1 сабақ Тақырыбы: Қазақтың тұңғыш дәрігерлері


Мақсаты: - тақырып бойынша еркін әңгімелеуге үйрету; - грамматикалық тақырыпты түсіндіре отырып, сауаттылыққа баулу; 3. Оқыту мақсаты



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#28895
1   2   3

2. Мақсаты:

- тақырып бойынша еркін әңгімелеуге үйрету;

- грамматикалық тақырыпты түсіндіре отырып, сауаттылыққа баулу;
3. Оқыту мақсаты: Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Тыныс алу жүйесінің ағзалары туралы презентация әзірлеу

2) «Дәрігер алдында» тақырыбында диалог кұрастыру.

3) Тұрлаусыз мүшелердің негізгі қызметіне тоқталыңыз

4) Толықтауыш туралы айтып беріңіз.

5) Тура және жанама толықтауыш дегеніміз не?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

Презентация студенттерге слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранда анимациялық көріністерді бейнелеуге, дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тақырыптарды еркін меңгеруге көмектеседі.



Тапсырма: Тыныс алу жүйесінің ауруына қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалайтын презентация дайындау. Ең үздік презентацияға номинация беру.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу

Тест бойынша жауап беріңіз:


1. Тура толықтауыш ... деген сөйлемде қолданылып тұр.

  1. Келгеніне риза болды

  2. Оны білгенін жасырады

  3. Ойында сақтаулы

  4. Ауылдан келді

  5. Тауға шықты

2. Тура толықтауыш - ...

  1. Аюмен ойнады

  2. Жауапқа дайын

  3. Доппен ойнады

  4. Кітапты шашты

  5. Түйменің орны

3. ... - Жанама толықтауыш

  1. Суды шым тоқтатар

  2. Оны көрсетпе

  3. Мен кітап оқыдым

  4. Екі қарт кісімен амандастым

  5. Сөзді шын тоқтатар

4. Толықтауыш ... деген сөйлемде қатысып тұр.

  1. Сымбат - үлгілі кыз

  2. Сәуле кеше келді

  3. Алатау- әсемдік символы

  4. Ол шешесіне хат жазды

  5. Сәні мен әні жарасқан

5. Толықтауыштың сұрақтары.

  1. Кімді? нені? кімге?

  2. Қайтіп? қашан? қайда?

  3. Кімді? не себепті? не арқылы?

  4. Нені? не істеуге? не мақсатпен?

  5. Қалай? қайтіп? кімге?

6. Толықтауыш ... септіктен жасалады?

  1. Атау, барыс, табыс

  2. Iлік, жатыс, шығыс

  3. Көмектес, шығыс, атау

  4. Барыс, табыс, жатыс, шығыс

  5. Ілік, көмектес, барыс

7. Зат есімнен жасалған толықтауыштар ... деген сөйлемде қолданылған.

  1. Бұл сөз оған қатты әсер етті

  2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

  3. Бестен үшті алса екі қалады

  4. Апама көмектестім

  5. Үйге баруға қолы тимей жүр

8. Толықтауыш ... сөз таптарынан жасалады.

  1. Одағай, шылау, үстеу

  2. Зат есім, одағай, еліктеуіш сөз

  3. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік

  4. Үстеу, есімше, тұйық етістік

  5. Шылау, етістік, сын есім

9. Тұрлаусыз мүшелерді көрсет

  1. Анықтауыш, бастауыш, пысықтауыш

  2. Пысықтауыш, баяндауыш, үстеу

  3. Одағай, толықтауыш, шылау

  4. Пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш

  5. Есімдік, етістік, баяндауыш

10. Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыштың ... түрі бар

  1. Екі

  2. Үш

  3. Бес

  4. Төрт

  5. Алты

11. Сын есімнен жасалған толықтауыш ... сөйлемінде қолданылған.

  1. Оспан ешкімнен қорықпайды

  2. Жиналыста тәрбие туралы әңгімелестік

  3. Оны айтар - айтпасын білмеді

  4. Қорқақ көлеңкесінен қорқады

  5. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

12. Тура толықтауыш ... септіктің сұрағына жауап береді

  1. Шығыс

  2. Табыс

  3. Көмектес

  4. Ілік

  5. Жатыс

13. Толықтауыштың құрамына қарай ... түрі бар

  1. Төрт

  2. Бес

  3. Екі

  4. Үш

  5. Бір

14. Есімдіктен жасалған толықтауыштар ... сөйлемінде қолданылған.

  1. Қорқақ көлеңкесінен қорқады

  2. Бұл сөз оған қатты әсер етті

  3. Олар жоғары көтерілді

  4. Оқығанның беті жарық

  5. Сыныпта жиырма оқушы бар

15. Күрделі толықтауыштың ережесі -....

  1. Екі не одан көп сөзден тұратын толықтауыш

  2. Табыс септігінің жалғауын жалғап тұрған толықтауыш

  3. Табыс септігі басқа септіктің жалғауын жалғап тұрған толықтауыш

  4. Бір ғана сөзден жасалған

  5. Сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесіне катысты

9 сабақ



1. Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Анықтауыш. Cапалық және меншіктік анықтауыш.
2. Мақсаты:

- тақырыпқа қатысты еркін пікір алмасуға үйрету;

- тілдік материалдарды оқыта отырып, сөздік қорын масайту;

- тіл мәдениетін қалыптастыру


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Жүрек-қан тамырлар жүйесі туралы презентация әзірлеу.

2) Тақырып бойынша диалог кұрастыру.

3) Анықтауыш туралы негізгі түсінік.

4 Анықтауыш жасайтын сөз таптары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар

Семинар «semen» - латын тілінде «ұрық» деген мағына береді. Семинар сабағында әр студент өз бетінше жеке пікірлерін дәлелдеп, ортақ шешімге келеді.

Жоғарыдағы сұрақтар негізінде мәлімдеме әзірлейді. Семинардың қорытындысын жасайды.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: жағдаяттық тапсырма.

Сізбен бір бөлмеде отыратын әріптесіңіз кенеттен жүрегі қысылып, қатты ауырып қалды. Жедел жәрдем келгенше қандай әрекеттер жасайсыз.

10 сабақ
1. Тақырыбы: Қанның құрамы және ағзадағы қызметі. Пысықтауыш және оның мағыналық түрлері.
2. Мақсаты:

- студенттердің тілдік қорын молайту;

- тисті сөздік минимумдармен қамтамасыз ету;

- тілдік материалдар негізінде грамматикалық сауаттылыққа баулу.


3. Оқыту мақсаты: Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қанның құрамы туралы әңгімелесу

2. Суреттер негізінде әңгіме кұрастырыңыз

3. Тиісті сөйлесім үлгілерін атаңыз.

4. Пысықтауыш дегеніміз не?

5. Пысықтауыштың мағыналық түрлерін атаңыз.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікір-талас

Пікір-талас – оқытушы тарапынан ұсынылған негізгі мәселелер төңірегінде пікір-таласқа қатысушылар жақтаушы не даттаушы болып екіге бөлініп, өзінің көзқарасын нақты мәліметтерді, дәйектемелерді көрсете отырып дәлелдейді. Өзінің қарсыласын жеңе алатындай дәлеледер келтіріп, сөз шеберлігін, қызуқандылық танытады. Пікір-таласты оқытушы бақылап, бағыт береді.

Тапсырма:

Осы жылдың ақпан айынан бастап, біздің оқу орнымызда денсаулық сағаты өткізіле бастады. Оған күнделікті сабақ кестесінен бір сағат уақыт берілген. Осы «Денсаулық сағатын қолдаймыз» тақырыбының жоспарын дайындаңдар. Кімнің жоспары өзекті әрі тартымды екенін анықтаңдар.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау:тестілеу

Тест бойынша жауап беріңіз:



1. Себеп-салдар пысықтауыш ... деген сөйлемде қатысып тұр.

  1. көтеріңкі көңіл күй

  2. Ол сасканынан үндей алмай калды

  3. Отан үшін отқа түс, күймейсің

  4. Мәдениеті өте жоғары

  5. Ана баласына мейірлене түсті

2. Мезгіл пысықтауыш ... деген сөйлемде қатысып тұр

  1. Асығып айтты

  2. Асықпай сөйле

  3. Әдейі келді

  4. Ауылға келді

  5. Бүгін хабарлас

3. Пысықтауыш .... деген сөйлемде қатысып тұp

  1. Омар жолдасымен кездесті

  2. Тақырыбы дұрыс емес

  3. Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз

  4. Өмірдің сокқысымен күрес

  5. Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты

4. Пысықтауыш ... деген сөйлемде қатысып тұр.

  1. Тау жақтан баяу жел еседі

  2. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез

  3. Іздеген жетер мұратқа

  4. Әбіштен келген

  5. Қонақ күту

5.... - сын - кимыл пысықтауыш

  1. Малдас құрып отыр

  2. Даладан келдім

  3. Жүресінен отырды

  4. Окығалы келді

  5. Адамдық қасиеті

6. ... - мақсат пысықтауыш қатысқан сөйлем

  1. керегі көп

  2. Малға кетіп жатыр

  3. қуаныштан жылап жіберді

  4. Оқып кетті

  5. Әдейі сөйлеп отыр

7. ... - мекен пысықтауыштың сұрақтары.

  1. Қалай? қайтіп?

  2. Қашан?

  3. Қайда? қайдан?

  4. Не үшін? Не мақсатпен?

  5. Неліктен?

8. Қазак тілінде сөйлем мүшелері ... бөлінеді

  1. үшке

  2. төртке

  3. беске

  4. алтығa

  5. жетіге

9. Пысықтауыштың сұрақтарын көрсет

  1. қалай? қайтіп? қайда?

  2. кімді? нені? кімге?

  3. кімнін? ненің неге?

  4. кім? кім (не) туралы?

  5. Iне істеді? не қылды?

10. Пысықтауыш мағынасына қарай ... түрге бөлінеді

  1. алты

  2. терт

  3. бес

  4. жеті

  5. сегіз

11. Іс-әрекеттің амалын, орындалу жолын білдіретін пысықтауыш:

  1. мезгіл пысықтауыш

  2. мекен пысықтауыш

  3. қимыл-сын пысықтауыш

  4. мақсат пысықтауыш

  5. себеп пысықтауыш

12.Үстеу сөйлемде көбіне ... кызметін аткарады

  1. бастауыш

  2. аныктауыш

  3. толыктауыш

  4. баяндауыш

  5. пысыктауыш

1З.Сөйлемде іс-әрекет қимылдын жай-күйін, амалын, мезгіл - мекенін мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені ... дейміз

  1. анықтауыш

  2. бастауыш

  3. пысықтауыш

  4. баяндауыш

  5. толықтауыш

14. Сын есім сөйлемде көбінесе ... болады

  1. аныктауыш

  2. бастауыш

  3. пысықтауыш

  4. баяндауыш

  5. толықтауыш

15. Мезгіл пысықтауышты табыңыз

    1. далада қар бар

    2. Олар Абаймен көп кездесті

    3. Бұлар жазда келіп кеткен

    4. Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды

    5. бостандық өздігінен келмейді

11 сабақ


1. Тақырыбы: Жүйке жүйесі және оның аурулары. Құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы.
2. Мақсаты:

- жүйке жүйесі туралы түсінік беру;

- студенттердің тілдік қорын молайту

- құрмалас сөйлем және оның түрлерімен танысу


3. Оқыту мақсаты: Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі бойынша хабарлама әзірлеңіз

2. Тиісті лексикалык минимумдарды көрсетіңіз

3. Құрмалас сөйлемнің қызметі кандай?

4. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне қарай топтастырыңыз.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.



І топтың тапсырмасы: Жүйке жүйесінің ауруларын атап, оның емдік қасиеттерін дайындау.

ІІ топтың жұмысы: Сөздіктен жүйке жүйесінің ауруларын тауып, аудару.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тест

1. Құрмалас сөйлем деп ... айтамыз.



  1. бастауыш пен баяндауыштың катынасынан кұралған сөйлемді

  2. бір ғана ойды білдіретін сөйлемді

  3. екі не бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді

  4. тек канатүрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді

  5. ойға катысты мүшелердің барлыгы катыспаған сөйлемді

2. Құрмалас сөйлем ... түрлі жолмен байланысады.

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5

3. ... деген кұрмалас сөйлем ұласпалы интонация арқылы байланысқан

  1. Дәрігер бума - бума қағаз алып келген екен, науқастар үрейлене бастады

  2. Ол орнынан қозғала алмады, өйткені аяғы бұғаулы еді

  3. Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарады

  4. Жакыпбек бастықтың бөлмесінен көнілді шықты

  5. Ән басылып калды, бірак гитара сазы токталған жок - ты

4. ... деген кұрмалас сөйлем Жалғаулық шылау арқылы байланысқан

  1. Бас болмақ онай, - бастамақ қиын

  2. Күн жауып кетті, -оны елеген ешкім болған жоқ

  3. Қастың ар жағынан қара кер аттын басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

  4. Жас әйелдер үй иесінін ас-суына жәрдемдесті, өзгелері қонактармен кеңеске кірісті

  5. Жүрген жерін білетін шыгар, өйткені ол да жакында Жайык бетінен келді

5.Құрмалас сөйлемдер байланысу тасілдері мен құрамына қарай … түрге бөлінеді.

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 5

  5. 6

6. Өзара тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянакқы болатын сөйлемді ... дейміз.

  1. жай сойдем

  2. жайылма сөйлем

  3. салалас кұрмалас сөйлем

  4. сабақтас кұрмалас сөйлем

  5. аралас кұрмалас сөйлем

7. «Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тындады»-деген сөйлем -... сөйлем

  1. салалас кұрмалас

  2. сабақтас құрмалас

  3. аралас құрмалас

  4. ыңғайлас салалас

  5. көп бағынынкы сабақтас

8. Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысатын сөйлем ... деп аталады.

  1. салалас құрмалас сөйлем

  2. қарсылыкты салалас сөйлем

  3. сабақтас күрмалас сөйлем

  4. мезгіл бағыныңкы сабақтас құрмалас сөйлем

  5. аралас құрмалас сөйлем

9. «Айгүл аттан түсіп еді. су қайта таязданып қалғандай екен» деген сөйлем -... байланыскан

  1. ұласпалы интонация арқылы

  2. Жалғаулық шылау арқылы

  3. алғашқы сөйлемнін баяндауышы тиянақсыз болып

  4. септеулік шылау аркылы

  5. жұрнақ арқылы

10. «Сағит базарды аралап жүр еді, алдынан Қошқарбай кездескен соң, екеу дереу пәтер үйіне қайтты» сөйлемі - ... құрмалас сөйлем.

  1. салалас

  2. сабақтас

  3. көп бағныңкылы сабақтас

  4. аралас

  5. кезектес салалас

11.Салалас құрмалас сөйлемнінң ... түрі бар

  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 6

  5. 7

12. ... - салалас кұрмалас сөйлем

  1. Қарт мұғалиманы ол клубта бір топ еңбеккерлердің ортасында кездестірді.

  2. Еңбектің наны тәтті, жалкаудың жаны тәтті.

  3. Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

  4. Қыруар уакыт өткенмен, жанбыр басылмады

  5. Жүсіп сөйлемекші еді, -оны жұрттың ду көтеріле шапалактаған қолы бөліп, бірсыпыра уақытка шейін сөйлетпеді.

13. «Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып әндетеді» деген

сөйлем ... арқылы жасалған.



  1. жалғаулық шылаудың қатысуы

  2. бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болуы

  3. ұласпалы интонация

  4. Жалғаулықсыз

  5. орын тәртібі

14. ... сөйлемі - сабақтас құрмалас сейлем

  1. Маған бура я жетер, я жетпес

  2. Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан

  3. Шытырлап тұрған курай лап етті - кара түтін бүрк етті

  4. Күн шыгып, ел тұра бастады. - Нұрлан әлі жоқ

  5. Екеуіде сауыншы болған сон, әңгімелері сиыр мен сүт жайында

15. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз - ...

  1. бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланыскан сөйлем.

  2. өзара тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты болып келген сөйлем.

  3. өзара салаласып та. сабақтасып та байланыскан сөйлемдер

  4. бір ғана ойды білдіретін сөйлем

  5. тек бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем

12 сабақ



1. Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару ағзаларының аурулары.

Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері.


2. Мақсаты:

- студенттерді лексикалык тақырыппен таныстыра отырып, сөздік қорын молайту.

- кажетті сөздік минимуммен қамтамасыз ету;

- салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.


3. Оқыту мақсаты: Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінге кажетті сөйлесім үлгілерін атаңыз

2. Тақырып бойынша пікір алмасу

3. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде?

4. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белігілері

5. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: бағыт беру

Бағыт беру – мәселеге бағыттап оқытудың бір элементі, яғни оқытушы тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды атамайды, жанама мысалдар келтіріп, ойға шабуыл жасап негізгі анықтамаға жетелейді. Студенттер өздері ой қорытып анықтама мен негізгі мәселені шығаруы керек.



Тақырыпты өрбіту:

  1. Зәр шығару жүйесі.

  2. Зәр шығару ағзаларының аурулары.

  3. Зәр шығару ауруларына шалдығудың негізгі себептері.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу

Тест бойынша жауап беріңіз:



1. Салалас кұрмалас сөйлем -...

