1. Қорық Қазақстандағы қорықтар Мемлекеттік табиғи қорық қоры



Дата15.01.2020
өлшемі2,3 Mb.
#55925
Байланысты:
Қорықтар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Орындаған: МаксимоваАружан, Утепова Диана, Асылбек Самат, Әмірғали Бағдат

Тексерген: Байгукин Г. Т

Арқалық, 2019

Жоспар:

1. Қорық

2. Қазақстандағы қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


Ақсу-Жабағылы қорығы

1926 жылы ұйымдастырылды.

Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік

Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар

жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды.

1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар

дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері

өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы

жабайы жүзімжабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі.

Жануарлардан мұнда елікқарақұйрықборсықбұғықабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.



Қорғалжың қорығы

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі.

Марқакөл


1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім 

жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау 

жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан.

Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды.

Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. 

Үстірт қорығы

Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрықұзын тікенді кірпішұбар күзентөрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шілкекілікителгішөл кекілігі.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы

Naurzum nature reserve.JPG

ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват)

Жалпы мағлұмат

Ауданы


191 381 га

Құрылған уақыты

30 маусым 1931 жылы

Басқаратын ұйым

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орналасуы

51°29′00″ с. е. 64°18′00″ ш. б.51.48333° с. е. 64.30000° ш. б. (G) (O) (Я) (T)

Ел

Қазақстан



Аймақ

Қостанай облысы

Аудандар

Наурызым ауданы, Әулиекөл ауданы



Батыс Алтай Қорығы

1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, ХолзунКөксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрікездеседі. Өсімдіктерден марал отыалтын тамыр, жануарлардан бұлғынаюқұндызсусарборша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

Алакөл қорығы

1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққуреликті шағалақазтырна және т.б.) қорғау.

Қаратау қорығы

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омыртқалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрықарқарқоңыр тянь-шань аюықар барысытас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет