Күздің аяғы
B) Жаздың басы
C) Жаздың ортасы
D) Күздің басы
E) Жазғытұрым
2.Биылғы қырманның соңғы жиын- теріні- ...
A) Егін
B) Бал
C) Бидай
D) Шөп
E) Жеміс
Тоғыз құмалақ
Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше
мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше
маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың
төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен
тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей,
Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми
қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының
арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды.
Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ
ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы
тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он
сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден
қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз
бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп,
солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар
кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл
ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік,
саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.
3.Ойынның «Тоғызқұмалақ» деп аталуының себебі
A) Шар тәрізді құмалақтармен ойнағандықтан
B) Отаулардың саны тоғыз болғандықтан
C) Әр отауға тоғыз құмалақ салынатындықтан
D) Ойынға екі адам қатысатындықтан
E) Тоғыз құмалақ ұту керек болғандықтан
4. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасуының себебі
A) Ойыншы өз қазандығына артық құмалақ салмас үшін, ойын әділ болуы үшін
B) Ойыншының ұтып алған құмалақтары болғандықтан
C) Қарсы ойыншының құмалақтарын санап анықтап отыру үшін
D) Отау мен қазандықтар көрініп тұруы үшін
E) Әр ойыншы өз құмалақтарын көріп отыру үшін
5.Тоғызқұмалақ ойыны дамып келе жатқан елдер
A) Украина, Армения
B) Германия, Бразилия
C) Франция, Монғолия
D) Испания, Чехия
E) Ресей, Өзбекстан
6.Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер
A) Суреттеу, пайымдау
B) Ақпарат, зерттеу
C) Әңгімелеу, пайымдау
D) Сипаттау, суреттеу
E) Салыстыру, әңгімелеу
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау –
темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан
қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ,
соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның
сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да
неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген
ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы
Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау
бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек
шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен
боранды Үркердей алдын ала біліп алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана,аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң,Үркерге
қара!»деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы
шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! Не де болса үміт бар ғой.
Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да,үрей
анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай
қылпылдап бітуші ек ғой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның,тек мынау талайды көріп, талай тауға
басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай! (285 cөз)
7. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A) Баяндау
B) Пайымдау
C) Әңгімелеу
D) Сипаттау
E) Суреттеу
8.«Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп
кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A) Мақсатшылдығын
B) Тәуекелшілдігін
C) Жігерлілігін
D) Сабырлылығын
E) Ұстамдылығын
9.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!»деген?
A) Түн жарық болатындықтан
B) Түн жылы болатындықтан
C) Жақсылыққа жорығандықтан
D) Дәстүрді құрметтеген
E) Бағыт сілтеуші болғандықтан
10.Автордың «...Тек бұның,тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан
ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
A) Халқына жанашыр болу
B) Халқының жолын ашу
C) Халқына қамқор болу
D) Халқына сенім арту
E) Халқының қамын ойлау
11.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер
дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар
аудартады?
A) Сенімділік
B) Болжампаз
C) Сабырлылық
D) Турашылдық
E) Шынайылық
12.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A) Дала аспаны
B) Жұлдыз сыры
C) Жақсылық нышаны
D) Ырымшыл халық
E) Үміт шырағы
1.Үндістан – өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді
жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи
ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады. Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі
бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-
Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора
ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.
2.Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи
тұрғындарға таныс 844 диалект бар. Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген.
Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда
өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады. "Үндістан" атауы Инд аталатын
өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде
өзен "Шинду" деп те атала береді. Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген
математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады. Үндістанда басқа елдерге
қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.
3. Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші – Үндістан теміржолдары. Ол жерде шамамен 1 млн.-нан астам адам
жұмыс істейді. Әлемдегі ең алғашқы университет б.з.д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10,5
мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда
соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы
тұңғыш медицина мектебі – Аюр-веда осыдан 2500 жыл бұрын Үндістанда ашылды. Әлемдегі ең үлкен
Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын
(рупии) әкелуге және әкетуге болмайды. Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар
сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.
4.Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын "бас изеу" ишарамыз оларда керісінше
жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің "бас шайқауымыз" оларды келісімді білдіреді. Үндістер
сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан
әңгімесінен байқауға болады. Оларда еркек пен еркек арасындағы достық өте жақсы қалыптасқан. Олар
көшеде бір-бірімен құшақтасып, қол ұстасып жүре береді. Бастапқыда көзге оғаш көрінгенімен, кейінірек,
мұндай достықтың ешқандай жамандықпен байланысы жоқ екенін мойындайсыз.
5.Үндістан асханасы өте дәмді әрі сондай ащы келеді. Даяшыдан бұрышсыз тағам сұрағанның өзінде, ащы
тағамды қанағат тұтуға тура келеді. Олардағы ең танымал тағам – Meals (әртүрлі дәмдеуіштер қосылған
күріш банан жапырағына салынып беріледі). Үндістанда ананас, папайя, банан және мандариндер өте
танымал. Алманың бағасы өте жоғары. Үндістанда таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытпен бөлінген.
Таңғы асқа берілетін тағамдарды кешкі асқа әкелдіре алмайсыз. Түске ас 12-15 аралығында, сонан кейін
сағат 19:00-ге дейін барлық дәмханалар жабылады.
13.Мәтіннің мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер
A) Әңгімелеу, ақпарат
B) Зерттеу, пайымдау
C) Пайымдау, сипаттау
D) Сипаттау, зерттеу
E) Ақпарат , пайымдау
14. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемдерді көрсетіңіз
1.Пошта жәшіктері әлдеқайда аз орналасқан.
2.Үнді ақшасы көп елдерге шығады.
3.Жер көлемі бойынша жетінші орында.
4.Үндістан асханасы ащы болады.
5. Үндістан халқы 17 тілде сө
йлейді.
A) Бірінші мен екінші
B) Екінші мен бесінші
C) Үшінші мен төртінші
D) Бірінші мен төртінші
E) Үшінші мен бесінші
15. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды, себебі?
A) Ақша елде қалу үшін
B) Өзге елдерде жүрмегені үшін
C) Үндістан ақшасының өзге елде құнсыз болғаны үшін
D) Ақша айналымға жай түсетіні үшін
E) Өзге елдермен сауда- саттық нашар болғаны үшін
16. Үндістандағы негізгі көлік түрі?
A) Пойыз
B) Су көлігі
C) Ұшақ
D) Жеңіл машина
E) Жүк машинасы
17. Үндістанда 844 диалект қалай қалыптасқан деп ойлайсыз?
A) Тұрғындар тілінің тез шұбарлануынан
B) Көптілділік жақсы дамығаннан
C) Басқа тұрғындардың көптеп келуінен
D) Тұрғындар тілінің нақты болмауынан
E) Жергілікті халықтардың көптеп қоныс аударуынан
18. Инд өзенінің ерекшелігі неде?
A) Суы мол болғандықтан
B) Алып егістерді суаратындықтан
С) Үндістан халқын бауырына басқан
D) Үндістан атауы берілгендіктен
E) Алғаш қоныстанушыларды бауырына басқан
19. Үндістанның үлкен жетістігін атаңыз
A) Білім саласында
B) Темір жол торабы
C) Ерекше асханасы
D) Бірнеше тілдің дамығаны
E) Атақты ғимараттардың көптігі
20. Мәтіннің мазмұнына лайық ойды көрсетіңіз
A) Әр елдің салты басқа C) Жеті жұрттың тілін біл... D) Білім инемен құдық қазғандай.
B) Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте E) Бірлік бар жерде тірлік бар
Достарыңызбен бөлісу: |