  1. A. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты, тең дәрежеде байланысқан сөйлем.

  2. Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз, екіншісіне бағына байланысқан.

  3. Бір - бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан

  4. Бұйрық, қалау рай тұлғалы етістік пен көмекші етістік тіркесіп жасалады.

  5. Екі я одан көп жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді.

2. Кезектес салалас құрмаластың жасалу жолы:

  1. бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы

  2. не, немесе, яки аркылы

  3. мынау, мынадай

  4. әйтсе де, дегенмен

  5. және, да, де, әрі шылаулары арқылы

3. «Жауап бар да, - айтуға ауызы барар емес» -... салалас.

  1. ыңғайлас

  2. түсіндірмелі

  3. талғаулы

  4. кезектес

  5. қарсылықты

4. «Бірде аспанды бұлт торлайды, бірде жарқырап күн шығады» - ... салалас құрмалас сөйлем.

  1. ыңғайлас

  2. түсіндірмелі

  3. талғаулы

  4. кезектес

  5. қарсылықты

5. Мына сөйлем салалас құрмаластың кайсысы? Біресе бір адым озып кетеді, біресе қалып қояды.

  1. кезектес

  2. талғаулы

  3. түсіндірмелі

  4. ыңғайлас

  5. қарсылықты

6. Әділеттілік А лланың жердегі терезесі: әділетті адамды сол терезе биікке бастап апарады. Салаластың мағыналық түрін ажырат.

  1. түсіндірмелі

  2. қарсылықты

  3. талғаулы

  4. кезектес

  5. себеп-салдар

7. Салалас құрмалас сөйлем ... бөлінеді

  1. 6

  2. 5

  3. 2

  4. 7

  5. 3

8. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі неде?

  1. Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады

  2. «Бірақ» дегенмен жалғаулықтар арқылы байланысады

  3. Тек қана талғаулы жалғаулықтар арқылы байланысады

  4. Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады

  5. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді

9. Себеп -салдар салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

  1. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.

  2. Балалықты қою керек,-сен енді жігітсің.

  3. Ұмтылып арбадан түсейін деп еді, - Нұрғали басып жіберді

  4. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес

  5. Бірі әлдекашан ескірген сияқтанып кетеді, енді бірі баяғы шағымызга лайық бірдеме сияқты

10. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Жақсы - мінез құлық пен ақыл күші адамшылдық қасиеттер болып табылады.

  2. Өлең, жыр-қазақтардың жан серігі.

  3. Базаралы болса, ол әрі сымбатты, сұлу, әрі шешен жүйрік.

  4. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.

  5. Байлық пен бақ-сенімді серігің, балаң-артыңда қалған ізін.

11. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

  1. Біресе бір адам озып кетеді, біресе кейін калып қояды

  2. Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол

  3. Ерінген қалар ұятқа, ізденген жетер мұратқа

  4. Не уақыты болмады , не ұмытып кетті, әйтеуір маған телефон сокпады

  5. Ол бірде биік, бірде аласа бірде шешен, бірде сараң.

12. Салалас құрмаласты мағыналық түріне қарай ажыратыңыз

Ой – ұғымы, сезім түйсігі ұксас, жанғас адамдар ғана бір - бірімен тату, дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір - бірінің жай - күйін жақсы ұғысады.



  1. ыңғайлас салалас

  2. қарсылықты салалас

  3. түсіндірмелі салалас

  4. себеп - салдар салалас

  5. талғаулы салалас

13. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалғасын тап. Мағыналық түрін анықта: Алғаның жақсы болса, жетерсің мұратқа.

  1. Шартты бағыныңкылы сабақтас

  2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

  3. Мақсат бағыныңқылы сабақтас

  4. Қарсылыкты бағыныңкылы сабақтас

  5. Қимыл - сын бағыныңқылы.

14. Қалай? қайтіп? не етіп? ... сабақтас құрмаластың сұрақтары.

  1. Қимыл-сын

  2. себеп

  3. мақсат

  4. мезгіл

  5. қарсылықты

І5.Түсіндірмелі салалас құрмалас ... сөздері арқылы байланысады.

  1. сонша, сондай, сол, соншалык

  2. не, немесе, яки

  3. бірде, біресе, кейде

  4. бірақ, дегенмен, әйтсе де

  5. өйткені, сондықтан, себебі

13 сабақ



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет