1-ойын *Адасқан әріптер



Дата07.02.2022
өлшемі94,79 Kb.
#94811
Байланысты:
5-ойын
5-ойын, 5-ойын

Үй тапсырмасы
1-ойын
*Адасқан әріптер*
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру Ойын шарты:Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Қ, у, о,ы,ш – оқушы Т, п, і, к, а - ........ І, і, б, л, м- ........ М, м, ғ, ұ, а, л, і - ........... С, б, қ, а, а - .....
2- ойын
*Сиқырлы тізбек*
Мақсаты: Оқушының тез тез ойлау қабілетін дамыту. Ойын шарты: Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әріпінен басталады.
Ғарыш- шахмат- тарақ- қарбыз- зымыран- нар.....
3- ойын
*Тап та, боя*
Мақсаты: Оқушылардың математикалық деңгейін арттыру.
О йын шарты: Жапырақтарды өрнектердің мәніне сәйкес түсті қарындаршпен бояңыз.
7-3



6+4.
8-2

10- қоңыр 6- жасыл 4- сары 10-4

4- Ойын
*Ұшты ұшты!*
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамытады, өнерлі болуға баулу. Ойын шарты: Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

5-Ойын
«Сақина салу».
Мақсаты: Балалардың қимыл белсенділігін, ойында ынтасын арттыру. Құралдар: сақина. Шарты: Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: «Менің сақинам қайда?»- деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің міндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет