1 Рецепт. Бланк түрлері. Рецепт жазу, рәсімдеу ережелері



бет1/87
Дата18.06.2020
өлшемі124,41 Kb.
#73983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
farma emtikhan suraktary docx
реабилитация 1, реабилитация 1, крас

1 Рецепт. Бланк түрлері. Рецепт жазу, рәсімдеу ережелері. 22.05.2015ж бекіткен бұйрық №373.

Рецепт – дәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің 1 реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәріні босату туралы дәріханаға жазған жазбаша сұранысы.

Бланк түрлері

№1 рецепт бланкі - дәріханадан толық құнына босатылатын дәрілер жазылатын рецепт бланкі. №1 бланкіге 2 жай дәрі немесе бір күшті әсерлі дәрі немесе 1психотропты дәрі жазуға болады. Жазылған рецептімен дәріханадан жай дәрілерді босату мерзімі 1ай, күшті әсерлі, психотропты дәрілерді босату мерзімі 10күн.

№2 рецепт бланкі- жеңілдікпен немесе тегін босатылатын 1дәрі жазылады. Жазылған рецептімен дәріханадан дәрі босату мерзімі 10 күн.

№3 рецепт бланкі- наркотикалық дәрілер жазылатын қызғыш түсті рецепт бланкісі. №3 бланкіге 1 дәрі жазылады. Жазылған рецептімен дәріханадан дәрі босату мерзімі 15 күн.

Созылмалы ауруларға дәрігердің нұсқауымен дәріханадан дәріні 1рецептімен 3 айға дейін алуға болады.

Кеңес одағы уақытынан наркотикалық дәрілер «А»тізімі, психотропты және күшті әсер ететін дәрілер «Б» тізімі деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының жаңа бұйрық, қаулылары бойынша дәрілер I, II, III, IV, V, VI тізімге бөлінеді.



Рецепт стандартты қағазда /бланк көлемі 105х/48 мм/ сиямен анық, қатесіз жазылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №

373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11465 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабы, 5-тармағының екінші

бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:   1. Қоса беріліп отырған Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау  қағидалары  бекітілсін. 

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнама белгіленген тәртіппен: 

 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді

 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 

 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2)

және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2 Рецепт.ҚР қолдануға рұқсат етілген наркотикалық, психотропты дәрілерді жазу ережелері. ҚР ДСМ 26.01.2015ж бекіткен №32 бұйрығы.

.№3 Ағзаға дәрілерді енгізу жолдары. Дәрілердің ағзадан шығарылу жолдары.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет