1. Сабақтың тақырыбы: Дұшпандық ойдағы және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас



Дата03.04.2020
өлшемі26,67 Kb.
#61467
Байланысты:
душпандык ойдагы
философия
1. Сабақтың тақырыбы: Дұшпандық ойдағы және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас.

. Сабақтың мақсаты: Өшпенділіктің себебін табу үшін оның тиімді реакциямен қарсы алу үшін, медициналық қызметкер оның негізгі белгілерін білуі қажет.«Өш алу» дегеніміз не? Ең алдымен,

өшпенділік ауытқуы немесе шеттен шыққан жағдай еместігін түсінуіміз керек

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

Әдебиеттер:

1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.

2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері.

3. Илешова Р. Медициналық психология.

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.

.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1.Мәдениет аралық қатынаста қол алысудың ролі.

2.Діни айырмашылықтары бар науқастармен ара қатынас жасау.

3.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері.

4.Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.

5.Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.

Асоциальды (әлеуметке қарсы) және өшпенділік сезімі жоғары науқастарға медициналық қызметкер қандай реакция береді?Мұндай науқастарға медициналық қызметкер әр түрлі реакция танытады: біреулері ашумен және өшпенділікпен жауап берсе, екіншілері пациенттерді өз жағына тарту мақсатымен ,жауыздық көрсету негіздің жоқтығын түсіндіріп,мейірімділікпен достық пейіл көрсетеді;үшіншілері патциенттің жағдайына көңіл аудармай,өздерін түк болмағандай ұстайды.Кейбір жағдайларда пациентке ашуланғанда дұрыс болуы мүмкін,бірақ та бәрінен маңыздысы – оның бұл себебін түсінуі.Ол үшін не қажет?



Пациентке оның ашулы және өшпенділікпен қатынас жасап отырған сияқты екендігін айтуы керек.Кейде «ашулы»,«өшпенділік» ұғымдарына өте күшті қабылдануы мүмкін,сондықтан өз пікіріңізді тым қатты түрде айтпауға тырысыңыз.Мысалы:«Сіздің бір нәрсеге көңіліңіз толмай отыр ма?»«Сіз риза емессіз бе?»«Сіз ашуланып отырған сияқтысыз?»Егер медициналық қызметкер пациенттің өшпенділігіне көзі жетпей,тек қана күмәнданса,нақтылау үшін сұрақ қоюына болады:«Не болды?»«Мен бір нәрсені дұрыс сұрамадым ба?»«Мен бір нәрсені дұрыс жасамадым ба?»Бұл жағдайларда не істемеу керек?Пациенттің өшпенділігімен кездескен кезде,өзіңізді ақырзаман орнағандай ұстамаңыз.Сонымен қатар,пациентті мысқылдауға, менсінбей қарауға болмайды,оның өшпенділігіне әрқашан салмақты қарау керек,өйткені ол емдік шараға бөгет жасайды.Пациенттің қанағаттанбауынаң қандай себептері болуы мүмкін?Пациенттің қанағаттанбауының себептері қарапайым болуы мүмкін медициналық қызметкердің түрі мен сөзі ұнамауы, медициналық қызметкер тымжас көрінуі және т.б.Өшпенділіктің себебін табу үшін оның тиімді реакциямен қарсы алу үшін,медициналық қызметкер оның негізгі белгілерін білуі қажет.«Өш алу» дегеніміз не?Ең алдымен,өшпенділік ауытқуы немесе шеттен шыққан жағдай еместігін түсінуіміз керек.Әрқайсымыз кейде болсада ашуланамыз. Өмірде ашу,ашулы ой мен әрекет көрініс бермейтін жағдайлар жоқ.Өмірде орындалатын әрекеттер,аз деңгейде болса да ашумен мотивацияланады.Ашудың өзінің мәні бар – ол өзін-өзі қрғау құралы,сонымен қатар,қорқынышқа қарағанда ол адамды күшті әрекеттерге итермелейді.Яғни,ашу қауіп-қатер жайлы белгі беретін үрей мен қорқыныш сияқты өзін-өзі қорғайтын сезім ғана емес,ол өшпенділік туғызатын күй.Ашудын себебі неде?Медициналық қызметкер үшін ашудың пайда болу себебін білу өте маңызды.Әр пациенттің ашуының себеб,оның өмірлік жағдайларында жатады.Әр ашудың адам өміріне тән тарихы бар.Өмір сүру барысында,әсіресе,балалық шақта,«ашулану стилі» қалыптасады;бір нәрсеге ашулансақ,ашу жиналып,сыртқа шығады.Кейбір пациенттер медициналық қызметкер бұйырып сойлесе ашуланады;басқалары – не істеу керектігін дұрыс,әрі нақты айтпаса ашуланады,үшіншілері – жеке басқа қатысты көп сұрақтар қойылса,оны артық қызығушылық деп есептеп ашуланады т.с.с. Ұқсас жағдайлар,кейбір пациенттерді ашуланшақтыққа итермелесе,басқалары оған ашуланбайды.Әлеуметтік қарсы болу дегеніміз не?Әлеуметке қарсылық – бұл өте күрделі әрі болжамдаулы қиын тұлғалық ауытқу,ол түрлі симптомдар ретінде көрініс бермей,мінез-құлық бұзылыстары ретінде көрінеді. Бұрын бұл ауытқуды «психологиялық тұлға»немесе «социопаттық тұлға» деп анықтайтын(бұл терминдер әдебиеттерде әлі кездеседі). Социопаттар әлеуметтік ортаға бейімделіп,қоғамның талаптары мен моральдық нормаларға көңіл аудармау,қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдылықтарын,өзінің инстиктивті қажеттіліктеріне қанағаттандыру үшін,қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдарын жазадан да қорықпай бұзуға бейім болып келеді.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Бақылау сұрақтары:

1.Бейәлеуметтік және қауіпті мінезді науқастар түсінігі.

2.Әлеуметке қарсы пациенттермен жұмыс барысында ескерілетін мәселелер.

3.Медицина қызметкерінің сексуалдық бұзушылықтары бар науқастармен қарым қатынас жасау ерекшеліктері.


2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.

. Сабақтың мақсаты: Әлеуметке қарсы мінез-құлықтың белгілері жасөспірім кезеңінен айқын көріне бастайды,осы кезде агрессивтілік,жыныстық қатынасқа ретсіз,жөнсіз түсе беру,ішімдік пен норкотик қабылдауға бейімділікті байқаймыз.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

1.Бейәлеуметтік және қауіпті мінезді науқастар түсінігі.

2.Әлеуметке қарсы пациенттермен жұмыс барысында ескерілетін мәселелер.

3.Медицина қызметкерінің сексуалдық бұзушылықтары бар науқастармен қарым қатынас жасау ерекшеліктері.


Әлеуметке қарсы тұлғалардың қандай ерекшеліктері бар?

Әлеуметке қарсы тұлға мен ішкі невротикалық конфликтердің салдарынан өзін әлеуметке қарсы қоятын тұлғаны шатастырмау керек. Невротик,мінез-құлақтың салдарынан өзін кінәлі сезінеді,ал әлеуметке қарсы тұлғаға бұл сезім тән емес.Әлеуметке қарсы мінез-құлықтың белгілері жасөспірім кезеңінен айқын көріне бастайды,осы кезде агрессивтілік,жыныстық қатынасқа ретсіз,жөнсіз түсе беру,ішімдік пен норкотик қабылдауға бейімділікті байқаймыз.Медициналық қызметкер әлеуметке қарсы тұлғаның тек қана басқа адам емес екенін,оның басқа адамдардан түбегейлі өшгешелігі - өмірлік мақсатымен,өзіне және басқа адамдарға қатынасымен – бар екенін білуі керек.Әлеуметке қарсы тұлға басқа адамдарға қауіп немесе ләззат алу көзі ретінде қарап,олардың қауіпсіздігіне,ыңғайына,қанағаттануына көңіл аудармайды.Олар өздерінің қажеттіліктерін ең керкеті,әрі шұғыл деп,олардың орындалуын ертеңге қалдыруға немесе орнын басқа бір нәрсемен ауыстыруға болмайды деп есептейді.Қажеттіліктерін қанағаттандыру көргенсіздікке,болдым-толыдым деген сезімге алып келіп,өзін – өзі сыйлаудың арқасында бақыттылық сәттерін басынан өткере алмайды.Әлеуметке қарсы тұлға шыдамсыз,бір сәтте ләззаттануға бағытталып,қажеттіліктерін қанағаттандыруда бөгеліске шыдамай,тап қазір ұмытылысын басшылыққа алады.Ол қазіргі сәтте ақшасы жоқтықтан немесе көңілі кеткен затты заңды жолмен алуға шыдамы жетпегендіктен ұрлық жасауы мүмкін.Әлеуметке қарсы міне-құлықтан жаз да тоқтап қала алмайды.Эмпатияның жоқтығына агрессивті реакцияларына зұлымдық,тіпті садизм тән болады.



Әлеуметке қарсы пациенттер мен жұмыс барысында нені білуі маңызды?

Әлеуметке қарсы тұлға жақын тұлға арқалық қатынастарға түсе алмайды.Достық оларға тән емес қасиеттерді талап етеді. Әлеуметке қарсы индивиттер тек қана басқалардан алғанды жақсы көреді де,өздері бергілері келмегендіктен,осы жағынан отбасылық кикілжіңдер де туады.Олар тек қана өздеріне бағытталып,басқа адамдарда сезімі мен құқығы бар деп қабылдамайды,басқа адамдар олар үшін мақсатқа жету құралы ғана.Әлеуметке қарсы тұлға көбінесе өзінің сыртқы көріктілігін пайдаланып,қоршаған адамдар арасында паразиттік өмір сүреді.Көрсетілген себептердің арқасында медициналық қызметкердің мұндай пациентерге эмпатия көрсетуі қиын,әрі мағыналы қатынастар жасай алмайтындығы психотерапия мен кеңес берудің пайдалы болуына кедергі болады. Бірақ,әлеуметке қарсы тұлғаның сезімдерінің шексіз ұсақ екендігін ескере отырып,медициналық қызметкер эмоцияналдық контакты болмаған кезде өзін-өзі асығыс кінәламауы керек.



Әлеуметке қарсы тұлғалар медициналық қызметкерге өз еркімен сирек келеді.Әдетте,оларды мектеп немесе басқа мекемелер жібереді,сондықтан пациенттің кеңес алуға келу себебін ашып алу керек.Жогарыда атап кеткеніміздей,әлеуметке қарсы тұлғалармен контактіге түсу өте қиын,өйткені олар өздерінің күнделікті өмірдегі стилін кеңес беруге де алып келеді.Кеңес берудің басынан бастап,мұндай пациенттер медициналық қызметкерді, әсіресе тәжірибесіз,өзінің сыртқы көркімен,жалған мейірімділігімен, жағымпаздығымен алдап кете алады.Медициналық қызметкер көмектесемін деген ынтасының арқасында пациенттің манипулияциясының нысаны болып қалуы мүмкін.Осы тұрғыдан алғанда тәжірибесіз медициналық қызметкерлер үшін әлеуметке қарсы тұлғалар қауіпті болып табылады.Әлеуметке қарсы тұлға өзінің жағымсыз мінезі-құлқын дұрыс деп түсіндіріп,жауапкершілікті басқаларға итере салуға бейім болады.

Мұндай адаммен ұзақ қарым – қатынасқа түсу барысында өз-өзіне көңілі толмаушылық,қысылу, ұялу және ыза сезімі пайда болады.Әлеуметке қарсы науқастармен жұмыс барысында медициналық қызметкер өзінің сезімдерін айқындап,өзіне сенуі маңызды болып табылады,өйткені бұл науқас тарапынан болатын манипуляцияға қарсы және үлкен қиыншылықтарға қарамай жұмыс істей берудің бірден – бір емі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет