1-ші рейтингтің СҰРАҚтары кіріспе. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,78 Mb.
#33259
  1   2   3   4
1-ШІ РЕЙТИНГТІҢ СҰРАҚТАРЫ
1. Кіріспе. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы.

2. Жануарлардың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалау.

3. Организм жеке дамуының заңдылықтары.

4. Ауылшаруашылық малдарын сұрыптау.

5. Сұрыптаудың мәні, генетикалық алғы шарттары.

6. Сұрыптаудың түрлері, малдың фенотипі мен генотипі бойынша бағалау

әдістері.

7. Жұп таңдау түрлері және оларды жіктеу.

8. Мал тұқымы туралы ілім.

9. Мал тұқымы тұралы түсінік.

10. Мал тұқымын жерсіндіру.

11. Сирек және жоғалып бара жатқан тұқым генофондын сақтау.

12. Қазақстан Республикасында мал тұқымдарын жетілдіру мен тұқымдар

шығарудың жоспары.

13. Ауылшаруашылық малдарын өсіру әдістері.

14. Таза тұқым өсіру мақсаты мен міндеті, оны қолдану жағдайлары.

15. Инбридинг.

16. Аталық ізбен аналық ұя бойынша өсіру, оның мақсаты мен міндеттері.

17. Будандастыру және гибридтеу. Биологиялық ерекшеліктері.

18. Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдалану жетістіктері.


2-ШІ РЕЙТИНГТІҢ СҰРАҚТАРЫ
1. Ірі қараның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

2. Сүт бағытындағы ірі қара тұқымдары, оларың сипаттамасы.

3. Сүт өнімділігі және оны есептеу әдістері.

4. Сиыр сүттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз.

5. Сауым маусымында нақтылы бір сиырдан сауылған сүт мөлшерін

анықтайтын тәсілдерді атап, олардың дәлділігіне сипаттама беріңіз.

6. Ет бағытындағы ірі қара тұқымдары. Сипаттама.

7. Сауым маусымы дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

8. Сервис мерзімі дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

9. Суалу кезеңі дегеніміз не? Оның ұзақтылығы.

10. Сүттің құрамы. Ол неге байланысты өзгеріп тұрады?

11. Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдарына сипаттама.

12. Қойдың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

13. Биязы жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

14. Биязылау жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

15. Ұяң жүнді тұқымдары, оларың сипаттамасы.

16. Қылшық жүнді қой тұқымдары, оларың сипаттамасы.

17. Жүннің қандай түрлерін білесіз және олардың басты айырмашылығы

неде?

18. Қойдың жүн өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер және оларды



анықтау жолдары?

19. Жүн талшығы қандай түрлерге бөлінеді? Құрамына байланысты

қаншаға бөлінеді?

20. Жүннің таза шығымын қалай анықтаймыз?

21. Таза жүн шығымы қай жүн бағытында жоғары болады?

22. Шошқаның өсіп өну қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер және

оларды анықтау жолдары?

23. Мегежіннің сүттілігін қалай анықтайды? Торайларды енесінен қай

мезгілде бөледі?

24. Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

25. Шошқа тұқымдары, оларың сипаттамасы.

26. Мегеженнің буаздылық мерзімінің ұзақтылығы.

27. Шошқа шаруашылығында гибридтеудің ерекшелігі неде?

28. Шошқаның өсімталдығының ерекшелігі және адаптациялық мүмкіндігі

неде?

29. Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.



30. Тауық тұқымдары, оларың сипаттамасы.

31. Құстың жұмыртқалағыштығына баға бергенде қандай көрсеткіштері

есепке алады?

32. Тауықтың жұмыртқалағыштығын қалай анықтайды?

33. Жұмыртқа салу интенсивтілігі қалай анықталады?

34. Үйрек тұқымдары, оларың сипаттамасы.

35. Қаз және күркетауықтар тұқымдары, оларың сипаттамасы.

36. Құстың жұмыртқа өнімділігі, оған әсер етуші факторлар.

37. Жылқының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері.

38. Салт мінетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары.

39. Желісті жылқы тұқымдары, оларың сипаттамасы.

40. Ауыр жүк тарататын жылқы тұқымдары, оларың сипаттамасы.

41. Ет және сүт өндіру үшін өсірілетін жылқы тұқымдары, оларың

сипаттамасы.

42. Салт мініс жылқысының көліктік қасиетін оның қандай көрсеткіш –

белгілеріне қарап баға беріледі?

43. Жүк тартатын жылқының күш көліктік қасиетін қандай

көрсеткіштерімен бағалайды?

44. Жылқының ет және сүт өнімі.

45. Малдың еттілік қасиетіне, оның тірі кезінде қандай белгі

көрсеткіштеріне қарап баға беруге болады?

46. Малды сойғаннан кейін, оның еттілік қасиетін сипаттау үшін

анықталуға тиісті көрсеткіштерін атаңыз.

47. Малдың еттілік коэффициентін есептеу жолын көрсетіңіз.

48. Бие сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті.

49. Түйе тұқымдары мен будандары, оларың сипаттамасы.

50. Інгендердің сүт өнімі. Түйенің жүн өнімі.

АРАЛЫҚ АТТЕСТАЦИЯНЫҢ СҰРАҚТАРЫ


1. Зауыттық будандастыру, оның мақсаты мен міндеті.

2. Өндірістік будандастыру, оның мақсаты мен міндеті.

3. Кезек будандастыру, оның мақсаты мен міндеті.

4. Сіңіре будандастыру, оның мақсаты мен міндеті.

5. Кіріспе будандастыру, оның мақсаты мен міндеті.

6. Мал өсіру әдісі дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

7. Таза тұқымды өсіру, оның мақсаты мен міндеті.

8. Мал шаруашылығы тәжірибесінде инбридинг жіне аутбридингтің

пайдалану ролі.

9. Жұп таңдау түрлері мен формалары.

10. Гомогенді (біртекті) жұп құру, оның жағымды, жағымсыз жақтары.

11. Гетерогенді жұп таңдау және оның жағымды, жағымсыз жақтары.

12. Шалғай будандастыру (гибридтеу), мақсаты мен міндеті.

13. Аталық із және аналық ұя бойынша мал өсіру.

14. Малдың өсіп жетілмегендерінің түрлері-эмбрионализм, инфантилизм

және неотения жөнінде айтыңыз.

15. Малдың өсіп жетілуін қандай көрсеткіштермен анықтайды және оған

қандай факторлар әсер етеді?

16. П.Н. Кулешовтың жіктеуі бойынша дене бітімінің қандай түрлерін

білесіз? Оларға сипаттама беріңіз.

17. Дене пішінінде кездесетін кемістік пен кемшіліктерге сипаттама

беріңіз. Неліктен оларға мән берілді?

18. Малдың негізгі сыртқы дене мүшелерін атаңыз және сыртқы дене

пішініне баға берудің қандай әдістерін білесіз?

19. Мал бойының негізгі өлшемдері, өлшеу құралдары. Тұлға индексін

анықтаудың қандай маңызы бар?

20. Сұрыптау дегеніміз не, оның қандай түрлерін білесіз?

21. Малдың шжіресі деп нені айтады және оны қалай жасайды?

22. Мал тұқымы туралы түсінік. Мал тұқымының құрылымы.

23. Етті бағыттағы малға тән дене пішінін сипаттаңыз.

24. Сүтті бағыттағы сиырға тән дене пішінінің ерекшеліктеріне сипаттама

беріңіз?

25. Малдың өсуіне қандай факторлар әсер етеді?

26. Малды таңбалаудың негізгі әдістерін сипаттаңыз?

27. Малдың тірі салмағы мен жасын қалай анықтауға болады?

28. Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдалану.

29. Ет өндіретін мал шаруашылығына гетерозисті пайдалану.

30. Будандастыру мен гибридтеудің негізгі мақсаттары қандай?


Қой шаруашылығы
1. Қылшық жүнді бағыттағы қой шаруашылығы. Қылшық жүнді негізгі

қой тұқымдары, олардың жіктелуі

2. Биязылау жүнді бағыттағы қой шаруашылығы. Негізгі биязылау жүнді

қой тұқымдары, олардың жіктелуі.

3. Қойдың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері

4. Жүнінің таза шығымен қалай анықтаймыз?

5. Биязы жүнді бағыттағы қой шаруашылығы. Негізгі биязы жүнді қой

тұқымдары, олардың жіктелуі

6. Ұяң жүнді бағыттағы қой шаруашылығы. Негізгі ұяң жүнді қой

тұқымдары, олардың жіктелуі

7. Жүннің жіңішкелігі оны анықтау әдістрі және оған әсер етуші

факторлар. Жүннің түрлері. Жүн талшықтарына сипаттамалар.

8. Жүннің таза шығынын қалай анықтаймыз? Таза жүн шығымы қой жүн

бағытындағы қой тұқымдарында ең жоғары болады.

9. Жүннің шайыры және ақаулары, оны болдырмау жолдары.

10. Қойдың қырқымын ұйымдастыру. Қай бағыттағы қой тұқымдары

жылына екі рет қырқылады және қай мерзімдері.
Жылқы шаруашылығы
1. Жылқының жыныстық және өндірістік жетілуі

2. Ет және сүт өндіру үшін өсірілетін жылқы тұқымдары, олардың

сипаттамасы

3. Салт мінетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары.

4. жемісті жылқы тұқымдары, олардың сипаттамасы

5. Жылқының биологиялық және шаруашылық ерекшелітері

6. Жылқы малының дене бітімінде, сырт пішінінде кездесетін ақаулар

мен кемшіліктер.

7. Ауыр жүк тартушы жүк тұқымдары, олардың сипаттамасы

8. Биеннің сүт өнімділігін және өған әсер етуші факторлар

9. Жылқының түр түсі белгілерімен ен-таңбалары

10. Биенің жыныстық жетілуі және буаздылығының орташа ұзақтылығы.


Ірі қара шаруашылығы
1. Сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары, олардың сипаттамасы

2. Сүт бағытындағы ірі қара тұқымдары, олардың сипаттамасы

3. Сауын маусымы дегеніміз не? Оның ұзақтылығы

4. Суалған кезең деген не? Оның ұзақтығы

5. Қай уақыт аралығы «сервис кезең» деп аталады?

6. Ірі қараның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері

7. Сүт өнімділігі және оны есептеу әдістері. Сүт құрамы. Ол неге

байланысты өзгеріп тұрады?

8. Етті бағытындағы ірі қара тұқымдары, олардың сипаттамасы

9. Ірі қараның сырт пішіні. Әр бағыттағы ірі қара сырт пішінінің

ерекшелітері. Ет бағыттағы ірі қара малының сырт пішінінде кездесетін

ақаулармен кемшіліктер.

10. Асылтұқымды және тауар ірі қара шаруашылығында негізгі

қолданатын мал өсіру әдістері.


Түйе шаруашылығы


1. Түйе тұқымдары мен будандары, олардың сипаттамасы

2. Түйенің биологиялық және шаруашылық ерекшелітері

3. Әр түрлі түйелердің сыртқы пішінінің ерекшеліктері және

айырмашылықтары

4. Түйе малының сырт пішінінде кездесетін ақаулармен кемшіліктер

5. Түйенің тірі салмағы мен қоңдылығын қандай әдістер мен анықтауға

болады?

6. Інген сүтінің құрамы, желінінің құрылымы және ерекшеліктері

7. Түйенің жүн өнімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

8. Түйе жасын тісі арқылы анықтау

9. Інген буаздылығының ұзақтылығы және сауылу кезеңі неше күн?

10. Түйе жүнінің кластарын нобайы бойынша анықтаңыз (бактериан мен

дронедар).
Шошқа шаруашылығы
1. Шошқаның сырт пішіні мен дене бітімін бағалау және сипаттау

2. Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері

3. Мегежіннің сүттілігін қалай анықтайды? Торайды енесінен қай

мезгілде бөледі

4. Шошқаның өсіп-өнуі қасиеттерің сипаттайтын көрсеткіштер және

оларды анықтау жолдары.

5. Мегежіннің буаздылығы мерзімінің ұзақтылығы

6. Шошқаны ет өнімділігі бойынша бағалау ерекшеліктері

7. Шошқа шаруашылығында қолданатын мал өсіру әдістері

8. Торайларды өсірудің әр түрлі тәсілдер сипаттамасы

9. Бордақылаудың әр түріне ыңғайлы шошқа тұқымдары, бордақылауға

әсер етуші факторлар

10. Қабан мен мегежінді ұрыққа дайындау
Құс шаруашылығы
1. Құстардың ет өнімділігі және оған әсер ететін факторлар немесе

жағдайлар

2. Жұмыртқаны инкубациялау: әр түрлі құстар жұмыртқасын

инкубациялаудың ұзақтығы

3. Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері

4. Құстың жұмыртқалағыштығына баға бергенде қандай көрсеткіштер

есепе алынады?

5. Құстардың жұмыртқа өнімділігін және оған әсер етеін факторлар

6. Үйрек тұқымдары, олардың сипаттамасы

7. Қаз және күркетауық тұқымдары, олардың сипаттамасы

8. Негізгі жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымдары, аталық іздер және

кросстар

9. Өндірістік құс шаруашылығында ет өндіру үшін қолданатын тауықтың

тұқымдары, аталық іздері және кросстары

10. Негізгі жұмыртқа – ет бағытындағы тауық тұқымдары, аталық іздер

және кросстар



I БӨЛІМ

ДӘРІСТІК КОМПЛЕКС
1 дәріс
Тақырыбы:Мал шаруашылығына кіріспе
Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығының негізігі мақсаты мен

міндеттерін айқындау және оны кең көлемде пайдалана білу


Дәріс жоспары:

1. Кіріспе

2. Жануарлардың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалау.

3. Ауыл шаруашылығы малының өсу және жетілу заңдылықтары


Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Байжұманов А.Б., Отарбаев А. Селекция сырлары, А., 1990.

3. Базымов К. Жылқы және түйе шаруашылығы, Алматы, Қайнар, 1993.

4. Нұрғазы Қ.Ш. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум 2007ж

5. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д. Қ. Ірі қара мал

шаруашылығы. Қостанай, 1996.

6. Қарабаев Ж. Қой шаруашылығының негіздері, А., 1993.


Кіріспе

Мал шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Мал шаруашылығына қой, ешкі, cиыр, жылқы, түйе, шошқа, құс, үй қояны, бұғы, есек, бал арасы, ит, жібек құртын өсіру жатады. Мал шаруашылығы халқымызды аса қажетті тағамдармен (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал) жеңіл өнеркәсіпті құнды ішкізаттармен ( жүн, қаракөл елтірісі, қыл, тері, мүйіз), күш, көлікпен (жылқы, түйе, бұғы, есек, ит) және тағы басқалармен қамтамасыз етеді, кейбір өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар жасалады. Малдың қиы жақсы таңайтқыш, кейбір өнімдерінің қадықтары мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек және сүйек ұны) үшін қолданылады.

Мал шаруашылығының саналық сипатында да елеулі өзгерістер болды.

Жоғары өнімді, жергілікті жағдайға жақсы бейімделген жаңа мал тұқымы шығарылды. Мұның бәрі мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға жағдай туғызды. Дегенмен халықты малдың өнімдерімен қамтамасыз етуде әлі де жетіспестік сезілуде. Экономиқалық және әлеуметтік дамыының негізгі бағыттарында, генетикамен селекцияның жетістіктеріне сай малды саналық жағынан жақсартудың биологиялық жаңа әдістерін пайдалану негізінде, мал шаруашылығы өнімдерін мал өндіру қамтамасыз етіліп.

Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюды, жаңа технологияларды енгізуді белсенді қолға алып, берік жемшөп қорын жасаудың ұтымды әдістерін табудың қажеттігіне басты назар аудару керек.

Мал шаруашылығының ғылыми негізі зоотехния болып есептелінеді. Зоотехния деп мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды, бағып-күтуді ұйымдастыра отырып, олардың сапалы мөл, әрі арзан өнім алу мәселесін зерттейтін ғылымдар жиынтығын айтады. Зоотехния ғылымын жалпы зоотехния және жеке зоотехния деп екіге бөледі. Жалпы зоотехнияға малдың барлық немесе көпшілік түліктеріне қатынасы бар асылдандыру, азықтандыру және бағып-күту әдістерін зерттейтін ғылымдарды жатқызады. Бұған мал өсіру, азықтандыру, зоогигиена және басқалар жатады.

Жеке зоотехгияға нақтылы бір мал түлігін өсіру,азықтандыру және күту ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдар енеді. Мысалы, қой, cиыр, жылқы және т.б.өсіру.

Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі малдың бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар. Ал малдың дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі және сыртқы құрылыс жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр-тұлғасынан, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтқанда дене бітімі малдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.



Малдың түр-тұлғасы- сырт-пішіні. Малдың дене бітімі дегеніміз оның сыртқы түр-тұлғасы мен ішкі құрылысының бірлестігі. Сондықтан малдың дене бітіміне баға беру үшін алдымен оның түр-тұлғасын зерттеу керек. Малдың сыртқы түр-тұлғасын, пішінін  экстерьер деп атайды. Экстербер - француз сөзі, сөзбе-сөз аудармасы сыртқы түр. Орыс тілінде экстерьердің нақтылы баламасы болса да, экстерьер сөзі зоотехниялық әдебиетте орыстың төл сөзіне айналды. Сондықтан экстерьер сөзі бұл кітапта да қазақша баламасымен қатар қолданылады. Экстерьер туралы ілімнің қалыптасуының алғы шарты, малдың сыртқы түр-тұлғасы, пішіні мен өнімділік қасиетінің арасында тығыз байланыстың болуы.

Малдың өсуі дегеніміз оның клеткаларының тканьдері мен органдарының үлкеюі жалпы бойының, көлемінің, салмағының артуы. Бұлардың бәрінің негізінде клетканың бөлінуі мен үлкеюі, клетка аралық заттардың үлкеюі сияқты үш құбылыс жатады.

Даму дегеніміз философиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір бағыттағы

ілгері қозғалыс, құбылыстың бір күйден екінші күйге заңды ауысуы,

қарапайымдылықтан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу жолдары.

Жеке организм тұрғысынан алғанда даму дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет атқаратын тканьдердің, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы, яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы.



Малдың өсуін зерттеу тәсілдері. Малдың өсіп-жетілуін организм

құрылымының әр түрлі деңгейінде зерттейді. Соған сәйкес зерттеу тәсілдері

де әр түрлі. Біз селекция тәжірибесінде қолданылатын тәсілдерге тоқталамыз.

Селекция тәжірибесінде малдың өсіп-жетілуін туғаннан кейін оның

салмағын, бойын және көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Көбінесе алғашқы

екі тәсіл қолданылады. Малдың өсіп-жетілуі туралы дұрыс мағлұматтар алу

үшін өлшеу мерзімдерінің (қашан, қай жаста, қанша уақыттан кейін) маңызы

үлкен. Көрсетілген мәселелерді түліктің түріне, зерттеу мақсатына байланысты шешеді. Мысалы, малдың жас ерекшеліктеріне байланысты өсу

заңдылықтарын анықтағанда, әсіресе малдың жас уақытында жиі өлшейді. Сол сияқты тез жетілгіш ұсақ малды (қоян, шошқа, қой т.б.) қара малға (сиыр, түйе, жылқы) қарағанда жиі өлшейді. Шаруашылық жағдайында малдың өсіп-жетілуін бақылау үшін малды туғанда, бір, екі, үш, алты, тоғыз, он екі және он сегіз айлықтарында өлшейді. Екі жасқа толғаннан кейін жылына бір рет өлшейді.
Бақылау сұрақтары:

1. Жануарлардың сырт пішінімен дене бітімін бағалаудың әдістері.

2. Өсу және даму ұғымы және олардың айырмашылықтарын атаңыз.


2 дәріс
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын сұрыптау
Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптаудың

ерекшеліктерін маңыздылығымен меңгеру


Дәріс жоспары:

1. Сұрыптаудың түрлері

2. Малды фенотипі және генотипі бойынша бағалау әдістері

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру. Алматы, Қайнар, 1987.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж.
Мал санын көбейтуге, оның өнімін арттырып, сапасын жақсартуға

бағытталған шаралардың ішінде мал тұқымын асылдандыру жұмысын дұрыс

жолға қойып, іске асырудың маңызы зор.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысы деп экономикалық, ұйымдастыру,

агрономиялық, мал дәрігерлік, гигиеналық және зоотехниялық шаралардың ғылыми негізделген жүйесін айтады. Мал тұқымын асылдандыруға бағытталған негізгі зоотехниялық шараларға алға қойған мақсатқа сәйкес сұрыптау мен жұп таңдау, яғни селекция жатады.

Сұрыптау дегеніміз тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды

іріктеп, таңдап алу, ал құнсыз малды жарамсыздар тобына (бракқа) шығару.

Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды. Негізінен

тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын (табындағы малдың нәсілдік қасиеттері) адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады. Осы тұрғыдан селекцияны малдың адам баласы басқаратын зволюциясы деп бағалау орынды.

Сұрыптау туралы ілімді кезінде Ч.Дарвин жасаған болатын. Ол толып жатқан деректердің негізінде тірі организімдердің жаңа формаларының пайда болуы, жер бетінде тіршілік ететіндерінің өзгеруі мен жетілдірілуі табиғи және қолдан сұрыптаудың арқасында өтеді деп тұжырымдады.

Өзінің пайдалы жеке өзгерістерінің арқасында сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделетін организмдердің тіршілік етіп, сақталуын



табиғи сұрыптау деп түсінеді. Мәселен, сыртқы орта жағдайларына жақсы

бейімделген дарақтардың тірі қалып, көбеюі арқылы жануарлар мен өсімдіктердің жабайы түрлерінің эволюциясы жүзеге асады. Қолдан сұрыптауды адам жүргізеді, мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар жануарларды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып, сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді.

Сұрыптау дегеніміз, басқаша айтсақ, өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және тіршілікке бейімділік секілді құбылыстардың нәтижесі болып табылады. Сұрыптау қандай бағытта өтетін болса, тірі организмдер өзгеруі де сондай бағытта жүреді.

Мәдени және интенсивті мал шаруашылығы жағдайларында қолдан

сұрыптау негізгі творчествалық роль атқарады. Алайда тұқымды жетілдірудің немесе жаңа тұқым шығарудың барлық кезеңдерінде табиғи

сұрыпталу сөзсіз әсер етеді. Оның әсерімен жануарлардың белгілі бір тіршілік ету жағдайларына бейімделгіштік, төзімділік, ауруларға қарсы тұра

алушылық секілді бағалы қасиеттері орнығып, күшейе түседі. Табиғи сұрыпталудың әсерін жеткілікті ескермеу малдың дене бітімінің сөзсіз нашарлауына, демек, бұл жұмыстың нәтижесіз болуына әкеп соқтырады.

Н.П.Чирвинский қолдан сұрыптауды жануарлардың бір тобының тіршілік етіп, көбею құқығы алынып, екінші ұнамды топқа берілетін процесс

деп есептеді, бірақ өздеріне емес, адамға пайдалы болып табылатын ерекшеліктері бар жануарларды тұқымға қалдыру ісі деп санады. Мұндай процесті жүзеге асыра отырып, адам табынның, тұқымның дамуын өзіне қажетті жаққа қарай бағыттайды, мұнда қолдан сұрыптау белсенді әдіс сипатына ие болады.

Ч.Дарвин сұрыптауды пайдалы өсімдіктер мен жануарларды шығарудағы адамның табысқа жетуінің негізгі кілті деп есептеді. Жүйелі

сұрыптау болмай шығарылған бірде бір бағалы тұқым жоқ деп анық айтуға

болады. Егер кез-келген тұқыммен тұрақты сұрыптау жұмысы жүргізілмесе,

ол өзінің құндылығынан айырылып, тіпті азғындап, азып-тозып, түбінде

тіршілік етуін де тоқтатқан болар еді.

Сұрыптаудың нәтижелеріне едәуір дәрежеде сыртқы орта факторлары әсер етеді. Озат селекционерлер қашан да сұрыптау жүргізілетін белгілерді дамытуға септігін тигізетін жағдайларды жасау қажеттігін ескеріп отырған.

М.М. Щепкиннің «Канның қасиетін білмейінше – асыл тұқымды мал өсіру мүмкін емес» деген сөзіне Н.Н. Завадовский «Сыртқы жағдайларды білмейінше – зауытшы да жоқ» деп қосты.

Ч. Дарвин сұрыптауды ең ежелгі адамдардың да жүргізгенін, бірақ олар

тұқымды жетілдіру немесе жаңадан шығару ниетімен істемегенін атап көрсетті. Адам мүмкіндігінше ең жақсы, едәуір пайдалы жануарларды

сақтауға немесе қолға түсіруге, табындағы осындай жануарлар санын ұдайы

арттырып отыруға тырысты. Осының нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ белгілі

дәрежеде жақсара берді. Мұндай сұрыптауды ғалым мақсатсыз сұрыптау

деп атады. Оның тимділігі өте ұзақ уақыттан кейін байқалады және ол шын

мәнінде жануарлардың жергілікті тұқымдарының бір кездегі қалыптасу

тарихы үшін ғана маңызды болады. Мақсатсыз сұрыптау дүние жүзінде

соңғы 150 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының осы заманғы

бағалы тұқымдарын шығарудағыдай нәтиже бере алмас еді.

Мал шаруашылығын мәдени түрде жүргізу жағдайларында қолда бар тұқымдарды жетілдіру және жаңа тұқымдарды шығару процесі әдістемелік сұрыптаудың әсерінен жүзеге асады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар: алдын ала белгіленген нәтижелерге жету; жануарлардың белгілі бір қасиеттері мен белгілерін жүйелі түрде бағалап отыру; табындағы мал тұқымын сапалық жақсарту жөніндегі жұмыстарда оларда алдағы уақытта мақсатты пайдалануға арналған ерекше топтарды бөліп көрсету.

Зоотехниядағы табиғи және қолдан сұрыптау туралы Ч.Дарвин ілімін дамыту процесінде сұрыптаудың формаларын шектейтін қосымша атаулар енгізілген. Жануардың қажетті типі шығарылып, оны сақтау керек болғанда және табында белгілі бір кезең ішінде өзгеріссіз қалдыратын жағдайда, бұл қажетті талаптан ауытқитын жануарларды жарамсыздар тобына шығару арқылы жүзеге асырылады. Қалыптасқан нормадан ауытқушылық жағдайлары табиғи сұрыпталуда да кездесуі мүмкін. И.И. Шмальгаузен мұндай сұрыптауды тұрақтандырушы сұрыптау деп атауды ұсынды. Тікелей шаруашылық құндылығы жоқ, көп ретте морфологиялық белгілері бойынша сұрыптауды Е.А. Богданов жанама сұрыптау деп атауды ұсынды. Мұндай сұрыптау корреляция заңына (салыстырмалы өзгергіштік) негізделеді, оның мәні төменде баяндалады.

Мал шаруашылығын интенсивтендіру және бұл саланы өнеркәсіптік технологияға көшіру жағдайларында жануарларды күтіп-бағу мен пайдаланудың жаңа жағдайларына бейімделушігіне қарай жетілдірудің айрықша маңызы бар. А.И. Овсянников мұндай жағдайларға едәуір беімделген жануарларды сұрыптауды технологиялық сұрыптау деп атауды ұсынды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет