1. Педагогикалық қызметтің шығармашылық ерекшелігі қандай? «Шығармашылық – тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді»



Дата19.05.2020
өлшемі40,65 Kb.
#69722
Байланысты:
Аружан ПШН
гылыми зерттеу жұмысының типтері-1, гылыми зерттеу жұмысының типтері-1

1. Педагогикалық қызметтің шығармашылық ерекшелігі қандай?

«Шығармашылық – тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді». Ал С.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық – материалдық және мәдени құндылықтар жасау» делінген. Шығармашылық тұлғаның жеке ерекшелігі, табиғи дарындылығы мен даналығының көрінісі, шығармашылық қабілеттердің деңгейлері.

Шығармашылық қабілет әрбір адамда болады. Ол әсіресе балалық шақта, оның ойнауға, қиялдауға, бір нәрсені елестетуге тырысуы арқылы айқын көрінеді.

Шығармашылық- қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамның түрлі сапалы материалдық, рухани құндылықтарын жасайтын әрекет жасау түрі. Ойлаудың жоғары түрі , бұрын белгілі болмаған тәсілдер арқылы шешілуі. «Шығармашылық» сөзінің этимологиясы «ойдан шығару», «ойланып табу» деген мағынаны білдіреді.



2.Креативтілік және шығармашылық деген ұғымдардың байланысы бар ма?

Креативтілік сөзі – латынша жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті дегенді білдіреді.

Философиялық сөздікте «креативтілік» - «ойлап табу, жасап шығару» делінген. Ойлап табу қабілеттілігі – мәселе мен жағдайды жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет.

3. Педагогтың шығармашылық іс-әрекетке сәйкес болуы не үшін қажет?

«Әрекет-іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады». Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті көп бөлікті және көп факторлық құбылыс. Ол педагогикалық тәжірибеде субъективті және объективті жаңаны құруға бағытталған педагогтың білім мен біліктілігін, тұлғалық және кәсіби сапа мен қабілеттерін сипаттайды. Шығармашылық әлеует құрылымында оның барлық бөліктерінің ішкі бірлігі сақталған.

4.Мұғалімнің шығармашылық әрекетіне қойылатын талаптар қандай?

Ғалымдардың негізгі зейіндері шығармашылық әрекетінің өлшемдік жағына бағытталған. Өлшемдер дегеніміз–бағалау, пікір негізі болатыны белгі. Өлшемдерді анықтау үрдісінде біз олардың айқындалуы мен негізделуінде келесі талаптарды ескереміз:

- өлшемдер тұлғаны қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын бейнелеу керек;

- өлшемдер көмегімен барлық зерттелетін жүйелер бөліктерінің арасында байланысты4 орнатылуы;

- сапалық көрсеткіштер сандық көрсеткіштермен бірлікте болуы;

- өлшемдер пайда болуына байланысты берілген өлшемдердің аз немесе көп деңгейде анықталатынын байқауға болатын бірқатар сапалы көрсеткіштер (белгілер) арқылы ашылуы;

- өлшемдер уақыт және мәдени-тарихи кеңістікте өлшенетін сапаның динамикасын көрсетуі керек.

Мұғалімнің түрткісі мен креативтілігінің өзара байланысын қарастырудың қорытындысы инновациялық әрекет тиімділігін қамтамасыз ететін түрлі құндылықтары бола тұрып, инновациялық педагогикалық үрдісті үйлестіруді қажет етеді.



5. Педагогикалық шығармашылық компоненттеріне нелерді жатқызамыз?

Педагогтың шығармашылығының компоненттеріне жатады: оның көзқарасы, құзырлылығы, қиялы, икемділігі, рефлексияға қабілеттілігі, тапқырлығы, даралығы, мәдени, әлеуметтік және педагогикалық тәжірибесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет