1. Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза



Дата05.05.2020
өлшемі23,33 Kb.
#65929
Байланысты:
информатика, 6 saba .-A.-Bayt rsyn ly-t zgen- aza -zhazuy (4), тест 11 кл, Эссе политология

1.Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (2 қыркүйек 1932 жылЖамбыл облысыЖуалы ауданыТалапты ауылы − 8 қазан 2018 жылАлматы) — жазушықоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

2. Бұл пьесада бір топ қазақ зиялысы 1930-жылдардың басындағы ашаршылық кезіндегі билікке халықтың жоғын жоқтап хат жазған. Бұл тарихта болған оқиға. 1932 жылы 4 шілдеде қазақтың бірқатар зиялысы Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекинге хат жазып, халықтың сол кездегі ахуалын баяндаған еді.

3. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары  жазушы Ғабит Мүсірепов , Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

4.Талай адамды «Халық жауы» деп көрсеткен Филипп Голощекиннің өзі де көп ұзамай 1939 жылы «антисоветтік ұйым құрды, Орталық комитетке қарсы күрес жүргізді» деген айыппен тұтқындалып, 1941 жылы 27 қарашада атылды. Қазақ даласындағы жан түршігерлік ашаршылықты көзі көрген Алаш зия­лылары қарап қалмай Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәскеуге ресми хаттар дайында­ды Ел ішіндегі ахуалға баға берген 1932 жылы жазылған Бесеудің хатында мына төмендегідей мәселелер көтерілді: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан, орта­шалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде. Дәл осындай ресми хаттар 1918-1922 жылдары үздіксіз жүрген ашаршылық кезінде де жазылған бо­латын. Алайда, қазақ зиялыларының жанайқайын еститін құлақ болмады, тыңдаусыз қалды. Оның ақыры немен аяқталғаны, баршамызға мәлім. Өз малын тонаудан қорғаған, кәмпескеден қашқан қазақтарға Қызыл армияның әскерлері жіберіліп, өзі аштықтан титықтаған қазақтарды ая­усыз қыруы ашаршылықты одан да бетер өршітті.

5.Қазақ тарихында халқының жанашыры болған тұлғалар  аз болған жоқ, сол ардақты тұлғалардың бірі Т.Рысқұлов  екендігін мақтанышпен айта аламыз.Тұрар Рысқұлов

туралы тарихи тұжырымдар сыңаржақты жазылған,яғни тек кеңестік социалистік

қоғам құрудағы істері көрінеді де қазақ зиялыларымен байланысы ашықзерттелмеген.Бүгінде Тұрар туралы тың деректерді жинақтап , осыларды терең

тарихқа жазу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Айтылмаған ақиқатты жазу әлі де болса

ұрпақтардың парызыазақ елінің арыс азаматы болған Тұрар Рысқұлов туралы ащы

шындық әлі де болса ашыла береді.

6.”Қызыл Жебе,Қыл көпір,Рысқұл,Тұрар,Жұлдыз көпір

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет